Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Бастауышпен қоштасу сценариі
2014-05-27, 8:32 PM
Ақмола облысы
Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Жалмуканова Ш.К.

Тақырыбы: Қош бастауыш!
Мақсаты: Бастауышта алған білімдерін көрсету.Білімнің адам өмірі үшін қажеттілігін түсіну. Бірлікке, ынтымақшылдыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Мектепке, ата-аналар мен ұстаздарға деген сүйіспеншілігін арттыру. Өнелі болуға,Отанын құрметтеуге тәрбиелеу. Өз оқығандарын ортаға салып, дәлелдей білуге және пікірін ашық айта білуге үйрету. Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Көрнекілігі.Қанатты сөздер,слайд.
Барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды қатарға тұрғызу.

1 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар! Оқушылар!

2 жүргізуші:Ассалаумағалейкум әкелер мен аналар!
Қадірменді аталар мен әжелер!

Мұғалім:

Құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз тарыдай болып кірген еді енді міне, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білді , бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бізбен қоштасқалы отыр.

Әнел:

Бізді аяулы мектебіміз үлкен құрметпен қарсы алды. Біздің әрбір өткен күнімізге, аузымыздан шыққан сөзімізге, сүйкімді қылығымызға, балаға тән қасиетімізге шын жүректен мейірімділікпен қарай білді. Әрбір ұстаз өз бойындағы жақсы қаситеттерін үйретуге тырысты, өз асыл уақытын бізбен бірге өткізді.

Даулетхан:
Сұлулықты, мейірімділікті, жақсы көруді, қадірлей білуді, әдемі сөйлеуді, кішіпейіл болуды, бәрін де тең көруді, жақсы мен жаманды ажыратуды, үлкенге кіші, кішіге үлкен бола білуді – міне осы адамзат баласына тән жақсы қаситтердің бәрін – бәрін осы мектеп қабарғасындағы бізге білім мен тәрбие беретін ұстаздардан үйрендік.

Әнел:
Содан бері табаны күректей 4 жыл өтті. Уақыт озды, біз де есейдік. Бұл уақыт ішінде көп нәрсені білдік, үйрендік.

Мұғалім:

Ұстаз жер бетіндегі барлық жақсы қаситеттерімен білімдерін жинақтан шәкірттеріне береді.Осының бәрін біріктіріп, өз орнына реттеп отыратын ұстаздар қауымының басшысы, мектеп директорың оқу жөніндегі орынбасары Нурушева Аягөз Негметолловнаға тойды бастау үшін сөз кезегін береміз!

Әнел:Шашу, шашу, шашайық.

Даулетхан: Ақ сандықты ашайық.

Әнел: Бұл мереке, бұл тойдың.

Даулетхан:Бастаңғысын жасайық!

1.
Мектеп, мектеп – ашық жарқын көңілім
Мектеп, мектеп – шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілді
Мектеп, мектеп, жан анам боп көріндің.

2.Өсті міне, бойымыз.
Өсті міне, ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз

Барлығы хормен: Құтты болсын тойымыз

3. Есімде ерен ұстазым,
Басымнан сипап өткенің
Аянбай бізге қыз-жазы
Молынан мейір төккенің

4.Білімнің кілтіндей
“Әліппе” ұстатқан
Оқуға іркілмей
Тоқуға ұстартқан.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.

5. Қиынға төзуге
Үйреткен қашанда,
Жаманнан безуге,
Жақсылық жасауға.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.

6.Шыңдап күнде мен енді
Шынықтырам денемді
Сүйемін ән-күй сабағын
Суретті сәндеп саламын

7.Шыбықтай едік алтыдан жаңа асқанда,
Бірінші сынып есігін жаңа ашқанда.

8.-“Ботам” деген сөзді ғана білуші ек,
“Атан” деген сөзді әлі білмеуші ек.

9.-“Апам” деген сөзді ғана білуші ек,
“Отан” деген сөзді ғана білмеуші ек.


10.-Білім бар теңіз: болмайды екен мүлдем шек,
Біз сізге қарап: “Үйренсек”, дедік, - үйренсек!”


хормен:Ардақты ұстаз! Рақмет Сізге, рақмет!

11.-Үлкендерді сыйлауды,
Құнды кітап жинауды


12.-Адалдарды сүюді,
Тентектерді тыюды,


13.-Оқуды ауыр көрме! – деп,
Ылғи да алға өрле! – деп,


14.-Жақсы істерді құп ал! – деп,
Досың үшін қуан деп.


15.-Санамай жылдың күн, айын,
Баулыдыңыз ұдайы

16.- Ұсындыңыз қол үшін:
Рақмет Сізге сол үшін!

Зыр жүгіріп футбол қуып жүргенде
Секір, жүгір шымыр болар денең деп
Салауатты өмір салтын уағыздап
Денемізді шынықтырған бар күш сап 
Ильяс ағайға мың алғыс!

Орыс тілін үйренеміз,
Әр сөзін біз меңгереміз.
Мың алғыс айта отырып,
Гүлжан апайға бас иеміз!

Келесі:«Ұстаздардың өмірінен» деп аталынады.

Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:
- Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, - дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.


Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.


Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.
- Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өзі ғой.. Әр түрлі мамандықтар меңгеруде.

Сәби мінездес санагер

Мұғалімдер де бала мінездес емес пе? Екі мұғалім, тышқанның суретіне таласып қалыпты. Бірі – бастауыштың, бірі жоғары сынып биология пәнінің мұғалімі екен. Директор бұл мәселені былай шешіпті: тышқан суреті бастауыш сынып мұғаліміне берілсін. Ал, биология пәнінің мұғалімі кабинетінде тышқан өсірсін!

Неге бармайсың?
Баласы шешесіне айтады:
- Мен енді мектепке бармаймын!
- Неге бармайсың?
- Сол ... Асанов таспамен оқ атады, Сотқаров оқулықпен басымнан ұрады, тағы біреуі аяғымен шалады...
- Бармаймын!
- Жоқ, балам, сен қайткенде де баруың керек. Біріншіден, жасың қырықтағы адамсың, екіншіден, мектеп директорысың.

“Суретші”

Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады:
- Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым.
- Сіз оны айтасыз, - дейді әкесі. Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.

Мұғалім:
- Картадан Ертіс өзенін көрсет.
- Асан:
Мұғалім:
- Картадан Ертіс өзенін көрсет.
- Асан:
- ???
- Мұғалім:
- Неге көрсетпейсің, үнсіз қалдың ғой?
Асан:
Мұғалім, картада ағып жатқан өзен көрінбей тұр.

«Мектебім » әні


Қазір біз Ұстаздардан емтихан аламыз Бастауыш сынып мұғалімі боласыздар.Алдарыңызда билеттер жатыр ,алыңыздар.

Дайын болсаңыздар қолдарыңызды көтеріңіздер.

№1 билет.
Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет.
Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
№3 билет.
Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
№4 билет.
Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет.
Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?

1.Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу.
Бұл не?

2.Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан?

3.Жел соққанда тау ық бола ма?

4.Теңізде қандай тас болмайды?

5.Ертістің ортасында не бар?

6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не?

Жауаптар:

1. Жоқ, ұстаз үшін оқушының бәрі бірдей.
2. Мүмкін, менің көңіл-күйіме қатысты
3. Ойланып көремін.
4.Ойымда да болған емес.
5.Ешқашан, тапқан екенсіңдер, онда тұрған не бар?

Шармен ойнау.шар ішіндегі сұрақтарға жауап бересіздер.

1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6.Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? / Тұз/

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар

1 - 4 сынып аралығындағы көріністер

Әнел: Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Даулетхан: Иә, осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді сорға көтеріп, мектеп табалдырығын зорға аттаған едік.
Міне, сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК

Каникул – жылдың ең қысқа күндері.
* * *
Күнделік - үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.
* * *
Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.
* * *
Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.
* * *
Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.
* * *
Спорт секциясы - әжеме айтатын басты сылтауым.
* * *
“Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.
* * *
Кер жалқау –“ертеңі” таусылмайтын оқушы.

Әнел:
Қазақта 7 басты,
7 атадан бері,
7 қараңғы түн,
7 әулие,
7 қазына,
7 жұртқа белгілі,
7 тозақ,жігітке 7 өнер де аз деген нақыл сөздер бар.

Соған қарағанда7 санында бір құпия бар сияқты. Біздің сыныпта да жігіттер саны жетеу.
Сондықтан ата-аналарға арнап жігіттеріміз

«Сіздерге ақ тілік» деген әнді орнап береді.Қабыл алыңыздар!(Даяна,Нарина,Әдина әскери киім киеді)

Әнел. «Туған жер» тақпағы.( 3 ұл киінеді)

«Сапқа тұр» әні

Испан биі (қыздар қазақша киінеді)

Даулетхан:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге – демекші, ендігі кезекте
«Қазақ биі», қабыл алыңыздар!

Күндерге күн ұласты
Жылжып-жылжып жыл асты.
Ойдағыдай бітірдім,
Мен төртінші сыныпты.

Қағылмақ бүгін әуенге бөлеп,
Қағылмақ тағы қоңырау.
Қалайша 4 жыл тез өтіп кеткен,
Шындық па осы, япырм-ау,

7. Италиялық би.

Даулетхан:
Жақсы шәкірт Азамат атанады.
Халқынан , ата-анадан бата аладаы.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырамыз ата- ананы.
Сөз кезегі құрметті ата-аналар атынан ---------------------------------------беріледі.

8. «Бокс» көрінісі

Құрметті ата-аналар, қадірменді ұстаздар бүгінгі біздің тойымыз аяқталды.Сіздер біздің қоштасу ертеңгілігімізге арналған шағында болса өз күшімізбен даярланған концертімізді тамашаладыңыздар
Әрқашан күн сөнбесін!
Аспаннан бұлт төнбесін!
Қасымда болсын мамам,
Болайын менде аман.
Категория: Начальная школа | Добавил: Sholpan2014
Просмотров: 625 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2016-12-04, 11:09 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [775]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [518]
Русский язык и литература [696]
Физическая культура [200]
Английский язык [408]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [365]
Начальная школа [1871]
Мой Казахстан [237]
Технология [126]
Самопознание [170]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [462]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [542]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru