Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Жігіттердің сайысы «Жігітке жеті өнерде аз»
[ · Скачать удаленно (25,3 КБ) ] 2014-05-16, 7:55 AM
Мақсаты:Оқушыларды ұлттық салт- дәстүр негізінде білімін кеңейту. Адамгершілікке, ұлжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру. Татулыққа, ынтымақтыққа, бірлікке шақыру.Отанын ,елін, жерін сүюге, қорғауға баулу,ерлікке, батыл болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жеңіс күніне орай, батырлардың суреті, шар ,нақыл сөздер.
Жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздер бүгін 7 мамыр ұландар күніне,9 мамыр жеңіс күніне арналған «Жігітке жеті өнерде аз » атты жігіт сұлтаны сайысына қош келдіңіздер. Жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, біздің салт-дәстүрімізді, ұлттық саналарын, шеберліктерін, көрсетеді.Олай болса жігіттерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Жігітке жеті өнерде аз» атты жігіт сұлтаны сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Ел дәстүрін қолдамақ.
Ел намысын қорғамақ.
Жігіттер шығып ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Жүргізуші:
Қайсысы күйші, кім биші.
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық.
Жүргізуші:
Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық.
Жүргізуші:
Уа , жігіттер, жігіттер.
Бар өнерді салындар
Ер-сұлтаны атанып,
Сынып қыраны болыңдар.
Мұғалім: жігіттеріміз өздерінің реттік нөмірлерін алып реттік нөмірлері анықталады.
Жүргізуші:жігіттеріміз мынандай өнерлері бойынша сынға түседі.
1) Таныстыру. (Дайындап келген таныстыруларын айтады) 1-2минут
2) Көркем оқу. (Мәнерлеп оқу) 2-3минут
3) Мақал-мәтел сайысы. (Суретті мақалды табу). ойлануға 1минут
4) Білімділер сайысы. (Әр түрлі негізгі сабақтардан құралған сұрақтарға жауап беру.) ойлануға 1минут
5) «Жігітке жеті өнерде аз» тақырыбында өз өнерлерің көрсету. 3-5 минут.
6) «Үй тапсырмасы» сайысы бойынша дайындап келген жобаларың қорғайды. 2-3минут.
7) «Ердің асылы күшімен білінеді» (екі-екіден күш сынасу)

Ортада ашылуына би.

Жүргізуші:
Ал қанеки қырандар!
Босқа қарап тұрмандар.
Бастап жігіт өнерін,
Алыстарға самғаңдар!
Әр қатысушымызды ортаға таныстыруға шақырамыз.
Жүргізуші:
Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға.
Жігерленіп ортаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен табысуға.
(Әр қатысушы өздерің таныстырады).
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Топ басшысынан ауылдың,
Аталы бата алайық.
Екі түрлі әнші бар,
Біреуі соның бата алған.
Ешқашан артық болмайды,
Атадан үлкен бата алған.
Жігіттеріміз мәнерлеп оқудан сынға түседі. (дайын болғанша ортада ән)
Ортада ән.

Жүргізуші:
Ей жігіттер!
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ата салтың құрметтеп,
Ақтай білсең ата-баба үмітін.
Әрбір сөзі тәлімі бір мектеп.
Келесі сайысымыз «Ескірмейтін есті сөз» мақал-мәтелдер сайысы. Теледидарда көрсетілген суретті мақалды шешу.
Ортада би:
Жүргізуші:
Балалар мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. 9 –мамыр қандай мереке? (Жеңіс күні)
- әрине жеңіс күні. 9- мамыр қарсанында бүгін жеңіс күні туралы айтпасақ болмайды.
Жеңіс ...Ия , оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың сенімі мен үміті ақталды, тілектері орындалды.Талғат Бегилденов, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты Кеңес Одағының батырларын қалай айтпай, еске түсірмей кетеміз.
Жүргізуші:
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән-көрік.
Жеңіс келді алақай!
Тойып жейтін нан болып.
Ортада тақпақтар:
Ән:
Сайысымызды ары қарай жалғастырамыз.
Жүргізуші:
Жылдар-тарихтың мол бекеті,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.
Көңіліңді шат сезімге баурайды,
Халқымыздың бүгіні мен өткені. - деп енді жігіттеріміз қоржыннан асықтар алып сұраққа жауап береді.

1. Сұрақ. Қазақ халқында қандай билер өткен? (Төле би , Әйтеке би, Қазыбек би).
2. Сұрақ. Үш жүзді ата? (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз).
3. Сұрақ. Бес асыл мен бес дұшпанды ата? (Бес асыл: Талап, еңбек,терең ой, қанағат ету, рақым жасау. Бес дұшпан: Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ).
4. Сұрақ. Ұлттық ойындарды атап бер. (Асық, ақсүйек, арқан тарту, көкпар, бәйге,сақина салу).
5. Сұрақ. Бес қаруды атаңыз. (Мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта ).
6. Сұрақ. Абай Құнанбаевтың қандай өлеңін жатқа білесің? Айтып бер.
7. Сұрақ. Ыбырай Алтынсарин кім?
8. Сұрақ. Еліміздегі ерекше аталып, тойланатын мерекелерді ата?(22-наурыз, 9 мамыр,8 наурыз, 1 мамыр, білім күні)
9. Сұрақ.Еліміз тәуелсіздігі қай жылы, қай күні жарияланды? (1991ж 16 желтоқсан).
10. Сұрақ. Жеті атаңды айтып бер.
11. Сұрақ. Ұшқыштар күні қай күні,қандай ұшқыштарды білесің?
12. Сұрақ. Рәміздерді ата? (Елтаңба, ту, әнұран)
13. Сұрақ. Әнұранның сөзің жазған кім? (Ж.Нәжмиденов, Н.Ә. Назарбаев)
14. Сұрақ. Математикада көбейтудің заңдылықтарын ата. (Ауыстырымдылық, терімділік.).
15. Сұрақ. Қабырғалары 3см болатын шаршының ауданың, периметрін есепте.
16. Сұрақ. Шығыстың қос аруын ата? (Әлия мен Мәншүк.)
17. Сұрақ. Волейбол ойынында оқушы саны қанша? (6 оқушы)
18. Сұрақ. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (Түрік тілдер тобына)
19. Сұрақ. Дүниетану пәні табиғатты неше топқа топтастырды. Атап бер (2 топқа тірі табиғат, өлі табиғат).
20. Сұрақ. Астана қаласы қайда орналасқан? (Есіл өзенінің оң жағалауында).

Жүргізуші:
Парасатты ер жігіт,
Ақылымен барлық істі біледі,
Өнерің барда жігіттер,
Тоқталып сірә, іркілме.
Жұрт қарасын қызығып.
Бәрекелді-дей отырып сайысымыздың «Жігітке жеті өнерде аз» сайысын бастаймыз
Реттік нөмірлері бойынша өз өнерлерін көрсетеді. (Ән, би, породия)
Жүргізуші:
Көктем келді аяулы табиғатың,
Ардақ тұтар самалы азаматтық.
Өркениетті елімнің көркейтетін,
Көктеміңді бейнелеу өз парызың.

Жүргізуші:
Заманға мынау қатулы,
Сыналатын кез келді.
«Жігіт» деген атыңды,
Шығаратын кез келді.- келесі сайысымыз үй тапсырмасы. Жоба қорғау 2-3 минут.
Реттік нөмірлері бойынша жоба қорғайды.

Жүргізуші:
Талаптың мініп тұлпарын,
Келдім міне жарысқа.
Белгісіз кім ұтары,
Түстік міне сайысқа.
- Ата –бабаларымыздың ұлан асыр жерімізді білектің күші,найзаның ұшымен талай жаудан қорғап қалғаны мәлім. Ал, енді біздің бүгінгі жігіттеріміздің ел қорғауға қаншалықты әзір екенін көрелік.

Ортада қол күрес.

Бәрекелді, жарайсыңдар!

Жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым.
Жүргізуші:
Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде болар берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын,-дей отырып, ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. «Ер сұлтаны», «Жігіт сұлтаны» деген атақты табыс етеді.
Қошеметтеріңіз!
Сайысқа қатысқан жігіттеріміздің барлығы жекелей орындармен марапатталады.
Келген қонақтарға,әділқазыларға рахмет айтып және жеңіс күнімен құттықтау!
Категория: Начальная школа | Добавил: Шопа
Просмотров: 2308 | Загрузок: 340 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 9:28 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru