Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

ТҰРАҚТЫ ТЕҢГЕ – УАҚЫТ ТЫНЫСЫ
[ · Скриншот ] 2018-10-25, 7:47 PM
ТҰРАҚТЫ ТЕҢГЕ – УАҚЫТ ТЫНЫСЫ


Амангелді Д. Н.
«Жас дарын» мамандандырылған мектебі
8 «Д» сынып оқушысы
Павлодар, Қазақстан
E-mail: gulmira.esmakaeva@mail.ru



1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта, яғни теңгеміздің пайда болуы, оның бар болуы Қазақстан Республикамыздың тәуелсіз республика екендігінің тағы бір дәлелі болып табылады. Ұлттық теңгеміздің пайда болу тарихын білу ол әр қазақстандық азаматқа тән, себебі, теңге біздің қазіргі өміріміздің басты айналым көзіне айналды.Уакыт зымырады, жылдар өтті, алайда әлемдік дағдарыстан ешкімге аяушылық жоқ екенін түсіндім.23 жыл арасында ұлттық валютамыз талай ірі толқындардан өткенін тағыда бақыладым. Сонымен, 2015 жылдың тамыз айындағы келесі теңгенің құлдырауы ел экономикасына қатты соққы берді. Форекс ресми сайтына кіріп, талай валюталардың өмірбаяндарымен таныса отырып, теңгеміздің экономикалық тұрғыдан тұрақтылығын және беделін көтеруге мүмкіндіктер баршылық екеніне қөзім жетті.Кувейт динары, америкалық доллар немесе қытайлық юань тәрізді алып валюталар деңгейіне теңгенің де барлық мүмкіндіктері бар екеніне бірден бір күмәнім жоқ2.
Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді1.
1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық,экономикалық саясатты жүргізе алмады4.
1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады.
Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды. Теңгенің валюталық қызметінен кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру – ең маңызды шаруалардың бірі болды.
Ұлттық валютаның тұрақтылығы белгілі бір мерзімдегі оның құндылығымен анықталады. Ішкі құндылығы инфляция деңгейімен, ал сыртқы құндылығы басқа валютаға баламалау арқылы анықталады. Тәуелсіздіктің жиырма бес жылы өткен-кеткенді бажайлап, атқарылған шаруаны қорытындылап, алдағы мақсаттарды нақтылайтын кезең іспеттес. Іргелі елдің құрамынан ажырап бөлек шығу, 18 миллион халқы бар мемлекетті жаңа бағытқа салу оңай шаруа емес. Рас, бұл талай ғасыр ата-бабамыз аңсаған еркіндік еді. Білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлтарақтай жер үшін қан төгісіп, келер ұрпаққа ұлан-ғайыр даланы алып берген батыр ұлдардың ұрпағы күндердің-күнінде өз тізгінін қолына алды. Көк туын желбіретіп, әлемге Тәуелсіздігін жариялады.Ұлттық валюта күннен-күнге өз елімізде ғана емес, одан тысқары жерлерде де сенімді беделге ие бола бастады. Өндіріс дамыған сай¬ын, елге шетел капиталының ағыны ұлғайып, отандық ірі инвесторлар пайда болған сайын (зейнетақы қорлары арқылы) ұлттық валюта да, сонымен қатар валюта рыногы да нығая түсті. Сонымен бірге, ұлттық валютаға да сенім арттырылды3.
Алайда, 2014 жылдан бастап теңге доллар курсына шаққанда әлемдік ең төмен валюталар қатарына шықты. Кувейт динары, америкалық доллар немесе қытайлық юань тәрізді алып валюталарын зерттей отырып, теңгенің соншалықты құнсыздану жолдарын айқындадым.
1. Ұлттық банкінің тұрақсыздық саясаты, яғни «шексіз оптимизм».
2. Мықты бағдарламаларының толық орындалмауы. Мысалы, Қытай елінде юаньді тұрақты ұстау үшін мемлекет және Ұлттық Банк реформаларды өзгерте бермейді екен. Ұлтқа тән міңезбен, сабырлықты сақтайды және де АҚШ долларын ығыстыруғада асықпайды, адами ресурсы алып болсада. Конфуцийдің сөздеріне қытай халқы сүйенеді екен:«Өзен жағасында асықпай күтіп отырсан, асыққан дұшпанының құлағанын көресін»7.
3. Мемлекеттік айналымда ұлттық валютаның әлсіздігі. Еліміздің экономикасы АҚШ долларына тәуелділігі, яғни ірі салаларда сату, сатып алу саясаты халықтың арасында доллармен есептелетін, мысалы пәтерлер, ірі ғимараттар және т.б.
25 жыл ішінде экономика саласындағы тәжірибенің аздығы. Ірі кәсіпорындарда, өндірісте және өнеркәсіп салаларында шетел мамандарының алғашқы уақытта басым болуы, өз арамызда білімнің төмеңгі деңгейі және жоғары сапалы мамандардың аздығы7.
4. Отандық өнімнің жоқтығы және ішкі айналымның төмеңдігі . Бізде экспорт төмен деңгейде де, импорт жоғары. Оның ең басты себебі шетел тауарларын қызықтай отырып сатып аламыз, еліміздің отандық өнімін шығаруға мақсат қоймаймыз. Жан жақтан ат салысып, кең байтақ жеріміздің байлығын пайдалана отырып, алуан түрлі өнім шығаруға болатынына күмәнім жоқ.
Орыс тіліндегі экономикалық ресми сайтардан осы сұрақты зерттеу барысында көптеген әдебиеттермен таныстым. Мемлекеттік тілде әдебиеттер жеткіліксіз. Зерттей келе,Ұлттық валютаны жоғары экономикалық деңгейге көтеру үшін мен көптеген мүмкіндіктерді бар екеніне көз жеткіздім:
1. Қазақстан Республикасының тиімді физикалық-географиялық орны, яғни алып континенттің тең ортасында орналасуы .
Жер көлемі. Мысалы, Кувейт мемлекетінің жер көлемі бойынша 152 орында, Қазақстан 9 орында. Әлемде ең қымбат валюта - кувейт динары. Біздің жер қойнауымызда Менделеев кестесіндегі 111 элементтің 99 кездеседі, яғни табиғат ресурстарының алуан түрлілігі7.
2. Адам саны. Әлемдік статистика бойынша Қазақстан 64 орында, соның ішінде еңбекке жарамды 10,7 млн адам бар. Бұл жалпы адам санының 62 %.
3. Отандық өнімді кең дамыту. Ауыл шаруашылығын, өндірісті, өнеркәсіпті жаңғырту үшін еңбек ресурсының жеткілігі, табиғи ресурстардың молшылығы, климаттың тиімділігі.
4. Каспий теңізіндегі мұнайдың үлесі. Мұнай қоры бүгінгі таңда 17 млрд тонна құрайды. Әлемдік валюталардың күшіне ең бастысы осы мұнайдың бар жоқтығы әсер етеді.
5. Бәсекелестік. Барлық салаларда бәсекелестік шетелдегідей жоғары болса, онда тауарлардың саныда, сапасыда көтеріледі.
6. Салық. Қазақстан Республикасында кез келген сала бойынша мемлекеттік салықты әрбір азамат уақытында төлесе, нұр үстіне нұр жауар еді7.
7. Ең маңыздысы – халықтың ұлттық валютаға сенімі. Халық депозиттерді, қомақты жинақтарын өзге валютада ұстаса, онда ұлттық валютаға сұраныс аз болып, оның құнсыздануына әкелуі әбден ықтимал, ал егерде барлық осы қаражаттарды теңгеде ұстаса, онда Ұлттық банккеде, теңгегеде үлкен сенім бар деген сөз.
Сонымен,Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің бастыатрибуты – ұлттық валюта күні.«Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны» деп,Н.Назарбаев айта кетсе,«Өткен күн — бұл тарих, ертеңгі күн — құпия, ал бүгінгі күн — бұл сый» деп, кез келген дүниені өз қолымыздан жасай алатынымызға сенімдімін5.
Қазақстан валютасын қолдау туралы Халықаралық валюта қорымен, Бүкіл дүние жүзілік, Еуропалық жіне Азия даум банкілерімен, сондай –ақ әлемнің бірқатар дамыған елдерінің үкіметтерімен келісімге қол жетті6.
Қазір ел экономикасы даму үстінде. Сондықтан теңгенің тұғыры да тұрақты. Қазір ол жақын шет елдерде сұранысқа ие. Бүгінде осы аумақта Ресей мен Қазақстанның экономикасы ілгерілеу тұр. Рубль мен теңгенің қарым-қатынасы жақсы.Жалпы, ұлттық валютаның құны ел экономикасының өсімімен белгіленіп отырады. Бұл – айқын нәрсе. Басқа валютаның қатынасына қарай құны белгіленеді. Жалпы көршілерде теңгені сатып алуға құқық бар, ендеше қазақ валютасына да сұраныс бар. Теңге – дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің кепілі. Теңге өзінің тарихи функциясын толығымен орындап шықты, әлі де өзінің құндылығын дәлелдей бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011.-64-68.
2. «Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы. 12.11.1993.
3. «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 13.12.1993.
4. Қазақстан Республика Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитеті;2017 ж.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк ресми сайты;
6. Қазақстан Ұлттык энциклопедиясы. Алматы, 1998.-554-556.
7. www.forexpf.ru/
Категория: Мой Казахстан | Добавил: gulmiraesmakaeva | Теги: Павлодар қаласы, Жас дарын мамандандырылған мектебі
Просмотров: 381 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 6:06 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru