Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудағы әдістемелік кеңес қызметі
2015-08-19, 7:27 AM
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудағы
әдістемелік кеңес қызметі

Жумекенова Шынар Шуреновна
Ақтөбе қаласы №29 орта мектебі

Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңашатұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Қазіргі мектептердің, біріншіден, практикалық қызметінде жинақталған барлық игіліктердің сақталуы, екіншіден, қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіру, еліміздің материалдық-қаржылық ресурстарын әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыруміндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практика, жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет»,-депатап көрсетілуі мұғалім іс-әрекетіне жаңа бағыт сілтейді. Бұл заңда қазіргі кезеңде мұғалімдердің біліктілігін жетілдірумен қатар, кәсіби қызметтің ғылыми негіздерін практикаға қолдануға, практикалық іскерлікпен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие беру мен білім беру мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалыққа енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығын Н.В.Горбунова, М.В.Кларин, А.В.Лоренсов, М.М.Поташник, П.И.Пидкасистий, Л.И.Романова, В.И.Загвязинский, А.Я.Найн, Т.И.Шамова,
О.Г. Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова және т.б. зерттеулерінде қарастырған.
ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында алдыңғы қатарлы ұстаздар тәжірибесін зерделеу көкейкесті мәселенің біріне айнала бастады. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің мәне мен өлшемін
В.И.Бондарь, В.А.Кан-Калик, Н.В.кухарев, Я.С.Турбовский, Л.М.Фридман және т.б. ғалымдар анықтаған.Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің жоғары сатыдағы шеберлік деңгейі, яғни тәжірибесінің мазмұнында ешқандай жаңалығы болмаса да, ғылымда белгілі қағидалар мен әдістерді қолдана отырып, жоғары педагогикалық нәтиже береді.Жаңа енгізілген жаңалық немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналады.
Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол – ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Бұл процес стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді. Тұтас педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директор, мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі арта түсуде.
Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан – дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдік және басқа жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық –педагогикалық дайындық талап етеді. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.
Инновация – жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және үрдіс ретінде әлдебір жаңалықты енгізу деген сөз. Педагогикалық үрдісте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар – озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық үрдістердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі үрдістің тұтастығ тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық үрдістердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі үрдістің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс,яғни инновациялық үрдістің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану алуға тиіс. Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау,игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызетін атқарады. Осы үрдісті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал, педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қзметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие үрдістерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұщырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.
Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықт игеру және қолдануға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын қатаң тәртіпке бағндырып қойған жағдайда мұғалімнің өз бетінше бағдарлама, оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтің жаңа әдіс-тәсілдерін пайалануға мүмкіншілігі болмады. Егер бұрнғы уақытта инновациялық қызмет негізінен жоғарыда ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушіліксипат ала бастады. Сондықтан да мектеп, білім беру органы басшыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасау болуы тиіс.
Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға енуі, мемлекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда.
Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу мен қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді талдау талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.
Педагогикалық тәжірибе көпшілік озық болуы мүмкін. Озық педагогикалық тәжірибе тарихилығымен ерекшеленеді. Өйткені әрбір жаңа кезеңде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да мүмкіндіктерінің кеңеюімен педагогикалық қзметтің жаңа талаптары пайда болады. Сонымен бірге озық тәжірибе педагогика ғылымы мен практикасының қазынасын үнемі толықтырушы, жаңартушы қызметте атқарады.
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда әдістемелік кеңестің атқаратын қызметтері төмендегідей болады: басқару; жоспарлау; ұйымдастыру; бақылау; нәтиже.
Мектептегі әдістемелік кеңес мұғалімнің инновациялық қызметтерін жүзеге асыру үшін әдістемелік пәндік бірлестіктер мен әдістемелік-тәрбиелік бірлестіктерін құрайды. Осылайша құрған әдістемелік кеңес мұғалімнің инновациялық қызметтерін жоспарлауға кіріседі: мектептің әдістемелік даму бағдарламасын жасайды, жылдық әдістемелік жоспарын жасайды, оқу бағдарламасын түзейді, оқу жоспары мен күнтізбелік жоспарын жасауға көмектеседі. Әдістемелік кеңес мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру бағытында ғылми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруды, мұғалімнің шығармашылығының қалыптасуына ат салысады.
Әдістемелік кеңес оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық оқыту технологиялары қалай жүзеге асырылып жатқанын бақылап, инновациялық әдістемелік қызмет атқарады: білім сапасының нәтижесін тексеріп, білім сапасының мониторингісін жасайды, нәтижесін талдап, қорытынды шығарады.
Мектепішілік инновациялық іс-әрекет біріншіден, жаңалықты таңдау, оны іске асыру болса, екіншіден, сол жаңалықты жүзеге асыратын мұғалімдердің инновациялық даярлығын қажет етеді.
Мұғалімдердің инновациялық даярлығын қалыптастыру үшін төмендегідей жағдайлардың болуы шарт: білім беру мекемелері басшыларынң инновацияны енгізудің құндылғын түсінуі; мектептің материалдық-техникалық базасын күшейту; мектептегі компьютерлер санын көбейту, оны түгелдей интернет жүйесіне қосу, мектептегі әдістемелік жұмыстарға жаңаша бағыт беру, әр мұғалімнің шығармашылығын арттыратындай ізденіс жұмыстарын жүргізу; әрбәр мұғалімнің шығармашылық мүмкіндігін ашу; жаңа идеясы бар шығармашылық қабілеті жоғары маманның болуы; мектептің озық іс-тәжірибелерін жеке веб-сайттар арқылы тарату, пайдалану.
Қазіргі кезеңде педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Ал мұның өзі мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктейді. Мұндай міндеттерді шешу мұғалімдерден оқушыларға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі, әрі тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолдануының тиімділігін арттырудың, оқытудың инновациялық технологиясын меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыл енгізуді талап етеді.

Қолданылған әдебиеттер:

1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Астана, 2004ж.
2. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.
3. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004
4. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008
5.Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007
6.Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.
Категория: Начальная школа | Добавил: shanar64
Просмотров: 2449 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 3:23 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru