Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Искусство

Ашық сабақ «Пунктирлі ырғақ пен триоль қағысын меңгеру»
2017-01-26, 4:07 AM
Ашық сабақ

«Пунктирлі ырғақ пен триоль қағысын меңгеру»
Дайындаған
Каримбекова А.Қ

Ашық сабақ : «Пунктирлі ырғақ пен триоль қағысын меңгеру».
Құрманғазы «Қайран шешем» күйімен пысықтау.

Сабақтың мақсаты : Оқушыға пунктирлі ырғақ және триоль қағысы туралы мәлімет беріп соны іске асыру. Музыкалық шығармалар арқылы ой – өрісін дамыту, музыканы сезінуге, түсінуге баулу.

Тәрбиелік мақсаты: Күйдің тәрбиелік мәні жайлы әңгімелей отырып ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Жоспар:
1. Үй тапсырмасы.
2. Құрманғазы өмірі мен шығармашылығы жайында білім беру.
3. Пунктирлі ырғақпен жұмыс,нүктелі ноталарды меңгеру.
3. Триоль қағысын толықтай меңгерту , жаттығумен жұмыс, күйді талдау.
4. Тақырыпты бекіту.
5. Үй тасырмасы.
Көрнекіліктер : аудиотаспа, суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру барысы оқушымен сәлемдесу сабаққа жақсы көңілмен кірісу.
Уй тапсырмасы : 1. Гамма ре бемоль мажор 4 түрлі қағыс түрлерімен ойнау.

П - бас бармақ пиццикато әдісі
ПV – сұқ саусақпен алынады.
ПVП VПV
ПVПV

2.Ципполи «Менуэт»
3.Қайран шешем күйінің сағаға дейінгі бөлігін ойнау нүктелі нотаға тоқталу. Тактідегі ұзартылған әлді үлеспен қысқартылған әлсіз үлестің кезектесіп келуіне негізделген ырғақты пунктирлі ырғақ деп атайды. Бұл ырғақ көбінесе марш пен өр салтанатты характердегі ән – күйлерде кездеседі.
Құрманғазының күйі «Қайран шешем».
Күйдің ғажаптығы сол – ол бастан кешіріп отырған өмірдің мән маңызын ұқтырады. Құрманғазы нағыз сегіз қырлы бір сырлы адам болған. 1823 жылы Атырау облысы Жиделі ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Құрманғазы жастайынан халық әндері мен күйлерін тыңдап өсті. Сонымен бірге ақындық, мергендік, палуандық өнерімен де көзге түскен.табиғатынан ешкімге тәуелсіз, азатойлы, намысқой адам болғандықтан оттай жанған мінезімен талай рет сол заманның күштеріне қарсы келіп, қуғында , түрмеде , айдауда өмір кешкен. Оның әкесі Сағырбайға баласының музыкаға деген қабілеті оншалық әсер етпейді. Бірақ шешесі Алқа өзгеше көңіл қояды. Ол көптеген күйлер шығарған. 73 жыл өмірінің жартысынан астам уақытын түрмеде өткізеді сол отырған кездерінің бірінде шыққан күйінің бірі Қайран шешем. Бұл күйді Құрманғазы анасы Алқаға арнаған. Бірде түрмеге айдалып бара жатқан Құрманғазы анасын көріп көзіне жас алғанда анасы : «Мен ұл таптым деп жүрсем жасық неме екен ғой туғаным. Кімнің алдында көзіңнің жасын шығарып тұрсың» - деп жағынан шапалақпен салып жіберіпті. Кейін түрмеде отырғанда осы күйін шығарған екен.

Күйді талдау : күйдің өзіне келсек асықпай жігерлі ойналады. Өлшем 2/4 яғни такт ішінде бір – ге екі – ге деп саналады, ешқандай кілт белгісі жоқ ля минор тональностінде жазылған.


Егер нотаның ұзақтыққа бөлінуі негізгі бөлінуден (екі немесе үш бөлікке) өзгеше болып келсе , онда ерекше ырғақты түрлері пайда болады. Мысалы :дуоль, триоль, квартоль, квинтоль.
Дуоль – үш нотаның орнына екі нота келсе, ол дуоль латынша duo – екі деп аталады.
Триоль – латынша tres екі нотаның орнына келетін үш нота.
Квартоль - латынша quartus үш нотаның орнына келетін төрт нота .
Квинтоль - латынша quintus үш немесе төрт нотаның орнына келетін бес нота.
Триольға арналған жаттығу: П қағыс сұқ саусақ, Vқағыс бас бармақ, V сұқ саусақпен алыну арқылы ойналады.
Ашық ішекте ойнап үйрену.
Мысалы : « Манатау» күйінде
Күйді тыңдау сағаны талдау , сағада кездесетін триоль қағыспен жұмыс.
Тақырыпты бекіту : триоль қағысы дегеніміз не , қалай ойналады? Құрманғазының «Қайран шешем» күйі кімге арналған? Құрманғазы кім? Пунктирлі ырғақтың ойналуын көрсет.

Үй тапсырмасы : 1. гамма ре бемоль мажор 4 түрлі қағыс түрімен жаттығу .
2. Ципполи «Менуэт» қайталау, жаттау.
3. «Қайран шешем» күйінің сағасына дейін жатқа ойнау.
4. Саға бөлімін нотадан қарап ойнап келу.
5. триоль қағысының жаттығуын қайталап қағысты жаттықтыру.
Категория: Искусство | Добавил: SNEGURO4KA
Просмотров: 1618 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 2:58 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru