Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Информатика

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
[ Скачать с сервера (26.2 Kb) ] 2016-03-24, 1:19 PM
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Мақсаты:
1. Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін
нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;
2. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті
ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
3. Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге
қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, логикалық тапсырмалар.
Қатысатындар: 8 - 9 сынып оқушылары (әр сыныптан 6 оқушыдан)
Өтілетін орны: мультимедиа кабинеті

Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, көрермендер, әділ - қазылар алқасы. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Біз бүгін 8 - 9 сынып оқушыларының арасынан топтастырылып алынған үміткерлердің сайысын тамашалаймыз.
Мынау ұшқыр заманда
Жаңалық енді ғаламға
Компьютер тілін меңгеру
Қажеті туды адамға

Сайыс кезеңдері: Бұл сайыс 6 кезеңнен тұрады:
І кезең. «Таныстыру»
(командалар өз атын, ұранын таныстырады). 1-топ АҚПАРАТ. 2-топ ЛОГИКА
ІІ кезең. «Кім епті?»
(әр топтан бір-бір оқушыдан кезектесіп шығып, жасырылған тапсырмалардың бірін таңдап алып, топпен ақылдасып суреттің қай компьютер құрылысы екеніне анықтама айтады. Әр жауапқа 5 ұпайдан)
Жасырылынатын суреттер:
- Жүйелік блок
- Аналық тақша
- Процессор
- Оперативті жады
- CD, DVD дискілер
- Монитор
- Пернетақта
- Тышқан
- Принтер
- Қатқыл диск
- Флешка
- модем
IІІ кезең. Жоба қорғау
Компьютердің пайдасы мен зияны туралы презентация құру.
Шарты: таңдап алынған тақырып бойынша презентация құрады. Бұл презентация жай презентация емес. Презентация құру барысында анимацияларды пайдалана отырып, эффект беру. 2 бет болатын презентация. 5 минут уақыт беріледі.
Әр топқа 10 ұпайдан
IV кезең. “Тіл - өнер”
“Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 15 ұпай, ал екі тіл де айтса 10 ұпай, бір тілде айтса 5 ұпай).

1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор)

2. Ұзын тұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды.
(бос орын пернесі - пробел - blank)

3. Бұта қорнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені
(кактус - cactus - тікенекгүл)

4. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз
(пернетақта - клавиатура - keyboard)

5. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың
(тышқан - мышка - maus)

6. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш, линейка, a ruler)

7. Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама.
(кітап, книга, book)

8. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады?
(он екі, двенадцать, twelve)

9. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың
(тышқан, мышь, mouse)

10. Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді.
(терезе, окно, windows)

V. “Адасқан әріптер”
(Дұрыс жауапқа 5 ұпай). бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.
1. Нимотор ----------- Монитор
2. Пьюромтек ------- Компьютер
3. Енрепатқат -------- Пернетақта
4. Лайф ---------------- Файл
5. Рльоукятакл ------ Калькулятор
6. Атқсуа -------------- Сақтау
7. Аэкторикелн ----- Электроника
8. Дңеөу -------------- Өңдеу
9. онтиром ------------ Монитор
10. Ақпарат ---------- паратқа
11. Құжат ----------- жұтқа
12. Алгоритм --------громитла

VI. «Кім жүйрік?»
«Кім жылдам?» атты кезеңімізді бастайық. Топтардан 2 топ басшылары шығып, сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарға тез жауап беру керек. Барлығы сұрақ беріледі.
1. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)
2. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)
3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы (Процессор)
4. Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон)
5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (Монитор)
6. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (Алгоритм)
7. Мәліметтер қорымен жұмыс жасауда қолданылмайтын ұғым (ұяшық)
8. Ақпараттың өлшем бірлігі (бит, байт)
9. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиынтығы (файл)
10. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)
1. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз? (Чарльз Бэббидж)
2. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы (CD - ROM)
3. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы (Интернет )
4. Компьютерде орындалатын программалар қандай топтарға жіктеледі? (Жүйелік, қолданбалы, программалау).
5. Дүние жүзіндегі ең бай адам? (Билл Гейтс)
6. Аталған байттар тізбегі (файл)
7. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас (Интерфейс)
8. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус )
9. Бос орын қалдыру пернесі (пробел)
10. Стандартты программалар (Блокнот, Word Pad, Paint, Калькулятор)
1. Дискілерді оқу құрылғысы (диск енгізгіш)
2. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)
3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
4. Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болу керек? (60 - 70 см)
5. 1 Кбайт қанша байтқа тең (1024 байт)
6. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (Backspase)
7. Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан)
8. Сандардың аталу және жазылу тәсілі (санау жүйесі)
9. Ең алғашқы программа жазған ғалым (Ада Лавлейс)
10. Принтер түрлері (Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш)

Мұғалім:
Осымен осы ойынды тамамдасақ,
Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
Сабағымызды қорытындылай келе ең көп ұпай алған топ анықталып, оларға
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атағы беріліп марапатталады. Сонымен қатар сабақ барысына бар ынтасымен қатысқан оқушыға «Үздік информатик» атағы беріледі.
VІІ кезең. Қорытынды, марапаттау.
Ал әділ қазылар алқасы сіздердің ойларыңызды білсек. Осы сайысымызды қорытындылау үшін ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз.
Мұғалім:
Информатика нық басып ғаламатта,
Ой бөлісіп заманды саралапты.
Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,
Қайта айналып көріскенше саламатта.
Бүгінгі кешіміз осыменен аяқталды! Баршаңызға көп - көп рахмет!
Категория: Информатика | Добавил: Akrys
Просмотров: 923 | Загрузок: 16 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 7:58 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru