Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Искусство

Оқушының шығармашылық қабілетері
2017-03-02, 1:51 PM
Бородулиха аудандық білім бөлімінің
«Жезкент балалар музыка мектебі»КМҚК

Баяндама:
Тақырыбы: «Оқушының шығармашылық қабілетері»

Орындаған: Ргизбаева Г.К.


Окушының шығармашылық қабілетері.
Кіріспе.
Тәуелсіздік Қазақстан Республикасы « Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің міндеті-ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»-екендігі атап көрсетілген.Олар шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға,қайталанбас даралықты дамытуға бағытталған.Әрбір бала өмірдің,оқу-тәрбие процесінің еркін субъектісі.Шын мәніндегі білім беру адамды тәрбиелеу ісін зайырлы етуді мақсат тұтады,осындай басым бағытта педагогикалық қөзқарасты да жаңарту байқалады.Білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі оқушылармен жүйелі түрде қосымша және мектептен тыс жұмысын жүргізу.Қосымша білім жұмыстары оқушылардың білімін тереңдетуге,іскерлік пен дағдысын дамытуға,шығармашылық қабілеттілігі мен қызығушылығын арттыруға,демалысын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндіктер тұғызатын арнайы ұйымдастырылған жұмыстарды айтады.Қосымша білім жұмыстарда оқушылардың жеке тұлғалық музыкалық шығармашылық қабілетін арттыру,музыкалық іс-әрекеттерге белсенділікпен қатыстыру,өз бетінше ынталандыру негізінде музыкалық бейімділіктері мен қабілеттерін дамыту міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.Яғни,оқушы бойындағы мәдени құндылықтарды әлеуметтік қатынас,адамгершілік қатынас,эстетикалық қатынас, дене мәдениетін жетілдіру көзделеді.Оқушыларының жеке басының қасиетін дамытуда отбасы,мектеп, қосымша білім мекемелер сыныптан тыс уақытта жүргізілетін іс-шараларды кіріктіре ұйымдастыру арқылы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіншілігі бар екені аңықталып отыр.Осы орайда В.А.Сухомлинский былай дейді «Балалар әсемдік ойын,ертегі,музыка,сурет,фантазия,шығармашылық әлемінде өмір сүруге міндетті.»
Шығармашылық қабілет.
Шығармашылық-бұл адамның өмір шындығына ұмтылуы,ізденуі.Адам бойындағы қабілеттерін дамытып,олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін ңығайтып,өмірден өз орнын таба білуге көмектеседі.Адам өзін-өзі жетілдеруге де,сонымен қатар өзінен-өзі жойылуға да қабілетті.Қазіргі таңда музыкалық-көркемдік,шығармашылық қабілеттіліктерді зерттеу алғашқы орынға шығып отыр.Баланы кішкентай кезінен шығармашылыққа,ойлауға,қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға,практикалық әрекеттерге дайын болуға тәрбиелеу қажет.Шығармашылық-бүкіл тіршіліктің көзі.Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын,құралдарын аңықтау психология мен педагогикада ертеден зерттеліп келед.Көрнекі педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин,А.С.Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар берудің ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын.Шығармашылық қабілеттерді дамытуды бастамас бұрын ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алу қажет. Қабілет-іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай орындауда көрінетін қасиет.Бір сөзбен айтқанда,қабілет-дегеніміз-ұғымталдық,зеректік,алғырлық,қағілездік,сезімталдық,байыптылық,табандылық,адалдық, еңбекқорлық және т.б.қасиеттердің белгілі деңгейде жетілген жиынтығы.
Қабілет-
-білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері.
-талаптарды қанағаттандыратын және үлкен жетістікерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезі айтады.
-жеке адамның психологиялық айырмашылығы.
-білім-білік жиынтығы,олардың қолдана білудегі дербестік,саналылық,шығармашылық.
Қабілеттер түрлері сан қырлы.
Шығармашылық қабілеттер әр оқушының бойында болады.Мысалға-математикалық қабілетті басым балаларда ойлау операциялары тез,дәл болады,бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің ара қатынасын жылдам аңықтай білу сияқты белгілер басым болады.Музыкаға қабілетті бала есту,есте сақтау,ритмді түсіну,сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.Оқудың даму мен тәрбиесі баланың психологиялық дамуына бағытталады және музыка қабылдау да осы процестегі негізгі бағыттар аңықталады.Қалыпты,дені сау бала зерделі,білгіш,оны бәрі әрнәрсе қызықтырады,зейіні көз тартады.«Бұлақ көрсен,көзін аш»- деген халқымыз.Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы,пікірлес досы,бапкер болуға тиіс.Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз,ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек.Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар біреуі-сәтсіздікке ұшыраймын,қолымнан еш нәрсе келмейді –деген тыс қорқыныш сезімі,екінші –өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі,үшініші- жалқаулық.Ондай жағдайда баланы құтқару жолдарын табу керек.Қабілеттер( способности)-бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді нәтижелі орындаудың шарты болып табылатын адамның жеке ерекшеліктері.Адамға кез-келген іс-әрекеттерді нәтижелі орындауға мүмкіндік беретін қабілеттердің өзінше сапалық үйлесуді дарындылық деп аталады.Дарындылықтың жоғарғы дәрежесі-талант.Бұл туа бітетін қасиет.Кейбір балалар оқуға түспей тұрып та қабілеттіліктерін танытады.Тек қана дарындылық жалғыз өзі уақытта дами алмайды.Қабілеттілік- шеберлікті тез игеруге алғышарт болса, шеберлік жолындағы еңбек 1 % -талант,99%-еңбек
«Еңбек бәрінде жеңбек»деген халық мәтелі әр уақыт асқан талантты деген домбырашының жадында болғаны дұрыс.
П.И.Чайковский айтқан екен «Адам неғұрлым талантты болса,солғұрлым еңбекқор болуы керек»-, деп.Шеберлік дегеніміз білімінің еңбек арқылы іске асуы,өнердің қорытындысы.Болмаса естуі өткір адам музыкант болады деу өте қате пікір.Адамға белгілі бір қызметті көңілдегідей атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысуын талант деп атаймыз.Музыка маманына керекті есту,есте сақтау,ырғақ қабілеттері бәрінде жеткілікті дәрежеде болмайды.Осы үш қабілеттің ішінде ішкі сезімталдық естуі басым болса құпа-құп.Барлық қасиетті де дамытуға болады,өте жақсы деген деңгейге де жетеді.Бірақ табиғаттан қанға беріліп,ана сүтімен дарынға не жетсін.
Музыкалық қабілеттер.
Музыкалық талант- музыкалық қабілеттердің ең биік шыны.Ол-әсер,ес,ақыл,сезім,есту,ырғақ,естесақтау.Жан танымдық зерттеулерге көңіл бөлсек,қабілеттер дегеннің өзі сыртқы әсерді қабылдап,оның жанда көрініс табуы.Бұл ми мен( нейрондар) жүйке тамырлары,талшықтары ақылы іске асады екен.Осы қабілеттердің жұмысын данышпан Абай үш топқа бөледі.
Ақыл,сезім және қайрат.
Осы үш топ арқылы сыртқы ортадан болған құбылысты әсер деп атайды.Бар адам баласы әсерлене алады,әсірессе құлақ нейрондары арқылы болатын,оның ішінде,дауыс,дыбыс әсері ең керекті құбылыс.Әсерленудің жұғымды,жұғымсыз болуы әсерленудің қажыбы (тоны) деп аталады.Естуге байланысты жағымды дыбысты( консенанс),жағымсыз дыбысты (диссонанс) деп айтамыз.М.Жұмабаев «Педагогика еңбегінде» нейрондардың әсерді миға апарып жеткізуін,орналастыруын локолизация деп атайды.Әсерленуді тұғызған себепті перпеция деп атаған.Яғни музыкалық қабілеті жоғары адамдардың құлақ нейрондары музыкаға дыбыс арқылы локализацияланады.Бұл әсердің музыкалық дыбыстан болғандығын аңықтаймыз.Мұны перцепция деп атаған.Ал мұны бұрынғы болған тәжірибелермен толықтыру апперцепция болып табылады екен.Сыртқы сезім әсерленулерінің алты түрі бар.Көру,есту,сипау,тату,иіскеу,ет сезімі.Осының бәрі түгел болғанда адам есі түгел болады
1.Есту
2.Көру сезімдері ең керекті сезімдер.
Әрине мұнан басқасы керегі жоқ деген ұғым тумайды. Сипау,ет сезімдері музыка мамандары үшін қалыс қалмайтын сезімдердің бірі.Адам ән салса тамағымен( тіл),аспапта орындаушылардың барлығы үрмелі аспаптарда қол,ерін,көкірек демі,ал домбырашылар екі қол дейміз,алайда барлық дене мұшелерінің бірлікті қозғалысы арқылы жекізетініміз кім-кімге болса да белгілі.Бірақ музыка маманы үшін есту мен көрудің өте жоғары болғаны дұрыс.Музыкалық оқу орындарына қабылдау емтихандарында жалпы музыкаға бет бұрған адамзат баласы бойынан негізгі үш қасиет іздейміз.Жоғарыда айтып өткеніміздей,ол есту,есте сақтау және ырғақ.Бірақ бұл үш қасиеттің бір баста түгел кездеспейтіндігі өте жиі кездеседі.Ең бірінщі кезекте-Есту қасиеті.Есту қасиеті де негізінен табиғатынан берілген құба-құп.Баланың жасынан есту қабілетін жолға қойса,нені көріп,нені естіп өседі сезінуд і үйренеді.Қазіргі заманда барша жұртшылық баласын домбыраға үйір ғып өсірмейтіні қақ.Есту арқылы жан сезіміне нерв талшықтары арқылы мида перпеция толқу болса,ес,ақыл арқылы шығарма мазмұына керекті дыбыс бояуын беру үшін қимыл жасаймыз.Аперцепция құбылысы осы жерде туындайды. Бастапқы баспалдақта балалар әсерінен перпеция,аперцепция құбылыстары әлсіз боп келеді.Өсе келе жаттығады.Сондықтан есту,көру сезімдері жақсы жолға қойылғаны абзал.Күй тыңдаған баланың,кейін домбырашы болғанда табиғи күйші атына ие болып,құйма-құлақ әдісіне жақын тұратыны да осыдан болса керек.Мылқаудан соқыр болса да құлағы еститін адамның сезімдері,әсерленуі өте жоғары,сондықтан да ең бірінші кезекте есту қабілеті тұрады.Әр түрлі дыбыстарды адам, жан-жануар т.б. бәрі естиді.Есту қабілетін тәрбиелеуге болады,дей тұрғанмен кейде музыкалық дыбысты естіп айтқанмен, табиғатындағы бояуын,негізін,қасиетін ажырата алмайды.Жалпы музыкалық тәрбие көптеген мақсаттар қояды.Дәлірек айтсақ балаларды музыканы тыңдай білуге үйретеді,оны тұтастай қабылдау,жадында сақтау, ырғақты сезіну,музыкалық мәнерлікке баулу,дыбыстардың типін түсіну музыкалық қабілеттін дамытуы,аспапты меңгеру және музыкаға қызығушылығын арттыру.
Жан-жақты музыкалық даму баланың ішкі дүниесін байытады,сонымен қатар музыка өнерін терең және толық қабылдатып қана қоймайды,айналадағы дүниеге,өмірге,адамдарға деген көзқарасын өзгертеді.Ән айту,музыка тыңдау,музыка әдибиеттерімен танысу,қалаған аспапты үйрену,музыкалық сауат және қозғалыс ырғақ музыкаға тәрбиелеудің міндетті бөлімдері.Бала бойындағы көркемдік талғам мен шығармашылық ізденіс дағдыларын дамытуда,талантын ұштауда музыкалық білім беретін мектептердің тәлім-тәрбиелік маңызы ерекше.Мекпепте оқушылар музыка сабағында алған білімін кеңейтіп,орындау дағдыларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады, музыка өнеріне көзқарасын қалыптастыруды мақсат етеді.Осы мақсатқа жету үшін,мұғалім баланың жас ерекшелігін,қабілеттің ескере отырып,оны қызықтыратыңдай музыкалық материал-шығарма таңдап алған жөн. Оқушыға репертуар таңдай білу сабақты ұйымдастыру кезеңінің басты талаптарының бірі.Соңдықтан оқытушы репертуар сұрыптауға шығармашылық тұрғыдан қарап,оның идеялық-эстетикалық мәніне,көркемдік ерекшелігіне баса назар аударуы қажет.Оқытушы сабақ өткізу барысында шәкірттеріне шығарма туралы,оны өзі жоғары көркемдік дәрежеде орындап та бере білуі керек.Сыныпта шығарманы таңдап,тыңдап,оны талдау барысында жинақталған тәжірибесі үйде қайталау жұмыс арқылы молая түседі.Сабақ барысында оқушы мен мұғалім шығарманы талқылап, пікірлерін ортаға салса,оқушы сабақта алған білімін кеңейтіп, толықтырып оның талғамдық деңгейі жоғарылай түседі.Музыкалық тәрбие тек бір жүйемен үзбей үйрету негізінде ғана ойдағыдай және жоспарлы түрде жүзеге асырылады.Мұғалімнің орындауында оқушы шығарманы ынта-ықыласпен тыңдап алуға тиіс,музыка сазын дәл меңгеріп,ойда сақтауға, шығарманың мазмұны мен көңіл-күйін жақсы ұғынып алып,оны өзінің орындауында басқаға жеткізе білуге тиісОқушыны көпшілік алдына шығарып,өнер көрсетуге баулу да өз алдына үлкен міндет..Дұрыс жүргізілген сабақ, таңдалған шығарма, оқушының аспапқа деген қызығушылығын,сабаққа белсенді қатынасуды,еріктілікті,есте сақтай білуді,аңғарымдылықты талап етеді.Мұғалімнің маңызды міндеттерінің бірі-оқушыны өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.Осы орайда оқушының үй жұмысын ұйымдастыра білуі және өзіндік шығармашылық еңбекпен игеруінің мәні өте зор.Сабақтарының мазмұнына өзінің қарапайымдылыгымен,жинақылығымен,тартымдылығымен және үлкен мәнерлілігімен ерекшеленетін күйлер,пьесалар.Бұл шығармалар оқушыларына өз халқының музыкалық тілін түсініп,көркемдік талғамын дұрыс қалыптастыру үшін тамаша материал болуы мүмкін.
Музыкалық есту қабілеті.
Сол дыбыс объектісін толық білмейінше, көзіне елестетпейінше беріле бермейтін қасиет.Дала баласының көргеніне,сезгені мен қала баласының таным-түйсігінде айырмашылық бар.Адам дауысын,домбыраны естігенмен фортепиано дыбысын ажырата алмайтындар,болмаса керісінше жағдайлар көп.Есту қабілетінің түрлері көп.Ал музыкалық есту дегеніміз құрамдас бөлімі өте күрделі ұғым.Мысалы,ең маңыздысы дыбыс биіктігін,мөлшерлік,есту( жоғары,төмен) ладтық,әуездік (жарқын,мұнды) ,оның ішінде,мақамды әуендік,көп дыбыстық,тембрлік және динамикалық есту.Мұның қай-қайсы да музыка маманына өте қажетті маңызы бар.Кейде абсолюттік есту қабілеті бола ырғағы,есте сақтауы сәйкеспейтін кездер де жиі кездеседі.Сонда да мұны музыканттық дарындылығын көрсетеді деп есепейміз-ол сирек болса да бар.Бірақ музыка мамандары арасында қалыптасқан ұғым бойынша бұл жай ғана мәдениет.Олар кейде жақсы естуі арқылы шығарманың дыбыстық қана құрамысын береді.Нағыз дыбыстық құбылыс олардан алыс нүкте-нүктемен жатады.Себебі дыбыс құдіреті жай ғана бір-бірінен кейін келетін дыбыс қатарлары емес,ол алыс аралықтарындағы тартылу заңдылықтары,олардың бір-біріне жымдасуы ең басты тіршілік осында.Сонда ғана ол ноталар тіріледі.Осынлайша оқушыда абсолюттік сту болуы міндетті емес деп тұжырамдаймыз.Есту қабілетінің біз үшін тиімдісі-салыстармалы есту.Салыстармалы есту қабілеі бар адам-жоғарыда айтқан дыбыстың түрлерін,заңдылықтарын ажырата біледі.Салыстармалы естумен теңдес,бірінші,екінші деп бөлуге болмайтын қабілет іштей есту.Бұл өте музыка маманына қажетті
қалған
бейнеден елес алу.
леттің де 5 негізі бар
1-бір кезде естіген,бір орындаушының орындауындағы музыканы дәл еске түсіру,немесе есінде 2-өзінің соңғы ойнаған шығармаларын есіне түсіру.Бұл алға қарай жетілуге өзіндік сын,талдау болып есептеленеді.
3-бқасиет.Іштей естудің маңызды екі жағы бар.
1.Есте музыкалық елестердің,бейнелердің сақталуы үшін музыка дәл қабылдаудың мәні зор(ол жеке орындаушыма,ансамбль ме бәрі бір).Ішкі есту қаншалықты болса,соншалықты музыкалық дыбыстың биіктік,бояулық,әуездік барлық бөгеусіз аңық қабылданады.
2.Орындаушының өз орындауын аңық сезунуі.Бұл-нағыз дамылсыз,ыждағаттылық,тұрақтылықпен тәрбиелеуді керек ететін қасиет.Әр уақыт шәкірттерімізге өзіңді тыңдамайсың деп реніш білдіріп жатамыз-мұның себебі-1-ші іштей сезінбеуден,екінші естімеуден,беталды ойсыз орындаудан.
3.Үйретуші әр уақытта мына жерін былай орында,ал мына қағысты,дыбысты алу жолы осылай деп көрсетулерін,сөйлемді аңық ойна,мына тұстан аяқта т.с.с сияқты деген бұйрық райларды көбейткенше бірден өзін естуге,дыбыс тазалығын,мазмұнды бояуын,қағыстың ерекшеліктерін естуге баулыған,қағыстың ерекшеліктерін естуге баулыған дұрыс.Дәл аңық қабылдау,елестетудің санадан тыс,еріксіз жұмысын үдетеді.Сондықтан әрбір музыкамен айналысқан адамға іштей сезіну,есту,құйма-құлақтық кере.
Бұл қабіұрын таныс емес шығарманың нота текстісін ойша оқудың негізінде дыбыстың болжамының қалыптасуы.Бұл өте күрделі,оңайлықпен келмейті қабілет.
4-дәл орындаушылық жүйенің қалыптасуы,шығарманың бір бөлігіне,буынына,композитор ойына шәкіртпен ұстаздың ойы қосылуы.
5-орындау кезінде музыканың жандануы кейіптік нанымдылық,таңқалдыру.Бірақ та берілген шығарманы орындап жеткізу үшін тек қана есту,мінез қызбалығы аздық етеді.Өте жақсы естуді қамтамасыз ететін шеберлік жетістігі болу керек.Сонымен қатар есту елесі өз қатарына шеберлік қажеттіліктерді шоғырландыруы керек.Ол пернелерді саусақпен басу реті,қимылдар,қағыстар,оң қолда қай саусақпен қағу,қозғалыста қолдың қай буыны басты маңызда болады,перне аралық қашықтықты мөлшерлеу,оған тірек нүктелері тағы сол сияқтылар.Есту елесінің мұндай таңқалдыратын құрамды жұмысы музыка мамандары ойлы,үңғыт,сезімтал,тапқыр,қағілез,ақылды тағы басқа да қасиеттермен мөлшерлейді.Егер саусақтары есепсіз жүрсе ол орындаушыда есту қабілеті,оған керекті құрамды бөліктер қалыптаспаған деген сөз.«Әнді айта алмаған абалаған,домбыраны тарта алмаған сабалағаң» деген халық сөзі осыдан қалған.Күй құдіреті Құрманғазының өзі де «Динаның сол қолын,менің оң қолымды бір адамға берсе» деген түйінінде терең ғылым жатыр емес пе.Бүкіл әлемдік өнер тұлғалары Бетховенді тыңдаса Ақылда естуден сес болмаса,саусақ дәрменсіз,ал Гофман «Орындаушының саусақтары жайылып жүрсе,жетелеуге болмаса,еруге көнбесе ойдың піспегендігі,есту елесінен аулақ екендігін байқау қиын емес"- деген екен.Орындау кезіде таңқалдыратын елес,қимылдар дыбыстармен шынында кіріге,тығыз бірлікте жүрсе-онда есту арқылы музыкалық орындаушылық мәселесінің шешілгендігі.
Есту қабілеті шамамен мына түрде тексеріледі
1.Білетін әндердін айтқызу.
2.Қолда бар аспаппен әр түрлі деңгейдегі дыбыстарды аңықтау.
3.Кейбіреулері аспап даусын бірінші естігендіктен,ажырата алмай қалады.Үйреншікті дыбыс бояумен байқау.
4.Көп дыбыстың санын аңықтап естісе бәрін,естіп алмаса,мүмкіндігінше біреуін аңықтау.
5.Дыбыстың жоғары-төмен қозғалысын аңықтау.
6.Мақамдық бояуды аңықтау көңілді,көңілсіз.
7.Белгілі бір үзіндігінің,шығарманың орындалуын естуі тағы с.с.
8.Дыбыс күшілік бояуды естіп мөлшерлеуі.
Алғаш кезендегі есту қабілетіне берілетін бағыт бұрау тазалығына құлақ үйрету және перне басылу тазалығын үйрету.Саусақтарды пернеге қай тұстан,қалай қойғанда таза дыбыс алынады.Бұл мерзімде орындаушылық кезіндегі дыбысты есту табиғаты қақында айтуға ерте,ұстаз орындап бергеннің өзінде түсіне қоюы қиын,бейнелеп елестете алмайды,бірақ та дыбыстың бояуын есту әрқашан ұстаз назарынан тыс қалмағаны дұрыс.Әр уақыт қандай шығарма,қандай тапсырманы орындағанда да есту табиғаты осы баспалдақты қалыптасады.Домбыра үйретуде есту қабілетін мынадай жағдайлар өсіретініне өмірде көз жеткізіп келеміз.
1.Құйма-құлақ.
Дәстүрлі орындаушылардың оң жақ ми жартысы жақсы дамыған деп мамандар дәлелдеді.Олар тіпті көзбен көрген,көрмей-ақ естіген әуендерін,күйлерін домбыраға еркін сала береді.Себебі анасының құрсағынан жерге түскеннен сол ортада өсті,қүндағынан сол әуезді құлағына сіңіріп өмір жылнамасымен сезді.Ал біздің жағдайымызда есту қабілеті әр түрлі әдістермен дамытылады.
1.Домбыраның әр буынында әндетіп айтқызу.
2.Домбыра үйренгеннен соң-дауысты үйренген әуенін пернеден іздеп тауып үйрену-есту қабілетін өсірудің бірден бір жолы.
3.Оқушы ойнай алмайтын кезде ұстаз өзі орындайды.
4.Бастапқыда бір дыбыстан,біртіндеп көбейтіле береді.
5.Бұл кезде оқушылардың басым көпшілігі орта буын,үлкен,кіші саға 1 октава до нотасынан 2 до,ми жақсы естиді де,төменгі регистрді қабылдай бермейді.Осы бағытта жұмысты жандандыру керек болады.Себебі домбыраның негізгі репертуары-күй.Оның көпшілігі бас буыннан басталады.Домбырашының құлақ құнықтылығы осылай қалыптасады.
6.Төменгі және жоғарғы ішектегі әуендерді жекешелеп айтқызу,бұл пернеаралық дыбыс даму байланысты жүйесіне үйрету.
7.Жай екпінде нотаны бірден оқытқызу.Перненің көтерілу,төмендеу қозғалысымен өрбиді.
8.Дәлме-дәл дыбыс бояулық әрекетті іске асыру.
9.Буынаралық, пернеаралық байланысты сезіну.Осы арқылы оқушы пернеден дыбысты,нақышты таба біледі,сонымен қатар тез жаттайды,батылдық та осыдан пайда болады.
10.Әрине буынды,аудармалы есту бойынша табу-мамандық оқушыларының есту қабілетін өсірудің бірден бір жолы.
Сонымен музыкалық орындаушылық шеберліктің ең бір керекті- музыкалық есту мен қозғалыс бөлек-бөлек дамытылмай,бірлікте болуы шарт.Есту әр уақыт алғы шепте болғаны дұрыс.Осыған мінез қызбалығымен,шынайы табиғи өмірдегі тектілікпен қосқанда ғана шығармада керекті мақсатқа жетеміз
Музыкалық тәрбие дегеніміз-музыкалық өнердің ықпалы арқылы баланың жеке басын қалыптастыру-музыкалық ынтасын,қажеттерін,қабілетін,музыкаға эстетикалық көзқарасын қалыптастыру деген сөз.Тәрбиенің аса маңызды құрамы-өнер.Соның ішінде өте кең,сан ұғымды қамтитын-Музыка өнерін айтамыз.Музыка адамзаттың рухани азығы,жан серігі,тілмен айтқызып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы,нәзік сезімі.Музыка өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап,олардың ақыл-ой,сана-сезімінің кеңейіп,жақсы міңез-құлықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді.Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық,этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда.Музыка тәрбиесі жастарға өнер құндылықтарын үйрете отырып,олардың бойына адамгершілік эстетикалық мәдениетті,көркемдік талғамды,шығармашылық қабілетті дамытады.Өскелен ұрпаққа музыкалық тәрбие беруде,бала бойына рухани байлықты дамытудың аса маңызды саласы-музыкалық өнер.Музыкалық өнері арқылы рухани бай,шығармашылығы мол,халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп,оны сүйе білетін,халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін,классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу.
«Өнер -інжу-маржан секілді,әсем де әдемі түрінде қанша уақыт,қанша заман өтсе де ескірмейтін,қайта жаңа қырынан ашылып,жанғыра түсетін асыл ерекшелігімен халыққа,әсірессе,өскелен ұрпаққа насихатталуы қажет».
Категория: Искусство | Добавил: SNEGURO4KA
Просмотров: 1072 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 12:42 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru