Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

сын есім
2014-04-28, 5:20 PM
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: Заттың әртүрлі белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Сын есім туралы меңгерген білімдерін ары қарай жетілдіру.
Сабақтың міндеттері: 1. Заттың әртүрлі белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Сын есім туралы меңгерген білімдерін ары қарай жетілдіру. 2. Балалардың жеке белсенділігін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. 3. Балаларды достыққа, мәдени сөйлеуге тәрбиелеу. Көркем, таза жазуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар
Сабақтың түрі: аукцион сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше өтпек.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! - деп Қадыр Мырзалиев атамыз айтқандай, бүгінгі сабағымызда көптеген ойындар ойнай отырып, өзге тілді де қолдана отырып, өз тіліміздің әсемдігі мен әдемілігін көрсете білуіміз керек.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Ендеше, сабағымызды үй тапсырмасын тексеруден бастайық. 4-жаттығу. Өлеңнен етістіктерді тауып, олардың түрін ажырат.
Табалдырықты баспайды,
Есікті теуіп ашпайды.
Теуіп ашу есікті
Сұмдық жолға бастайды.
- Тамаша, енді жаңа сабағымызды бастамас бұрын, «Сөзжұмбақ»
шешейік. Сөйтіп, өткен тақырыпты еске түсіру. Сөзжұмбақ «Сөз табы»
1. Заттың қимылын білдіретін сөз табы.
2. «Көр» сөзінен болымсыз етістік жаса.
3. Түбір сөзден жасалған етістік.
4. Етістіктің сұрақтары.
5. Етістік сөйлем мүшесінде қандай қызмет атқарады.
6. –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары арқылы жасалған етістік.
7. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік.
е т і с т і к


к ө р м е
н е г і з г і
*
қ а й т т і
б а я н д а у ы ш
б о л ы м с ы з
т у ы н д ы
ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сын есім.
- Ортасында қандай сөз шықты?
- Сөз табы.
- Иә, біз қазір сөз таптарын өтіп жатырмыз. Бүгін тағы бір сөз табын еске түсіреміз. Ол қандай сөз табы екенін білу үшін мына бір тапсырманы орындап көрейік.

- Мынау не?
- Алма.
- Алманың түсі қандай?
- Қызыл.
- Дәмі қандай?
- Тәтті.
- Көлемі қандай?
- Кішкентай.
- Пішіні қандай?
- Домалақ.
- Сапасы қандай?
- Таза.
Сонымен алманың сындық ерекшеліктерін атадық. Ереже шығару: Заттың түрін, түсін, дәмін, көлемін, сапасын, сынын білдіретін сөз табын сын есім дейміз. Сын есімдерге қандай? қай? деген сұрақтар қойылады.
- Сын есімнің ережесі естеріңе түсті ме?
- Қазір біз сендермен «Кім зейінді?» ойынын ойнаймыз. Мен сендердің
компьютерлеріңе бір заттың суретін жіберемін. Сендер сол заттың сындық белгілерін жазып, айтасыңдар. Мысалы: Мынау қу түлкі. Ол өте айлакер, мақтаншақ. Оның түсі қызғылт. Ол өте сүйкімді. (құмырсқа, жылқы, түлкі)
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
- Жақсы. Біз сын есімді еске түсірдік. Қазір дәптермен жұмыс жасауға
көшейік. Дәптерімізді ашып, көркем жазуды жазайық. Доп добы
53-бет, 1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сын есімдерді табайық.
Гүлнұр – әдепті қыз. Ұстаз – құрметті адам. Көмір пайдалы қазбаларға жатады. Бүркіт ұясын биік қияларға салады. Еркін көрші ауылға кетті.
ІҮ. Сергіту сәті. Видеодан.
- Балалар, қазір бізді тағы бір ойын күтіп тұр. Ол ойын «Полиглот» деп
аталады. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабындағы сөздің сынын орыс, қазақ, ағылшын тілінде айтып өтесіңдер.
Аралар тынбай іздейді,
Шырынын сорып, «бал» дейді. (гүл – цветок –
Гүлдің түсі қандай? (
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама (кітап – книга –
Кітаптың түсі қандай? (
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян – заяц – hare [heә:])
Бала бiткен соғады,
Жеңiл шарды домалақ.
Ұрсаң
Ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. (Доп – мяч - ball)
Төрт қырлы, өзi аппақ,
Тақтадағы iзi аппақ. (Бор – мел – swept)
Үрлесең, жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң көк теңбіл,
Бұлтқа да жетеді. (шар – шарик – marble)
- Көп рахмет. Қазіргі ойын «Кім тапқыр?» деп аталады.Компьютерлеріңе
3 - жаттығудағы тапсырманы жіберемін. Сендер тапсырманы оқып, ішінен сын есімдерді өзіне қатысты зат есіммен бірге теріп жазып көріңдер.
Жаңа жауған ақша қар
Ауаны әбден тазалар.
Ат бауырлар қалың қар,
Оған жүрдек шаңғым бар.
Түйіршегі үлбірек,
Бұл жеп-жеңіл үлпек қар,
Көшелерге бір-бірлеп,
Серуендеуге күнде бар.
Ү. Көзге жаттығу жұмысы. Виеодан.
Келесі кезекте «Кім жылдам?» ойыны. 4-жаттығу.
а) Берілген сын есімдерге қарама-қарсы сын есімдер ойлап жаз: қою – сұйық, кең – тар, таяз – терең, қалың – жұқа, биік – аласа.
ә) Мағынасы жуық сөздер жаз: әдемі, көркем, сұлу.
ҮІ. 5 жолды өлең құрып, оның ішінен сын есімді табу.
а) _____________ағашы,
____________алмасы.
___________тауы бар
Алматы қаласы.
ә) _______________кірпі,
__________________тікен, ине
__________________жүгіреді, домалайды,
___________________ .
ҮІІ. Қорытынды. Сын есім нені білдіреді?
дәмін түсін

түрін көлемін

пішінін сапасын
сынын
ҮІІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: 5-жаттығу, 54-бет.
Категория: Начальная школа | Добавил: Гульза
Просмотров: 1067 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 7:49 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru