Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Информатика

«Үздік информатиктер» сайысы сабақ
2014-11-25, 11:06 AM
«Үздік информатиктер» сайысы


Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын,
ақылдылығы мен жылдамдылығын көптің ортасына салып,
бақтарын сынату, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу,

Дамытушылық: Оқушыларды сайысқа қатыстыра отырып, баланың
оқығанын, естігенін, көргенін есте сақгау қабілетін
қалыптастыру, нығайту, білімге құштарлығын арттыру.
Көрнекілігі: Интерактив тақта, презентация

Сайыстың өту барысы:
І. Командалар таныстыруы.
ІІ. Білімділер сайысы.
ІІІ. «Сен білесің бе?» сайысы.
ІҮ. «Кім тапқыр?» сайысы.
Ү. «Ойлан, тап!» сайысы
ҮІ. Жанкүйерлер сайысы.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер!
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрінде.
Мүмкін емес информатикасыз түсіну
Компьютер дүние кілті бүгінде, - демекші, заман талабына сай әрбір алдам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін!
Олай болса, ортаға «Үздік информатиктер» сайысына қатысушы 8-9 сынып оқушыларынан құрылған топтарды шақырамыз.
Сайыс 6 кезең бойынша өткізіледі. Командаларға ескерту: егер де кім де кім сайыстың шартын бұзса үшбұрыш беріледі. Ол команда ұпайы 1 балға кемігенін білдіреді.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – деп

Командалардың жауабын бағалап, қорытынды шығарып отыру үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.
1.
2.
3.

І. Командалар таныстыруы.
Сайыс шарты бойынша әр команда өздерін таныстырып өтеді: команданың аты, эмблемасы, сәлемдесуі.
ІІ. Білімділер сайысы.
Әр командадан 3 оқушы тақтаға шығады және олардың әрқайсысына әріптер беріледі. Мұғалім сұрақ қойғанда осы әріптерден басталатын жауапты жылдам айтуы керек7 Оған 3 минут уақыт беріледі. Қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпай алады.
І командаға:
1. Интернет не үшін керек?
2. Компьютер қашан пайда болды?
3. Компьютердің бағасы қанша?
4. Компьютер не үшін қажет?
5. Кітапханадан қандай кітаптар алдың?

ІІ командаға:
1. Компьютер алдында қалай отыру керек?
2. Принтердің бояуы бітсе не істейсің?
3. «Үздік информатиктер» сайысына кімді шақырдың?
4. Power Point-ta қандай көрме жасақталады?
5. Информатика негіздері журанлын оқисың ба?

ІІІ. «Ғажайып алаңы» сайысы.
Экранда 9 ұяшықта жасырын түрде сұрақтар болады. Әр команда кезекпен ұяшықтарды таңдайды. Сұрақтарға жауап беру керек. Жауап беру уақыты 1 минут
10 (сол) жақтағы - Аты бар байттар тізбегі. /файл/
10 (ортадағы) - Дыбыс жазу құрылғысы
/микрофон/
10 (оң) жақтағы - Адам көзі мен компьютер арасындағы арақашықтық
қанша болуы керек? /60-70 см/
20 (сол) жақтағы - «Компьютердің атасы» деп кімді атаған?
/Чарльз Бэббидж/
20 (ортадағы) - Санау жүйелері қандай 2 топқа бөлінеді?
/ползициялық, позициялық емес/
20 (оң) жақтағы – Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тілі? /интерфейс/
30 (сол) жақтағы Ең бірінші программалаушы оқымысты әйел?
/Ада Лавлейс/
30 (ортадағы) Операциялық жүйенің атқаратын қызметі...
/компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқарады/.
30 (оң) жақтағы /бейне сұрақ/ - MICROSOFT фирмасын құрған, дүние жүзіндегі ең бай адам. Ол кім?
/Билл Гейтс/

ІҮ. «Кім тапқыр?» сайысы. Сайыс шарты бойыншакомандары капитандары ортаға шығып, жасырылған бірнеше сөзді алады да қарсы командаға қимылмен түсіндіреді, қарсы команда мүшелері тез жауа беруі керек. Команда мүшелері қанша сұраққа жауап берсе сонша ұпай алады.
І командаға: ІІ командаға:
1. Пернетақта Кактус.
2. Принтер Микрофон.
3. Курсор Диск
4. Жүйелік блок Құлаққалқа/наушник/
5. Сканер Монитор
6. Тышқан Интернет
7. Вирус Эл.пошта
8. Бит Джойстик.

Ү. «Ойлан, тап!» сайысы. Экраннан сөз беріледі. Осы сөзден әрбір команда сөз құрау керек. 5 мин уақыт беріледі.

ПРОГРАММАЛАНҒАНДЫҚТАН

Кезек келді көрерменді тергеуге
Жауап беру қиын емес білгенге.
Топтарының ұпай санын көбейтер
Бар ма ортада жанкүйер боп келгендер.

ҮІ. Жанкүйерлер сайысы.
Ойын шарты: Әр топтың 2 жанкүйері белгілі бір қашықтықтан табан астындағы қағазды жылжыта отырып, информатика терминдерін айтып тақтаға жетуі керек. Қайсысы тапсырманы дұрыс әрі тез орындаса сол жеңімпаз болады.

Көңілді тапқыштар, білгіштер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Сайыс қорытындысын айту үшін сөз әділқазыларға беріледі.
Категория: Информатика | Добавил: myrzabek
Просмотров: 384 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2016-12-04, 5:16 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [775]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [518]
Русский язык и литература [696]
Физическая культура [200]
Английский язык [408]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [365]
Начальная школа [1871]
Мой Казахстан [237]
Технология [126]
Самопознание [170]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [462]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [542]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru