Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Педагогикалық процесс қандай болуы керек
[ Скачать с сервера (42.8 Kb) ] 2014-12-19, 1:41 PM
Педагогикалық процесс қандай болуы керек.
Педагогикалық процесс шығармашылық сипаты бар қайталанбайтын процесс. Белгілі организм бар, белгілі орта бар. Осы деректер болып тұрған сәтте организм мен ортаның, касиеттері анықтайтын өзіндік даму процесі дереу басталады. Ол процесс өзіне тән заңдарға сәйкес организм әсерлерді қозғалыска келтіріп, өңдеу және соның ықпалымен жұмыс істеу қажеттігі арқылы жүреді. Бүкіл процесс қайталанбайтын шығармашылық сипатқа ие болып, тосын нұсқау бойынша емес, органикалық қажеттілік бойынша жүреді. Педагогикалық шығармаларда дербес жұмысты дамыту жөнінде көп айтылады, сонымен бірге оны дамытуға қамқорлық жасау қажеттігі осы қасиеттің құндылығынан туындайды. Бірақ дербес жұмыс ең алдымен оның өмірде қолданылатындығынан емес, оның педагогикалық процестің -шығармашылық өзіндік дамудың мәніне жауап беретіндігімен манызды болып отыр. Дербес жұмыстан басқаша жолмен адам жетіле де алмайды: оның табиғаты осындай. Тәрбие мен білім беру көп ретте адамның өздігінен шығармашылық дамуына карсы қиянкескі күрес сипатында болып, оны ескіше, мезі қылған жолмен жүргізу мақсатымен күні бұрын дайындалған шектеуге карай тықсырады, тәрбие беру ісінің жалпыға бірдей ықтиярсыз жургізілгенінің өзінде де әңгіме дербестік жайында болып отыр. Шын мәнісіндегі, бұрмаланбаған педагогикалық процесс әрі еркін, әрі қажетті, өйткені ол өздігінен даму процесі болып табылады. Мұнда дербес жұмыс лажсыз құбылыс. Ал егер тәрбие мен білім беру ықтиярсыз жүргізілетін болса онда дербес жұмыс жөнінде сөз қозғаудың керегі де жок, бұл мен не деймін, қызым не дейдінің кебі, қисыны жоқ нәрсені киюластырғанмен бірдей.
Бұл топшылауда педагогикалык және психологиялық құнды көп идеялар бар. Ең бастысы организмге тән өздігінен даму процесі мен өздігінен дамуға карсы бағытталған педагогикалық процесс екеуінің өзара қайтсе де қақтығысатындығында және адамның калыптасуын бұрмалап жіберетіндігінде болып отыр. Өздігінен даму, өзіндік кызмет, педагогикалык. процесс біртұтас болуы тиіс, ал олардың соңғысы айқындауыш роль аткарады. Есеюге көмектесу баланың дамуын, іс-қимылын, қалыптасуын коғамның адамға коятын талаптарына сәйкес бағыттауды білдіреді. Көмектесу ыктиярсыз көндіруді, кыспақты және жасанды тоқыратуды немесе керісінше дамуды жеделдетуді білдірмейді. Өздігінен дамудың тенденцияларын есепке алып, түсіну, баланы оған баулу педагогикалық процестің өктемдігіне жол бермейді.
Егер оқыту баланың өзіндік ерекшеліктері мен талаптары есепке алынбастан құрылып, ол педагогикалык, ықпалға іштей қарсылык. білдіре алмайды, оқу оған ауыр жүк болады деп топшылаған жағдайда ғана оқыту өктемдік сипатқа ие болады. Мұндай тәсіл кезінде қызметтің оқыту немесе басқадай түрлеріне назар аударылмайды ал баланың өзі жаңарудың, ұстаз талаптарына бағынудың объектісі ретінде карастырылады.
Мұндай жағдайда бүкіл бағалау қызметі — мұғалімнің кұдіретінде: ол өзіне шақырады, сұрақтар қояды, тексереді, бақылайды баға кояды және т.б. жүзеге асырады. Сонымен қатар себептердің мазмұны мен сипаты, ақиқатқа өзіндік көзкарас, өзіндік ойлары мен пікірлері, ынталылық, әуесқойлық, бейімділік емес, білімді өздігінен игеру, оны меңгерудің сапасы, белгілі іскерлік пен дағдыларды игеру деңгейі бағалау затына айналады. Сөйтіп білімге қатысы бар адамның өз басы мен моральдық этикалық байлықтарын емес, оқушылардың санасына, ре-продуктивті ойлауына, жүріп-тұру ережесінің формальды орындалуына сүйенеді. Басқаша айтқанда, бұл жерде ең бастысы оқушының оқу тапсырмаларын себебі бар қандай негізде (құлқымен бе, әлде кұлықсыз ба, танымдық қажеттілігін қанағаттандыру үшің бе, әлде ұстаз бен ата-анасы тарапынан жаза алмас үшін бе) орындайтындығында емес, білімді меңгеру деңгейінде, олардың бағдарламаларда белгіленген мөлшерге сәйкестігінде болып отыр.
Педагогика процесінін, құралымына өктемдік ету мұғалім мен оқушылардың өзара қатынасыңда тәжірибе тудырып, балаларды үрейлендіреді, ұстазға да жек көрінішті етіп, олардын, адамгершілігін кемсітеді; оқудың ең басты нәтижесі ретінде бағаны нысанаға алады. Оқушы өзін жеке адам ретінде әлі сезінбейді, сөйтіп мұғалімге сөзсіз бағынады. Алайда өз ынтасының тежеліп, пікірімен және тілегімен есептеспейтіндігіне біртіндеп дағдылана отырып, бала белсенді таным, бірлескен шығармашылық, дербес жұмыс, дербестік пен есею кызығынан тыс қалған мектеп өміріне бұлыңғыр наразылық сезімін басынан барған сайын көбірек кешеді. Соның нәтижесінде «тәрбие трагедиясы» қайтсе де болады.Мұғалім мен тәрбиешінің ниетіне карсы тұру балаға тән деген түсінік қайдан шыққан? Шынында да балалар әрдайым оқу оқып, тәрбие алғысы келмей ме? Бұл сұрақтардың жауабы баланы танытып, тәрбиелейтін және білім беретін жағдайларға, яғни педагогикалық процестің сипаты мен бағытына байланысты.Ұзақ уақыт бойында оқушы оқытудың өктемдік тәсілі, өктем педагогикалық процесс жағдайында танылып келді. Бұған дейін мектепке ынтығып келген баланың кейін білімге селсоқ карап, біртіндеп оқуға ынтасының жойылуы мұғалімін жек көріп кетуі ықтимал. Мұның өзі мәжбүр еткізудің еріксіз, көндірудің жеке адам ретінде мойындамаудың, есеюіне ықпал ететін толыққанды өмір сүру талабын кемсітудің салкынынан болады. Мұндай жағдайда балалар өздеріне ұқсамайтын басқа адамға айналады. Ата-аналар әдетте балаларын жақсы мұғалімге беруге талпынатыны белгілі, мұнымен олар мұғалім ұйымдастыратын педагогикалық процестің сапалық басқа сипаты бар деп ойлайды. Нақ осындай оқушылардың көптеген кырларын толығынан көрсетіп, үлкен мүмкіндіктерін байқататын мұғалім басқадай әріптестерімен салыстырғанда окыту мен тәрбиелеуде тамаша нәтижелерге жетеді.Демек, егер біз баланың жеке басының қалыптасуына белгілі бағыт бергіміз келсе, онда педагогикалык процесс өзінің сипаты, жағдайлары мен ұйымдастырылуы жағынан өз мақсаттарына сәйкес болуы тиіс. Осы ереженің практикалык. мәні психологтар мен педагогтардың зерттеулерінде айқын дәлелденді. Мәселен, окыту процесінің бастауыш мектеп оқушыларын жалпы дамытуға негізделуі балаларға төрт жылдық бағдарлама курсын үш жылда меңгеруге мүмкіндік берді, мұның өзі төрт жылдық бастауыш мектепті үш жылдык етіп қайтадан күруға жетеледі (Л. В. Занковтың басшылығымен жасалған жаппай эксперимент). Оқу материалының теориялык. жағына ден кою және ойлау тәсілдеріне негіздей үйрету бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық кызметінің дәрежесін едәуір арттырады (В. В. Давыдовтың зерттеулері). Ал егер педагогикалық процесс балаларға деген өзіндік ар-ождан әдіс принципінің негізінде кұрылатын болса, онда мұның өзі оларды окыту мен тәрбиелеу ісінде өзінің белсенді одақтастарына айналдыруға мүмкіндік береді. «Адамгершілік жағдайлар жасау» педагогика тілінде оку-тәрбие процесіне оқушының қосылуын, онын. жеке басының жан-жақты дамуына елеулі дәрежеде жәрдемдесетіндей етіп, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды білдіреді, яғни балалардың әлеуметтік жат қылықтарын тудыратын көздер жойылып, тәртіптің адамгершілік нормаларын қабылдауды, еркімен таңдап алуды және оларды сақтауды қамтамасыз ететін жағдайлар жасалуы тиіс. Педагогикалық процесс бастауыш мектеп оқушысының жеке басын әлеуметтік бағытта калыптастыру және оны жан-жақты дамыту үшін неғұрлым қолайлы қандай талаптарға жауап беруі тиіс?Біріншіден, қарым-қатынастың мазмұны, атмосферасы, өзара катынастың түрі баланың оқуына, адамгершілікке жататындардың бәрін меңгеруіне, өзін адам ретінде тануын, ізгілік, өзін-өзі сыйлау сезімін, өзімен есептесе оқу тапсырмасын (педагогикалық және әлеуметтік міндетті) еркін таңдағандай оны өз ыкыласының негізі етіп қабылдағандай сезінуі керек.
Оқу процесі, әрине, әрдайым қиыншылықтармен кабаттаса жүреді, оқушының мектептегі өмірінен оларды толығынан ығыстырып жіберуге тырысу педагогикалык қателік болар еді. Демек, дамудың мәні нақ сол қиындықтарды жеңе білуде, сөйтіп олардан сырғаксымайды, керісінше құштарлана іздестіреді. Ойынға да ол осылай катысады. Ойнап жургенде баланың дене және ой абыржушылығын тудыратын қиындықтарды басынан кешірмейді,— деп ойлауға болмайды. Тіпті ойын оны еліктіріп әкетуі.де ықтимал, өйткені онда дербестігінің, зеректігінің, тапқырлығының, шығармашылығының белсенді көрінуін талап ететін түсініксіз көп жағдайлар жатады. Бала киындықтан корықпайды, бұл оның табиғатына жат болар еді. Ол танымға талпынып, онысын әр сәт дәлелдеп отырады. Алайда оны окуға амалсыз мәжбүр ететін оқытудың ықтиярсыз өктемдік жағдайларында оның танымдык талабы жойылып кетеді. Оқу бала өмірінің мәні болуы үшін оқушының ықыласы мен оқудың максаты сәйкес келуі керек, яғни ересектердің беретін тәлімін олар өздері еркімен қалап алатындай болуы керек. Осы жағдайда бала педагогикалық ыкпалға жеңіл беріледі, мұғаліммен ынталана ынтымақтасып, оның көмегін ыкыласпен қабылдайды, өзін окыту мен тәрбиелеу процесіне белсенді түрде мүдделі катысады.
Балалардың муғаліммен дайын білімді алып, оны қиналмай кабылдай бергісі келер ме екен? Жок, олай еткісі келмейді. Мұндай сабақтар оның ішін пыстырады, кызықтырмайды, бірақ елеңдеп, киналып, бұлғалактай береді, баскадай бірдемемен айналыса бастайды, ал мұғалім оны сабаққа жауапсыздықпен қараушы, тәртіп бұзушы ретінде бағалап, дегбірсізденеді де, жаман баға кояды, ұрсады, сөгеді. Ұдайы тәжікелесе берген соң оқушы ырыққа көнбей, ызаға булығады, оқығысы келмейді. Егер ұстаз баланың өзі тәжірибелер жүргізіп, байқай, зерттей, қорытындылар жасай отырып, өзінің ойы мен әсерлерін еркін айта отырып, өзі білім алатын әр турлі қызметке баланы еліктеткен жағдайда ғана, ол ықыластана ынтамен оқитын болады. Мұндай оқу еңбегі күш-жігерді, бүкіл ішкі күштердің тасқынын талап етеді, сондықтан да ол қуаныш пен рақатқа бөлейді. Окуды оқушының еркімен қалаған қызметі ретінде ұйымдастыру дегеніміздің өзі, біріншіден, оны мақсатқа меңзелген әлеуметтік және педагогикалык, мәні бар даму, тәрбие, біліммен және тәжірибемен байыту үшін неғұрлым жақсы жағдайлар жасауды, ал екіншіден, бұл процесті баланың ширыға тускен ішкі күштерінін талаптарына сәйкес, яғни баланың өз позициясы, оның мүдделері тұрғысынан басқаруды білдіреді. Ол үшін мұғалім тек тәрбиелеу ісін ғана емес, сонымен бірге баламен және балалар ұжымымен араласа білу өнерін де білуі тиіс. Оның үстіне сыныпта жалпы өзара сенім, сүйіспеншілік, кайырымдылық, достык, түсінушілік пен өзара көмек, қуанышка да, күйінішке де, бәріне ортақ көңіл күй болуы керек. Педагогикалық процесс бәрін және әрқайсысын жасампаз, дербес оқу-танымдық қызметке ынталандырып, көтермелеуі, балаларды ұстаздармен бірлескен шығармашылыққа, ынтымақтастыққа жұмылдырып отыруы тиіс.
2. Педагогикалық процесс жарқын бейнеленген даму тенденциясымен сипатталуы тиіс. Дамудың психологиялық механизмі жөнінде біз жоғарыда айттық. Енді оның педагогикалық қырын қарастырайық, өйткені мұғалімдердің бәрі бірдей дамып келе жаткан окыту методикасын біле бермейді. Бұл жерде, анығын айтқанда, енжарлық күші, қажетті кұралдардың жетіспеуі, педагогикалық процесті жобалауға шығармашылық тұрғыдан карамау, дамудың мәнін жете түсінбеу (кейбіреулер проблеманы шешу «Неге? Дәлелде! Түсіндір деген сияқты сүрақтар мен тапсырмаларды көбейтуге саяды деп түсінеді) факторлары әсер етеді.
Бала бойында нақ педагогикалық процесті дамыту үшін даму мазмұнын қалай аныктау керек? Осы орайда К. Д. Ушинскийдің айтқандары көңіл аударуға тұрарлық. Ол былай деп жазды: «Оқушылармен әңгімеде екі мақсатты есте тұрақты ұстау керек және басқа бірдемені ұмыту үшін олардың бірде-бірімен әуестенбеу керек. Біріншіден, формальды, мақсаттың мәні оқушының ойлау қабілетін, оның байқағыштығын, зеректігін, әсерленуін, қиялы мен ой талғамын дамытуда. Оқушыға кез-келген танымды беруді ғана емес, сонымен бірге... тек кітаптардан да оны қоршаған заттардан, өмірдегі оқиғалардан, оның өз жанының тарихынан да пайдалы білім ала білу кұралын беруді ұдайы есте ұстау керек.Пайдалы қорегін бәрінен ала білетін осындай парасатты адам өмір бойы үйренеді, ал мұның өзі, әрине, қандай да болмасын мектеп оқуының басты міндеттерінің бірін құрайды». Мектеп жұмысының, екінші максаты — материал, яғни мазмұнда. Мазмұны жоқ ақыл — «көпіршіген сабын». Окудың формальды және мате риалдық жақтары біртұтас болуы керек және мақсаттың алғашқысымен бірге екіншісіне де қол жеткізу үшін «ен. алдымен байқауға, түсінуге және ой таразылауға арналған пәндерді оқтайлы іріктеу кажет».
Жалпы даму идеясын ұсына отырып Л. В. Занков оның, мазмұнын кеңейте түседі: «...жалпы даму дегенде психикалық қызметтің жан-жақты дамуын ұғынамыз. Бұл мағынадағы жалпы даму ой дамуынан айырмашылығы бар, ол тек танымдық процестерді ғана емес, сонымен бірге ерік-жігер мен сезімді де... (немесе эмоцияны) қамтиды».
Біздің ойымызша, жалпы дамудың мазмұнына ерік тандап алу, талаптар мен себептер, шындыққа көзқарас, мүдделілік сезімі сияқты жекелеген сипаттар кіреді. Адам әрине, аталып өткен қасиеттердің жиынтығы емес, «мінез тұтастығы», «мінез-құлық адамның бағасы мен құдіреттілігін айқындайды». Адамға не нәрсе тым тәнірек? Адамнық әлде бір биікке шығуға тырысып, кез келген сәтте мұратына бағындыратын өзінің, бүкіл тірлігі тәнірек... Біздін, бәріміз де күшті, табанды, болашакқа сенімді болуымыз керек...»(Э. Тельман). Баланың түпкілікті талаптарын, кабілеті мен мүмкіндіктерін белгілі бір бағытта дамытып қалыптастырмайынша мінезі кіршіксіз ынталы адамды тәрбиелеу мүмкін емес. Бірақ әр баланың, белгілі бір бағытта дамуы мен жеке басының орнығуы танымдық, жасампаздық, жаңғыртушылык,, адамгершілік-этикалық қызметті үйымдастырудың ұжымдық немесе әлеуметтік түрғыдағы жекелеген формаларын өтетін процесте ғана ықтимал.
Бала өзінен басқа балалармен және өзін тәрбиелеп отырған ересектермен араласпаса өздігінен тіпті дербес адам түгілі карапайым адам бола алмайды. Ол өзінің тетелестерімен және тәрбиелеушілерімен қарым-катынаста және олармен ынтымақтастықта шынайы болмысы мен потенциалдық мүмкіндіктерін байқап, аша білген жағдайда адамдар арасында дербес адам болып өседі.
Даму қиындықтарды талап етіп, сол арқылы өтеді. Себепті, былайша айтқанда өзіндік мәні бар кызметті жүзеге асыру жолында оны тежеп, бөгет жасайтын киындык дербес күштерді нак. өзін игеріп, жойып жіберуге қажетті тегеурінді күшке айналдырудың алғы шарты болады. Қиындықтарды жоюға бағытталған психикалык. күштер мен олардын, ығысқан белсенділігін түрлендіру, сонымен бірге жаңғырулардық, былайша айтканда дамудын. туу, нығаю, қалыптасу процесі болады.
Педагогикалық процесс — мұның өзі қиындықтарды жеңуде оқушыға мұғалім көмектескен сәттегі ұстаздың баламен ынтымақтастығы. Ал педагогикалық көмектін. мәні неде? Жанама сұрақтарды түсіндіріп, оларды коюда ма? Психологиялық әдебиетте ұстаздың балаға көмегі тек танымдық мәселелерді шешуге ғана байланыстырылады, сондыктан да аясы тарылып, педагогикалык. кең мәнін жоғалтады. Баланың дамуына нактылы көмекті біз педагогикалық процесс бағытының, сипатының өзінен және адамның жеке басын қалыптастыру мен тәрбиелеуде .олар шешкен міндеттерден көруіміз керек. Егер ұстаз жауап беруге бала киналыңкырап тұрғанда оған жетелеуші сұрақтар берсе және сонымен бірге оның анғалдығына, ысылмағандығына, білместігіне және тағы сол сияқтыларына ренжіген сыңай танытса (кекесін немесе ыммен, дауыс көтерсе) сірә, ондайды көмек деп айту екіталай. Мұндай көмек, әрине баланын, мүмкіндіктерінін дамуын жеделдете алмайды.
Егер ұстаз түсіндірсе, көрсетсе, тұспалдаса, қорытындыласа, объективтендірсе, акыл берсе, кеңессе, сақтандырса, бірлесе камықса, көтермелесе, ынталандырса, сенім ұялатса, қызыктырса, себептер берсе, жігерлендірсе, талапқа талпындыратын ыкылас білдіріп, сыйласа, есеюге, еркін тандап алуға деген қажеттілікті канағаттандыруға көмектессе, оқушыны қарым-катынас қуанышына бөлесе, тетелестері мен жакын адамдары арасында беделін нығайтса ғана ол балаға көмектеседі. Өзара байланысын, мүддесі біріккен осынау әрекеттердін, мәні мен негізі — балалар ұжымындағы әр баланын шат көңілді, мазмұнды, рухани бай өмірі үшін оптимистік-адамгершілік ахуал жасауға талпынуда. Мүндай педагогикалық жағдайларда, м ұ н д а й педагогикалык көмек пен балалар ұжымының мүндай рухани өмірі ахуалында әр бала киындықтарды неғұрлым биік деңгейде жеңуде, өзінің. іскерлігін мейлінше көрсетіп, аша білуге кабылетті әрі әзір болады. Міне, сондықтан да бала жастық шағының көзі. Әрине ерсілік, сөйтіп бұл жерде де К. Д. Ушинскийдің айтқаны әділ. Бірақ, баланың қажырлы ой, ізденіс үстінде, ой-өрісі мен адамгершілігі жағынан жетілу жағдайында болуы үшін қандай қиындықты калай жоспарлауы керек, психикалық күштерді қай бағытта ширата түсу керек, педагогикалық процесті қалай жүргізу керек — мұның өзің ұстаздан шығармашылық пен шеберлікті талап ететін өте маңызды, бірінші дәрежедегі мәселе болып табылады.
Қиындыктар тек ойды шоғырландыруға ықпал ету үшін ғана емес, «байқағыштықты, есте тұтуды, елестетуді, қиялды, акыл-есті» (Қ. Д. Ушинскийдің айтқанындай) және адам сипатының анықтайтын психологиялық қасиеттердің комплексін дамытып, қалыптастыру, тәрбиелеу үшін керек.
Оқу-таным кызметінде туындайтын киындықтар бастауыш мектеп түлегін оқудан жирендіріп, оның мектепке, мұғалімге деген теріс көзқарасын тудыра ала ма? Олар баланы салақ, жалқау, тәртіпсіз, дөрекі ете ала ма? Егер бұл қиындықтар бала мүмкіндіктерінің шегінен шығып кетсе және біз сол киындыктарды жеңуді талап етіп, баланы күштесек, әрине, солай етуі ыктимал: егер біз баланы қиындықтармен жекпе-жек қалдырып, оған сергектік, кайырымдылык, ілтипат білдірмеген жағдайда да солай етуі ықтимал.
Адамның адамгершілігіне кұрылған педагогикалық процесте әлеуметтік тәжірибені, адамгершілік мінез-кұлык, дағдыларын тану, мен игерудегі киындықтар бала үшін мүлдем басқа психологиялык мәнге ие болады: жеңілдеу киындық өзін игеру кезінде қанағаттанғандық, психологиялық жайлылық сезімін бастан кешіруге жағдайлар жасайды, яғни таным, адамгершілік жағынан жетілдіріп, есейте түседі. Бұл процестің сәтсіздігі де, реніші де бо-лады, алайда оның эмоционалдық басымдылығы бар — табысқа сенім, өз күшіне сенім, мұғалім мен кластаста-рының көмегін қабылдауға әзірлік пен достыкты нығайтуға, дүние танудағы сергектікке ықпал ететін шығармашылық бірлігі мен ынтымақтастық.
3. Педагогикалық процесс балаға өмір қуанышын әперуі керек. Баланың өмірге дайындалып қана қоймай, қазірдің өзінде өмір сүріп отырғаны баршаға аян. Осы ойдан ақиқаттығына қарамастан, педагогикалык, процесті бала өз өмірінің мәнін табатындай етіп ұйымдастыруға бүкіл классикалық педагогиканың ұдайы шақырғанына карамастан, калыптаскан практика мектеп оқушысынын. мүддесімен аз есептесіп келді. Мұндай тәртіп казір де сакталып отыр. Оқушыларды ғылым негіздерінің ілімімен каруландырып, оларға кажетті іскерлік пен дағдылар сіңіруді педагогикалық процестін бастьі максаты ете отырып, мұғалімдер мен тәрбиешілер окушының өзіндік ішкі дүниесі, өзіндік талаптары, байлықтары, карым-катынастары, ойлары, тілектері, талпыныстары, өз қуанышы мен күйініші, өзіндік дара тіршілігі бар екенін кейде ұмытып кетеді. Қөптеген ұстаздар мұндай тіршілікті бала мектеп табалдырығының сыртында калдырып, сыныпқа кірісімен-ак, тек окуға берілуі тиіс деп санайды. Алайда бұлай болмайды, бала өзін толғандырып, күйіндіргеннен, қуанышка бөлегеннен, өзі талпынғанынан әсте қол үзбейді. Мектепке ол оку үшін ғана емес, ол сонымен бірге жолдастарымен кездесіп, олармен бірге ойнау, жаңалыктармен, жаңа ойыншықтармен алмасу үшін және басқадай себептермен де келеді. Педагогикалык, тұрғыдан жоспарланбаған осы карым-катынастар болмаса, бәлкім, окудың өзі де ілезде жалықтырып жіберер еді.
А. Н. Леонтьевтің пікіріне карағанда, оқу материалын меңгеруде (жалпы қандай да болмасын білімді меқгеруде де ғылымды меңгеруде де) адам өмірінде танымнын, қандай орын алатыны, адам үшін ол оның накты өмірінің бір бөлігі болып табыла ма әлде оның сыртқы күштеп та-ңылған шарты ғана ма екендігінің, шешуші маңызы бар. Бұдан әрі ол А. И. Герценнің «ғылымды өзің формальды меңгеріп алмас үшін оны бүтіндей бастан кешу керек» деген ойын келтіре отырып, мынадай қорытынды жасайды. «... оқуда да материалды формальды меңгеріп алмас үшін оқуды сырт кез үшін «оқымай», оны бүтіндей бастан кешу керек, оқыту емірге еніп, окушы үшін оның өмірлік мәні болуы керек».
Бұл — бала болашак өміріндегі білімнің мақызын түсініп, оқуды бүгінгі нақты өмірінің, бір бөлігі етуі және оқыту мен мектеп қуаныш немесе ауыр азап әкелетініне қарамастан оған өзі үшін өмірлік маңызы бар жеке басына ықпал ететін нәрсе деп қарауы керек дегенді білдіре ме? Жоқ, оны білдірмейді, өйткені бала олай ете алмайды және одан мұны талап етуге болмайды. Окыту ол үшін мәнді, емірінің бір бөлігі болу-болмауы, оқыту баланың актуальды талабынын. шеңберіне ену-енбеуіне, ол оның бүгінгі өмірінің жалғасына айнала ма, айналмай ма соған байланысты.
Бұған Л. В. Занков та ден қойды. «Біздің экспериментальды окыту методикасы үшін,— деп жазды ол,— жалпы экспериментальды дидактикалык. жүйеге арналған сияқты, ең алдымен окушы өміріндегі көзқарас, нүктесі маңызды. Дидактикалык және методикалық еңбектерде оқытудың өмірмен байланысына талаптар қоя отырып, оқушылардың өмірлерін де ұмытпау керек. кейде ескертіледі. Алайда оқушылар өмірі осының өзінде оқушылардың өздері жинақтаған өмір тәжірибесі, әсерлері, байқаулары ретінде түсіндіріледі. Біздің айтайын дегеніміз баска: мектеп жұмысының ерекшелігінен ауытқымастан оқушының оку кызметін оған өз өмірінің баска салаларына ұқсас, мәселен, әңгімелерге, ойындарға, жанұя сабақтарына немесе жолдастарымен кездесулеріне психикалық қызметінің әр түрлі жактары енгізілетіндей етіп ұйымдастырылған оқыту түрі».
Л. В. Занковтың оқушының оқу кызметіне оның сыныптан тыс өмірінің түрлі жақтарын қатыстыру жөнінде дұрыс айтылған ойлары, меніңше одан әрі тереңдетуді қажет етеді. Атап айтқанда, балаға өмір қызығын беру жөнінде қамқорлық жасай отырып, біз сабақты бұзып аламыз, оқу ісін ойынмен алмастырамыз, ал олай болса, оқудың максатын естен шығарамыз деп қорықпау керек. Керісінше, дәл осындай «шегіністер», балалардың қайсыбірін қызықтыратын окиғаларға уақытша көніл аудару олардың сабақ үстіндегі келесі қызметін өздері үшін маңызы бар оймен толықтырады. Айталык, баланың туған күні делік, мұғалім оны кұттықтап, жолдастары ізгі тілектерін білдіреді, содан соң бүкіл сабақты әлгі балаға арнау ұйғарылады. Ендігі жерде балалар жолдасын жақсы жұмыспен қуантуға тырысып, сабакқа ерекше бел-сенділікпен кіріседі деуге бола ма? Оқу сабағының жоспары туралы келісу; олардың сабақты қалай кұрғысы келетіндігі немесе сабақтың, калай өткені, онын, несі ұнағаны несі ұнамағаны, ұнамаса неліктен және тағы басқалар жөнінде акылдасу үшін сәттер ойластыру керек. Жалпы сол сәттік мәні еркіндік жағдайын туғызуда, сабакқа ынталандыруда, оларды сабақтың иесі ретінде сезінуіне көмектесуде, оларды эмоционалдық жағынан әсерлендіруде, сыныпқа кірер алдында жайдары сезімге бөлеуде.
Бала — тұтастай адам және ең алдымен, педагогикалық процеес оны толығынан, бүкіл өмірлік ынтасымен және талаптарымен бірге қызықтыруы тиіс. Бұл процесте бала өз өмірін ұдайы байыту, өзінін, есіп және барған сайын түрлене түскен танымдық және рухани талаптарын қанағаттандыру сезімін басынан кешіреді. Егер оқу баланын, позициясымен басқарылып, дамуға, дербестікке, адамгершілік жағынан қалыптасуына әзір етсе ғана ол бала өмірінің мәніне айналады.
Категория: Начальная школа | Добавил: Мухаметовна
Просмотров: 2026 | Загрузок: 39 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 11:17 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru