Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Информатика

Ғылыми жоба
2015-01-22, 12:34 PM
М А З М Ұ Н Ы

I. Аннотация ...................................................................................2
1) Мақсаты .............................................................................3
2) Міндеті ...............................................................................3
3) Болжам ...............................................................................3
4) Зерттеу әдістері ...................................................................3
5) Зерттеу өзектілігі ................................................................3
II. Кіріспе...........................................................................................4
III. Әдебиетке шолу ..........................................................................5-6
IV. Зерттеу әдісі ..................................................................................7
V. Зерттеу бөлімі ............................................................................11-13
VI. Зерттеу қорытындысы ....................................................................14
VII. Пікір...............................................................................................15
VIII. Зерттеу журналы............................................................................16-18

А Н Н О Т А Ц И Я
Зерттеудің мақсаты:
Планшеттік компьютерлерді мектептерде оқу құралы ретінде қолдану тиімділігін анықтау.
Міндеттері:
• Планшеттік компьютерлерді оқу құралы ретінде мектептерде қолданудағы пайдасын анықтау;
• Планшеттік компьютерлерді мектептерде оқу құралы ретінде қолдану тиімділігі бойынша пән мұғалімдерінің пікірлерін анықтау;
• Планшеттік компьютерлердің денсаулыққа кері әсерін зерттеу.
Болжам:
Егер мектептер планшеттік компьютерлермен жабдықталса мұғалім және оқушы мәлімет іздеуде, өз уақытын үнемдейді.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде барлық салаларда электрондық жүйе енгізіліп жатыр. Барлығымызға белгілі Ертөстік ертегісіндегі Ертөстік жыл санап емес, ай сайын, күн сайын өскен сияқты қазіргі кездегі ақпараттық технологияда жылдам дамып жатыр. Бүгінгі таңда мемлекетіміз Қазақстанның әрбір азаматы планшеттік компьютерді қолдана білуін және барлық салалар электрондық жүйеге көшуін талап етіп отыр. Ал біз сол талапты орындауға дайынбыз ба? Планшеттік компьютерлерді қандай деңгейде қолданып жатқанымыз бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Сондықтан біздің тақырыбымыздың өзектілігі мектептерде планшеттік компьютерді оқу құралы ретінде қолданудың тиімділігін анықтау.
Зерттеу әдістері:
1) жалпытеориялық;
2) әлеуметтік;
3) математикалық;
1. Қорытынды: - Мектептер ғаламторға қосылған планшеттік компьютерлермен жабдықталса, онда мұғалім және оқушылар үшін сабақ барысындағы тапсырмалар жылдам орындалады, әрі уақыт үнемделеді.
2. Қорытынды: Планшеттік компьютерлердің оқу құралы ретінде қолдану тиімділігі туралы мектеп мұғалімдерінен сауалнама алынды. Сауалнамаға 15 мұғалім қатысты. Сауалнама нәтижесінде планшеттік компьютерлерді 13 мұғалім қолдана алады. 13 мұғалімнің 12 –сі пән бойынша қажетті ақпарат алу үшін қолданады. Өйткені олардың планшеттік компьютерлері ғаламторға қосылғаны анықталды.
3. Қорытынды: Планшеттік компьютерлер барлық компьютерлер сияқты денсаулыққа кері әсерлері бар. Егер барлық ережелерді дұрыс сақтамасақ.
Жалпы қорытынды: Сауалнама көрсеткіші бойынша мектеп мұғалімдері планшеттік компьютерлердің тиімді жақтары бар деп көрсеткендей планшеттік компьютер арқасында қайда жүрсеңізде жұмысыңызды тыңдыруға болады. Әсіресе мектеп мұғалімдері тапсырма беруде және оқушылары сабақтарында , тапсырма орындауды, осы құрылғы көмегімен жүзеге асырса білім сапасы жоғары болады.
Бірақта қолдану барысында, денсаулығынызға зияны келмес үшін қажетті ережелерді сақтау керек.
К І Р І С П Е

Зерттеудің мақсаты:
Планшеттік компьютерлерді мектептерде оқу құралы ретінде қолдану тиімділігін анықтау.
Міндеттері:
• Планшеттік компьютерлерді оқу құралы ретінде мектептерде қолданудағы пайдасын анықтау;
• Планшеттік компьютерлерді мектептерде оқу құралы ретінде қолдану тиімділігі бойынша пән мұғалімдерінің пікірлерін анықтау;
• Планшеттік компьютерлердің денсаулыққа кері әсерін зерттеу.
Болжам:
Егер мектептер планшеттік компьютерлермен жабдықталса мұғалім және оқушы мәлімет іздеуде, өз уақытын үнемдейді.

Ә Д Е Б И Е Т К Е Ш О Л У
1. http://www.yandex.kz Уикипедия ашық энцеклопедиясы.
Планшеттік компьютер - (планшетті ЖК, tablet PC) кең ауқымды мүмкіндіктері бар ықшам есептеу құрылғысы. Планшеттік компьютерлер шағын өлшемі үшін көбіне алақандық (орыс. наладонник, ағылш. palmtop) деп те атайды. Алғашында планшеттік компьютерлерді электронды органайзер мақсатында ғана қолданылған болатын. «Классикалық» планшеттік компьютерінен қоңырау шалуға болмайды және планшеттік компьютерлер ұялы телефон болып табылмайды, сондықтан да қазіргі уақытта классикалық планшеттік компьютерлердің орны ұялы байланыс модульдері орнатылған планшеттік компьютерлерімен немесе "коммуникаторлармен" алмастырылған.
Бұл қалтаға немесе сөмкеге сыйып кететін шағын тасымалы компьютерлер. Мұндай компьютерлердің қуаты әдетте үстелдік немесе тасымалы компьютерлерге қарағанда азырақ болады, бірақ олар белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін өте ыңғайлы. Планшеттік компьютерлер, мысалы күнтізбені немесе мекен-жайлық кітапты қолдануды қажет ететін күнделікті жұмыста пайдалы. Олардың көмегімен ескерімдер мен ағымдағы істер тізімдерін жасауға, алдағы басқосуларды жоспарлауға болады. Планшеттік компьютерлер электрондық пошта және күнтізбе бағдарламаларымен қадамдастыруға болады. Олармен жұмыс істеу үшін әдетте электрондық қаламұш пайдаланылады.
Бұл тасымалы компьютердің бір түрі болып табылады. Пайдаланушы арнайы қаламұштың көмегімен осындай компьютердің бейнебетінде ескерімдер жазып, сурет сала алады. Енгізілген деректерді өңдеуге және одан кейін электрондық пошта арқылы басқа пайдаланушыларға жіберуге болады.

2. www.info-tses.kz ИнфоЦес сайты

Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады.
Үйде – теледидар, ноутбук, кейде гаджеттерден кітап оқудан да тайсалмаймыз. Шаршаңқы көздер, сөнген жанар мен көз айналасындағы қара түнек қазіргі уақытта 80 жасар кемпірлерде ғана болмайды.
Бар-жоғы 20 жыл бұрын біз таңғажайып электрондарсыз өмір сүрдік. Ал қазіргі уақытта оларсыз өмірді елестету тіптен қиын. Және де компьютерлер мен айфондардың ғасырында көз көру қабілетім мықты деп көп адам мақтана алмас.
Тіпті кішкентай балалардың өздерінде көз көру қабілеті нашарлап кеткен. Әлбетте бұл проблемада электронды ғажайыптардың әкелген зардабы мол, сонымен қатар аурудың алдын алуға ешқандай жұмыс жасалмауында.
Кез келген экрандағы сурет – бұл миллион сәулелер арқылы бейнеленеді. Көзіңізге күш түспейді деп ойласаңыз да, қателесесіз. Өйткені көз сурет немесе жазуды көру үшін барлық жарқыраған сәулелерді сүзгіден өткізіп, бірнеше рет әрбір сәулені қабылдауы керек. Бұл ұзақ ақ қар немесе судың жылтылдағанына қарап отырумен тең. Кішкентай ұялы телефоннан кітап оқитындар да бар. Оқу үшін айфонның экраны да кіші болады. Сонымен қатар экран тоқтаусыз дірілдеп тұрады – бұл да көзге салмақ болып түседі. Егер электронды кітап оқығыңыз келсе, арнайы құрылғы сатып алғаныңыз жөн.

4.www.bilim.idhost.kz Білімділер сайты.

Планшеттік компьютер сөзінің анықтамасы - интернет пен коммерциялық желілердің өкілдері ұқсас анықтамалар беріп отыр: «планшетті жеке компьютер (планшетті ЖК, tablet PC) – планшетті жеке компьютерлердің класы, ол сенсорлық экран мен жабдықталған, бірақ клавиатурасы жоқ. Планшетті ЖК клавиатура мен тінтуірді пайдаланбай, стилустың немесе саусақтардың көмегімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді». Планшеттік компьютердің артықшылықтары - сенсорлық экран, жеңілдігі, қуат алмастан ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу мүмкіндігі (процессорына байланысты), мобильділігі, желілерге сымсыз қосылуы, қолмен жазылған мәтінді тануы.
Бірақ жергілікті мектептерде енгізу тұрғысын арналғанда кемшіліктері де бар, олар – жоғалтып алу мүмкіндігі (балалар оқулықтарын, ауыстырып киетін аяқ-киімдерін, күнделіктері мен портфельдерін жоғалтады); соққыға қарсы қорғаныс корпусының жоқтығы, сонымен қатар, мектептен тыс жерлерде сымсыз қосылу инфрақұрылымының жоқтығы. Ал «әр оқушыға – бір планшет» ұранына байланысты оларды пайдалану ұзақтығына санитарлық талаптардың жоқтығы ата-аналар мен дәрігерлердің алаңдаушылығын тудыруы тиіс. Айтпақшы, білім министрлігі қолданыстағы оқу контентін планшетті компьютер форматына ауыстыру туралы, ал планшетті енгізуге жауаптылардың бәрі оның қымбаттылығы туралы ойлағаны жөн. Бірақта жыл сайын кітаптарды жаңартып, басып шығарғаннан гөрі, электронды жүйеге енгізіп, қалта компьютерін қолданған тиімді

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
1) жалпытеориялық;
2) әлеуметтік;
3) математикалық;

1. Осы зерттеу жобамызда мақсатқа жету үшін мектеп мұғалімдеріне сауалнама дайындалды. Сауалнама дайындаған мақсатымыз планшеттік компьютерлерді қаншалықты қолдана алатындығы, мектептерде планшеттік компьютерлерді электрондық оқу құралы ретінде қолдану тиімділгі оның пайдасы мен кері әсерін білетіндігін анықтау болатын. Сауалнама дайындау барысында жоба жетекшіміз информатика пәні мұғалімі Анарбаева Эльмира Аббасовнамен кеңестік.
2. Бұл сауалнамаға 15 мұғалім қатысты. Сауалнама төмендегідей сұрақтардан құралды:
• Планшеттік компьютерлерді қолдана аласыз ба?
• Оны қандай мақсатта қолданасыз?
• Барлық оқулықтарды электронды оқулықтарға көшіру тиімді ме?
• Бұл балалардың білім сапасын кітапқа қарағанда толықтырады деп
ойлайсыз ба?
• Планшеттік компьютердің адам денсаулығына тигізетін кері әсері бар
ма?
3. Алынған сауалнама нәтижесінде планшеттік компьютерлерді 13 мұғалім қолдана алады. 13 мұғалімнің 12 –сі пән бойынша қажетті ақпарат алу үшін қолданады. Өйткені олардың планшеттік компьютерлері ғаламторға қосылғаны анықталды. Барлық оқулықтарды электронды оқулықтарға көшіру тиімді ме деген сұрақ бойынша 11 мұғалім мектебіміз WI-FI жүйесіне қосылған болса онда қажеттілігі бар деп жауап берген. Себебі бұл мұғалімдер пән бойынша мәліметтер алу үшін қолданады. Әсіресе мектеп мұғалімдері тапсырма беруде және оқушылары сабақтарында, тапсырма орындауды, осы құрылғы көмегімен жүзеге асырса білім сапасы жоғары болады деп өз пікірлерін жеткізді.

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
Зерттеудің мақсаты:
Планшеттік компьютерлерді мектептерде оқу құралы ретінде қолдану тиімділігін анықтау.
Міндеттері:
• Планшеттік компьютерлерді оқу құралы ретінде мектептерде қолданудағы пайдасын анықтау;
• Планшеттік компьютерлерді мектептерде оқу құралы ретінде қолдану тиімділігі бойынша пән мұғалімдерінің пікірлерін анықтау;
• Планшеттік компьютерлердің денсаулыққа кері әсерін зерттеу.

1. Планшеттік компьютерлерді оқу құралы ретінде мектептерде қолданудағы пайдасын анықтау.

Білім және Ғылым министірлігін әзірге Астана, Алматы, Қарағанды қалаларындағы 44 мектепті ғана электронды оқыту жүйесі мен сандық білім беру ресурстарына қосқан. Ұлттық орталықтағылар барлық пәндердің электронды нұсқасын дайындап қойдық деп ақпарат беруде.
Министрлер ұстайтын планшет кішкентай оқушылардың да қолында жүр. Сабағы да, тапсырманы орындауы да, күнделігін толтыру да осы құрылғы көмегімен жүзеге асады. Бұл тәжірибелік мектептегі ахуал ғана. Білім министрлігіндегілер 2015 жылға дейін республикамыздағы мектептердің 50 пайызын, 2020 жылға 90 пайызын электронды жүйеге өткізсек деп армандайды.
Бұл электронды жүйенің артықшылығы бұл бала қай жерде болсын сабақтың ортасында жүреді. Келешекте біз тек қана Қазақстанның оқу жүйесі ғана емес бүкіл әлемдік білім арналарының жүйесіне кіре беретін дей жағдай жасаймыз.
Ақпараттық қорға барлық пәндер, баланың сабақ даярлайтын терезесі, күнделігі енгізіледі. Тіпті күнделікке қойылған бағаны ата-аналар қалта телефондары арқылы көре алатындай жағдай да болады. Жаңа жүйені сынақтан өткізетін 44 мектептің 14 алматылық білім ошақтары.
Егер планшеттік компьютерлерге барлық пәндер кіретін болса онда оқушылар арқаға ілетін ауыр портфелден құтылады. Ал мұғалімдер әрбір оқушыға тапсырманы электронды жүйеде беріп, тексеріп отырады. Жылда өзгертіліп шығарылып отырған кітаптардан көп ақша үнемдеуге болады. Сабақ үстінде берілген тапсырмаларды тез тауып орындауға мүмкүндік береді.
Қорытынды: - Әр мектеп мұғалімдері мен оқушыларының алдында ғаламторға қосылған планшеттік компьютерлер болса, сабақ барысындағы тапсырмаларды жылдам орындайды, әрі уақытын үнемді пайдаланады.
2. Планшеттік компьютерлерді мектептерде оқу құралы ретінде қолдану тиімділігі бойынша пән мұғалімдерінің пікірлерін анықтау.
Қорытынды:
•Мектептер ғаламторға қосылған планшеттік компьютерлермен жабдықталса, онда мұғалім және оқушылар үшін сабақ барысындағы тапсырмалар жылдам орындалады, әрі уақыт үнемделеді.
•Қорытынды: Планшеттік компьютерлердің оқу құралы ретінде қолдану тиімділігі туралы мектеп мұғалімдерінен сауалнама алынды. Сауалнамаға 15 мұғалім қатысты. Сауалнама нәтижесінде планшеттік компьютерлерді 13 мұғалім қолдана алады. 13 мұғалімнің 12 –сі пән бойынша қажетті ақпарат алу үшін қолданады. Өйткені олардың планшеттік компьютерлері ғаламторға қосылғаны анықталды.

3. Планшеттік компьютерлерді денсаулыққа кері әсерін анықтау.
Жаңа заман ұрпағы қалта компьютерлерімен сурет салып, ойнап, әлемді экраннан тануға үйреніп кеткен. Ал қалта компьютерлерімен мен смартфондарды жиі қолдану балалардың денсаулығына үлкен залал келтіреді екен.
Оклендалық (Жаңа Зеландия) хиропрактик Маргарет Брайстің айтуынша, түрлі гаджеттердің кесірінен бала омыртқасы майысып, дене қисық өседі.
Брайс бұл сөзін өз тәжірибесінде кездескен жағдайлармен дәлелдейді. Мұндай жағдай бұрын тек офисте ұзақ уақыт басын төмен ұстаған қалыппен жұмыс істейтіндер арасында кездессе, қазір денесін тік ұстап, дұрыс қимылдай алмайтындардың көбі жасөспірімдер. Ол омыртқа жотасының қисаюын емдейтін маман ретінде бұл мәселені бірнеше жыл бақылапты. Маман бұған басты себеп ретінде смартфондар мен қалта компьютерлерін жиі қолданылуын алға тартады.
«Балалар қолында ұстап, барынша беріліп қарап отыратын құрылғыларды ұзақ қолдана берсе, ми мен қол әрекетінің үйлесімі бұзылады. Былайша айтқанда, органдардың бір-біріне белгі беруі дұрыс жүзеге аспайды. Мысалы, арқасының қисықтығынан допты да тіке лақтыра алмайтын болды» дейді ол.
Смартфон немесе планшеттік компьютерлерді пайдаланған кезде адам басын біраз алға созып, бүкірейіп алатыны белгілі. Ал бұл мойын омыртқасы мен омыртқаның жоғарғы бөлігіне қосымша ауырлық түсіреді. Миға баратын жүйкенің жиналған орны осы болғандықтан, жоғарыда айтылған жағдайлардың ұялы телефонға көп телмірген балада кездесуі әбден мүмкін.
Мүсіннің бұзылуы мен дененің дұрыс қимылдамауы экраннан келетін жалғыз қауіп емес. Баланың әлемді танудағы көзіне айналған гаджеттер өз көзіміздің нұрын сөндіруі ықтимал. «Ұзақ уақыт кішкентай зат айналасынан өзгеге қарамаудың кесірінен көзді құрғатып, жараның пайда болуына, оның одан ары қауіпті індетке айналуына әкеп соғады» дейді офтальмолог Аллон Барсам.
Жаңа ғасырдың ең жақсы ашылуына бағаланған смартфон, компьютер, ұялы телефондар мен қалта компьютерлері бүгіннің басты проблемасына айналуда. Заман талабы мен адамның керек-жарағы екені даусыз. Бірақ бәрі өз деңгейінде, өз уақытында болуы тиіс.
Көзіңізді демалдырып, денсаулығын арттыру үшін күніне бір рет және жатар алдында қарапайым жаттығуларды жасап тұру қажет:
1. Көз жанарын көлденең оңнан солға қарай қимылдатыңыз.
2. Ал енді тігінен – барынша үстіге және барынша астыға түсіруге тырысыңыз.
3. Көз жанарын сағат тілі бойымен қозғалтыңыз, кейін кері қарай.
4. Барынша тез ырғақта көзіңізді барынша қатты жұмып, қайта қалпына келтіріңіз.
5. Диагональ қимылдар: көз жанарыңызды сол жақ бұрышқа әкеліп, кейін жанарыңызды тігінен үстіге көтеріңіз. Дәл солай кері қарай жасаңыз.
6. Көзді мұрынға әкелу. Саусағыңызды көзіңізбен бақылай отырып, мұрныңызға әкеліп, көзіңізді барынша қылилатуға тырысыңыз. Асықпай жетіге дейін санаңыз.
7. «Алыс-жақын». Терезеге жақындап келіңіз, жақын жерде жатқан, жақсы көрінетін затты бақылаңыз. Кейін өте алыста жатқан заттарды көруге тырысыңыз.
Әрбір жаттығуды 5 рет қайталау керек. Бұл, негізінде, көп уақытыңызды алмайды. Бірақ әкелер пайдасы өте зор.

Қорытынды: Планшеттік компьютерлердің барлық компьютерлер сияқты денсаулыққа кері әсерлері бар. Егер барлық ережелерді дұрыс сақтамасақ.

ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, планшеттік компьютермен жұмыс істеу жаңа заман талабы.
Халықтың ақылды машина мен ғаламторды меңгеруі жұмысты да жеңілдетеді. Алысқа бармай үйде отырып - ақ біраз шаруаны тындырасыз. Ал ғаламторға қосылған планшеттік компьютерлерініздің арқасында қайда жүрсенізде жұмысыңызды тындыруға болады. Әсіресе, барлық пәндер бойынша оқулықтардың нұсқасы электрондық жүйеге қосылса мектеп мұғалімдері мен оқушылары үшін планшеттік компьютерлер өте тиімді болар еді. Бірақта қолдану барысында, денсаулығыңызға зияны келмес үшін қажетті ережелерді сақтап отырсақ , планшеттік компьютерлердің денсауллыққа кері әсері азая түседі.
Біздің бұл жұмысымыз өзінің нәтижесіне жетеді деп үміттенеміз.

П І К І Р
«Планшеттік компьютерлерді мектептерде қолдану тиімділігі» тақырыбын 9“Б” сынып оқушылары Тусупова Аружан, Нарбаева Қызғалдақ 2014-2015 оқу жылдарынан зерттеп келіп, өзіндік қорытынды жасады.
Кез келген адам күніне 6 - 7 сағат уақытын компьютер алдында өткізеді Қалаңыз, қаламаңыз, бірақ компьютерсіз жұмыс бітіру әсте қиын. Халықтың ақылды машина мен ғаламторды меңгеруі жұмысты да жеңілдетеді. Алысқа бармай үйде отырып-ақ біраз шаруаны тындырасыз. Осыны ескерсек, нық сеніммен «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады.
Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – ақпараттық технология саласы деп санар едім.
Қазіргі заманның талабына сай компьютер қай салада болса да өзінің тиісті орнын алып тұр, сондықтан бұл жұмыстың өзектілігі мектеп мұғалімдерінің планшеттік компьютерлерлерді электрондық оқу құралы ретінде қолдану көшу туралы пікірлерін анықтау.
Осы ғылыми жобаның тақырыбын ашу кезінде оқушы көптеген деректерге сүйенеді. Тақырып қарапайым түрде жазылып, толық ашылған, жұмыс қорытындысы мониторинг түрінде жасалынып, көпшілік назарына ұсынылып отыр. Оқушының жасаған жұмыс нәтижесі компьютер пайдаланушыларға қарапайым түрде маңызды және қажетті ақпарат береді. Бұл тақырып менің ойымша шексіз тақырып, өйткені ғылыми-техникалық прогресстің дамуы әсіресе компьютер саласында байқалады.
Категория: Информатика | Добавил: элмир | Теги: планшет, планшеттин пайдасы, Жоба, информатика, Калта компьютерлері
Просмотров: 3299 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 12:00 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru