Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Пән : Ана тілі. Тақырыбы: Сөйлем. С.Мәуленов. Жырау. 1 сынып
[ Скачать с сервера (798.0 Kb) ] 2014-01-26, 9:34 PM
Пән : Ана тілі.
Тақырыбы: Сөйлем. С.Мәуленов. Жырау.
1 сынып
Нугуманова Жанар Набиевна
Бастауыш сынып мұғалімі
«№1 орта мектеп » ММ.
Көкшетау қаласы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жыр, жырау, жыршы туралы түсінік беру, ұғымдарды ажырату, қиын сөздердің мағынасымен таныстыру. Бұқар жырау туралы ақпарат беру, оның елін сүйген, халқының қамын ойлаған, ұлы данышпан тұлға ретіндегі бейнесін үлгі ету, тәрбиелеу. Қазіргі кездегі жыраулар жайлы ақпарат беру,толғау тыңдау.
Сабақтың міндеттері:
білімдік: Сөйлем туралы түсінігін кеңейту, сұрақтар қоя білуге үйрету.
дамытушылық: оқушылардың оқу әрекетімен шұғылдану арқылы теориялық ойлау, сөйлеу, қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа жетелеу.
тәрбиелік: Оқушыларды сөздердің қолдану ерекшеліктерін байқау арқылы сөз құдіретін түсіне білуге тәрбиелеу.
Оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, дәлелдеу, ізденушілік.
Оқушылардың қызметін ұйымдастыру формасы: топтық.
Жабдықтар және көрнекілік: Интерактивті тақта, әнтаспа, сабақтың электронды көшірмесі, сабаққа презентация.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Слайд 1
Психологиялық дайындық:
Слайд 2
Қайырлы күн, достым,
Қайырлы күн болсын.
Бейсенбінің күні
Сәттілікке толсын
Бүгін алар бағамыз
Кілең «бестік» болсын.
Үй жұмысын тексеру: сұрақ-жауап әдісі бойынша өтілген материалды қайталау.
Шығармашылық тапсырма. Тақтада ілінген заттардың ішінен өзіңе қажеттісін ғана теріп жаз.
1-қатар: Кім? Кімдер?
2-қатар: Не істеді? Не қылды?
3- қатар: Қандай? Қай? сұрақтарына жауап беретін сурет атауларын жаз.
Жұмысты қорытындылау. Тағы да қандай сұрақтарға жауап беретін сөздер қалып қойды? Мысал келтір.
Жаңа сабақ: Мақсатын хабарлау, сөйлем туралы білетіндеріңді ортаға салыңдар.
Слайд 3
Ой қозғау: әріптер, сөздер, сөйлемдер жазылған.
к, п, а, і, т
оқушы, оқыды, кітап.
Проблемалық сұрақтар қою:
-Балалар, бірінші қатарда нелер жазылған?
-Әріп деген не?
-Жоғарыдағы әріптерден қандай сөз құрауға болады? Слайд4
-Ал екінші қатарда ше?
-Сөз дегеніміз не?
1-тапсырма: Ендеше, екінші қатардағы сөздерден сөйлем құрастырып көрейік. Слайд5
Сөйлемнің ережесі қайталанады.
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді, бас әріптен басталып жазылады, сөздер бір-бірінен бөлек жазылады, айтылу мақсатына қарай тыныс белгісі қойылады.
Слайд 6
2-тапсырма: Ой сергіту жаттығуы: «Мұқият бол!» (сигналдық карточкамен жұмыс).
Шарты: сөздер оқылғанда көк, сөйлемдер оқылғанда қызыл, буындар оқылғанда сары карточкаларды көтеру.
Дыбыс–– буын—сөз—сөйлем.
Оқулықпен жұмыс:
148- жаттығу. 1. Әр сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар.
2.Әр сөйлемде неше сөз бар екенін анықтаңдар.Сөйлемдегі сөздердің бір-бірінен бөлек жазылатынын аңғарыңдар. Тексеріп,қорытындылау.
149- жаттығу. Ізденушілік деңгейдегі тапсырма.
1.Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазыңдар. Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазыңдар.(Алғашқы үш сөйлемін жазу.)
Сергіту сәті:
Өнер қуған баламыз,
Кілең бестік аламыз
Әнші ертең боламыз
Күйші ертең болармыз,
Мүмкін жыршы болармыз,
Әлде биші болармыз,
Кім болсақ та әйтеуір
Аман-есен болайық.
Шығармашылық тапсырма:
Оқылатын сөздердің ішінен кім? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.
Актер, әнші, биші, жыршы, күйші, қобызшы,ақын.
Бұл сөздерді бір сөзбен қалай атауға болады? Өнер адамдары.
Сөздік жұмыс: Әр сөздің мағынасына тоқталу, оқушылардың ойын тыңдау.
Актер- театр,кино саласында қызмет ететін адам.
Әнші- ән айтатын адам.
Биші- бидің қыр-сырын танитын, жақсы билейтін адам.
Күйші- домбырада күй тартатын адам.
Ақын-
Қобызшы-
Қазір біз жыр, жыршы, жырау сөздерінің мағынасының талдап түсініп көрейік. Сонымен жыршы сөзінің түбірі жыр, ендеше жыр дегеніміз не екен? соған тоқталайық.
Слайд 7
Жыр дегеніміз – поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихи жырлар,лира эпостық жырлар, жоқтаулар, жыраулар, толғаулар термелермен болып келеді.
Жыршы дегеніміз- жыр айтушы, таратушы, жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақалмен, әнмен айтады, олар көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуарлары бар айтқыштар.
Слайд 8. Жырау- өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі.Жырау атауы «жыр» сөзінен туындайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулар халықтың рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарған. Хандар мен басқа да ел билеушілері жыраулар пікірлерімен санасып отырған. Жыраулар жаугершілік заманда жорықтарға қатысып, ел қорғау, азаматтық тақырыптарға арналған өлең-жырлар туғызған.
Жырауларды атап айтатын болсақ Асан қайғы, Қазтуған жырау, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау, Марғасқа жырау, Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Шал ақын.
Оқулықпен жұмыс: С.Мәуленовтың «Жырау» өлеңін мәнерлеп оқып, мағынасына мән беру.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Қисса- әңгіме, аңыз, ауыз әдебиетіне тән эпикалық жанр, дастан.
Абыз- ел басқару ісіне араласып отырған саяси тұлға болған ғұлама, көріпкел.
Мына шешендік сөздерге назар аударайық.
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас. ( Бұқар жырау)
Слайд 9
Бұқар жырау
Өз заманында Бұқар жырау білімдар адам болған . Бұқар Қалқаманұлы - қазақтың аса көрнекті жырауы, мемлекеттік қайраткері. Ұзақ ғұмыр сүрген ол көптеген тарихи оқиғалардың куәгері. Тәуке хан тұсында беделді билердің бірі болған.
Өз туындыларында өзекті мәселелерді көтерген абыз ақын халықты бірлікке, достыққа және батылдыққа үндейді. Абылайдың кейбір іс-әрекеттерін қатты сынаған ол айбарлы ханның ақылшысы ғана емес, мемлекеттік саясат істеріне ықпал етіп отырған қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналды.
Қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы, Далба тауының баурайында қайтыс болған.
.Балалар, қазіргі кезде де жыраулар бар, олар да жыр, толғаулар айтады. Жаңағы аталған жыраулар қалдырған асыл мұраларды қазір бізге жеткізіп жүрген аға-әпке жырауларымыз жеткілікті. Қазір сол жырау ағаларыңның бірі Бекболат Тілеуханның орындауында Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» атты толғауын тыңдайық.Толғауды тыңдау.
Слайд 10
Қазтуған жырау.
Бұл толғауда халықтың туған мекені – Еділін тастап басқа жаққа қоныс тебуін меңзейді. Жыраудың бұл толғауы атамекен, туған жерге деген ыстық сезім, зор махаббатын танытады.
Қорытынды.Рефлексия. Слайд 11
Егер сабақта бәрі түсінікті болса,көңіл-күйлерің жақсы болса қолдарыңдағы стикерді күннің көзінің астына, ал егер де сұрақтарың туындап, сабақ ұнамаса стикеріңді бұлттың астына жапсырыңдар.
Үйге тапсырма:151-жаттығу,ережені қайталау. С.Мәуленов.Жырау.
Категория: Начальная школа | Добавил: KudaibergenovaGulnara
Просмотров: 4224 | Загрузок: 267 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 2:06 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru