Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
[ Скачать с сервера (16.0 Kb) ] 2015-01-19, 3:51 PM
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

№39 инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Байменова Айсауле Гайдаровна
Павлодар қаласы

«Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»
Абай Құнанбаев

Қазіргі кезде мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз емес. Соның бірі оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру арқылы ойлау қабілеттерін, білім алуға деген құштарлықтарын арттыру. Сондықатан да балалардың психологиялық ерекшелікетін ескере отырып, қызығушылығын ояту және ойлау қабілеттерін дамытуда дидактикалық ойындар қолданған жөн деп есептейміз.
Ертедегі ұлы ойшылдар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Д.Ж.Локк, И.Г.Пестолоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. [1]
Я.А.Коменский ойынның еңбекпен байланысы жөніндегі күрделі педагогикалық проблеманы шешуге тырысты, сондықтан да оның көзқарастары бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ. Ол «Ойынды біз баланың рухани және дене дамуы қозғалысынан көреміз, сондықтан оларды саналы түрде пайда келтіретіндей етіп, жүргізуіміз қажет» - деп атап көрсетті. [1.172]
Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф.Фербель дидкатикалық ойындардың негізін салушы болып есептелінеді, ол қимыл-қозғалыс ойындарының, құрылыс дағдыларымен еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық жаттығуларлдың жүйесін жасады. Бірақ Ф.Фербель ойындардың мазмұны балалардың ой-өрісі мен қиялын дамытуды шектеді.
Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды. Зерттеушілер ойын арқылы оқу міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді. Ойын теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбие және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская және т.б өз пікірлерін білдірген.
Н.К.Крупская : «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін , яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген» деген болатын. [2.21]
Ойын - оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай сызба арқылы суреттесек те болады.

«Ойын» ұғымына түсінік берсек-бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі.
Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзіне қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейін негізгі әрекеті – ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.
Педагогкада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім мен білік беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әрекет. Ендеше, дидактикалық ойындар оқытуға арналған.
Дидактикалық ойындар - балалардың математикалық білімдерін арттырудың құралы. Математика сабақтарында ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойынды сабақтың ортасында қолданса, онда оқушылардың көңіл-күйлерін сергіту, шаршағанды ұмыт-тырып, ерік-жігерін дамыту мақсатын көздейді. Ойын сабақтың соңында болса, тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады.
Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы. Сондықтан да бастауыш сынып оқушылары сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Яғни алты жасарлармен ойналатын ойынның мазмұны жеңіл болады, ал сыныбы жоғарылаған сайын екінші, үшінші, төртінші сыныптарда бұл ойынның мазмұны күшейеді.
Мысалы: 1-ші сыныпта қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сынып жоғарылаған сайын, ойынның мазмұнын да баланың жас ерекшелігіне сай пайданалынады. Олай болса ойындарды пайдаланудың маңызы зор. Ойындарды математика сабақтарында қолдана отырып, балаларды саналы ойлантуға үйретеміз.
Нәтижесінде балалардың қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады.
Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойынды балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтардың тақырыбына, мазмұнына сай етіп таңдап алған дұрыс.
Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқущылардың ой-өрісін, танымдылық белсенділігін, қызығушылығын арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу үрдісіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездеріне нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлеріге бөлінеді:
1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі;
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік тапсырмалар құрайды.
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипаттқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
1. Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.
2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.
5. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.
Құрлымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктеуге болады:
1. Сюжеттік-рөлдік ойындар.
2. Жаттығу ойындары.
3. Шығармашылық ойындар.
4. Драмалық ойындар.
5. Әдеби-музыкалық ойындар.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
1. Білім беретін ойындар.
2. Тәрбиелейтін ойындар.
3. Дамытатын ойындар.
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
5. Диагностикалық ойындар.
Халық ойынының келелі бір мақсаты – баланы жан-жақты тәрбиелеу болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақ, ойлануға берілген сұрақтың түрліше жауабы болуы мүмкін.
Ойын ережелерінде тәрбиенің үлкен маңызы жатыр. Олар ойынның барысын белгілейді, балалардың тәртібі мен әрекеттерін, олардың қарым-қатынасын бақылайды, жігерінің қалыптасуына ықпал етеді.
Ойынға қызығуы үшін ойын өмірмен ұштастырыла алынып, оның қажеттілігін бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ, ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл, мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табылатын болуы қажет. Әрбір ойын ойналып болғаннан кейін, қорытындыланып отырылса пайдалы болады.
Дидактикалық ойындарды оқыту мен тәрбие құралына айналдыру үшін бір қатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс:
1. Бастауыш сынып мұғалімі дидактикалық ойындардың неғұрлым көп түрін білуі тиіс.
2. Дидактикалық ойындарын балалардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылығына байланысты іріктей білу.
3. Ойын ережесін өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткізе білу.
4. Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап алу.
5. Ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау.
6. Ойынға арналған құрал-саймандарды даярлау. Қажет болған жағдайда өз қолымен даярлау немесе басқа құралдармен алмастыру.
Ойындарды қолдауда мыналарды ескерген жөн.
- балалардың тұлғалық шығармашылық белсенділігін дамыту үрдісі циклды, оны құрастырушы циклдер ахуал мен үрдіс ретінде ситуативті шығармашылық белсенділіктің туындауымен және бар болуымен байланысты. Шығармашылық белсенділікті дамыту циклы ойындық іс-әрекет құрылымына енгізіліп жекелеген ойын немесе ойындар кешені шеңберінде жүргізіле алады;
- құрылымында оқушылардың ситуативті шығармашылық белсенділігі циклы айналымға түсетін жүйе ретіндегі ойынның жетекші функциялары: ситуативті шығармашылық белсенділікті іске қосу, шығармашылық белсенділіктің берілген циклын аяқтауда тиімді нұсқа және келесі циклдарды іске қосудың алғышарты ретіндегі ойындық шығармашылық табыс жағдаятын құру.
Дидактикалық ойынның белгілі бір нәтижесі болады, ол ойынның финалы болып есептелінеді, яғни ойынның аяғы.
Мұғалім үшін ойынның нәтижесі оқушылардың математика саласындағы жетістіктерінің көрсеткіші болып табылады немесе оқу-білімді игеру деңгейі болып есептелінеді.
Біз өз тәжірибемде «Математикалық лото» «Тізбек», «Поезд», «Орынды тап», «Жалғастыра санау», «Көрші-көрші», т.б. ойынындарын пайдаланған кезде оқушылар белсенді қатысып, ойынның нәтижесіне көңілдері толды.
Мысалы, «Көрші-көрші» ойыны.
Ойынның мақсаты: 10 көлеміндегі сандардың ретін меңгеру.
Ойынның мазмұны: мұғалім бір санды атайды, мысалы: «Жеті» дейді. Жеті саны тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады.
Мұғалім: «Бұл санның көршілері қатарына тұрыңдар!» дейді. 6 ,7,8 сандарын құрады. Одан соң 6 және 7 сандары салыстырылады. 6-ның 7-ден біреуі кем, 6-ға 1-ді қоссақ 7 болады. 6 саны 6 бірліктен тұрады. Одан соң 7,8, т.с.с.
Қорыта келгенде, біздің ойымызша зейіні төмен, пәнге деген қызығушылығы аз, математиканы қызықсыз әрі құрғақ ғылым деп санайтын оқушылар болатын сыныпта дидактикалық ойындарды қолдану зор ықпал етеді. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойын жағдаяттары оқушылардың іс-әрекет белсенділігін арттырып, ойлауға көбірек мәлімет береді және қабылдауды әсіресе эмоционалды және шығармашыл қылады.

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А. 2006-472 б.
2. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. – А.1973-730 б.
3. Керімбаева Р. Ойын түрлері және оның ерекшеліктері //Бастауыш мектеп
№3, 2008, 11-12 б.
4. Құлбаева С. Ойын әдісімен // Бастауыш мектеп. №3, 2004, 37-38б.
Категория: Начальная школа | Добавил: baimenovaaisaule
Просмотров: 2087 | Загрузок: 21 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 1:38 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru