Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

«Ғасырлар сазы тербетіп»
[ Скачать с сервера (11.6 Kb) ] 2012-01-31, 1:43 PM
№ 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру кешені
Байтолыкова Б.С.
Сабақтың эпиграфы: «Ғасырлар сазы тербетіп»
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға қазақ сазының жаңашыл сазгері жайлы мағлұмат беру, оратория
мазмұның ашу, бөлімдерін тыңдау, талдау, ой-пікірлерін ортаға салу,ән үйрету.
2. Балалардың класикалық сазды тыңдау
барысында қабылдау ерекшеліктерін ескере
келе дағдыланған есте сақтау, сөздік қор, ойлау, ой өрісін дамыту.
3. Оқушыларды класикалық саз тағылымына құрметпен қарап, қазақ сазының класикасының басқа жанрлардан өзгеше тән ерекшеліктерін бойға сіңіруге, сүюге, ұрпақтан-ұрпаққа саналы түрде дәріптеп жеткізуге тәрбиелеу.
Қолданылған көрнеліктер: Сазгер портреті, саз тындаудағы талдау
үлгілері, саз тақырыптарына арналған үлгілер,
суреттер, тренинг жүйесі, күйтабақ, үнтаспа т.б.
Сабақтың түрі: Тыңдау, талдау сабағы «Сазды мейманхана»

Жоспар:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткенге шолу
а)тренинг
ә)жарнама
3. Жаңа сабақ
а)Сазгермен таныстыру
ә) «Ғасырлар үні» ораториясы
б)бөлімдерімен танысу, тыңдау
в)талқылау, талдау
г)қорытынды шығару
4. Сергіту сәті
5. Бекіту
а)қорытындылау
ә)бағалау
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды саз әуенімен енгізу,
сынып күй жайымен таныстыру, сазды
түрде амандасу, кезекшімен жұмыс,
назарларын өзіме аудару т.б.
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!»
Қызықтан құр қалмаңыздар
Ғасырлар жыры төгіледі
Ән маржаны сөгіледі
Келіңіздер, көріңіздер
Қоңыр сазға бөленіңіздер!-деп сендерді сазды мейманхана құшақ
жайып қарсы алады. Яғни бүгінгі сабағымыз көне жыр тағылымына арналады. Мінекей балалар біздің сазды мейманханамызға қонақтарда келген екен, ендеше сабағымызда қымсынбас үшін осы мейманхана ішіндегі барлық жылуды қабылдап, бір-біріміз-ге күлімсірейікші. Оқушылар психологиялық тренинг арқылы күш алады.
- Өткенді қайталау. - Өте жақсы енді қанекей, кім айтады біз осы тоқсанда қандай саз көлемінде саз туындыларымен танысып жатырмыз?
- Дұрыс, ал осы саз әлемі өздігінен туындала ма?
- Өте жақсы, яғни белгілі бір оқиға, өмір желісі себеп болады екен. Онда мына үлгіге қарап қазақ сазы жайлы пікірлесейікші;

Нені білеміз? Нені білгіміз келеді? Нені білдік?
Ертеректе қазақ сазы ән және күй жанрында ғана дамыды. Сол кездегі ән мен күй қазіргі таңда нендей өзгерісте? Ән операға, күй симфонияға, яғни классикалық саз тағылымына айналған.

- Міне қазақ сазы осындай белеске көтерілуіне дамуына үлес қосқан ол жаңашыл сазгерлер болып табылады. Жаңа сабақ. – Мінекей ендеше мен сендердің жаңашыл сазгер Сыдық Мұхаметжанов жайлы не білетіндіктеріңді, ой пікірлеріңді байқайын. Оқушылар мына үлгі бойынша өз дайындықтарын көрсеті. Бұл алдын – ала берілген пысықтама тапсырма.
-
Сазгер Шығармашылық жанры Шығармалары

Сыдық Мұхаметжанов
Опера, симфония, оратория, поэма, романс, ән, хор өңдеулері, кантата
т. б. «Айсұлу», «Жұмбақ қыз», «Ақан сері -Ақтоқты» опералары «Дауыл» симфониясы, «Шаттық Отаны» поэмалары, «Ғасырлар үні» ораториясы т. б.

- Міне осының ішінде бүгін біз сегіз бөлімді «Ғасырлар үні» ораториясымен танысамыз. Ғасыр деген ол жүз жылдық түйін, бұл уақытта адам өмірінде түрлі кезеңдер, тарихи оқиғалар болады. Онда мына бір ақынның өлеңіне назарына көңіл аударайықшы. – «О, ғасыр, неткен ұзақ қырлы еді,
Күн санап шегіңе адам жетпеді.
О ғасыр кезеңдерің өтпелі
Тарихтың шежіресі ертеңі
Ғасырлар бір – бірімен тоғысады
Ән, жырмен көңілді бір тасытады
Ғасырлар ұрпағымен жалғасады
Таңғажайып сазымен тамсантады,-деп ақын
жырлағандай қазақтың ғасырлар бойы кешкен тыныс тіршілігі, тарихы осы
ораторияда берілген. Оратория сегіз бөлімнен тұрады. Ендеше тыңдап және
музыкалық түрде талдап көрейік көрейік.
1. Жыраудың балладасы
2. Шабуыл
3. Ақтабан шұбырынды
4. Октябрь әні
5. Жас қазақ
6. Бесік жыры
7. Еңбекшілер мерекесі
8. Қазақстан Республикасының әнұраны
- (Әрбір бөлім сазы тыңдалар алдында арнайы осы тақырыпта өлеңдер оқылып, әр сазды екпініне, мазмұнына, бояуына қарай оқушылар талдайды, өз пікірлерін айтады. Сондай – ақ тыңдалған сазды сурет арқылы бейнелеу, тақырыппен саздыңсайма – сайлығы, сазгер шеберлігінің сазмұнды көрінісін оқушылар анықтап сараптайды.) Сергіту сәті. Ойлау қабілеттерін дамытуға, ой - өрісті молайтуға арналған жаттығу жасалып, оқушыларды сергітемін.
Бекіту. – міне балалар сазды мейманхана сендерге сонау тарих іздерінен үкіленген саз тағылымын ұсынды. Ұнады ма сендерге?
- Өте жақсы, онда мына бір жүйелі қорытынды жұмыс қағазын толтыруларыңды өтінемін.
-
Тыңдау сабағының ерекшелігі Осы сабақтан алған әсеріңді қандай түспен белгілейсің? Тағы да нені білгің келеді?



- Оқушылар жүйені толтырып, жауаптарын береді. Үйге тапсырма беріледі, оқушылар ынтасы бағаланады?
- - Балалар енді осы бүгінгі ораториямыз шаттықпен аяқталған екен. Ендеше барлығымыз орнымыздан тұрып осы ораторияның соңғы бөлімі «Әнұранды» өзіміз орындайықшы! – Жақсы осымен мейманханамыздағы сабағымыз аяқталды. (Аккорд беріліп, сау болыңдар балалар, сау болыңыз мұғалім)
Категория: Мой Казахстан | Добавил: анарка
Просмотров: 1989 | Загрузок: 174 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-18, 7:59 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru