Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Абай мұрасы-асыл қазына.
2017-01-07, 7:51 AM
Шеберлік сағаты.
Дайындаған:
Тілеухан Гүлмира Болатқызы
Бастауыш сынып мұғалімі.
«С.Бекбосынов орта мектебі»КММ
Абай ауданы, Ш.Қ.О.
Тақырыбы: «Абай мұрасы – асыл қазына»
Мақсаты:
 Білімділік: Абай өмірін, ілімі мен білімін, шығармашылығын балалардың қалай меңгергенін бақылау.
 Тәрбиелік: Абайдың ұлылығын,оның поэзиясының тереңдігін сездіре отырып ,оқушыны тәрбиелеу.
 Дамытушылық: Сабақтың шешендік өнер бағыты бойынша оқушылардың ізденуін, шығармашылығын, сөйлеу шеберлігін дамыту.
Жүру барысы:
«Қазақ халқының киесі , ары мен намысы, ақылы мен жүрегі ұлы Абайдың аруағына басымды идім» деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай Абай мұрасы біз үшін асыл қазына .
- Ендеше мен бүгінгі сабағымды осы елдің топырағында туып өскен соң осы қазақты әлемге танытқан Абай атамыз бізге қалдырған мұрасына арнап отырмын.
Сабағымды бастамас бұрын біз «Абай еліне саяхат» жасап алайық . Экранға назар аударыңыздар.
Ұлылар туған өлкені
Білмесеңіз біліңіз
Сіз де соның ұрпағы
Ортасында жүріңіз – дей отырып, Абай еліне саяхат жасаймыз.
Қазақтың ақындық өнерін нағыз халықтық, ұлттық биік дәрежеге көтерген Кемеңгер Абайдың сөз теңізі түбінде маржан шашуы болып жатқан поэзиясымен көкірегі өлу санасы сара тағылымы жаңа ұрпақты сусындату. Жыр зергері ұлы Абайдың аты-қонысы болған жер жанаты – Жидебаймен таныстырамын.
 Бөрілі – М. Әуезовтың туған жері. Бұл жерде Әуезовтың музейі орналасқан.
 Ақшоқы – Құнанбай жерленген жер.
 Жидебай – ұлылықтың ұлы анасы, ұлы Абайдың ата қонысы. Бұл жерде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевпен бірге Абайдың зор тәлімін алған ғұлама Шәкәрімнің де мәйіті жатыр.
 Ғарыштан түсіріліп, айқындалған, Евразия кіндігі – деп қойылған тасбелгі.
Еуразияның кең байтақ кеңістігін
Кеудесіне жиып ап тегіс бүгін
Жидебай ұлылықтың ұлы анасы
Өзгелерге біреді өз ыстығын – деп ақын Т. Жанғалиев жырлағандай Жидебай Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде орналасқан. 1990 жылы Абайдың 150 ж мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған.
• Жидебайдың 6 бөлмесі мен 2 залына қойылған жәдігерлерді Абайдың туыстары мен замандас жанашырлары әкеліп берген.
• Мынау Абай сүйіп ойнаған тоғыз құмалақ тақтасы.
• Қалта сағат, сия сауыты мен қанат қауырсыннан жасалған қаламы.
• Құнанбайдың меккеден киіп келген тақиясы.
• Мына күміс тоқым оның соңғы өмірінің куәсі.
• Міне, тарихқа тұнып тұрған Жидебай өңірі ұлылардың есімін, өсиетін, халқымыздың болашағы үшін темірқазық етіп ұстап, ұлылар рухын аспандата берейік.
Абай еліне саяхатымыз аяқталды, енді мен сендермен топтық жұмыс жасаймыз. Екі ауылға бөлінеміз. Бір ауыл-Бекей, бір ауыл-Шекей аталады. Бұлай атау себебім Бекей Шүкіманның әкесі, ал Шекей сол кісінің інісі болған. Бұл жерде алғаш Абай өзінің сүйікті екінші әйелі Шүкіманмен кездескен екен. «Шүкіман аты сай емес, лайық емес, сондықтан аты Әйгерім болсын»,- деп Абай айтқан. Бұл тарихи орын менің ауылымның іргесінде. Сайысымызды бастамас бұрын мына сұрағыма жауап беріңіздер.
Абайдың сүйіп ойнаған ойыны қалай аталады? (тоғызқұмалақ).
Бағалау үшін бағалау парағын пайдаланамыз. Дұрыс жауап үшін тоғызқұмалақ тастарын таратамын, оны сендер бағалау парағына жабыстыруларың керек.

Сайыстың кезеңдері:
І кезеңі - «Білгенге маржан»
ІІ кезеңі - «Әуенін тап» деп аталады.

І. «Білгенге маржан» викториналық сұрақтар

1. Абайға жеңгелерінің еркелетіп қойған аты (Телқара)
2. Абай арзанға бағалаған ермек. (ойын)
Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат
3. Абай өлеңдері ең алғаш кімнің атымен жарияланды (Көкбай)
4. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті
Адамның қасиеті болып тұрған үшеуі не?
(ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)
5. Абайдың ақын шәкірттерін ата
(Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия)
6. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінде
Атадан алтау, анадан нешеу? (4)
Жалғыздық көрер жерім жоқ – дейді
7. Енді бізде «Поэзия минуты» өтеді. Әр топ Абайдың бір өлеңін жатқа оқу қажет.
8. Бұл кімнің бейнесі. (Мұғалім бір образды сомдайды соны табу керек.)

ІІ. «Әуенін тап»
Бұл турда Абайдың 4 әуені жасырылады. Соны табу керек.
(Мына әндер жасырылады: «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем,Қаламқас», «Сегіз аяқ») Әнді тапқан топ әннің бір шумағын хормен орындау қажет.
Қортынды: Біз Абайдың қазақ даласының шамшырағы деп білеміз. Абай-тек қазақтың ғана емес, бүкіл шығыс халықтары мәдениетінің шамшырағы. Абай-халықты білімге, ғылымға, еңбекке көп үндеген ақын. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын»,- деп жаман әдеттен сақтандырған. Абай атамыздың тұжырымдауынша, әуелі құдайға сыйынып, сонан соң, өз қайратыңа сүйеніп, еңбек еткен адам нағыз азамат болып саналады.
Қайран Абай сендерсіз жесір өлең,
Құрметіңді кеш білсем кешіре гөр.
Ұлылығын тұлғаңның ұққан сайын,
Мен түскі көлеңкедей кішірейем.

Тыңдағандарыңызға рахмет!
Категория: Начальная школа | Добавил: gulmira210972
Просмотров: 560 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 9:30 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru