Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Информатика

Санау жүйелері.8 сынып
2015-01-19, 10:14 AM
Күні:
Сынып:
Пән: информатика
Тақырып: Санау жүйелері.
Мақсаты: Оқушыларды сандардың тарихы мен позициялық, позициалық емес санау жүйелерімен таныстыру және де екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйелерінен ондық санау жүйесіне ауыстыруды үйрету.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
білімділік: оқушыларды сандардың тарихы мен позициялық, позициалық емес санау жүйелерімен таныстыру. Екілік, сегіздік, ондық, он алтылық санау жүйелерімен таныстып олармен жұмыс жасауды үйрету.
дамытушылық: оқушылардың логикалыұ ойлау қабілеттерін ары қарай жетілдіру, дамыту.
тәрбиелік: оқушыларды тиянақтылыққа, байқағыштыққа, шапшандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру, баяндау, көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: кітап, таратпа материалдар, тақта.
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың құрылымы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
II. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру (20 мин)
IV. Сабақты бекіту (10 мин)
V. Бағалау және үйге тапсырма беру(3 мин)
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, түгендеп және де олардың сабаққа дайындығына көз жеткізу.
II. Үй тапсырмасын сұрау. (таратпа материал)
Ақпаратты кодтау
№ Сұрақ Жауап
1 Код дегеніміз не? Бір белгі тобынан екігші белгі тобына көшу ережесі.
2 Кодтау дегеніміз не? Ақпаратты белгі бір алфавитпен құпиялап жазу.
3 Бир байт неше биттен тұрады? Сегіз биттен тұрады.
4 ASCII коды неше жол мен бағаннан тұрады? 16 жол, 16 бағаннан тұрады.
5 ASCII кодының кестесі қандай бөліктерден тұрады? Стандартты және баламалы бөліктен тұрады.
6 «MOUSE» сөзін Морзе әліппесімен кодтаңдар? - - - - - . . - . . . .
7 ASCII кестесін пайдаланып мына мәтінді кодтаңдар: «Озерки ауылы» 8Е А7 А5 ЕО АА А8 ОО АО Е3 ЕВ АВ ЕВ
8 ASCII кестесін пайдаланып мына мәтінді декодтаңдар: 28АО16А22928АО2ВА2293D32АО (а-в)(а+в)=2а
9 ASCII және сәйкестендіру кестесін пайдаланып кодталған сөзді табыңдар:
1000 1111 1010 0000 1110 0000 1110 0010 1010 0000 Парта
10 ASCII және сәйкестендіру кестесін пайдаланып кодталған сөзді табыңдар:
1000 0001 1000 1110 1001 0000 Бор

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
«Сан» түсінігі математика үшін де, информатика үшін де маңызды болып табылады. Сандардың практикалық іс әрекеттегі маңызды орнына ерекше көңіл аудару үшін пифагоршылар(Пифагордың жолын қуушылар): «Сан - бұл барлығы», - деген. Сан қандай да бір алфавиттің символымен немесе символдар тізбегімен өрнектеледі. Мұндай символдарды цифр деп атайды.
Санау жүйелері – сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері. Олар позициялық және позициялық емес болып екіге бөлінеді.
Позициялық емес санау жүйелерінде әр цифрдың мәні оның тұрған орнына (позициясына) тәуелді емес. Позициялық емес санай жүйелерінің ішіндегі ең кең тарағаны римдік санау жүйесі. Ол төменде кестеде көосетілген:
I V X L C D M
1 5 10 50 100 500 1000

Римдік сандарды жазу үшін оны мындық, жартымындық, жүздік, жартыжүздік, ондық, бестік юөліктердің қосындыларына жіктеген.
Мысалы, 33 санын былай жазған:
XXXIII= 10+10+10+1+1+1.

Римдіктер аралық сандарды жазу үшін қосу ғана емес, азазйту амалын да пайдаланған.
Мысалы, XI=10+1, ал IX= 10-1.
Позициялық санау жүйесінің негізі цифрлар санына тең және көрші позицияда тұрған бірдей цифрлардың мәндері нешеге ес есеге ерекшеленетінін анықтайды.
Сандардың бізге үйреншікті жазылу жүйесі ондық жүйе деп аталады, ол он араб цифрларынан тұрады. Екілік санау жүйесі 0 мен 1 цифрларын қолдануға болады; сегіздік санау жүйесі сегіз цифрдан тұрады; он алтылық жүйеде ондық санау жүйесінің он цифры және қалған 6 цифрдың орнына латын алфавитінің әріптері қолданылады, сонда барлығы он алты цифр бар.
Позициялық санау жүйелері
Санау жүйелері Негізі Цифр алфавиті
Ондық 10 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
Екілік 2 0,1
Сегіздік 8 0,1,2,3,4,5,6,7
Он алтылық 16 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,A(10), B (11), C(12), D(13), E(14), F(15)

Ондың санау жүйесі. Сандарды ондық жазу ережелерін толық қарастырайық. Санды жазганда біз оны санау жүйесінің негізі болатын 10 санның дәрежелерінің қосындысы ретінде өрнектейміз. Мысылы: 777 саны жеті жүздіктің, ондықтың және жеті бірліктің қосындысын білдіреді:
777=7 .
Ал ондық бөлшектерді жазу үшін санның негізі ретінде дәреженің теріс мәні қолданылады. Мысалы:
777,77=7
Екілік санау жүйесі. Сандар екілік санау жүйесінде жаймаланған, негізі 2 болатын дәрежелердің қосындысы түрінде 0 мен 1 коэффициенттерімен жазылады.
Мысалы: 11102 саны ондық жүйеде былай жазылады:
11102=1 . =8+4+2+0=1410
Сегіздік санау жүйесі. Сегіздік санау жүйесінің негізі 8 ге тең, ал 0,1,2,3,4,5,6,7 сандары алфавиттік сандар болып табылады.
Мысалы: 1568 саны ондық жүйеде былай жазылады:
1568=1 =64+40+6=11010
Он алтылық санау жүйесі. Он алтылық санау жүйесі көп жағдайда мәліметтерді өрнектеу үшін және компьютерлерде жадыны адрестеу үшін қолданылады. Он алтылық санау жүйесінің алфавиті ондық санау жүйесінің 10 цифрын және латын алфавитінің цифрлар рөлін атқаратын алғашқы алты әрпін қамтиды.
Мысалы: 5FC16 саны ондық жүйеде былай жазылады:
5FC16 =5 =1280+240+12=153210
Он алтылық жүйе ондық және екілік жүйедегі сандарды ықшамдап жазу үшін қолданылады.
IV. Сабақты бекіту :
1. Цифр дегеніміз не?
2. Санау жүйелері дегеніміз не?
3. Олар нешеге бөлінеді?
4. Қандай санау жүйелері бар және олар неден тұрады?
5.Келесі сандарды ондық санау жүйесіне аударыңдар:
А) 1100112=
Ә) 3338=
Б) 48АС16=
V. Бағалау және үйге тапсырма: §2.1 оқып, ПРАКТИКУМ 2.1- тапсырманы орындау
Категория: Информатика | Добавил: Марина5503
Просмотров: 2117 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 1:29 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru