Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша есеп
2015-02-10, 4:52 PM
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Ғ.Қайырбеков
Ұстаз болу - ұлылық. Осы ұлы есімге кір келтірмей қажырлы еңбек етіп, жас жеткіншектерді тәрбиелеп, Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне үлес қосуға міндеттіміз деп ойлаймын. Қазіргі қоғамымызда болып жатқан өзгерістерді, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, жаңаша көзқараспен дұрыс пайдалана білуіміз керек. Сондықтан, әр мұғалімнің сабақтарын қызықты өткізуі, сабағын жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруі, яғни сол жаңашылдыққа оқушыларды тарта білуі, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі - мұғалімдік міндеті және парызы.
Мектептегі тәжірибеде сыни тұрғыдан ойлау, дарынды және талантты балаларды оқыту, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, басқару және көшбасшылық, білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау, білім берудегі ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, яғни бағдарлама бойынша оқып үйренген барлық жеті модульді де қолдандым. Сабақтарымды өткізу үшін төртінші сыныптың математика пәнін таңдап алдым. Математика пәні – бастауыш сыныптарда ең негізі де маңызды пән. Бастауыш сыныпта математика ғылымның салалары бойынша қарапайым түсініктер беріледі. Кейін бұл түсініктер жоғары буынға барғанда кеңейтіледі. Бұның өзі математика сабақтарында оқушылармен ойланатын, ойлануға жетелейтін жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы сабақты жүргізу керектігін қажет етеді. Алғашында мені: жеті модульді қалай ықпалдастырып өткізу керек? - деген ой мазалады. Өзіме, осы ойымды жүзеге асыру үшін не істеуім керек? - деген сұрақ қойдым. Әрине Рысты Теміртасовнаның берген білімі мен мәліметтерінің пайдасы зор болды. Мәліметтер мен мұғалімге арналған нұсқаулықты басшылыққа ала отырып сабақ жоспарларын жаздым. Оқушылардың бағдарламаға сай білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, жанама түрде тұжырымдалған есептерді теңдеу құру арқылы шығаруға жаттықтыру. Көбейту және бөлудің әртүрлі жағдайларын тиянақтау, логикалық ойлау, шапшаң есептеу қабілеттерін дамыту. Оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық сезімін ояту, сондай-ақ ойын арқылы байқамдыздығын дамыту және баланың танымдық іс-әрекетпен өздігінен білім алу және еңбекке бейімдеу арқылы жылдам ойлау және сол ойын қорыта білу мақсатын көздедім.
Мұғалім сабақтарда білім берумен қатар, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра білуі керек. Оқушылар табысты оқу үшін және де оқытуда нәтиже болу үшін өздерін еркін, қауіпсіз сезінулеріне жағдай жасау қажет. Өткізілген сабақтар топтамасына келетін болсам, сабағымды бастамас бұрын көңіл–күйлерін көтеру мақсатында психологиялық тренинг өткіздім. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан біліммен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағыттайды. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгертуге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып, қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін сабақтарда «Атом және молекулалар», «Жасырынған суретті тап», «Жер сілкіну» тренингтерін және тағы да басқа ойындарды қолдану арқылы түрлендіріп отыруға тырыстым. Бұл сәттерде оқушылар еркіндікті сезіне отыра бір-біріне деген тілектерін шын көңілмен ұсынады. Оқытудағы жаңа тәсілдердің бірі топқа бөлу. Топтық жұмыс кезінде оқушылар өз тобы үшін тырысады және жауапкершіліктері артады. Алдыңғы сабақтарда топпен отырып үйренбегендіктен сыныпта оқушылар шулап кетті. Сондықтан оқушылармен пікіралмаса отырып:
*Сабақ үстінде шуламау
*Айтылып жатқан тақырып көлемінде сөйлеу
*Болжам жасай білу
*Бір-бірін тыңдау
*Басқаның пікірін сыйлау сияқты ережелерді құрып алдық. Ережелерді қатаң сақтау керек екенін тағы бір мәрте ескерттім. Осы дайындықтардан кейін сабақтарымды өткізе бастадым. Сабақты бейнетаспадан таныстырылым көрсете отырып жүргіздім. Өткізген екінші сабағымның тақырыбы: «1218:6, 12018:6 түріндегі бөлу» болды. Алдыма қойған мақсатым: Көрсетілген түрдегі көп таңбалы сандарды бөлуді орындауды үйрену. Ынтымақтастыру ортасын құру «Біліммен қаруланған білімпаз, нағыз жеңімпаз!» - деген ұранмен және балаларға:
1 дегенім жаман баға
Алады оны жаман бала
2 дегенім нашар баға
Оқушыларым нашарлама
3 дегенім орта ғана
Сапасы да орта ғана
4 дегенім жақсы баға
Алады оны жақсы бала
5 дегенім үздік баға
Оқитын болыңдар үздік қана - деп тілек айтудан бастадым. Оқушылар ортаға шығып шеңбер болып тұрды. Жасырынған суретке байланысты сауалдарға жауап бере бастады.
-Қалай ойлайсыңдар, бұл ненің суреті? Оқушылар әр түрлі жауаптар айта бастады. Бірақ, дұрыс жауап болмағандықтан бағыттаушы ойлар тастадым. Ол тірі табиғатқа жатады. Бұл өсімдік және өте әдемі болады. Біз мереке күндері аналарымызға сыйлаймыз - деген сәтте оқушылар суреттегі гүл екенін түсінді. Оқушыларға гүлдердің суретін таратып бердім. Суреттерді аударып қараған сәтте оның әртүрлі екенін байқаған оқушылар гүлдердің түріне қарай «Түймедағы», «Раушан», «Қызғалдақ» болып үш топқа бөлініп отырды. Оқушылар бір-біріне сәттілік тіледі.
Александер(2004) білім берудегі әңгімелесуді қарым-қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері) келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады (1). Оқушылармен диалогта ой толғау арқылы жетекші сұрақтарға жауап бере отырып, өткенмен байланыстыра сабағымыздың тақырыбы қандай және неге байланысты болатынын оқушылардың өздерінің ашып айтуларына мүмкіндік берілді.
Мысалы: -Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
-203х6, 2003х6 түріндегі көбейту.
-Бұл тақырыпқа байланысты қандай ережелерді білесіңдер?
-Санның разрядтық көрсеткіші болмаған кезде 0 жазылады.
-Тағы не айта аласыңдар?
-Санды 0-ге көбейткенде 0 шығады.
-Санды 1-ге көбейтсек сол санның өзі шығады.
-0-ді санға бөлсек 0 шығады.
-Санды 0-ге бөлуге болмайды.
-Ал көбейтуге кері қандай амал бар?
-Көбейтуге кері бөлу амалы бар?
-Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай болуы мүмкін?
-Бүгін бөлу амалымен жұмыс істейміз – деп оқушылар өз жауаптарын айтты.
-Иә, дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: 1218:6, 12018:6 түріндегі бөлу
-Ал бөлуді қандай амалмен тексеруге болады? - деп диалогымызды жалғастырдық. Оқушылар:
-Бөлуді көбейту амалымен тексереміз деп жауап берді.
-Бұл жерде қандай ой түюге болады? – деген сұраққа оқушылар мүдіріп қалды.
-Бөлу мен көбейту өзара кері амалдар, бөлуді көбейтумен, көбейтуді бөлумен тексеруге болады - деп өзім көмекке келдім де бірден сабағымыздың мақсаты: 1218:6,12018:6 түріндегі бөлуді орындауды үйрену деп таныстырып өттім. Сабақтың соңында: Көп таңбалы сандарды оқып дағдыланады; көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөле алады; жаңа тақырыпты бекіту есептерін шығара алады; сыни ойлары қалыптасады деген нәтижеге жетуді көздедім. Жаңа тақырыпқа байланысты тапсырманы тақтаға шығарып, өзім түсіндіріп беру сияқты ескі дәстүрді өзгерту мақсатымен тапсырманы орындауды өздеріне жүктедім. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес, ойлау өзіндік сипатта болу қажет. Ең негізгісі - оқушы нені ойлау керектігін өзі шешу керек. Әрине, бұл сәттерде көшбасшылық танытқан дарынды оқушылардың еңбектері бағаланып, смайликтер беріліп формативті бағалау жүргізілді. Өйткені, бастауыш сынып оқушылары мақтау, мадақтауды әрқашан қажет етеді. Ол келесі тапсырмаларға ынталандырады. Өткен сабақтарда қатыспай отырған Томирис пен Нұржан осы сабақта белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беріп, есеп шығаруға тырысты.
Сыни тұрғыдан ойлау тәсілі бойынша бастауыш сынып оқушылары өте тартымды жұмыс жасайды. Сондықтан да осы тәсілді әр сабағымда қолданамын. Сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл - балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Қазіргі кезде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын қызықты тапсырмалар жеткілікті. Оқушылардың сыни ойлаулары «Карусель» ойынында дамиды.

Үш топқа үш түсті фломастер, тапсырма жазылған қағаз берілді. Шапалақтаған кезде тапсырманы орындауды бастады, келесі шапалақтағанымда топтар тапсырмаларын ауыстырып отырды. Осы кезде қағаздарын ауыстырып алып, қателесіп кеткен сәттер де болды. Тапсырманы аяқтаған кезде әр топ өз түсіне қарай қорғауға шықты. Райхан сызып тастаған өрнектің қатесін тауып түзетті. Бұл сәтте де оқушылардың еңбектерін смайликтермен формативті бағалау түрі қолданылды. Оқулықтағы тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай үш деңгейге бөлініп берілді. Тез әрі дұрыс орындаған оқушылар бағаланып отырылды. Тапсырманы орындап болған соң сергіту сәтін өткіздім. Білімдердің технологиялық аспектісі - технологиялық білімдер (ТБ) мен пәндік білімдердің (ПБ) өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алады. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, білім беру технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек.(2) Сондықтан да әрқашан сергіту сәтін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы өткізуге тырысамын. Себебі, қызығушылығы тез артады, сабаққа деген құлшынысы дамиды. Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Америка педагогі әрі философы Джон Дьюи «сыни тұрғыдан ойлау оқушылар тек нақты бір мәселемен айналысқанда ғана пайда болады. Мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді.»-деп айтқандай, келесі тапсырманы орындау үшін:
-Сандарды қандай заңдылықтарға сүйеніп жазылған? - деген сауал қойылды. Осы сауалға жауап беру үшін төменде берілген кестені толтыру керек болды.
Сыни ойлай отырып сандарды қандай заңдылықтарға сүйеніп жазылғанын анықтады және өздері жалғастырып жазды. Берілген уақытта тапсырманы орындап, әр топтан бір оқушы шығып қорғады. Сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды, дәлелге ұмтылады. Бұлай ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімді негізі бар саналы дәлелдермен нақтылай түседі. Дәлелдер тауып, көшбасшылық танытқан Нұрбол болды. Ол шығып бірінші қатардағы сандардың өзіне-өзін қосу, яғни арттыру арқылы келесі санның жазылғанын түсіндіріп берді. Сөз кезегі Ильясқа берілді. Екінші қатардағы сандардың азайту, яғни кеміту арқылы келесі санның жазылғанын түсіндіріп дәлелдерін айтса, Қизат шығып, Ильястың сөзін жалғастырды. Қизаттың тобы есептеуден қателесіпті. Қатесі бар ма? деген сауалға Ерсайын бар деп жауап берді де, шығып қатесін түзетті. Қизат қатесін өзі түсініп, келесі сандарды өзі атап берді. Жаңа тақырыптан білгенін пысықтау мақсатымен әр топқа бөлу амалын орындауға екі өрнектен берілді.
Барлығына берілген тапсырма бірдей болғандықтан бірінші болып аяқтаған топтың ғана жауабын тексердік. Басқа топтың жауаптарын тек салыстырып шықтық. Барлығының дұрыс орындағанына қуандым, өйткені, бұл оқушылардың жаңа тақырыпты меңгере алғанын, ендеше олар сыни ойлай білетіндерін көрсетті деп айтуға болады. Жалпы сабақ Блум таксономиясы бойынша қорытындыланды. Білу үшін біз өткенді қайталадық, есептер шығардық, түсіндіру және қолдануды жаңа сабақты өткен кезде жүргіздік, талдау деңгейлік және топтық жұмыстар кезінде болса, соңғы тапсырмада біз жинақтадық. Сабағымыздың соңында әр топтан бір бала сөйлеп, өздеріне және топтарына бағалау жасады. Барлық оқушылар өте жақсы жұмыс істегендіктен, өз алғысымды білдіріп, қызыл жұлдызшалар таратып шықтым. Оқушылар берілген стикерге ойларын жазып, тақтадағы бетбейнелер салынған флипчартқа жапсырды. Барлық оқушылар көңілді бетбейнеге жапсырғаны маған жақсы әсер етті. Жалпы сабақ бойынша жиынтық бағалау жасалды.


Бағдарламаның модульдерін тәжірибеде қолданудың нәтижесіне келсек, оқушы өзін сабақта еркін ұстай алады, қызығушылығы артып, сабаққа белсене араласып кете алады, тіптен бұрын сабаққа қатысқысы келмеген баланың да бойында өзгерістер пайда болып, бірден араласып кетпесе де, бірте-бірте өз ойын айтатын болады. Сондықтан модульдердің оқушыларға сапалы білім беруге тигізер әсері жоғары. Қорыта айтқанда, жеті модульді қамти отырып, оқыту барысында:
*Жұптасып және шағын топтармен жұмыс жасауы ;
*Тұлғаның қызығушылығының артуы;
*Әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігінің артуы;
*Әрбір тұлғаның ішкі сезіміне назар аудару;
*Оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімделуі;
*Тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарының дұрыс қалыптасуы;
*Сыни тұрғыда ойлай алуы;
*Өзін-өзі еркін ұстап, ойлаған ойын анық жеткізе алуы;
*Өзара пікірлесіп, бір шешімге келе алуы сияқты нәтижелерге қол жеткіздім- деп ойлаймын.
Берілген модульдер білім алу үрдісін мәнді етеді. Қорыта айтқанда, әр модульді қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жете аламыз. Осындай бағытта жүріп отырсақ, алдағы уақытта, жаңа оқу жылында курста оқыған, үйренген, білген модульдерімді тәжірибе жүзінде іске асырып, жемісін көремін деген сенімдемін.
Өзгеріс - өткінші оқиға емес, ол уақытты талап етеді және сатылы түрде жүріп отыруы керек. Негіз құраушы идеялар бірден өзгермейді, сол сияқты жаңа модульдер де лезде орындалмайды. Сабақ беруді өзгертуге алғаш қадам жасау, осы уақыт туралы өз толғанысымыздағы маңызды нәрсені анықтайды. Мен алғашқы қадамымды жасадым, ендігі мақсатым: жұмысымды жалғастыру және нәтижесін көру үшін аянбай еңбек ету.
Сондықтан да болашақта мен:
* Cабақтарымда жеті модульді ықпалдастыра отырып қолдануды;
* Топтық жұмыстарды сабақтарымда тұрақты пайдалануды;
* Жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды түрлендіріп отыруды;
* Өзін, басқаны, топты бағалауды жетілдіруді;
* Білу, түсіну арқылы және дәлелдей отырып нәтижеге жете білуге үйретуді
жоспарлап отырмын.
Сілтемелер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Сыныптағы диалогтің маңызы» 39 бет.
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану» 64 бет.
Категория: Начальная школа | Добавил: bibigul7263
Просмотров: 2230 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 9:28 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru