Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Әдебиет "Қыс. А. Құнанбаев 1845-1904"
2011-01-21, 11:13 PM
Сабақтың тақырыбы: Қыс. А. Құнанбаев 1845-1904
Мақсаты: Оқушыларды Абай Құнанбаевтың шығармасымен таныстыру. Осы шығармаларды оқи отыра онда жатқан терең ойларды, табиғат қаттылығын аңғартуға, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту. Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқи отыра адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақ кезінде бір – бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, оқулықтар көрмесі, плакаттар, үнтаспа, рефераттар.
Пән аралық байланыс: музыка, дүниетану, бейнелеу.
Сабақтың барысы
І. Қызығушылықты ояту.
Әнді тыңдау.
- Қай жыл мезгіліне байланысты айтылған ән екен?
- Кім орындады?
- Көз алдарына не елестеді?
- Қыс айларын атап беріңдерші.
Ендеше бүгін сендер осы ай аттары бойынша үш топқа бөлінесіңдер.
І топ «Желтоқсан»
ІІ топ «Қаңтар»
ІІІ топ «Ақпан»

ІІ.
Сабақты бастамас бұрын берілген сөз жұмбақты шешіп, жасырынған сөзді табайық.
А қ п а н
Б о р с ы қ
қ А р
т а Й ғ а н а қ
• Ең қысқа қыс айы?
• Ұйқыға кететін жануар
• Қыста не жауады?
• Жер қыста қандай болады?
Жасырынған сөзді оқу.
Абай Құнанбаев туралы не білеміз? Топтастыру. Оқу.

Абай

Үйге берілген тапсырмаларын тексере кету. Жиналған көрмедегі оқулықтарды талдай кету. Жазылған өлеңдерді оқу. Жазушылардың Абай туралы айтқан сөздерін оқу. Жанұясы туралы айта кету.
Қазақ халқының ұлы ақыны - Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, қазіргі Семей ауданы, Шыңғыс тауында дүниеге келген. Туған жылы - жылан. Ибраһим деген атын бұзып, Абай деп қойған шешесі екен. Әкесі Құнанбай, шешесі Ұлжан, руы – тобықты. Абайдың жеті атасы: Айтек, Олжай, Айдос, Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай, Абай (Ибраһим).

Абай дайын тұрған әдеби тілді пайдаланған қатардағы қаламгер емес, ол тілдің даму тарихының жаңа сапасы кезеңін бастаған суреткер. Абай халқымыздың ауызша тараған көркем сөзін ұлттың жазба дүние дәрежесіне жеткізді, поэтикалық тіліне жаңа сапа енгізді. Бұл Абайды жаңашыл әрі классик қаламгер деп танытты.
Абайдың қара сөздерінде күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп айтылған. Надандық - білім – ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш қисабына хайуан қосылады.
ІІІ.
Оқулықта берілген мәліметті оқыту.
Бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Қыс» атты шығармасымен танысамыз.
А) Өлеңді мәнерлеп оқу. Мазмұнын ашу.
Қыс мезгілі қалай суреттелген?
Қыстағы адамдар өмірі қандай болады?

ІҮ. Сөздік жұмысы. Оқу мағынасын ашу.

Ү. Деректі фильмді көру.
Абайдың суреттеген қысымен салыстыру.
Айырмашылығы мен ұқсастығын айту.

ҮІ. Топтарға жеке тапсырма
І топ Қыс туралы эссе жазу
ІІ топ Қыс туралы бес жолды өлең жазу
ІІІ топ Өлеңде айтылған қыс суретін салу

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топ спикері бағалап береді.

Категория: Начальная школа | Добавил: Dina277 | Теги: Әдебиет
Просмотров: 5767 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 6:10 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru