Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Мамандықтың бәрі жақсы
[ · Скачать удаленно (505 КБ) ] 2014-05-16, 8:19 AM
Мақсаты:Оқушылардың мамандық туралы алған білімдерін кеңейту, олардың түрлері мен сырлары туралы түсініктерін жетілдіру, мамандықтың барлығы жақсы екенін тағыда көз жеткіздіру
Оқушыларға мамандықтың еңбек қызметінің негізгі бөлігі екенін түсіндіру;
Мамандыққа деген ықыласын, қызығушылығын арттыру арқылы өз қалауын жасауға мүмкіндіктер туғызу.
Көрнекілігі:Сыныптың іші безендірілген, шар нақыл сөздер мамандық туралы тыйым сөздер.
«Тек сауатты халық қана табысқа жетуі мүмкін.»
Сабақтың барысы: (Топтық би ашылуына)
Тақтадан сөзжұмбақ шешу нәтижесінде«МАМАНДЫҚ» деген сөз шығу керек.
Осы аталған заттарды кімдер пайдаланады? (мамандық иелері пайдаланады)
1- оқушы жұмбақ жасырады.
Дайын ас жоқ дүниеде.
Сабақ өзі оқылмайды,
Көйлек өзі тоқылмайды,
Тұқым өзі себілмейді,
Үйлер өзі салынбайды,
Кендер өзі табылмайды,
Кітап өзі жазылмайды.
Осының бәрін кім істейді? Балалар, (Мамандар істейді)
-дұрыс айтасыңдар, әрине мамандар иелері.
Мамандық деген не?
1-оқушы: Мамандық – бұл арнайы біліктілік пен білімділікті талап ететін, адамның еңбек қызметінің түрі.
ЕҢБЕК – деген не?
2- оқушы: Еңбек - бұл адамның қызметі, материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталады.
ЕҢБЕК ПЕН МАМАНДЫҚТЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ.. неде
3- оқушы: Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек, Ал мамандық латын тілінен аударғанда - ресми көрсетілген іс, яғни мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керектігін көрсетеді.
Дұрыс айтасыңдар, рахмет сендерге.
-Ендеше сендердің қаншалықты мамандық иелерін білетіндерінді байқайық.
(Сұрақтарға жауап беру)

1. Асты кім әзірлейді? (аспазшы әзірлейді)
2. Білімді кім береді? (мұғалім береді)
3. Көйлекті кім тігеді? (Тігінші тігеді)
4. Тұқымды кім себеді?(егінші себеді)
5. Үйлерді кім салады? (Құрылысшы салады)
6. Кенді кім табады?(Кенші табады)
7. Кітапты кім жазады? (Жазушы жазады)
-тамаша жарайсыңдар!
Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз ? «МАМАНДЫҚ» әрине дұрыс айтасыңдар .
-Олай болса балалар мен сендермен «дұрыс па, бұрыс па» деген ойын ойнағым келіп тұр. Дайынбыз ба?
(шарты : дұрыс болса қол соғамыз, бұрыс болмаса қол көтереміз)
1. Қойшы балаларды оқытып жүр. (қол көтереміз)
2. Жұргізуші машина жүргізді. (Қол соғамыз)
3. Аспазшы үй салып жүр. (қол көтереміз)
4. Дәрігер адамдарды емдеді. (қол соғамыз)
5. Жазушы хат, газеттерді тасып жүр (қол көтереміз)
6. Дәрігер етік тігіп отыр. (қол көтереміз
7. Мұғалім балаларды оқытты . (қол соғамыз)
8. Өрт сөндіруші өрт сөндірді. (қол соғамыз)
9. Ұшқыш әдемі киім тікті. (қол көтереміз)
10. Суретші сахнада ән айтты. (қол көтереміз)
-жарайсыңдар!
Мұғалім: Мамандық әр адамның мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең», дейді халық. Барлық адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта арманына жете алады. Мамандықпен өнерді ол өз қалауымен таңдап алады.Мамандықтың түрі өте көп. Мысалы: әнші халық алдына шығып ән салады. Дәрігер адам өмірінің арашасы. Ұстаз шәкірттерді білімге жетелейді. Жазушы сөзбен өрнек салады.Адам жас кезінен терең білім алуға талпынады. Көп оқиды. Өз бетінше ізденеді.Басқа адамдардың өмірімен танысады. Сондықтан да балалық шақ пен болашақ әрқашандаүндесіп жатады.
«Мамандықтың бәрі жақсы» атты сән әлемін тамашалаңыздар. (Музыка ойнап тұрады)
Дәрігер. (ақ халат,аптечка, басына бас киім, )
Ұшқыш . (белдемше, ақ рубашка, галстук, пилотка, сүйретпе сөмке.)
Әнші. (микрафон, гүл, көзіне көзілдірік. )
Шаштаразшы. ( Алшалғыш, фен, тарақ,)
Аспазшы. (қолына ожау, кепсер, алшалғыш. )
Мұғалім. (көзіне көзілдірік, қолына журнал, дәптер. )
Өрт сөндіруші. (Өрт сөндіргіш киімі)
Жұмбақтар шешу: (жауаптарын тақтадағы ағашқа жапсыра береді )
1. Ең жасыл мамандық. (егінші, агроном, диқаншы )
2. Ең тәтті мамандық. (аспазшы,кондитер, )
3. Нағыз ақшалы мамандық. (қаржыгер, кәсіпкер, есепші).
4. Нағыз бала мамандығы. (тәрбиеші, )
5. Ең күлкілі мамандық (актер, сайқымазақ)
6. Нағыз адамдармен көп араласатын мамандық. (тележүргізуші,мұғалім,әнші)
7. Ең ауыр мамандық. (дәрігер )

Жарайсыңдар! Рахмет.
Мұғалім:
Көк жүзіне алаулы, міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы, кәсібіңе сай болу.

топтық жұмыс.

1-топ. Өлең оқу. (мамандыққа байланысты). 3 оқушы
2-топ. Мақал мәтелдер айту.(мамандыққа байланысты) 4-5 оқушы
3-топ. «Менің болашақ мамандығым» тақырыбына шағын шығарма жазу. 2 оқушы.

Сабақты қорыту: Балалар әр адам өзінше қызықты. Барлығымыз бірдей құтқарушы, мұғалім, ұшқыш бола алмаймыз. Әр адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Біздің таңдауымызда әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
(Әл – Фараби)
Сабақ соңында балалардың алдында мамандық деген жазуы бар, күншуақ кестесіне балалар мамандықтардың атауларын толтырады
Суретті тест
Қатысушыларға жұлдыз, бұлт, найзағай бейнеленген қағаздар таратылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.
Жұлдыздың суреті------- жақсы, көңілді.
Бұлттың суреті----- орташа.
Найзағай суреті------------- төмен
Категория: Начальная школа | Добавил: Шопа
Просмотров: 2365 | Загрузок: 1223 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-08, 7:14 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru