Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

2-сынып Қайталау
2016-01-24, 7:59 PM
«№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат» КММ

Математика
Сабақтың тақырыбы:
« Қайталау»
2-сынып

Дайындаған: Қалиева А. Ш. 
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Жазбаша қосу, азайту дағдыларын (ондықтан аттамай, ондықтан аттап); геометриялық фигураларға байланысты білімдерін, екі амалды есепті шығаруға байланысты білімдерін тиянақтау.
2. Ойлау, есте сақтау, есептеу, пайымдау қабілеттерін дамыту.
3. Спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, еңбекқорлыққа, бәсекелестікке тәрбиелеу.
4. Көлем, түс, пішінмен жұмыс.
Сабақтың типі: білімді тиянақтау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік, топтық, жекелеме жұмыс.
Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, қазақ тілі.
Сабақтың көрнекілігі: сабақ презентациясы, тапсырмалар жазылған хаттар, геометриялық фигуралар,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Кел, балақай, күн жарық
Келіп жүрме кеш қалып,
Қане, сабақ бастайық,
Көп қызықты еске алып!
- Қымбатты, оқушылар, өздерің көріп отырғандай, бүгінгі біздің сабағымызда қонақтар бар. Сондықтан, қысылмай-қымтырылмай білетінімізді көрсетейік. Сабақта біз сендермен күнделікті орындап жүрген тапсырмаларды орындаймыз.

ІІ. Ауызша есептеу.
- Балалар, қазір біз сендермен ауызша өрнектердің мәнін табайық.
7+8=15 (т) 6+5=11 (о) 9+3=12 (р) 17-8=9 (п) 12-4=8(с)

- Ал, енді осы өрнектердің мәнін өсу ретімен қойып, жасырылған сөзді табайық. Қандай сөз шықты? (СПОРТ)
- Ендеше, балалар, бүгінгі біздің сабағымыз спортқа байланысты екендігін түсінген шығарсыңдар. Қазір қыс мезгілі болғандықтан, қысқы спорт ойындарын есімізге түсірейік. (шаңғы жарысы, биатлон, хоккей, мәнерлеп сырғанау)

ІІІ. Негізгі кезең:
а/ Күн реті
ә/ Көркем жазу

- Ал, енді балалар, слайдқа назар аударайық. Не көріп отырмыз?
- Олимпиада нышаны.
- Дұрыс айтасыңдар. Бұл нышан - олимпиада кезінде әр түрлі материктер мен мемлекеттердің бас қосып, күш сынасуларының белгісі. Әрбір олимпиада шеңберінің нені білдіретінін біліп алайық:
Көк шеңбер – Еуропаны
Сары шеңбер – Азияны
Қара шеңбер – Африканы
Жасыл шеңбер – Австралияны
Қызыл шеңбер – Американы білдіреді.
- Қысқы олимпиада ойындары 4 жылда 1 рет болады. Биыл 2014 жылы қысқы олимпиада ойындары Ресей Федерациясының Сочи қаласында өтті. Біздің мемлекетіміздің қоржынында мәнерлеп сырғанаудан 1 қола медалі бар. Оның иегері Денис Тен деген спортшы. Ол сендерге өзінің тапсырмасын жіберіпті. Кім хатты оқимын дейді?



б/ 1-тапсырма
Мәнерлеп сырғанау - мұз үстінде әуен ырғағына сәйкес жалғыз және серіктесінің демеуі арқылы айналу, секіру, адымдарды және фигура суреттерін үйлестіре, сырғанау бағыттарын өзгерте отырып спортшының қозғалу қимылдары болып табылатын спорт түрінің бірі.
«Баған түрінде қосып, азайт!»
37+22 78-24 66+25 100-51

в/ Сергіту сәті
1,2,3 - Жинап бойға күш,
4,5,6 - Отыр, тұр, шалқы,
7,8, - «Ух» деңіз,
9,10 - Енді орындығыңа қон!

г/ 2-тапсрыма
Шаңғы жарысы — белгілі қашықтықтағы арнайы дайындалған трасса бойынша белгілі бір спортшылар санаты бойынша (жастары, жынысы және т. с. бойынша) шаңғымен жарысу спорты
- Ендігі тапсырма шаңғышылардан келіпті. Кім оқыса екен?
Есепті оқы, шығар: Айдар шаңғымен 12метр жүрді, ал Дәулет одан 7метр артық жүрді. Балалар шаңғымен барлығы неше метр жүрді?



ғ/ 3-тапсырма
Хоккей - шайбамен мұз үстінде ойналатын командалық спорт ойыны.
- Хоккейстер де өз тапсырмаларын жіберіпті. Теңдеу шеш:
х - 6=20 х + 10=25 48 - х=40

д/ Көзге арналған жаттығулар
Олимпиада нышанын көзбен жинап шығайық: бірінші көк шеңберге қараймыз, келесі сары шеңбер, үшінші қара шеңбер, төртінші жасыл шеңбер және ең соңғысы қызыл шеңбер. Ал енді бір рет керісінше.

е/ 4-тапсырма
- Кімдерден келген екен? Көрелік. Биатлоншылардан келіпті.
Биатлон — белгілі бір қашықтық сайын шаңғы үстінде мылтықпен нысанаға оқ ата отырып, шаңғымен жарысу.
1-қатар төртбұрыш туралы не біледі? Төртбұрыш саламыз. Р - табамыз.
2-қатар шаршы туралы не біледі? Шаршы саламыз. Р - табамыз.

Уақыт артылып қалса, қосымша тапсырма:
2014 жыл деген сандағы бар цифрдан екі таңбалы сан құрастыр.

ІҮ. Бекіту:
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Ұнаса несімен ұнады?

Ү. Үй тапсырмасы: №5, 177- бет теңдеу шешу ( қосылғыш, азайғыш, азайтқышты табу)

ҮІ. Бағалау.

- Олимпиада ойындарына қатысу – бұл спортшылардың жетістіктері. Ал сендердің жетістіктерің – мектепте жақсы білім алу. Сабақта да, өмірде де жетістіктер тілеймін. Осымен біздің сабағымыз аяқталды.
Категория: Начальная школа | Добавил: Айеке
Просмотров: 1195 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 5:21 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru