Главная » Файлы » В помощь учителю » Искусство |
2017-03-02, 2:11 PM | |
Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорыны «Жезкент балалар музыка мектебі» Бородулиха ББ, ШҚО Такырыбы: «Ансамбль» Орындаған оқытушы Көшкінова П.А. Тақырыбы: «Ансамбль» Мақсаты: 1. Домбыра ансамбілінде 2 дауысты қосу. 2. Ансамбльде дыбысты бірдей ойнау. Талаптар: а. Ансамбль, акколада терминдеріне түсініктеме беру. б. Ансамбль түрлерімен таныстыру. в. Ансамбльді фортепиано сүйемелдеуімен ойнау. Ж о с п а р: 1. «Ансамбль» тақырыбын түсіндіру. (ансамбль түрлері, акколада, мысалдар, ансамбльде ең керекті нәрсе). 15 мин. 2. Қ.х.әні «Әлди-әлди» талдау. 2 дауыста. Ансамбльде оқушы мен оқушы ойнайды. (Мұздыбаева А. 0 сынып). 10 мин. 3. Қ.х.әні «Еркем-ай». 2 дауыста. Ансамбльде оқытушы мен оқушы ойнайды. 5 мин. 4. Т.Камалдинов. «Алма ағаштың аясында» әнді фортепиано сүйемелдеуімен ойнау. (сүйемелдеуші оқытушы Никитина Н.В.) 5 мин. 5. «Ансамбль» тақырыбын бекіту. 5 мин. 6. Оқушының сабақтағы жұмысын бағалау. 3 мин. 7. Үйге тапсырма. 2 мин. Сабақ барысы: 1. «Ансамбль» тақырыбын түсіндіру. (ансамбль түрлері, акколада, мысалдар, ансамбльде ең керекті нәрсе). (8.45 – 9.00) «Ансамбль» - француз тілінен алғанда ensamble – бірге деген ұғымды білдіреді. Яғни музыкалық шығарманы бірнеше орындаушының бірігіп орындауын, орындаушылық өнердің өзара үйлесімін, көркемдік тұтастығын – ансамбль деп айтамыз. Ансамбль бұл - екі немесе одан да көп музыканттардың (әншілер немесе музыка аспаптарында орындаушылар) музыкалық шығарманы қосылып орындауы; операда бірнеше кейіпкердің бір мезгілде ән салуы (терцет, квартет, квинтет); бірлесіп ойнау немесе өлең айту (мысалы дуэт, трио, квартет); оркестр ансамбльдің бір түрі болып есептеледі. Ансамбль құрамындағы әр орындаушының өзіндік жеке әуен-сазы болады. Орындаушының санына байланысты ансамбль мынадай түрлерге бөлінеді: дуэт – екі орындаушы; трио – үш орындаушы; квартет - төрт орындаушы; квинтет – бес орындаушы; секстет - алты орындаушы; септет - жеті орындаушы; октет - сегіз орындаушы; нонет - тоғыз орындаушы; децимет - он орындаушы. Ансамбльді екі домбырада немесе одан да көп домбырашылырмен, домбыра + фортепиано, домбыра + қобыз, домбыра + скрипкада ойнауға болады. Қазіргі кезде теледидардан көріп жүргендей «Ұлытау» тобы (домбыра + гитара + скрипка) үш аспапты қосып, қазақтың атақты күйлерін нақышына келтіріп, шебер орындап жүр. Фортепиано, арган. арфа және түрлі ансамбль, оркестр, хорларға арналған шығармалар екі немесе одан да көп нота желілерінде жазылады. Осы нота желілері-нің басын қосатын сызықты акколада деп айтамыз. «Акколада» французша accolade - біріктіру дегенді білдіреді. Акколаданың екі түрі бар: түзу сызықты және бейнелі сызықты. (оқушыға сызбаны көрсетеміз, түсіндіреміз) Осыған мысал қ.х.әндері «Әлди-әлди», «Еркем-ай» түзу сызықты акколадада, ал Т.Камалдиновтың «Алма ағаштың аясында» әні бейнелі сызықты акколадада жазылған. Ансамбдльде орындағанда ең керекті бұл: бірге орындап отырған орындаушыны тыңдай білу, дұрыс санау. 2. Қ.х.әні «Әлди-әлди» талдау. 2 дауыста. Ансамбльде оқушы мен оқушы орындайды. (Мұздыбаева А. 0 сынып). (9.00 – 9.10). Қазақтың халық әні «Әлди-әлди». Скрипка кілтінде жазылған, өлшемі 2/4, екіге санаймыз, нотадан оқимыз, динамикалық белгілері р, mp,(жай, өте жай), екпіні орташа, қағыстары төмен, жоғары. 1 дауысты Арайлым, 2 дауысты Әдия орындайды. Әр дауысты жеке – жеке талдап, бірге қосып ойнатамын. 3. Қ.х.әні «Еркем-ай». 2 дауыста. Ансамбльде оқытушы мен оқушы ойнайды. (9.10 – 9.15). Ән скрипка кілтінде жазылған, өлшемі 2/4, екіге санаймыз, екпіні орташа, қағыстары төмен, жоғары. 1 дауысты Әдия, 2 дауысты оқытушы (мен) орындаймын. 4. Т.Камалдинов. «Алма ағаштың аясында» әнді фортепиано сүйемелдеуімен ойнау. (9.15 – 9.20). Ән скрипка кілтінде жазылған, екпіні орташа, өлшемі 4/4, төртке санаймыз, нотадан оқимыз, қағыстарын айтамыз, динамикалық белгілері f, mp, f ,ff , (қатты, жайрақ, қатты, бірте-бірте дауысты көтереміз, өте қатты). Әнде төрттік, сегіздік ноталар, төрттік, сегіздік паузалар бар. Әнді талдап болған соң фортепиано сүйемелдеуімен бірінші жай екпінде орындаймыз. Фортепиано партиясын орындауға бізге фортепиано пәнінің оқытушысы Никитина Н.В. көмектеседі. 5. «Ансамбль» тақырыбын бекіту. (9.20 – 9.25). Ансамбль деген не? Ансамбль – деген бірге ойнау, бірге ойнаған орындаушыны ести білу, әнді сезіне білу. Ансамбльде орындау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ойнап отырған шығарманы дұрыс санамасаң, өз партияңды дұрыс ойнамасаң ансамбль шықпайтынын естен шығармау қажет. Ансамблде ойнағанда дауыстың бірге үйлесімді шығуы біздің басты мақсатымыз. 6. Оқушының сабақтағы жұмысын бағалау. (9.25 - 9.27). Әдия өз шамасы келгенше сабаққа жауап берді. «Еркем-ай» әнінде 1 дауысты, «Әлди-әлди» әнінде 2 дауысты еркін талдап, домбырады еркін орындады. «Алма ағаштың аясында» әнінде өз партиясын еркін санап, орындады. Динамикалық белгілерді түсініп, әндерде көрсетіп орындады. Сабаққа 5 деген баға қойдым. Сабаққа көмектескен Мұздыбаева Арайлымға да өз партиясын еркін талдап, ойнағаны үшін 5 деген баға қойдым. 7. Үйге тапсырма. (9.27 – 9.30). Ансамбль акколада деген не? Қандай түрлері бар? Бүгінгі сабақта қандай әндерді орындадық, неше дауыста, ансамблді қандай аспаптарда орындауға болады? Әндерді өз партияңды мәнерлеп, тоқтамай ойнап келу.Сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет, Сау болыңыздар. | |
Просмотров: 1585 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|