Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Алматы.Тасымал./1-сыныпқа арналған сауат ашу сабағы/
[ Скачать с сервера (68.5Kb) ] 2014-01-27, 2:50 PM
Сабақтың тақырыбы: Алматы. Тасымал.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тасымал жайлы оқушылардың білімдерін кеңейтіп, сөздердің тасымалдану жолдарын меңгерту.
Дамытушылық: Алматы қаласымен таныстыру арқылы оқушылардың дүниетанымын, тілін дамыту дамыту. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жерді құрметтеуге, табиғаттың әсемдігін түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: “Алтын қақпа» ұлттық ойын түріндегі дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың түрі: жаңа таным сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер мен ЖПТ-ның элементтері: сұрақ –жауап әдісі, баяндау әдісі, Венн диаграммасы, көрнекілік әдісі, талдау әдісі.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер,
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
1/ Сәлемдесу:-Сәлеметсің бе, Күн ана!
Сәлеметсің бе, Көгілдір аспан! Сәлеметсің бе, Жер ана!
Сәлемесіз бе, мұғалім!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Сәлеметсің бе, сен! Сәлемесің бе, мен!
2/ Психологиялық дайындық: Ал, тыныштал, кішкентай балақай, Сен-ғаламның кереметі. Дүниенің құдіреті. Сен - адамсың, адамсың сен балақай!
Сен -қуаныш, сен-жұбаныш, Сен-берік, сен-серік. Ата-анаңа тірек болар жандайсың, Көрдің бе, сен өзіңді қандайсың? Өмірден өз орныңды ерте таңдап алғайсың. Сенің ізің-жайдарлы жаз да, берекелі күз де. Сен-балауса көктем, самал жел өпкен, Сен-алғашқы қарсың, ақ ұлпа сепкен. Сен-адамсың, сен өмірдің өн бойында барсың. Сен - ақылдысың, сен-білімдісің, Сен - әдемісің, сен-кереметсің. Сен өзіңді таны, балақай! Сен қажетсің, сен өжетсің. Сен-әлемнің болашағы, дүние саған жол ашады! Сондықтан, жақсы оқып, білімге білім қосып, Ана тілін ашайық, өткенге шолу жасайық,
«Өз Астанам – өз ордам» атты өлеңін
Мәнерлеп оқып шығайық.
II.Үй жұмысын тексеру /Слайд/
1/ «Өз Астанам-өз ордам» өлеңін мәнерлеп оқыту
- Өте жақсы, балалар!
-Балалар, өлең не туралы, кім айтады? -Өлең Астана туралы.
-Астана қандай қала? -Астана - еліміздің бас қаласы. Астана өте әдемі қала. Ол жас қала, жас астана.
2/ -Ал, балалар, тынышталайық,
Енді тақтаға назар салайық.
Сөздердің тасымалдануын
Ойланып, еске алайық.
«Астана» сөзінің тасымалдану жолдарын сұрау:/ слайд/
-Астана сөзі жазып келе жатқан жолға сыймаса, не істеу керек? -Оны тасымалдау керек.
-Сөздің тасымалдануы неге байланысты болады? -Сөздің тасымалдануы сөздегі буын санына байланысты болады.
- Ал , буын саны неге байланысты болады? -Буын саны сөздегі дауысты дыбыстың санына байланысты болады. Сөзде дауысты дыбыс қанша болса, сонша буын болады
-Ал, енді Астана сөзін тасымалдап көрейік. Буынға бөліп айтайық. -3 буын
-Неше жолмен тасымалдаймыз? -Бұл сөз екі жолмен тасымалданады 1)Ас-тана, 2) Аста-на
3)-Тақтаға бәріміз қарайық,
Мұқият назар салайық.
Бас қаламыз –Астана жайлы
Білімімізді толықтырайық.
Астана жайлы слайдтарды көрсету. Суреттегі таныс ғимараттарды атату /слайдтар /
-Бұл суретте не бейнеленген? -Бәйтерек. Бәйтерек –Астананың символы.
-Бұл не? -Ол Ақорда. Мұнда еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс істейді.
Мына суретте не көріп отырсыңдар? -Бұл Астананың мешіті – Ислам орталығы.
/ Астана жайлы слайд көрсетіп, оқушылардың білімдерін толықтыру/
-Балалар, бұрын Қазақстанның астанасы қай қала болған? -Астанаға дейін еліміздің бас қаласы –Алматы қаласы болған.
III.Жаңа сабақ /слайд /
1/ Кіріспе: - Иә, балалар,еліміздің қазіргі елордасы Астана қаласы, ал оған дейін еліміздің бас қаласы Алматы болған . Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Алматымен байланысты, яғни «Алматы» және «Тасымал». Бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес. Бүгін сабағымыз «Алтын қақпа» атты ұлттық ойын түрінде өтеді. Мен сендерді ойынның мазмұнымен таныстырайын, мұқият тыңдап, түсініп алыңдар. Алтын қақпаның арғы жағында сыйлыққа толы сандық бар. Сол сандыққа жету үшін, бізге тас, күміс, алтын үш түрлі қақпадан өту керек. Әр қақпаның бізге арнаған тапсырмасы бар.Сол тапсырмаларды орындағаннан кейін ғана біз сандықтағы сыйлықтарға жете аламыз. Қалай, сендер сандықтағы сыйлықтарды алғыларың келе ме? Ендеше дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жаза қойындар.
2/ Көркем жазу сәтін өткізу.
-Балалар, сабағымыздың тақырыбы «Алматы» болғандықтан, Алматы сөзін дұрыс әрі әдемі жазуға үйренейік. Алматы - қаланың аты, сондықтан оны бас әріппен бастап жазамыз. / Алматы сөзін жазғызу /
- Ал, ойынымызды бастайық. Мен сендерге сәттілік тілеймін!

3) Тас қақпаның тапсырмасы: -Балалар, тақтаға назар аударыңдаршы, алдарыңда қандай қақпа тұр? -Тас қақпа. /слайд /
-Тас қақпаның бізге арналған тапсырмасы мынадай: Оқулықтың 61-бетіндегі «Алматы» мәтінін түсініп оқы.
1) мәтінді 3 оқушыға оқыту
2) сұрақ- жауап әдісі арқылы мәтінді талдау:
-Мәтін не туралы? -Мәтін Алматы туралы.
-Алматы қандай қала? -Алматы еліміздегі ең көрікті, сәулетті қала.
-Алматы қаласын жан-жағынан не көмкеріп тұр? -Алматы қаласын жан-жағынан жасыл ағаштар көмкеріп тұр.
-Алматының іші-сырты нелерге толы? -Алматының іші-сырты жеміс ағаштарына толы.
-Алматыда өсетін дүниежүзінде теңдесі жоқ алма қалай аталады?
-Алматыда өсетін дүниежүзінде теңдесі жоқ алма аппорт деп аталады.
-Жарайсыңдар, балалар! Енді тақтаға назар аударайық, Алматы қаласының көріністерін тамашалайық. / слайдтар/ /Алматы жайлы слайдтар көрсетіп, оқушылардың білімдерін толықтыру/
-Ал, балалар, Алматы қаласымен таныстық па? Ендеше тас қақпамыз енді ашылатын шығар? / тас қақпа ашылады / /слайд/ -Алдарыңда қандай қақпа тұр?
4) Күміс қақпаның тапсырмасы: Суреттен тасымалдауға болатын сөздерді тауып, тасымалдап жазыңдар./слайдтар/ /Суреттегі сөздерді оқыту/
А-ла-тау / 3 буын, 1-ші буыны бір әріптен тұрады, сондықтан бұл сөз бір жолмен тасымалданады: 1)Ала-тау/
Ал-тай / 2 буын, бұл сөз бір жолмен тасымалданады: 1) Ал-тай /
Қа-ра-тау /3 буын, бұл сөз екі жолмен тасымалданады: 1)Қа-ратау, 1)Қара-тау
Ер-тіс / 2 буын, бұл сөз 1 жолмен тасымалданады Ер-тіс /
-Есіл және Іле сөздерінің бірінші буындары 1 әріптен тұрғандықтан, олар тасымалданбайды.
-Жарайсыңдар! Міне сендер күміс қақпаның тапсырмасын да орындап тастадыңдар. Күміс қақпа да енді ашылады. Алдарыңда қандай қақпа тұр?Алтын қақпаның сендерге дайындап қойған тапсырмасын орындауға дайынсыңдар ма? Ендеше алға!/слайд /
5) Алтын қақпаның тапсырмасы: Мақалды оқы. Мақалдан тасымалданбайтын сөздерді атаңдар. / слайд /
1/ Мақалды оқып, оқушыларға қайталату: Алтын ұяң-Отан қымбат, /слайд/
Құт-береке-атаң қымбат,
Туып-өскен елің қымбат.
2/ Мақалдан тасымалданбайтын сөздерді атату:-Ал, енді мақалдан тасымалданбайтын сөздерді табайық. / сөздерді буынға бөліп, тақтаға жазу, сөздердің тасымалданбау себебін сұрау /
-О-тан, ұ-яң, а-таң, е-лің —2 буыннан тұрады, 1-ші буындары бір әріптен тұрғандықтан тасымалданбайды.
3/ Мақалдың әр жолын оқушыға оқытып, талдату: -Мақалдың бірінші жолында не туралы жазылған? -Отан туралы. -Адамға не қымбат? - Адамға Отан қымбат. -Екінші жолында кім туралы жазылған? -Ата туралы. -Адамға кім қымбат? -Адамға атасы, ана-анасы қымбат. -Үшінші жолында не туралы жазылған? -Туып-өскен ел туралы. -Адамға тағы не қымбат? -Адамға туып-өскен елі қымбат. 6) Венн диаграммасы арқылы сабақты бекіту /слайд/ -Біздің туып-өскен еліміз қалай аталады? -Қазақстанның қазіргі астанасы қай қала? / тақтаға Астана сөзін жазамын / -Астанаға дейін еліміздің бас қаласы қай қала болған? /Алматы сөзін жазамын/ Ендеше қазір білімдерімізді бекіту үшін, осы екі сөзді салыстырып, екі сөздің ортақ қасиетін табайық.
Астана Алматы

8) Сандықтың ашылуы: Сандықтың үстінде «Жа-рай-сың-дар!» сөзі жазылып тұрады. / слайд /
IV. Сабақтың қорытындысы:
-Балалар, бүгінгі сабақта сендер 3 қақпадан өтіп, сандықтағы сыйлықтарға қол жеткіздіңдер.Жарайсыңдар! Сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға да алдыңдар.
1/ Оқушыларды бағалау
2/ Сандықты ашып, оқушыларды мадақтап, сыйлықтарды тарату.
3/ Үйге тапсырма беру: 62-бет, мақалды жаттау. / слайд /
-Ал, тыныштал, кішкентай балақай! Сен ғаламның кереметі. Дүниенің құдіреті.
Сен адамсың, адамсың сен балақай! Өзіңді таны, қарағым, өзіңді ізде,
Отаныңды да әрқашанда құрметте! Шешендікке өзіңді баулитұғын
Мақалды жатта алпыс екінші бетте.Таратайын сандықтағы сыйлықтарды.
Сенім артқан ақ үміт те ақталды. Білімдерің бүгінгі ойдан шығып,
Сабағымыз осымен аяқталды. Сау болыңдар!
Категория: Начальная школа | Добавил: әдемі
Просмотров: 3287 | Загрузок: 188 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2016-12-11, 10:57 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [779]
Физика [242]
История [337]
Классному руководителю [519]
Русский язык и литература [697]
Физическая культура [200]
Английский язык [409]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [366]
Начальная школа [1874]
Мой Казахстан [238]
Технология [126]
Самопознание [171]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [464]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [544]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru