Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Табиғатты қорғау
[ Скачать с сервера (1.18 Mb) ] 2011-02-14, 6:22 PM
Семей қаласы "№ 2 жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекеме
Қасенова А.М. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақ тілі Табиғатты қорғау 10 А Ашық сабақ
Табиғатты сүйем, сұлулыққа бас ием.
Дж. Байрон.
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғау. Етістіктің түрлерін қайталау.
Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі идеясын ашып, тақырыпқа байланысты сөйлесу дағдыларын дамытады.
Білімдік : Табиғатты қорғау туралы мәлімет алып, меңгереді, танымдық қабілетін арттырады.
Дамытушылық: оқу, пікіралмасу, тыңдау арқылы ойлау, есте сақтау, қабілеттерін дамытады; ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді; ой-өрісін кеңейтеді; шығармашылықпен жұмыс істеуге талпынады; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге , ауызекі сөйлеуге дағдыланады. Мәтін, сөйлемдер ішінен етістікті тауып, оның түрлерін ажыратады.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге және ұқыпты ұстауға тәрбиеленеді; қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрлерін үлгі алуға шақырады; эстетикалық сезімдерін баулиды , жұпта, топта жұмыс істей отырып, сұрақ қойып, бір-бірін тыңдауға, басқаның пікірін сыйлауға тәрбиеленеді.
Көрнекілік материал: интерактивті тақта, тірек- сызба, слайдтар.
Сабақтың түрі: білім сайысы ?
Сабақтың әдісі: әңгімелеу , сұрақ – жауап, іздендіру, дәлелдеу,
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың барысы :Ұйымдастыру.
І. Мұғалім сөзі. Қызығушылықты ояту.Сұхбат: тақтаға үш оқушығы шақырылады. Біреу- сұрақ қояды, екіншісі жауап береді, үшіншісі тыңдап, сұхбаттың негізгі ойын анықтайды. Сынып та тыңдап, қиыншылық туса, көмектеседі.
1. Адамның дені сау болу үшін не керек?
2. Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті мәселеге айналды?
3. Дүниежүзілік проблема қандай?
4. Табиғатты сақтау үшін біз қандай үлес қосуымыз керек? 4 мин
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
Дұрыс, бүгінгі сабағымыз табиғат қорғау жайында болмақ.
- Сонымен, тақырып: «Табиғатты қорғау.» Ал грамматикалық тақырыбымыз
« Етістіктің түрлерін қайталау». Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күн мен тақырыпты жазыңдар.
Ой қозғау. Ассоциациялық қатар құру. - «Табиғат» деген сөзді естігенде сендер қандай ассоцияцияларды көз алдына елестетесіңдер. қандай ойларың туады?
Сендер бір сөзбен тек осы тақырыпқа үш минут ішінде тән белгілерді еске түсіріп жазыңдар.
Сонымен, «Табиғат» - бұл... Жеке-жұпта-топта. Әр топтан бір спикер шығып, 3- 4 ассоциация жазады. 3 мин
Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екінші жеріне әсер тигізеді. Сондықтан да табиғаттың бір бөлшегін жою, өзіне зиян келтіреді, сол арқылы адам баласының күн көрісіне залалын тигізеді.
ІІ.Мағынаны ажырату.
1. Етістіктің түрлерін қайталау. Тақтаға шығып жазу. 4 мин /11 мин/
Сөйлемдердегі баяндауыштың орнын толықтыр. Етістіктердің құрамына қарай түрлерін ажырат. Сөйлем мүшелеріне талда.
Адам баласы табиғатты ... . қорғау тиіс / /негізгі-тұлғасына қарай, күрделі-құрамына қарай, болымды-іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай,сабақты-мағынасына қарай ?
Біз бұлақтардың көзін ... . аштық /күрделі/?
Су мол болса, астық та ... . мол болады. /күрделі/?
Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір ... . сүреді. /күрделі/ ? 7 мин /18/
Экологиясы төмен аймақтарымыз көбейіп ... . барады. /күрделі/?
Керекті сөздер: сүреді, барады, қорғау тиіс, аштық, мол болады
Сөйлемдегі баяндауыштың орнын толықтырып, астын сыз.
2. /Тақтада сұрақтар жазылып тұрады. Сол сұрақтарға мәтіннен жауап табады./
Мәтінмен жұмыс.Топтасып жұмыс істейді. Әр оқушы бір сөйлемнен оқып шығады.
- «Табиғатты қорғау» мәнерлеп оқу.
- Негізгі ойын анықтау.
- Сұрақтарға жауап беру.
Қосымша тапсырмалар: 1 топ- 3- 4 болымды/ болымсыз етістік табу
2 топ- 3- 4 салт/ сабақты етістік табу
3 топ 3-4 дара - күрделі етістік табу 6 мин
3.Табиғатты қорғау дегеніміз – адамның өзін-өзі қорғау
Енді,табиғат, экологиялық проблемалар жөнінде өздерің дайындаған презентацияларыңды көрейік. Шығармашылық топтың презентациясы. 6 мин 30мин

Қорғаушылар топтарға қосымша сұрақтар қояды:
Ардақ: басқа сыныптарда сауалнама өткіздік, енді сендердің көзқарастарыңды естігіміз келеді. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдер: Сұрақтар : 1.Табиғатқа нелер зиянды деп ойлайсыңдар?Жауаптар: 1.Табиғатқа зиянды нәрсе – адамның тіршілік заңын жақсы білмеуі. 2.Табиғатқа зиянды нәрсенің бір көзі – автокөліктер. Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады.3.Фабрика, зауыттардың мұржасынан шыққан түтіндер, улы жарылғыш заттар.4.Адамдардың көбі табиғатқа жанашырлықпен қарамайды.Мысалы, су жағасына қоқыс үйіндісін төгеді.Сол себепті, су қоймаларының көпшілігі су ішуге жарамсыз болып қалады. 2.Табиғат – тіршілік бесігі. Сондықтан табиғатқа адамзат өз тарапынан қамқор болу парыз. Ендеше осы табиғатты қорғаудың жолдары қандай? Жауаптар.
1. Табиғи орынды сақтау. Ауаны, суды ластамау;
2. Табиғатты аялап ұстау, Бүлдірмеу. Табиғатты қорғау жөнінде үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу.
3. Табиғи ортаны таза ұстау, жақсарту, алаңдарды көгалдандыру, бұлақ көздерін ашу.
ІІІ. Ой толғау. РАФТ стратегиясы. Тапсырма
 Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты дедік . Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екінші жеріне әсер тигізеді. Бүгінгі сабағымызды қорытындылай отырып, сендерге мынадай тапсырма бергі кеелді : өздеріңді табиғаттың адамнан басқа бір бөлшегі ретінде сезініп, сол жануардың немесе өсімдіктің атынан хат жазсаңдар.Бұл тапсырма РАФТ стратегиясы деп аталады. РАФТ- стратегиясы. Хат жазу Р- жазатынның рөлі / жансыз нәрсе, тарихи кейіпкер, шығарманың авторы,т.б. /А- кімге жазылатыны Ф- түрі / хат, пікір,эссе, жарнама, т.б/ Т- тақырыбы
Кімге жазатындарыңды өздерің таңдайсыңдар. Мысалы , бір өсімдік адамға хат жазады... 9 мин. /37 мин/
Оқушылар хаттарын авторлық орындыққа отырып оқиды. / костюм болса, киеді/ 3 мин
10. Қорытынды: - Бүгін сабақта біз не туралы айттық?
11. Бағалау Өздері бағалайды. 2 мин

12. Үй тапсырмасы: 1) «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбына өздеріңнің ойларыңды, адамзатқа айтар сөздеріңді эссе ретінде жазып келіңдер. 2) Табиғат туралы мақалдар жазып келіңдер. 1 мин

Категория: Педагогика | Добавил: Mickey | Теги: етістікті қайталау, етістіктің түрлері, Табиғат, табиғатты қорғау, ашық сабақ, етістік
Просмотров: 12617 | Загрузок: 465 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 4:29 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru