Главная » Файлы » В помощь учителю » Искусство |
2017-03-02, 2:00 PM | |
Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорыны «Жезкент балалар музыка мектебі» Бородулиха ББ,ШҚО Ашық сабақ Тақырыбы: Саусақ тұғыры ( позиция) 2-сынып оқушысы Дәулетбек Әлішермен Орындаған оқытушы:Ргизбаева Г.К. Cабақтың тақырыбы: Саусақ тұғыры ( позиция) . Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушының сол қол саусақтарының ептілігін, икемділігін қалыптастыру,дұрыс меңгерту арқылы әрі қарай дамыту. Дамытушылық: Аспапта ойнау,есту,есте сақтау қабілетін.рухани байлығын арттыру. Тәрбиелік:Оқушыны қазақтың ұлттық өнерін,аспабына деген қызығушылығын арттыра отырып, эстетикалық тәрбие беру. Құрылымы:Алған білімін белсендіру. Көрнекілігі:Нота жазбалары,кітаптар,аспап. Әдіс-тәсілдері:-сұрақ,жауап. -талдау,жинақтау. -жаттықтыру. -тәжірибе жүргізу. Сабақтың барысы:Ұйымдастыру сәті, сәлемдесу,сабақтың тақырыбын,мақсат-міндет,өту барысын баяндау,оқушыны таныстыру Сабақтың жоспары. 1.Позиция тақырыбын түсіндіру. 2.Соль ішекте және ре ішекте жеке позицияны үйрену. 3.Қос ішектегі позицияларды дұрыс меңгеру,саусақ қойылымын ретімен қою. 4.Тақырыпты бекіту. 5.Үй тапсырмасы. 6.Бағалау. Саусақ тұғыры - позиция. 1.Позиция (лат – қалып)- музыка аспаптарында ойнау кезінде қолдың орналасу тәртібі. Сол қол саусақтарының домбыра пернелерін басып тұрғандағы қалпын позиция немесе белгілі бір қойылым өрісін перне тұғыры дейміз.Берілген дыбыс қатарын саусақтарды жылжытпай-ақ орындауға мүмкіндік беретін сол қол саусақтарының перне үстінде орналасуы.Домбыраны перне тұғыры бойынша игеру баланың тарту техникасын дамытып,ноталарды тез игеріп танысуына зор көмегі бар.Домбыра аспабында позиция европалық классикалық аспаптар негізінде жүйеленген.Домбыра мойындағы бір позиция көлемі 1,2,3,4 саусақтар аралығы терция интервалына тең болады. Егерде, бірінші – соль ішегінде ля, си,до ноталарын тартсақ, бұл бірінші позиция ойналған дыбыстар болып саналады. Бұл бірінші позицияда саусақтарды басу тәртібі мынадай болады, соль- ашық ішек болса, ля дыбысы бірінші саусақпен, си дыбысы үшінші саусақпен, до дыбысы төртінші саусақпен басылатын болады , ал си бемоль дыбысын екінші саусақпен басу керек. Ре ішегінде бірінші позициясында саусақтардың басу тәртібі мынадай болады. Ре ашық ішек,ми бірінші саусақпен, фа екінші саусақпен, соль төртінші саусақпен басылады. Егерде фа-диез болса, ол үшінші саусақпен басылады. Енді сол қол өзінің бастапқы тұрғысынан сәл сағаға қарай, 1-2 перне жылжи түссе,яғни, си дыбысын бірінші саусақпен до дыбысын екінші саусақпен, ре дыбысын төртінші саусақпен басып тартсақ,мұны екінші позиция дейді. Егерде, до- диез дыбысы болса, оны үшінші саусақпен басып тарту керек. Енді домбыраның мойындағы барлық позицияларды ойнап көрейік.Нота үстіндегі цифрларды жазылған ноталарды қай саусақпен басуын көрсетсе,ноль белгісі ашық ішекті көрсетеді. 2.Қос ішектегі саусақтар тұғыры. Қос ішектегі позициялар ойнағанда ,екі ішекті басып ойнап отырасын. 1-позиция ре ішегі ашық ,бірақта соль ішекте соль мен ля ноталарын ойнау керек. 2- п бармақпен соль , астыңғы ішекте си,до,ре ноталары. 3-п ля бармақ ,до,ре,ми ноталары соль ішекте. 4-п ре ішекте ля нотасы,ал соль ішекте ре,ми,фа ноталары. 5-п до нотаны бармақпен,ми,фа,соль. 6-п ре нотасын бармақпен,фа,соль,ля. 7-п ре ашық ішек,соль,ля,си;8-п ля,си,до,ре ноталары. 3.Позициядан позицияға көшудің негізгі әдістері. 1.Бір саусақты жылжыту арқылы ауыс. 2. Қатар тұрған саусақтарды өзара алмастыру арқылы ауысу. 3.Араға бір немесе екі саусақ тастау арқылы ауысу. 4.Ашық ішек арқылы ауысу.Негізі- сағаға өтер кезде болады. 5.Бір дыбысты әр саусақпен басу арқылы. 6.Саусақтардың арасын тарылту немесе кеңейту арқылы. Тақырыпты бекіту: Позиция дегеніміз не?Жеке соль және ре ішекте позицияларды,қос ішекте позицияларды ойналуын көрсет.Саусақ кестесіне көңіл бөл. Бағалау: баланың біліміне қарай бағаладым Үй тапсырмасы:1.Позиция тақырыбын жаттығу арқылы бекіту. 2.Соль және ре ішекте позицияларды,саусақ қойылым ретімен дұрыс орналастырып ойна. 3.Қос ішектегі позицияларды ойнап кел. 4.Позициядан позицияға көшудің әдістерін ойнап бекіту. | |
Просмотров: 816 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|