Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Искусство

Тағдырға айналған домбыра
[ Скачать с сервера (37.0 Kb) ] 2012-02-28, 3:46 PM
Қазақ халқынының тағдырына
айналған домбыра

Білгің келсе біздің жайды,
содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре,
Одан асқан жоқ дана.
Қ.Мырзалиев

Тәуелсіздіктің арайлап атқан таңымен бірге; дәуіріміздегі әдеби, танымдық, тарихи ұлттық бетбұрыстар; өнертану үрдісін жаңа бағытқа жетеледі.
Болашақ ұрпақ барар жолда, қазағымыздың руханият әлемінен хабар беретін, қайталанбас сырлы шежіресі, мәнді де мағыналы ескерткіші, өткен өмірдің белгісі, ел рухының, ар-ожданының көрінісі, «Көшпелі елдің көнекөз шежіресі», - аталған халқымыздың қасиетті, қос ішекті қоңыр домбырасы: «Мың өліп, мың тіріліп» осы күнге де жетті – ау, әйтеуір, әупірімдеп!
Жас жеткіншек, жас ұрпақ, күй өнеріне енді ғана ден қойған шәкірттер, күйдің күрделі өнер екенін, оның аржағында қазақ халқының үлкен тағдыры, тарихы жатқанын білуге міндетті.
Күйді орындаған сайын, кемел күйші, дәулескер күйші болуға талпынсын деген ізгі тілекпен, әрбір ұстаз шәкіртінінің санасына: Ой, қозғайтын, өз бетінше пайымдауларын шыңдайтын, тәрбиелік мәнін басты назарда ұстайтын, мектеп қалыптастыруы керек.
Мектеп қабырғасындағы жүрген оқушыларға – бұлар әлі жас, әдеби – көркем тілмен айтылған әңгімелерді түсіне бермейді, - деу қателік. Күй шежіресін әңгімелеп беру, күйшінің де күй өнерінің майталмандарын да, жалпы қолына домбыра ұстап күй шерте білген адамның міндеті, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүр.
Ұстазы Әшімтайдың әйгілі «Қоңыр қазын» шәкірті Магауия Хамзинге тәптіштеп үйретіп, бүгінгі күнге жеткізген, күйшілігі шыңдалған, Арқаның дүлдүл домбырашысы, жасы ұлғайғанша домбырасын қолынан тастамаған кейуана-Аққыз әже айтыпты дейді:
- Дүниеге келген адам тағдырының шежіресін жеткізуге келгенде бұдан айтқыш, бұдан шыншыл «Керемет» болмақ емес. Өмір сырын шанағына құйып алып, қоңыр үнмен келер ұрпаққа аманат қалдырып, өсиет айтып отырғандай.
Иә, зар заманның күйін шертіп, халқымен бірге күңіреніп, бірге күрсінген қоңыр домбыраның күйлерін түсіну үшін, әбден ұққанша тыңдауға тура келеді, себебі, біздің ойлау жүйеміз өзгеріп, сезімдеріміз сіңірленіп кеткен.
Халқымыздың басынан өткен: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» бастап, зар замандар, тар замандар қазақ халқының тарихында ақтаңдақ беттер болып, қос ішекте бебеулеп: «Ел айырылған», «Ақтабан шұбырынды», «Қазақ пен Ноғайлының айырылысуы», «Елім-ай», «Заман-ай», «Қайран Нарын» «Қоштасу» - болып туған -өскен жерін, елін сағынып өксіді: Алтайдан Атырауға, Қаратаудан Көкшетауға дейінгі сайын даланы мекен еткен қазақ халқы тұрмыс тіршілігін, болмас бітімін, ой-арманын қонырқай ғана қоңыр домбырада қоңыр үнмен қоңырлатып санамызға сіңіріп, құлағымызға құюдан жалықпай келеді. Сол қоңыр үн; халқымызбен бірге жыласа – бірге жылап, қуанса бірге қуанды. Бірде ботасын іздеген аруана; «Нар идірген», «Бозінген» болып боздаса, енді бірде: «Көк балақ», «Бозайғыр», «Сал күрең», «Боз жорға» секілді салқы төс, салпы ерін тұлпарлардың жер тарпыған тұяқтарының дүбірін жеткізді. Бостандық сүйгіш, ер көңілді халқымыздың кең құлашты дауылпаз мінезін, өр тұлғасын: «Серпер», «Жігер», «» Жұмыр-Қылыш , «Нарату», «Адай» «Көңіл ашар» болып, қайсар халықтың сынбайтып, мойымайтын, болаттай берік бітімін сипаттады. Жолы жіңішке қазақ қыздарының, жалпы қазақ әйелінің асыл қасиеттерін, адамгершілігін, сұлулығын, ішкі мәдениеттің биіктігін, адамның бойындағы ең жоғарғы нәзік сезімдерін: «Ақ желеңдердің», «Көркем ханым» мен «Балжан қыздардың», «Ақ Шолпан», «Жеңгем сүйер» секілді сылқымдардың сыңғыр күлкісі мен сыңсуларына дейін құлағыңа естіртіп, өткен өмірді көз алдыңа көрінбейтін суреттей елестетеді.
Қарға бойла Қазтуған жыраудың сөзімен айтқанда:
«Қоғалы көлдер, қом сұлар,
Кімдерге қоныс болмаған.
Мынау жалған дүние,
Кімдерден кейін қалмаған»
- деп, «Өттің дүние» «Дүниеғапыл», «Көкейтесті», «Домалатпай», «О, дүние-ай», «Әттеген-ай», «Көкіл», «Қосбасарлар» болып, өткінші дүниенің өксікке толы өтпелі, жалған екенін, қамшының сабындай адамзаттың қысқа ғұмырын, қоныр әуен қонырлатып қана толғауда.
Қоңыр домбыраның қос ішегінен қонырлаған қоныр қоныр үн; «Қоныр қаз» болып қаңқылдады, «Аққу», «Сыңар Аққу» болып сұңқылдады, «Тауқұдірет» болып саңқылдады, сылдырап аққан бұлақ болды, жайқалып тұрған құрақ болды, дауыл шайқап толқыны тулаған көк теңіз, шалғыны жайқалған шағалалы шалқар көл, шеті жоқ шексіз сағым ойнаған: «Сарыарқа», елі көшіп, жазы қызығы кеткен, құлазыған «Саржайлау» болып сыры терең сырлы дүниенің сырын шертуден жалықпай келеді.
Мұрат Әбуғазының: «Шығыстың шыңырау күйлері» жинағындағы шығармалар, күйлер топтамасы, кешекі кеңес өкіметі кезіндегі солшыл саясаттың залалы халқымыздың басына тағы да қара бұлт ұялатқанын баяндайды. Тағы да «Ақтабан шұбырынды»-басталды. Жазиралы жайлауынан, кіндік қаны тамған ауылынан, ағайынды бауырынан айырылған халықтың мұңын, сырын осы күйге жеткізіп отырған да осы қоңыр дамбыраның кеудесінен шыққан күмбір дүние.
Елді есеңгіретіп, әдейі ұйымдастырылған «Аштық» келіп жетті, халықты қоғадай жайпап, қырып салды. Одан кейінгі кезекте «репрессия» деген жалмауыз: «Мың жылда бір туатын» алыптарымызды, алаштың арыстарын қойдай көгендеп, тағы қырды.
Сәкен Сейфуллин: «Менің филормониям» деп құрметтеп, қадірлеген Әбікен Хасеновтің: «Қоңыр» - атты күйі кешегі өткен жазықсыз жандарды аза тұтып, қаралы жылдарды терең тебіреніспен, жан жүрегі жылай күңіріне, күрсіне отырып, аса терең мұңды сазбен өкси, өкіне жоқтады.
Қиядағыны қолына қылыш алмай-ақ қиып түсетін ұстара тілді, от ауызды ақындарымызды, жүрек пен сезімнің, ой мен сананың, зейін –зерденің қылың дөп басып, қоңыр домбыраның қос ішегіне сидыра білген күйшілерімізді «Әулие» демеске боларма.
Ертеркке бармай-ақ, заманы жақын: Байжігіт, Бағда, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Ерғали, Есбай, Әлікей, Сүгір, Қазанғап, Түркеш, Абыл, Әшімтайлар ұланғайыр өлкеміздің апайтөс алыптары! Осы алыптар «күй өнерінің», қасиетті домбыраның атағы әлемдік деңгейге көтерілгенін білсе ғой, шіркін!
Қоңыр әуеннің бар қасиет-қадірін мөлдіретіп отырып, сол қалпында бізге жеткізген майталман күйшілерімізден айналып кетсек боларма. Қазіргі замандағы сапырыласа қайнаған өзгерістер, дәстүрлі мәдениетіміздің бұл саласына әсерін тигізбегеніне қуана шүкіршілік ете отырып, халқымыздың күй мұрасын ары қарай жалғастыру; біз үшін, өскелең ұрпақ үшін, өнегелі де ардақты іс, асыл парыз!

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Айтжан Тоқтаған: «Атыраудың 62 Ақжелеңі»
2. Айтжан Есенұлы, Гүлперизат Елеусізқызы «Күй қастерлі әуез»
3. Айтжан Тоқтаған, Мұрат Абуғазы «Құрманғазы»
4. Мұрат Әбуғазы «Шығыстың шыңырау күйлері»
5. Біләл Ысқақов «Сарыарқа саздары»
6. Айтжан Тоқтаған, Гүлперизат Ұлтарақова, Мұрат Әбуғазы «Қаратау Шертпесі»
7. Пернебек Момынов: «Қазақ музыкасының қысқашап тарихы»
8. Абдулхамит Райымбергенов, Сайра Аменова «Күй қайнары»
Категория: Искусство | Добавил: dimijim
Просмотров: 1597 | Загрузок: 448 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-05-13, 6:51 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru