Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

Қазақстан Республикасы - тәуелсіз ел
[ Скачать с сервера (0.0 Kb) ] 2011-10-28, 11:07 AM
№ 8 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қожина Нұржамал Серікқызы


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы - тәуелсіз ел
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Оқушылардың білім деңгейін, тілді меңгеру қабілеттерін деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы бақылау.
2. Дамытушылық:
Қазақстанға деген қызығушылығын арттыру. Әр оқушының жеке тұлға ретінде ақыл-ойын дамытуға әсер ету. Білім деңгейіне қарай қазақша ойлау қабілеттерін, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Грамматика бойынша: деңгейлік тапсырмалар арқылы фонетикалық талдауды, септіктерді, етістікті тереңірек меңгерту.
3. Тәрбиелік:
Туған жерін, Отанын бағалай білу, оны ардақтау сезімін ұялатуға жағдай жасау.
Сабақтың түрі: Жаңа, дәстүрлі сабақ
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ әдебиеті
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, мәтінмен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар орындау, іздендіру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- амандасу
- сабаққа бейімдеу
Үй тапсырмасын тексеру: 1. Қазақстан туралы реферат жазу.
2. «Тәуелсіздік» өлеңін жаттау .
3. Мәтін ішінен 10 сөзді жаттау.
Жаңа сабақ:
Тәуелсіз Қазақстан
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жариялағаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.
Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады.
Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
1991 жылы қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтерді.
Туған жерімізде талай-талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы – тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар.
Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау - әрбір азаматтың борышы.
Біздің елімізде газеттер 11 тілде шығады, теледидарды 12 тілде көріп, радионы 6 тілде тыңдап жүрміз.
А1
1. Мәтінді оқи отырып, өзіңіз сөздік құрыңыз (кемінде 10) және аударыңыз.
2. «Тәуелсіздік» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.
3. Мына сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауышты табыңыз.
Мен Қазақстанда туып-өстім.
Халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады.
Тәуелсіздік Республиканың барлық халықтарына еркіндік, бостандық әкелді.
А2
1. Берілген сөз тіркестерін аударыңыз және хабарлы, екі жай сөйлем құрастырыңыз.
Родная земля, все народы, единство народов, ООН.
2. Мәтін бойынша мына сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақстанды қанша ел таныды?
- Әрбір азаматтың борышы не?
- Қай жылы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты?
- Қазақ тіліне не берілді?
3. Сөйлем ішінен дара етістікті бір сызықпен, күрделі етістікті екі сызықпен сызыңыз, сұрақ қойыңыз.
Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады.
Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік. Туған жерімізде талай-талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Радионы 6 тілде тыңдап жүрміз.
В1
1. Мәтінді оқып, аударыңыз. Ауызша жауап беріңіз.
2. Мәтінді пайдалана отырып, мына сөйлемдердің дұрыс не бұрыс екенін анықтаңыз.
1992 жылы қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтерді.
Қазақстан – бір ғана ұлтты мемлекет. Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау - әрбір азаматтың борышы.
3. Мәтін бойынша 5-6 сұрақ құрастырыңыз.
В2
1. Мәтіннен септік жалғауында тұрған сөздерді тауып, кестені толтыр.
А.с І.с Б.с Т.с Ж.с Ш.с К.с



2. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыз.
Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Туған жерімізде талай-талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Біздің еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.
3. Әріптермен сөз құрап жазыңыз.
А Т А С А Н

Қ З А Н Қ Т А С А

М Л Т Е К М Е Е

А Х Ы Қ Л

Т У Е Ә З Л І С

Е Б І Ш І К Л Й Б Т І
С1
1. Дәлелдеңіз (ауызша): а) Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.
2. Сөйлем ішінен етістіктің шақ категориясын ажыратыңыз.
Қазақстан болашақта мәдениеті жоғары және білімді елге айналады. Туған жерімізде талай-талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Елтаңбамызды, Туымызды белгіледік.
3. Табиғат тақырыбына диалог құрастыр.
4. Берілген сөздердің синонимдік қатарын жазыңыз.
Тұңғыш, ......., ........., .
Дүние, ........, ........., .
Ту, ........, ........., .
Халық, ......, ...... .
С2
1. Етістіктерді жасалуына қарай екі бағанаға бөліп жазыңыз.
Негізгі Туынды
Аударды, татуласты, қабылданды, ойлады, алды, бастады, берді, әңгімелесті, көтерді.
2. Мәтіннің қысқаша мазмұнын өз сөзіңмен айтыңыз.
3. «Жүз» сөзімен әр түрлі мағынада сөз тіркестерін құрастырыңыз.
4. «Сайлау» етістігін үш шақта жікте.
Қорытынды: Сабақта берілген деңгейлік тапсырмаларды жинап алу. Ауызша берілген тапсырмаларды сұрап, бағалау.
Сұрақтар бойынша мәтінді қорыту:
1. Еліміз тәуелсіздікті қашан алды?
2. Тәуелсіздіктің қандай белгілерін білесіңдер?
3. Мемлекеттік рәміздер қай жылы өзгертілді?
4. Қазақстанның ең үлкен жетістігі туралы не білесіңдер?

Үй тапсырмасы: 1. Мәтін ішінен 15 сөзді жаттау.
2. Отан туралы мақал-мәтелдер жаттау.
3. «Отанды сүю отбасынан басталады» тақырыбына шығарма
жазып келу.

Бағалау.
Категория: Мой Казахстан | Добавил: Новинка
Просмотров: 9183 | Загрузок: 171 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.8/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2022-08-10, 7:40 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [339]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [771]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко 2 класс открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество 10 класс глагол Казахские пословицы проект Развитие Речи конспект урока 6 класс Интегрированный урок физика интеллектуальная игра язык 8 класс алгебра ашық сабақ класс стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература природа сценарий семья осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология дополнительное образование воспитательная работа коррекционная школа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский br конспект спорт дружба История история Казахстана 4 класс тренинг разработка физическая культура игры бастауыш сынып детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru