Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Информатика

Қазіргі заманғы сабақ және оны қалай дайындау керек
[ Скачать с сервера (40.5 Kb) ] 2017-12-20, 12:04 PM
Қазіргі заманғы сабақ және оны қалай дайындау керек

№75 мектеп-гимназиясының информатика пәні
мұғалімі Е.В.Выродова

Сабақ - педагогикалық барыстың өзегі,
су тамшысындағы күннің көзі
тәрізді барлық жағынан көрінеді...

Қазіргі қоғам педагогика жоғары талаптар ұсынуда, сондықтан мұғалім білім беру барысында оқушының қабілеттері мен мүмкіндіктерін ғана есепке алмай, оны барынша дамыту керек. Жаңа форматты мұғалім өз пәнін ғана біліп қоймай, ол зерттеуші, кеңесші, жоба әдірлеуші, қоғамдық қызметкер және сарапшы болуы тиіс.
Тек мұғалім еңбегінің нәтижелігін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолымен табысқа жетуге және мектепті білім еліне айналдыруға болады.
Сонымен қазіргі заманғы сабақ ұғымын талдап көрейік. Педагогиканың әдебиетте соңғы жылдары қазіргі заманғы сабақ туралы көптеген ұғымдар, түсініктер айтылуда. Ю.А. Коноржевскийдің (профессор, педагогика ғылымының докторы) ойынша, қазіргі заманғы сабақ - бұл сабақта мұғалім оқушының дамуы, адамгершілік негіздерін қалыптастыру, білімді терең меңгеру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады. А. Щуркова (профессор, педагогика ғылымының докторы) мынандай анықтама береді: қазіргі заманғы сабақ - ешкім ешкімнен қорықпайтын, үрейленбейтін еркін сабақ.
Жоғарыда айтылған бірнеше ұғымнан соң, қазіргі заманғы сабақтың үш негізгі белгілерін айрықшалауға болады (сабақтың жаңа технологиясы негізіне қалыптасқан):
1) Сабақ шындықты ашу іздену және мұғалім мен баланың бірмекен жұмысында ұғыну, түсіну;
2) Сабақ - бала өмірінің бөлігі, бұл өмірде жоғары жалпы адам мәдениетте өмір сүру;
3) Адам шындықты түсіну субъектісі ретінде, сабақтың ең жоғары құндылығы, мақсаты, бірақ құралы емес.
Осындай сабақтарда әр баланың рухани дамуы, қаржы қатынасы, ой еңбегінің даму мүмкіндігі, жоғары мәдениеттің үлгілері қалыптасады.
Қазіргі заманғы сабақтың негізгі идеясы оқу, тәрбие және дамудың бірлігі. Әр сабақтың дұрыс қойылған мақсаты мен соңғы мақсаты болады. Әр сабақтың ішкі құрылымы болады. Қазіргі заманғы сабақтың құрылымы - сабақтың әр кезеңінің тізбентелуі, өзара байланысы оқыту барысында өзара әрекеттесуі.
1) Сабаққа дайындықты қалай бастау керек:
- тақырыпты анықтау және белгілеу
- оқу курсында тақырыптың орынын анықтау
-Ө осы сабақта кездесетін негізгі ұғымдарды анықтау
- бұл сабақты әрі қарай оқу материалының қай бөлігінде қолданатыныңды белгілеу.
2) Өзіңе және оқушыларға бөлек сабақтың мақсатын белгілеу осы қажет пе? Осыған байланысты сабақтың білімдік, тәрбиелік және дамытушының қызметтерін анықтап белгілеу.
3) Оқу материалын жоспарлау - тақырып бойынша әдебиеттер іріктеу. Егер де жаңа теориялық материал болса міндетті түрде Интернет-ресурстар, энциклопедялық басылымдар тізімге енгізілуі тиіс.
Оқу міндеттерін іріктеу, мақсаттары:
• Жаңа материалды тану
• Оны қабылдау, айту
• Жаңа жағдайда білімін пайдалану
• Таныс емес жағдайда білімін пайдалану
• Білімге шығармашылық көзқарас
• «Қарапай жинал күрделіге» принципі бойынша оқу тапсырмаларын реттеу, тапсырмалар құрастыру
• Оқушы материалды өндіруге арналған тапсырма
• Материалды оқушының ұғынуына себептесетін тапсырма
• Оқушының материалды бекітуіне арналған тапсырма.
4) Сабақтың жаңалығын ойластыру
Әр сабақта оқушыны таңқалдыратын, қуаныш әкелетін бір нәрсе болуы тиіс.
5) Іріктелген оқу материалын топтастыру
Бұл үшін іріктеелген материалмен жұмыс қандай ретпен ұйымдастырылады, оқушының жұмыс түрлері қалай алмасады, сол жағын ойластыру керек.
6) Сабақта оқушының жұмысының бақылауды жоспарлау
 Нені бақылау
 Қалай бақылау
 Бақылау нәтижесін қалай пайдалану
7) Сабақ үшін көрнекі құралдар дайындау
Интернет-ресурстарға сілтеме жасап, флипчарттар, оқу фильмдерін даярлау.
8) Үйге тапсырма: мазмұны, орындау үшін нұсқаулықтар.
Ойдағыдай оқудың басты шарты мұғалімнің өз жұмысын жақарту, құрастырмалау қабілеті.
Қазіргі заманғы педагогикада «Конструктор урока» деген жаңа ұғымы бар (автор А.А. Тин), ол сабақты жинастыру үшін нәтижені тәсіл ретінде пайданалады. Осы техниканы қолдау бойынша қызмет алгоритмі әзірленген. Осыған сай сабақ келесідей құралады:
 Сабақтың басталуы
 Жаңа тақырыпты түсіндіру
 Бекіту, жаттығу, қалыптастыру
 Қайталау
 Бақылау
 Үй тапсырмасы
 Сабақтың соңы
Сабақтың кез келген бөлігі әр түрлі тәсілдермен немесе оларды құрамалау әдістерімен жүзеге асады, былайша айтқанда олар сабақ құрама элементтері. «Конструкторды» қолданғанда сабақтар түрленеді, сабақтар тез дайындалады, мұғалімінің шығармалашылығы жоғары деңгейге көтеріледі. Сабақтың құрылымы тірі зат тәрізді «дем алады», өзгереді.
Сабақтың бірнеше әдістемелік әдістеріне тоқталайық:
1) Зияткерлік үзіліс
Қызметтің белгілі бір түріне икемдену керек. Сабақтың басында зияткерлік сәт өткізуге болады
 Не артық (монитор, клавиатура, жүйелі блок, флеш жинақтаушы және т.б.)
 Жинақтау: бұл не (монитор, клавиатура, жүйелі блок бұл ДК негізгі құрылымдары)
 Қандай сөз жасырынған (раутквалиа - клавиатура) және т.б.
2) Таңқалдыр!
Таңқалдыру ақыл-ойдың жұмысын ынталандырады, зейінін артыратыны баршамызға мәлім. Сабақтың басында мұғалім жұмбақ береді, сабақтың барысында жаңа материалмен жұмыс кезінде жұмбақтың шешуі табылады.
3) Қатені ұста!
Формула: балалар топпен қатені іздейді, дауласады, пікір таласады. Белгілі бір пікірге келген соң, спикер сайлайды. Талқылау ұзаққа бармау үшін, уақыт белгілеңіз.
4) Сұрақтар мәтінді байымдау
Оқылып отырған мәтінге белгілі уақытта бірнеше сұрақтар қою керек: Неге? Қалай дәлелдеу? Немен түсіндіру? Ненің салдарынан? Қандай жағдайда? Қалайша?
5) «Шығармашылық»
Үйге тапсырма беріледі – шығарма-эссе жазу. Тақырыптары: «Компьютердің өз орыны туралы әңгімесі», «Компьютер - жаңа кітап» және т.б.
6) Ізгі тапсырма
Мұғалім оқушыларға өздерінің таңдауды бойынша үйге тапсырма береді.
«Конструктор» техникасын қолдану әр пән мұғаліміне маңызды:
 Сабақтың өзіндік таблица құрылымын құру, онда сабақтың барлық кезені көрсетілсін
 Педагогикалық қызметінде қолданалатын барлық әдістемелік тәсілдерді сипаттау
 Күнтізбелік тақырыптық жоспар құрғанда сабақ формуласы жазылатын жеке графа бөлу.
Р. S. «Конструктор» педагогикалық техникасын қолдану арқылы сабаққа дайындық кезінде мұғалімінің шығармашылық потенциалы ғана өспейді, сонымен қатар оқушының пәнге қызығушылығы арттады, яғни оқу сапасына ықпал ететіні сөзсіз.
Категория: Информатика | Добавил: astana_sh75
Просмотров: 1414 | Загрузок: 24 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 8:17 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru