Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Кітап ескірмейді
2016-03-29, 12:03 PM
Алматы қаласы,
«Бөбек» ҰҒПББСО
«Өзін - өзі тану» гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Ережепова Назгуль Иманмадиевна
1 «Ә» сыныбында өткізген
ана тілі мен өзін - өзі тануды ықпалдастыру сабағы


Мектеп: «Өзін-өзі тану» гимназиясы Мерзiмі:27.01.2016ж
Тақырып:Кітап ескірмейді
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер:сүйіспеншілік,достық, татулық
Мұғалiм:Ережепова Назгуль ИманмадиевнаСынып:1«Ә»Оқушылар саны:16

Сабақтың мақсаты: Балалардың кітап құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және рухани құндылықтарды үйренуіне ыққпал ету.
Міндеттері:

1.Білімділік: Кітапты оқу арқылы біліміміздің шыңдалатыны туралы ұғымдарын кеңейту,толықтыру, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілдерін дамыта отырып, сауатты жазумен ауызекі дұрыс сөйлеу мәнерін жетілдіру.
3.Тәрбиелік: Кітапты құрметтеуге, күтіп ұстауға, кітап оқуға деген құштарлықтарын оята отырып сүйсіспеншілікке тәрбиелеу.
Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)
Күнделік,дәптер,
пенал,
бейджик,қалам
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлем-сөздің анасы дегендей келген қонақтармен амандасайық.
Өсті, міне, бойымыз,
Өсті, міне, ойымыз.
Әліппемен қоштасып,
Ана тілді оқимыз.
5 Т-ны еске түсіру:
1. Тәртіп;
2. Талап;
3. Тыныштық;
4. Тазалық;
5. Татулық.
Дұрыс. Осы 5 Т-ны есте сақтай отырып, менің мына сұрақтарыма жауап беріңдерші:
1) «Тарс-тұрс» бұл не? (дыбыс)
2) Дыбыстың таңбалануы не?(әріп)
3) Жалпы дыбыстар неше топқа бөлінеді?(2 топ)
4) Қандай топтарға бөлінеді?(дауысты,дауыссыз)
Ендеше, менің қолымдағы әртүрлі түске қарай топқа бөлінейік:
Сары-дыбыстар;
Жасыл-әріптер;
Қызыл-дауыстылар;
Көк-дауыссыздар. Біздің бүгінгі сабақтағы мақсатымыз-топ болып жұмыс істеп білімімізді шыңдай түсу.
Алдымен ойымызды жинақтау үшін,тыныштық сәтіне кезек берейік.

Тыныштық сәтi:
Балалар біз қазір тыныс алуға зейін қою жаттығуларын жасаймыз. Сіздерден аяқ-қолдарыңызды айқастырмай, түзу отыруларыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуларын бастаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шағарамыз.
Кәне, дайындалайық балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз....,қолдарыңызды тізеге қоюға болады...Мен 1 дегенде, дем аламыз, 2 дегенде демді шығарамыз...(3-4 рет)
Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!
Өздеріңді қандай күйде сезіндіңдер?
Ескертулер:
2. Үй тапсырмасын тексеру:
-Үйге қандай тапсырма берілді?
- 32,34 беттегі ережені жаттау, ережені пысықтау.
Жан-жақты тексеру: Аққала құрастыру ойыны.
I-топ. Сөз құра.
Та ке
А Ә
II-топ. Адасқан әріпті тап.
А...а, қ...с,а...з, ... ата,ша...а,қ...р.
III-топ.Сөздерді тап.
Та на
қыл А уыл

дам
IV-топ. Жұмбақты шеш.
Қабат –қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
Ол не , балалар?(кітап)
Тапсырмаларды біз қалай орындадық?
- Ұйымшылдықпен, бір-бірімізге көмек қолын соза білсек, татулығымыз арта түседі, барлық қиындықты жеңе білеміз.
- Ендеше, бұл жерде татулық қалай пайда болды?
- Татулық сүйіспеншіліктен пайда болады?
- Балалар,білімімізді шыңдау үшін не қажет?
- Кітап.
Дұрыс айтасыңдар. Мен сендерге кітаптің шығу тарихын айтып берейін.
3. Әңгiмелеу.
Кітаптың шығу тарихы
Алғашқы заманда өмір сүрген адамдарда қалам, қағаз болмаған. Олар өз ойын жеткізу үшін сыза бастаған. Сөйтіп, олар тасқа, папирусқа жаза бастаған. Тасқа қашап жазған. 105 жылы қарапайым қытай шебері Цой Лунь қағазды ойлап тапты. Жалпы қазақ жасау өнері XIII ғасырдан басталды және бұл кітаптің дамуына кең жол ашты. Содан бері кітаптің әр-түрлі, қағаздың сан түрі жасалып келеді.
Талқылау сұрақтары:
- Әңгіме не туралы?
- Адамдар неге жазған?
- Жазу не үшін қажет болды?
- Жазудың пайдасы?
Қорытынды. Адамдар күнделікті өмірде тату-тәтті тұрған.

Сергіту сәті
Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
4. Жаңа сабақ
Кіріспе бөлім. (ескі және жаңа кітап көрсету арқылы)
- Мынау қандай кітап?(жаңа,ескі)
- Кітап ескі болғанымен оның ішіндегі өсиет сөздер, нақыл сөздер және қасиетті сөздер ешқашан өзгермейді. Ендеше, біз бүгін «Кітап ескірмейді» деген мәтінмен танысамыз. Мәтінді оқып, талқылаймыз. Міндетіміз: сұрақтарға жауап беру және қосымша тапсырмаларды орындау.
Мәтінді оқып беру.
Оның кейіпкерлері туралы мағлұмат беру.
Қожанасыр-қазақтыңкүлдіргі әңгімелерінің кейіпкері. Ол күліп айтса да, шындықты айтқан. Әңгімелерде Қожаның қасында есегі жүреді. Кедей адамдарға көмектескен, өзі де кедей отбасынан шыққан.
1) Әңгімені ролге бөліп оқыту;
2) Кітап неліктен ескірмейді?
3) Кітап туралы қандай мақал білесің?
4) Қожанасырдың кітап туралы айтқан сөзін тап.
Кітап-не екен, балалар?
Кітап-біздің рухани байлығымыз. Кітап ескіргенімен, оның ішіндегі рухани байлық ескірмейді. Адмадар, яғни біздер оны сондықтан құрметтейміз.
5) Қожанасыр досына не деді?
5. Дәптермен жұмыс.
49-жаттығу
I-топ – жуан айтылатын
II-топ – жіңішке айтылатын
III-топ – жуан,жіңішке(аралас) айтылатын
IV-топ – өмірмен байланыстыру.
Адам өмірінде қуаныш пен реніш қатар жүреді. Оларды тек сүйіспеншілікпен, татулықпен, достықпен ғана жеңе аламыз.
50-жаттығу
I-топ – мүйізтұмсық орманда болады
II-топ – Түймедақ дәрілік шөп
III-топ – Күркетауық- үй құсы
IV-топ – өмірмен байланыстыру.
Табиғатта ешнәрсе тектен-тегін берілмейді...
Түйіндеме: сонда табиғатта үйлесімділк болады.
Сөзжұмбақты шешу.
К
І
Т
А
п

1. Қу-айлакер аң?
2. Тікенекті жануар?
3. Жаңғақ жейтін жануар?
4. Аң патшасы-?
5. Ең ауыр жануар?
6. Сөзжұмбақтың ерекше жолағында қандай сөз шықты?(кітап)
Ендеше, бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі «Кітап-білім бұлағы»(мақал).
7. Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
1) Мұғалім оқиды;
2) Оқушылар хормен оқиды;
3) Ұлдар оқиды;
4) Қыздар оқиды.
8. Мұңалім қорытындысы.
Бұлақ дегеніміз- таудан аққан тап-таза, шипалы су. Ол суды ішкен адамның шөлі қанады. Барлық судың бастауы болғандықтан, бұлақтар өзен,көл,теңіз,мұхиттар пайда болады. Бұлақ суы-тазалықтың белгісі, шипалы болғандықтан ем ретінде қолданылады, яғни білім алу үшін жүректен шыққан сүйіспеншілігіміз кітапты сүюге баулиды.кітапты көп оқып, білімді ұрпақ болып өсуге талпыныңдар, дағдаланыңдар!
Ендеше, кітапты ұстау ережесі:
1) Кітапты үйде және сыныпта өз орынына қою керек;
2) Кітаптің сыртын қапта;
3) Күнделікті кітап оқуға дағдалан.
6. Шығармашылық тапсырма
- Кітапты көп оқыған, білімге үнемі талпынған, күнделігі 4 пен 5-ке толған оқушыны бейнелеп көрейік.
1)
2)
3)
4)
Қорытынды.
1) Осындай оқушылар бар ма?
2) Өзіңді қандай оқушылар қатарына жатқызасың?
3) Кітапты көп оқи берсең қандай оқушы боласың?
Ән. «Оқуда озат боламын»

7. Үй тапсырмасы.
Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беру.

8. Соңғы тыныштық сәтi.
Кері байланыс
- Бүгінгі сабақ ұнады ма? Осы сабақтан көкейімізге түйгенді әрқашанда ұмытпайық, көп оқып, ақылды, білімді болайық. Кітап арқылы сусындаймыз, өмірімізге мәнді қажет дүниелерді аламыз.
Сонымен, кітапты қастерлей біліңдер, кітапты сүйіңдер.

- Бүгінгі сабақта барлық топ жақсы қатысты .
Рахмет!Сау болыңыздар!


Қолданған әдебиеттер:
1. Ана тілі оқулық 1 сынып
2. Өзін- өзі тану 1 сынып
3. Бастауыш сынып журналы №10
Категория: Начальная школа | Добавил: erezhepova_70
Просмотров: 965 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 3:14 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru