Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ
2014-03-24, 5:33 PM
ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ

Бейсекенова Динара Тлетесовна
Екібастұз қаласындағы № 17 жалпы орта білім беру мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген. Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.
Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыретттілік тәсілді алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген.
«Құзырлық» сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлылықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой - тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады.
Тұлға құзырлылығының құрылымын анықтауда өте көптеген тәсілдер бар. Құзырлылық күрделі құрылым, оқытудың кіріктірілген нәтижесі ретінде атай отырып, төмендегі түрлерін немесе құзырлылық бағыттарын бөліп алуға болады. Оларды үш топқа бөлуге болады.
1) Әлеуметтік құзырлылықтар қоршаған ортамен, қоғам өмірімен, тұлғаның әлеуметтік қызметімен байланысты (ынтымақтаса білу, әр түрлі өмірлік жағдайларда проблемаларды шеше білу, өзара түсіністік дағдылары, әлеуметтік және қоғамдық құндылықтар мен біліктер, коммуникациялық дағдылар, әр түрлі әлеуметтік жағдайлардағы икемділік).
2) Мотивациялық құзырлылықтар ішкі мотивациямен, қызығушылықтарымен, тұлғаның жеке таңдауымен тығыз байланысты (оқуға деген қабілеті, өнертапқыштық, бейімделе білу дағдылары және жылдам әрекет ету білігі, қызығушылықтары мен тұлғаның ішкі мотивациясы, практикалық қабілеттері, өз таңдауын жасау білігі).
3) Функционалдық құзырлылықтар ғылыми білімдерді және фактілік материалдарды пайдалана білу білігі (техникалық және ғылыми құзырлылық, өмірде және оқуда пайдалана білу білігі, ақпарат көздерін өзінің дамуы үшін пайдалана білуі).
Оқушылардың құзырлылықтарын қалыптастыру жолдары
Оқушылардың құзырлылықтарын қалыптастыруды жүзеге асыру тек білім берудің жаңа мазмұны арқылы ғана емес, сол сияқты, жаңа оқыту әдістері мен технологияларына да қатысты. Технологиялар мен әдістердің тізімі ауқымды, олардың мүмкіндіктері әр түрлі, сондықтан негізгі стратегиялық бағыттарды анықтау қажет, әрине, өмірдің әр түрлі жағдайларына дайын рецепт жоқ. Өнімді технологиялар мен әдістердің әлеуеті өте жоғары, ал оларды оқыту барысында пайдалану оқытудың нәтижесі-құзырлылыққа ықпал етеді.
Төмендегідей негізгі міндеттерді бөліп алуға болды:
оқушылардың дамуына, өзіндік дамуына жағдай жасау;
өнімді білім, білікті игеру;
- бүкіл өмір бойына өз білімін толықтыруға деген қажеттілікті дамыту.
Оларды орындау үшін мұғалім нені басшылыққа алуы керек? Ең алдымен, мұғалім қолданатын технологияға тәуелсіз төменде келтірілген ережелерді есіне сақтауы керек:
1. Ең бастысы , Сіз оқытып отырған пән емес, Сіз қалыптастырып отырған тұлға. Тұлғаны Сіз оқытатын пән қалыптастырмайды, пәнді оқытатын мұғалім қызметі арқылы қалыптасады.
2.Белсенділікті қалыптастыру үшін уақытты да, күшіңізді аямаңыз. Бүгінгі белсенді оқушы – ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі.
3. Оқушыны білім алуға, оқу-танымдық қызметтің өнімді әдістерін игеруге көмектесіңіз.
4.»Неліктен?» деген сұрақты жиі пайдаланыңыз, бұл себепті ойлауға үйрету үшін қажет: себеп-салдар байланысын түсіну дамыта оқытудың міндетті шарты болып табылады.
5.Әңгімелеп айтқан білмейтінін, практикада қолданатын адам білетінін есіңізге сақтаңыз.
6.Оқушыларды ойлауға және өздігінен әрекет етуге үйретіңіз.
7. Шығармашылық ойлауды проблеманы жан-жақты талдаумен дамытыңыз, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен шешіңіз, жиі шығармашылық есептерді жоспарлаңыз.
8.Оқушыларға оларды оқыту перспективасын жиі көрсетіңіз.
9.Білім жүйесін игеруді қамтамасыз ету үшін сызбаларды, жоспарларды қолданыңыз.
10. Оқыту үрдісінде әр оқушының жеке қабілеттерін есепке алыңыз, бірыңғай деңгейдегі білімі бар оқушыларды кіріктірілген топтарға біріктіріңіз.
11.Оқушылардың өмірлік тәжірибелерін, олардың қызығушылықтарын, даму ерекшеліктерін есепке алыңыз.
12. Өз пәніңізден ашылған жаңалықтар бойынша ақпаратты біліңіз.
13. Оқушылардың зерттеу жұмысын ынталандырыңыз. Оларды эксперименттік жұмыстың техникасымен, есептерді шығару лгоритмімен, анықтамалық материалдармен, шығармалармен таныстыруға мүмкіндік табыңыз.
14. Білім ол үшін өмірлік қажеттілігі екенін түсінуге үйретіңіз.
15. Оқушыларға әр адамның өмірлік жоспарларын жүзеге асыру үшін барлығына үйренетін болса, онда ол өмірден өз орнын табатынын түсіндіру қажет.
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.
Білім беру жүйесінде оқушының бойында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі ерекше. Бұл технологияны қолдану оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Оқушының қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер ететіндер – ақпараттық құралдар.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: « Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады.» Мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы айқындалады. Құзыреттіліктің мазмұны жеке кәсіптік, интегралдық сипаттама ретінде төмендегі қызметтерді жүзеге асырумен анықталады.
Болжау
Ұйымдастыру
Бақылау
Реттеу
Үйлестіру
Сәйкестендіру
Белсенділігін арттыру
Зерттеу
Құзырлылық оқыту перспективалы болып табылады, өйткені мұндай тәсілмен жұмыс істегенде оқу қызметі зерттеуге және практикалық бағдарланған мәнде болады, білім игеру құралына айналады.
Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді , өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.
«Ұлт данышпандары арқылы ұлы мақсаттарға жетеді» деген сөзбен ойымды аяқтағым келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы-2008
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
3. Б.А. Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы-2005
4. К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі»
(ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008
5. «Қазақстан мектебі» журналдары, 2010 жыл
Категория: Педагогика | Добавил: dinara88
Просмотров: 989 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2016-12-03, 4:37 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [775]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [518]
Русский язык и литература [696]
Физическая культура [200]
Английский язык [408]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [365]
Начальная школа [1868]
Мой Казахстан [237]
Технология [126]
Самопознание [170]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [461]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [542]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru