Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Статья
[ Скачать с сервера (46.0 Kb) ] 2014-01-30, 8:15 AM
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыруда ойынның маңызы
Қарағанды облысы Қарағанды қаласы
№137 негізгі орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Нихамбаева Самал Кайратовна

Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыруда ойынның маңызы
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсібі біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелеп,оларды бәсекеге қабілетті білім негіздерімен қаруландыру және қазіргі жылдам өзгеріп отырған дұние жағдайларында алынған терең білімнің , кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге , өзін –өзі іске асыруға , өзін –өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында
«Білім беру реформасы табысының басты өлшемі тиісті білім мен білім алған еліміздің кез- келген азаматы әлемнің кез- келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейде көтерілу болып табылады. Біз елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деп атап көрсетті.
Ойынның негізгі мақсаты: баланы қызықтыра отырып, білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті- сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігінен жқмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Мұғалімнің басты міндеті-балалардың бұл тәрізді ойындарын мадақтап отыру, сол ойындардың үстінде балалардың әр түрлі ойындарды ойлап табу және оларды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныс- пікірлерін қолдау, оларға тиісті көмек көрсету болып табылады.
Ойынның балаларға мейлінше күшті әсер ететінін ұмытпау керек. Ол кез- келген баланы толғандыра алады, міндетті сәтті орындаған бала шаттанып құанады, сәтсіздікке күйініп ренжиді, бала мұндайда өз күш қабілетін тағы бір байқап көруге тырысады. Мұндайда күшті әсер сезімі барлық балаларды тіпті әдеттегі селқос, оқуды оңай тастай салатын балалардың өздерінде баурап алады.
Сонымен ойын келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
• Оқушыларды психологиялық жағынан дайындауға;
• Тілдік материалды бірнеше рет қайталауға;
• Оқушының белсенділігін арттыруға;
• Оқушылардың бір- бірімен қарым- қатынасын, ұйымшылыдығын дамытуға;
• Тез және дұрыс жауап беруге;
• Сабақты қызықты өткізуге;

Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер де аз емес. Себебі ойын оқу , еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай кесте арқылы суреттесек:
Іс әрекет:
-оқу әрекеті
-еңбек әрекеті
-ойын әрекеті
«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек- бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызметтерді атқарады:
-ойын –сауық (бұл ойынның негізгі қызметі шаттану, қызығушылығын ояту)
- коммуникативті немесе қарым- қатынастық диалектикасын меңгеру;
-диогностикалық (ойын барысында өзін- өзі тануы)
-коррекциялық тұлғаның құрылымдық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу;
-әлеуметтендіру адамдардың қоғамдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қоғамдық қарым- қатынастар жүйесіне бекіту;
Ойындардың мынандай төрт басты қырлары болады:
-еркін дамушы іс әрекеттілік нәтижесінен немесе іс- әрекеттілік нәтижесінен процесінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады.
-шығармашылық , белгілі деңгейдегі импровизациялық осы іс-әрекеттіліктің өте белсенді мінездемесі (шығармашылық «жолы»)
-эмоционалды көтеріңкілік, бәсекелестік, қарсыластық (ойынның табиғи сезімділігі « эмоциялық кернеулік»)
-түзу немесе жанама ережелердің бар болуы , ойын дамуындағы логикалық мазмұнды ашу.
Ойын- адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімдерін жетілдіреді.
Ойын –бір қарағанда қарапайым құбылыс іс әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір- біріне деген сыйластық қажетттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін артырады.
Ойын кезінде барлық оқушы бірдей,өйткені барлығы да не істесем, қалай айтсам жеңемін, қалай нәтижеге жетемін деген мақсатта жұмыс істейді. Тақырыпты білмей отырған оқушының ойын кезінде қорқынышы, ұялшақтығы жойылып,басқа балалармен бірге бір деңгейде жұмыс істей алады. Тез тілдік материал жатталады, ол оқушы өзінің басқалармен бірге сабаққа қатысқанына көңілі толып отырады.
Сонымен қатар ойын кезінде белгілі бір нәтижеге жету үшін оқушылар тек қана сөзді ғана қолданып қана қоймай, мимика, жест түрлерінде қолдана алады. Ал, ақыл- ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын , байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік, сезім түрлерінде дамытады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу– тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі — дидактикалық ойындар. Ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады.
Ойын нәтижесінде оқушы бойында қалыптасатын қасиеттер :
-ойлау
-танымдық қызығушылық
-белсенділік
-тапқырлық
Қорыта келгенде, бастауыш кластың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден білімін берік меңгерту құралы болса,екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын , белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Категория: Начальная школа | Добавил: Сами
Просмотров: 955 | Загрузок: 155 | Комментарии: 9 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 7:33 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru