Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Кәсіпкерлік психологиясы
2013-06-12, 2:56 PM
Күні 06. 03. 2013 ж.
Сабақтың жоспары

Тақырыбы: Кәсіпкерлік психологиясы

Сабақтың мақсаты:
 Жеке тұлгалық сипаттамаларын түсіндіру
 Оқушылардың кәсіпкерлік қасиеттерін дамыту
 Сәттілікке қол жеткізу үшін, адамдармен тіл табыса біле, қиындықтардан қорықпай өтуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интераактивті тақта Практикалық тапсырмалар
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтыі әдісі: түсіндірмелі баяндау
Пән аралық байланыс: бизнес этикасы, салық

Сабақтыі барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Оқушыларды түгендеу
Үй тапсырмасын сұрау

II. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын атау оны түсіндірү

III. Сабақты қорытындылау: практикалық тапсырмалармен

IV. Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыпты пайдалана отырып бизнес кестесін толтыру

Болат қайнауда шынығады,
батыр майданда шынығады..
Қазақ мақал-мәтелі
САБАКТЫН ТАКЫРЫБЫ:
КӘСІПКЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ
Тұлға ретіндегі сипаттамалары

Кәсіпкер – өз ісін құра отырып, тәуекелге бас тігуге және эксперимент жасауға әзір,
өз өмірін өзгерткісі келетін және
көп және қажырлы түрде еңбек етуге даяр адам

Ол үшін белгілі бір білімі мен дағдылары болып, жеке тұлғалық сипаттамалар мен жоғары мотивацияға ие болуы қажет.

Бұл тізімдегі ең қарапайым нәрсе - білім, оны өмір сүру мен еңбек ету барысында әдебиеттерден, оқулықтардан және өзге де ақпарат көздерінен алуға болады. Білімнің көлемін арттырып отыруға болады және арттырып отыру қажет те. Оқы, оқы және оқы!

• Дағдылар – бұл алған біліміңді практикада қолдана білу. Сіз қайсыбір іспен неғұрлым жиі айналысып отыратын болсаңыз, сол істі Сіз барған сайын жақсы атқара беретін боласыз. Дағдылар практикалық қызмет барысында қалыптасады.

• Жеке тұлғалық сипаттамалар – бұл адамға индивидуум ретінде тән болып келетін, оны өзге адамнан ерекше етіп тұратын қасиеттер. Бұл бізге бизнесте себін тигізіп немесе керісінше, табысты болуға кедергі болатын нәрсе.

• Алайда кәсіпкер үшін ең маңыздысы - мотивация. Өз өмірін өзгерткісі келу, өз ісімен айналысқысы келу, өз күші мен мүмкіншіліктеріне деген ішкі сенімі. Сіз тәуелсіз болуды қалайсыз. Сіз ақша табуды қалайсыз. Сіз отбасыңыз бен жақындарыңызды осыған сендіре аласыз. Сіз өзіңіздің табысқа жететініңізге шын сенімдісіз.
Бизнесті жүргізу адамды білімін арттырып, жетіліп және дамып отыруға міндеттейді.
Кәсіпкер үшін қандай қасиеттер маңызды болып табылады? Төменде солардың үлгілік тізбесі келтірілген.
 Практикалық тапсырма. Сізге солармен танысып қана қоймай, сонымен қатар Сіздің бойыңыздан сол қасиеттердің қаншалықты айқын байқалатынын түсіну үшін өз-өзіңізді тестілеп шығуды ұсынам.

№№ Сипаттама Айқын түрде байқалады Орташа деңгейде байқалады Аз байқалады
1. Белсенділігі мен қуаты
2. Денсаулығы

3. Оптимизм

4. Қисынды тәуекелге бейімдігі
5. Жеке жауапкершілігі
6. Күресуге және жеңуге талпыну
7. Қоғамның қолдауын, құрметпен қарауын қажетсінуі
8. Өзгені түсіне білу
9. Өзіндік көзқарасы
10. Өз ісіндегі кәсіби шеберлігі
11. Елестету қабілеті, қиялдау
12. Түйсік
13. Шығармашылық қабілеті
14. Тәуелсіз болуға талпыну
15. Жігерлігі мен қайсарлығы
16. Кез келген (лас) жұмысты орындауға әзір болу
17. Проблемаларды шешуге әзір болу
18. Өзіне, өз күшіне сенімді болу

Кәсіпкердің негізгі қасиеттерінің біріне өз-өзіне және өз күшіне деген сенім жатады.
Адамның сенімі оның мінез-құлқынан да байқалады:
• ол өз ойын өзгелерге жеткізе біледі;
• ол өз сезімі мен эмоцияларын байқата біледі;

• оның өз пікірі бар;
• ол өзгелерге өзгеше пікірді ұстану құқығын ұсынады;
• ол белсенді және бастамашыл;
• ол өз мақсаттарына жетуде табандылық байқатады;
• ол өз бетінше шешім қабылдай алады.

Сізге өзіңіздің кәсіпкерлікке әзірлігіңіз бен қабілетіңізді түсіну үшін бірнеше тұжырым ұсынамыз:

1. Менің ойымша, менің өмірімде барлығы, ең алдымен, менің өзіме байланысты.
2. Сәттілікке қол жеткізу үшін мен тіпті аз мүмкіндікке ие болумен тәуекелге бара аламын.
3. Менің талаптарымның деңгейі өзгелердікінен әрдайым жоғары тұрады.
4. Мен үшін үдеріс емес, істің ақырғы нәтижесі маңызды.
5. Мен өзгелердің пікіріне қарағанда өз пікіріме сүйеніп отыруды артық көремін.
6. Мен қиындықтардан қорықпаймын.
7. Менің өз идеяларым бар.
8. Менің еңбек етуге қабілетім бар және еңбекқормын.
9. Мен адамдармен тіл табыса аламын.
10. Мен өз мақсатыма жетуде қажырлық пен қайсарлық таныта білемін.

Әрбір «иә» деген жауабыңыз үшін өзіңізге 1 баллдан қосып отырыңыз.
Егер Сіз 8 және одан көп балл жинасаңыз – Сіз дайын кәсіпкерсіз!

«Табысты кәсіпкерлер дегеніміз кімдер?» деген сауалға М. Стори ауқымды түрдегі жауаптар беруде, олардың арасынан мынадай нұсқаларын бөліп атап кеткіміз келеді:
• олардың күнделікті көздеп отыратын арманы бар;
• олардың өнімдеріне немесе қызмет түрлеріне деген шексіз сенімі;
• олар әрдайым бір нәрсе жасауға талпынып отырады;
• олар өнертапқыштар;
• олар шыдамсыз және ашушаң, олардың әрдайым уақыты жетпей жатады;
• олақ қайсарлы және табанды;
• олар пайда көруді мақсат етеді;
• олар табысқа жетуді мақсат етеді, алдын-ала бірнеше жылға арнап жоспар құрады;
• өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін өзгелерден жақсы біледі;
• барлығын қайта бастаудан қорықпайды;
• олар үшін ақша басты немесе жалғыз ғана ынталандырушы мотив болып табылмайды;
• олар барлығын өздері жасайды;
• олар аздаған өзгерістердің мәнін, олардың бизнесте табысқа жетуде тигізетін әсерін түсінеді;
• олар өсуді қалайды;
• тұтынушының басымдылыққа ие рөлін түсінеді;
• үлкен тәуекелге бара жатырмын деп ойламайды;
• олар жинақты;
• олар өздері шын қалайтын нәрсені сұрайды;
• олар нарыққа өте сезімтал болып келеді;
• оларды қорқыту оңай емес;
• олар жалғыздыққа үйренген;
• олар бөлісуге әзір;
• олар кереғар, қиқар және кірпияз.
Табысқа жету факторлары
Табыс – бұл қайсыбір мақсатқа қол жеткізудегі сәттілік, жұмыстағы жоғары нәтижелері үшін көпшіліктің құрметіне ие болу. Әрбір кәсіпкер өзінің кәсіпкерлік қызметінде табысқа жетуге талпынады. Кәсіпкерлік табысқа бірнеше факторлардың әсерінің арқасында қол жеткізіледі:
• сәттілік немесе жолы болғыштық, «керек уақытта керек жерде болды», «мүмкіндігін жібермейді»;
• сынап көру мен қателіктер жасау әдісімен, түрлі нұсқаларды іріктеу әдісімен белсенді түрде іздену;
• білікті есеп және оңтайлы нұсқаны таңдау;
• өз ресурсын пайдалану: білімін, шеберлігін, дағдылары мен жеке сипаттамаларын;
• жоғары дәрежедегі мотивация, адамның алдына қойып отырған мақсаттарына қол жеткізуге деген ниеті.
Әрине, табысқа жетудің аса маңызды факторына өз-өзін мотивациялау жатады. Адамның дамып отыруға деген ниеті, оны мақсатына жетелейтін ішкі күші. Мотивацияның күші мақсатқа жетудің жылдамдығын белгілейді.
Кәсіпкердің мотивациясы, ең алдымен, оның өзіне байланысты болады. Өз-өзін оптимистік сарында ұстау, ертеңгі күнін көре білу және соған бүгін әсер ете білу – бұл іскер адамның ұлы шеберлігі. Сіздің оптимистік көзқарасыңыз Сіздің қызметіңізге тікелей әсерін тигізіп отырады. Сергек және көңілді болыңыз, стратегиялық тұрғыдан ой қозғауға – келешекті көріп, соны болжап және жоспарлап отыруға тырысыңыз. Позитивтік көзқарас – табысқа жетудің кепілі.
Әзіл Сіздің міндетті түрдегі серігіңізге айналуы тиіс. Кез келген келіссөздер немесе сатылымдар егер күлімсіреу, күлкі мен әзіл болса, әрдайым табысты болмақ. Алайда, есіңізде болсын, Сіз күлкілі болмауыңыз керек, Сіз жайдары және көңілді болуға тиіссіз.
Табысқа жету Сізге ғана емес, Сіздің айналаңыздағы адамдарға да байланысты болатынын естен шығармаған жөн. Отбасыңыздың, достарыңыз бен жақындарыңыздың қолдау көрсетуі қанаттандырып және кез келген қиындықтарды жеңу үшін күш бітіреді. Отбасының әл-ауқаты мен берекесі – кәсіпкердің басты мақсаттарының бірі.
Кәсіпкерлік пайда – табыстың ерекше түрі, жеке бизнес саласындағы іскерлік, ерекше шығармашылық белсенділік пен коммерциялық табыс әкелетін жаңа идеяларды, техникалық және ұйымдастырудың жаңа әдістерін жүзеге асырудан айқындалатын жаңашылдық үшін сыйақы.
Пайда қуу кәсіпкерлерді өз капиталын тәуекелге тігіп, қызметкерлерді жалдап және тауарларды өндіру мен қызмет түрлерін ұсыну үшін қажет болатын нәрсенің барлығын сатып алуға мәжбүрлейді. Пайда сонымен қатар үлкен ынталандырушы күш болып табылады.
Алайда, адамдарды бизнеспен айналысуға итермелейтін жалғыз себеп пайда табу ғана емес. Өз ісін бастауға сонымен қатар жеке басының тәуелсіздігіне қол жеткізу және сүйікті ісімен өзіне ыңғайлы болатын уақытта айналысу мүмкіндігі, өз қабілетін ашуға немесе отбасылық дәстүрлерді жалғастыруға деген ниеті ынталандыруы мүмкін.
Өз бизнесіңізді құру кезеңдері

Что нужно для того, чтобы начать свое дело?



Егер Сіздің ниетіңіз (мотивацияңыз) болса, Сіз өз-өзіңізге сенімді болып және кәсіпкерлердің көп санды әскерінің құрамына енуге дайын болсаңыз – ТЭН (өз бизнесіңіздің техникалық-экономикалық негіздемесін) жасауға кірісіңіз. Асықпаңыз, өз ісіңізбен байланысты алдағы уақытта күтіп тұрған барлық ықтимал жағдайларды, мүмкіндіктер мен тәуекелдерді есептеп шығыңыз. Мұндай негіздеме, ең алдымен, Сіздің өзіңізге қажет. Оны құрастыру кезінде Сіз мүмкін, бизнесіңіздің сондай бір қуантарлық картинасына ие болмайтын боларсыз, алайда Сіздің табысқа жету жолында қандай қиындақтарға кез болатыныңызды түсінетін боласыз. Келешек бизнесті сипаттау бізге өзіміздің келешек айналысатын кәсіпкерлік қызметімізге неғұрлым түбегейлі көзқараспен қарауға көмектеседі.
Бизнеске ТЭН беру үшін кәсіпкерліктің ең басты құжаттарының бірі – бизнес-жоспарды құру қажет, оған бизнес-идея, маркетинг жоспары, қаржы, қызметкерлер бойынша жоспар кіреді. Сонымен қатар Сізге толыққанды жұмыс істеу үшін қандай бастапқы капиталдың қажет болатынын түсіну керек. Бастапқы капитал мен көздері туралы төменіректе берілген мәліметтерді оқып, біле аласыз.


Бизнес-идея
Барлығы бизнес-идеядан басталады. Бизнес-идея – бұл Сіздің келешек бизнес жайлы түсінігіңіз. Бүгінде өндіріліп жатқан нәрсенің барлығы және бүгінде сатылып жатқан нәрсенің барлығы – біреулердің идеяларының жемісі. Біз Сіздің қолыңыздан қандай іс келетінін, және Сіздің қандай іспен айналысуды қалайтыныңызды шамалап білетініңізге сенімдіміз. Алайда бұл үшін Сіздің келешек бизнесіңіздің картинасын елестетіп ғана қою жеткіліксіз болады.
Аса маңызды бірнеше сауалдың жауабын білген маңызды. Сіздің сол сауалдарға қазір жауап беруіңізді ұсынамыз.

№№ Сауал Жауабыңыз
1. Сіз нені өндіріп/сатпақшысыз ?

2. Сіздің сатып алушыңыз кім?


3. Сіз өз тауарыңызды қалай сататын боласыз?


4. Сіз өз тауарыңызды қайда сататын боласыз?


5. Сіздің бизнесіңіз қоғамға қандай пайдасын тигізеді?

 Практкалық тапсырма. Енді өз бизнесіңіздің кестесiн толтырыңыз

Product Өз өніміңізді/қызметіңізді суреттеп беріңіз, ол неден құралатын болады

Place Орныңызды суреттеп беріңіз және соны таңдау себебін түсіндіріңіз

Price. Бағаны суреттеңіз және соны белгілеу себебін түсіндіріңіз

Promotion. Ілгері жылжыту әдістерін, жарнамалау түрін суреттеп беріңіз, неліктен соны таңдағаныңызды түсініңіз

Сіз бизнесте өзіңізбен байланысты болатын адамдарды сипаттап беріңіз

Cабақты корытындылау : Кәсіпкрлердің үлгісң3пайдалана отырып өз бизнес пландарыңды құрастырыңдар

Кәсіпкерлердің өмірінен

Жас ерлі-зайыптылар Арман мен Әлия қандай келесі қадам жасауы тиіс?
Олар бизнес-идеядан жоспарлауға жылжуы тиіс!
Ең алдымен, келешек бизнесті суреттеп шығу керек. Және мұнда оларға маркетинг бойынша білімі қажет болды.
Product Сиыр ЕТІ, килограммен өлшенеді, қаптамасыз
Сиыр СҮТІ, литрмен өлшенеді, флягаға құйылады
Барлық өнім жоғары сапалы
Place Фермерлік қожалық олар тұрып жатқан жерде, Алматы облысының Жамбыл ауданында орналасатын болады.
Бұл жерлер оларға таныс және мал өсіру үшін ыңғайлы.
Жақын жерде сүт өндірісі бар, ол жерге сүтті жедел және шығынсыз өткізіп отыруға болады.
Сонымен қатар олар етті келіп сатып алатын көтерме саудадағы сатып алушылармен байланыс орнатып үлгерген.
Price Ет пен сүттің бағасын олар қарсы бәсекелестерінің бағасынан арзандатпауды шешті, бұл ретте олар шығарылатын өнімнің сапасына ерекше көңіл бөлуді жөн көрді.
Promotion Олар өз өнімдерін жергілікті газетке хабарландыру жариялаумен және сүт өндірісінің басшыларымен және ет сатып алушылармен жеке кездесулер арқылы ілгері жылжытып отыруды шешті.
Peoples Бизнесті өз күшімен және туыстардың күшімен, жұмысшыларды жалдаусыз бастауға шешім қабылдады.
Категория: Педагогика | Добавил: Caida
Просмотров: 5817 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2024-04-28, 2:35 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru