Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

“Ер Тарғын” жырындағы Тарғын бейнесі.
[ Скачать с сервера (107.5 Kb) ] 2011-11-21, 2:33 AM
Сабақтың тақырыбы:
“Ер Тарғын” жырындағы Тарғын бейнесі.

Мақсаты:
Білімділігі: Жырға сүйене отырып, Ер Тарғын бейнесін ашу, талдау.
Дамытушылығы: Өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл
байлықтарын дамыту, сын тұрғысынан ойлауға
дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Адамгершілікке, жинақылыққа, ұқыптылыққа баулу. Өз
еңбегін бағалай алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау. “Алтын сақа” ойыны негізінде.
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс. Сұрақ - жауап. Талдау. Сипаттау.
Көрнекілігі: Сабақ жоспары. Асық, мінездеме жазылған плакат, семантикалық
карта.
Сабақтың кілт сөзі: Шын ер жеңсе тасымас,
Жеңілсе жасымас.

Жүру барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
1. Үйге берілген тапсырманы “Жуан және жіңішке сұрақтар” стратегиясы бойынша бір-біріне сұрақтар қойғызу.
2. Нашар оқитын үш оқушыға “Семантикалық карта” беру.

Дұрыстық белгісі Өлең
жолы

Өлең тақырыбы Өлген соңынан өлмек жоқ,
Өлген соң қайтып келмек жоқ. Құтты болсын айтамыз тойыңызға,
Той иесі тойыңыз, тойға ұлассын!
Көргеннен айтайын ба, әлде естігеннен айтайын ба?
+ Тойбастар +
+ Көңіл айту +
+ Аңыз әңгіме +

ІІ. Мағынаны таны.

Оқушылар, біз бүгінгі күнгі сабағымызды “Алтын сақа” ойыны арқылы өтеміз. Ойында сұрақтарға жауап беріп, “Ер Тарғын” мінезін ашамыз. Ойын бес бөлімнен тұрады. Ортамызға оқушыларды шығару үшін сұрақтар қойылады.
1. бөлім: Табалдырық.- бұл бөлімде 4 сұрақ қойылады. Ортаға 4 оқушы шығады.
а/ “Піс қазаным бес ай” дегенде, ”отырайын он ай” деп төрге нығайып алатын кейіпкер. /Алдар көсе/
ә/ Ер Тарғынды басу еткен, қырғынна халықты арашалаған жырау /Сыпыра/
б/ Әдет-ғұрыпқа байланысты өлең-жырларды ата. /сыңсу, беташар, тойбастар, жар-жар/
в/ Ертегілердің түрлерін ата. /шыншыл, қиял-ғажайып, жануарлар туралы/

2. “Қозы көш” - оқушыларға “Ер Тарғын” жырынан төрт сұрақ қойылады. Жауауп бере алмаған оқушы ойыннан шығады. Екі оқушы дұрыс жауап бермесе, асық тасталады.
а/ Сары ала туы салбырап,
Шапты батыр тебініп,
Жалмауыздай емініп.
Сырттағы тұрған әскерге,
Қарамады бұл батыр,
Ішкі қамалға кірді желігіп.
Қай батыр суреттеледі, мінезі қандай? /Ер Тарғын - батыл, әрі батыр/
ә/ Тарғын қанатты қара дейтұғын жорғасын мінгізіп алып, кімді алып қашты? Батырдың қандай мінезін көреміз?
/Ақжүністі алып қашты, батырдың сүйе білетіндігін білеміз/
б/ Мен мендермін, мендермін,
Мен де өзіңдей кендермін.
Менің жөнім сұрасаң,
Қырық сан Қырым елінде
Асыл жауһар белінде,
Арғы атам Еркөлік
Өзімнің әкем Қоянақ
Мен Қоянақұлы........... /Қарт Қожақ/
в/ Жаннан қорқар ер емес,
Кезегін баба алсын деп,
Қарт қояндай қасқарып
Қарсы қарап тұратын баты кім? Батырдың қандай мінезін көре аламыз?
/Үлкенді сыйлай білетін батыр Ер Тарғын/

Дұрыс жауап бермеген оқушы ойыннан шығады.

3. “Беласар” - қалған үш оқушыға сұрақ қойылады. Өзіне ұнаған конвертті таңдайды.
а/ “Мұның аяғаны рас екекн, менің өзімді байлап атса, таудай өзіме, таудай атыма тигізбей ме, мен мұның қадірін білейін” деп Тарғын қандай әрекет жасайды? Батыр мінезінен нені аңғарамыз?
/Қызды тастап кетеді, өзінің ер екендігін көрсетеді/
ә/ Тарғын алты құлаш белбеумен белін не себепті бұрады? Батыр мінезінен нені аңғарамыз?
/Белін жазу үшін, батырдың қайсарлығын, шыдамдылығын көреміз/
б/ Ер Тарғын қай таудың бойында жылап толғанады, толғануының себебі неде?
/ Бұлғыртау бойында, достарын сағынып, өмірге наразылық білдіреді/

Қате жауап берген бір оқушы ойыннан шығады.

4. “Жолайрық” - қалған екі оқушы жауап береді.
а/ Алты құлаш ала атпен,
Үсті толған болатпен,
Сайдан шыққан құла атпен
Көңілін тоқсан бөледі.
Жекеме-жеке Тарғынға
Соғысуға келе жатқан кім? Тарғын оны қалай қарсы алады?
/Қалмақтың батыры Домбауыл, батырға тән мәрттікпен қарсы алады/
ә/ Өз алдыңа сұлтан боп,
Сүйген жерің жайлашы
Неше батыр болсаң да,
Алмаймысың бұл сыйды?
Миың болса басыңда
Айтып тұрған қасыңда - деп жырлаған кім? Батыр сөзді қалай ұғады?
/Сыпыра жырау. Батыр сөзге тоқтай алады/

Бір оқушы ойыннан шығады.

5. “Көмбе” - қалған жеңімпаз сұраққа жауап береді.

Батырға берілген мінездемені толық оқып шығады. Батыр мінездемесі шыққан кезде ер қаруының бірі - “Қалқан” шығады.

ІІІ. Толғаныс.

Оқушылар сабақты “Ішке -сыртқа” стратегиясы бойынша қорытындылайды. Ер Тарғын, Ақжүніс, Қарт Қожақ бойындағы қасиеттер негізінде.

Үйге өтілген тапсырмаларды қайталау. Бағалау.
Категория: Мой Казахстан | Добавил: Megaberish | Теги: Казахская литература, Ер-Таргын
Просмотров: 10586 | Загрузок: 1078 | Рейтинг: 3.4/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-05-01, 7:35 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru