Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология

Генетика негіздері
[ Скачать с сервера (1.31 Mb) ] 2015-01-19, 9:05 AM
Сабақтың жұмыс жоспары:

І. Қызығушылықты ояту. Ұйымдастыру
ІІ. Мағынаны ажырату.
1. Генетиканың даму тарихы;
2. Мендель- генетика ғылымының атасы;
3. Терминологиялық сөздік;
4. Моногибридті будандастыру:
1.Мендельдің бірінші заңы
2.Мендельдің екінші заңы
5. Моногибридтік шағылыстыруға генетикалық есептер шығару әдісі;
lll. Ой толғау
6. Сызбанұсқа талдау, бекіту сұрақтары;
7. Биологиялық диктант
8. Оқушылардың өзін-өзі бағалау критерийі және үйге тапсырма.
9. Сабақты аналитикалық талдау жасай отырып, қорытындылау;
Үй тапсырмасын тексеру:
1 Постэмбриондық дамуды неше кезеңге бөлеміз. А. 3 В . 2 С. 4 Д. 6
2. Онтогенез дегеніміз. А. Жұмыртқаның дамуы В. Масаның дамуы
С. Ұрықтық дамуы Д. Ағзаның жеке дамуы
3. Түрленіп дамудың неше түрі бар. А. 3 В . 2 С. 4 Д. 6
4. Бір қабатты ұрық қалай аталады. А. Нейрулла В . Гаструлла
С. Бластулла Д. Гомология
5. Екі қабатты ұрық қалай аталады. А. Нейрулла В . Гаструлла
С. Бластулла Д. Гомология
6. Үш қабатты ұрық қалай аталады. А. Нейрулла В . Гаструлла
С. Бластулла Д. Гомология
7. Адам ағзасы неше жасында толық дамуын аяқтайды. А.13жас В.25 жас С.18 жас Д.20жас
8. Эктодермадан түзіледі. А. Қанқа В . Жүйке жүйесі С. Өкпе Д. Бұлшық ет
9. Мезодермадан түзіледі. А. Қанқа В . Жүйке жүйесі С. Өкпе Д. Бұлшық ет
10. Постэмбриондық кезен қай кезде басталады
А. Ағза туылған соң В. Жұмыртқа не ұрық қабығынан босансып шыққаннан кейін
С. 10 жасқа келгенде Д. А мен В жауаптары дұрыс

Топ басшысы:

Ұйымдастыру кезеңі;
Түстер бойынша 3топқа бөлу
 Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.

 Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар

 Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адмадар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны.
1) Мутация /фильм/
2). Бұл сұраққа жауап беру үшін ертедегі философ Демокриттың мына сөздерін еске түсірейік: «... дененің барлық бөлшектерінен тұқым, дені саудан дені сау, аурудан ауру, таз бастан таз бас, көк көзден көк көз шығады». Жас философ мұны біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырдың өзінде-ақ бұл заңдылықтың себебін анықтау мақсатында айтқан еді. Алайда,1865 жылы Чехословакияның Брюнне қаласының монахы бұл заңдылықты анықтаған. Бұл қай адам, қандай ғылымның негізін салды?

Жауабы:
Бұл Г.Мендель, генетика
ғылымының негізін салған. Жалпы генетика дербес ғылым ретінде биологиядан ағылшын ғалымы У.Бэтсонның ұсынысы бойынша 1907 жылы бөлініп шықты. Генетика деген атауды да У.Бэтсон ұсынған.

«ХХІ ғасыр биология ғасыры, дәлірек айтқанда ... ғасыры» деп аталады.

(Балалар, бүгінгі сабақты тақтада жазылған сөздерден бастағым келіп тұр. Бір оқушы дауыстап оқиды.)
Сабақтың тақырыбы: Генетика негіздері
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың моногибридті будандастырудың генетикалық заңдылықтары туралы білім беру.
Білімділік: Моногибридті будандастыру кезіндегі тұқымқуалаушылық
заңдылықтарының цитологиялық негіздерін ашып, генетикалық терминдер және символикалармен жұмыс істеу дағдыларын генетикалық есептер шығаруда қолдануда жалғастыру.
Дамытушылық: Мәселелерді шешу кезінде негізгілерін айқындай алу, зерттеу-ізденушілік қабілеттерін, өздігінен қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білу икемдіктерін қалыптастыруды және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Генетика ғылымын дамытудағы ғалымдардың еңбегімен таныстыра отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу, тұқымқуалаушылыққа әсері болғандықтан салауатты өмір сүруге баулу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар генетикалық
ұғымдарды еске түсіріп, моногибридтік шағылыстыруға генетикалық есептер шығару әдістерін талдайды, білімдерін дамытып және жүйелейді.

Генетиканың даму тарихын зерттеушілер 3 кезеңге бөледі:

1-ші кезең- 1900-1910жылға дейін

2-ші кезең- 1911-1953жылға дейін

3-ші кезең- 1953 жылдан қазіргіге дейін.
«Бір-бірінен айқын бір жұп белгі «Ажырау заңы. Бірінші ұрпақтағы
арқылы ажыратылатын гамозиготалы алынған будандарды өзара шағылыстырған
дараларды шағылыстырса, бірінші жағдайда екінші ұрпақта белгілердің
ұрпақта генотипі де, фенотипі де ажырауы жүреді. Ажырау ара-қатынасы
біркелкі будандар алынады. Мұны фенотипі бойынша 3:1, ал генотипі бойынша
бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік 1:2:1-ге болады.
заңы деп атайды»
Тапсырма
Неге ХХІ ғасыр генетика ғасыры болуы керек?
Қазір әлемде қоршаған ортамен байланысты адамның денсаулығы ең өткір мәселеге айналды.
Адам геномында 35 мың ген бар, олардың өзгерістері мыңдаған тұқымқуалаушылық ауруларға алып келеді. Ғаламшар тұрғындарының 5 %-ы осы ауруларды тасымалдаушылар.
Гендік инженерияның пайдасы:
 Адамның инсулинін өндірісте тиімді пайдалану;
 Обыр ауруына қарсы генді дәрі ойлап таппақ:
 Өсімдіктердің, жануарлардың барлық жағдайларға төзімділігі, көп өнім беретіндігі

Рефлексия

Мына сөйлемдерді аяқта:
1. Бүгінгі сабақта маған жаңалық болды...
2. Бүгінгі сабақта басты ой ... болды.
3. Менің ұсынысым...
(Түсті қағаздарға жазып, қолшатырды орналастыру)

Үй тапсырмасы:
І деңгей
Генетикалық терминдерді, символдарды жатқа білу.
ІІ деңгей
Генетиканың даму тарихын зерттеушілердің еңбектері туралы мәліметтер жинақтау.
ІІІ деңгей
Оқулық бойынша және қосымша есептер жинағынан есептер шығару.
Категория: Биология | Добавил: nurshash
Просмотров: 1610 | Загрузок: 23 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 8:01 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru