Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

«Атадан Біржан сал боп тудым артық»
[ · Скачать удаленно (12.23 MB) ] 2013-11-04, 7:51 PM
Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектеп балабақша кешені
І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Хажгереева Динагүл Болатқызы

Сабақтың тақырыбы:
«Атадан Біржан сал боп тудым артық»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік – оқушыларға қазақ әншісі, ақын Біржан сал өмірінен мәлімет бере отырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру, шығармашылықпен ізденуге, өтіліп жатқан тақырыптың ішіндегі ең негізгісіне, маңызды мәселелерге көңіл бөлу;
Тәрбиелік – оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, өзін – өзі басқаруға, өнер адамдарын құрметтеуге үйрету;
Дамытушылық – оқушылардың ой – қабілетін шыңдау, шешен де ғылыми тілде сөйлей білуге баулу, жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың міндеті: Біржан туралы деректерді көбірек іздеу, зерттеу, түсіну, ұғыну.

Сабақтың түрі: зерттеу сабағы.
Көрнекілігі: Портреті, белсенді тақтадағы слайд.
Сабақтың әдісі: СТО (топтастыру, сұрақ – жауап, ой қозғау)

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен сабақ.
Біржан сал Қожағұлұлының шығармашылығы. Қазақ даласын әнімен тербеген, рухы асқақ, артына өлмес мұра қалдырған ХІХ ғасырдың өнер жұлдыздарының бірі. Біржан сал Қожағұлұлымен танысқан едік.
(Электрондық оқулықтан Біржан туралы тыңдау).
Үй тапсырмасы бойынша үш топқа (топтастыру әдісі бойынша) 3 сұрақ беріледі (5 минут)

І топқа: Біржан сал кім?
ІІ топқа: Біржанның әндері туралы
ІІІ топқа: Біржан туралы не білдім?

Қызығушылықты ояту:

Біржан кім? Біржанның әндері Біржан туралы не білдім?

ІІІ. Жаңа сабақ: «Атадан Біржан сал боп тудым артық»

«Ой қозғау» сатысы бойынша өткен сабақты еске түсірдік. Бүгінгі сабағымыз зерттеу сабағы 3 бағыт бойынша жұмыс жасаймыз.

І бағыт: «Біржан сал әндерінің шығу тарихы»
ІІ бағыт: «Біржан мен Сара айтысы»
ІІІ бағыт: ««Біржан сал» фильмі – Қазақстанның Халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың тұңғыш режисерлік жұмысы»

Ортаға тілші Аяулымды шақырамыз

Тілші: Бүгінгі сабағымызға қатысушы бірнеше ғалымдар бар. Қазір сіздерге сол ғалымдармен сұхбатымызды ұсынамыз. Ең алдымен Біржанның өмірбаянымен танысайық. (Мадина сөз сөйлейді). Сөз филолог ғалымдарға беріледі. Бізге Біржанның бір-екі әнінің шығу тарихын айтып берсеңіз. («Ақтентек», «Жайма - шуақ», «Ләйлім шырақ», «Жанбота»)
Тілші: Біржанның Азнабай болыстың есер поштабайынан таяқ жеген кездері де болыпты ғой. Осы туралы заңгер Айдана не айтасыз?
Тілші: Біржанның өмірінің соңғы кезі ауыр қайғымен өтті дейміз. Осы туралы психолог ғалым Нұргүл не айтасыз?
Тілші: Өнертанушы ғалымдарға сөз берелік. Біржанды айтыс өнерінің дүлдүлі дейміз. Осы туралы не айтасыз?
Тілші: Біржан сал Ұлы Абайды құрметтеген, дарындылығына бас иген. Ал Абайдың Біржан салға деген көзқарасы қандай болды? (М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясынан үзінді).
Тілші: «Біржан сал» фильмі – актер, Қазақстанның Халық әртісі Платиналы «Тарлан» сыйлығының иегері Досхан Жолжақсыновтың 20 жыл бойғы арманы еді. Бүгінгі күні ол кісінің арманы орындалды. Басты рөлді сомдаушы актер, фильм режисері Досхан Жолжақсынов пен сұхбат алушы журналист Айдананы ортаға шақырамыз.
Журналист Айдана «Қыз Жібек», «Гауһартас», «Менің атым - Қожа» сынды жауһар дүниелер құрайтын «Қазақ киносының алтын қоры» тағы бір көркем туындымен толықты. Халық композиторы, әнші, айтыскер ақын Біржан Қожағұлұлының тағдыр жолы арқау болған «Біржан сал» фильмі Қазақстанның Халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың тұңғыш режисерлік жұмысы. Фильм идеясының авторы да, қоюшы режиссері де (Рымбек Әлиевпен бірге, басты рөлді сомдаушы актер де өзі).
- Құрметті көрермен, Досхан ағамызды студиямызға шақырып, ой бөліссек дейміз.
- Досхан аға, режисерлік жолыңызды дәл осы фильмнен бастауыңызға қарағанда, Біржан бейнесі Сіз үшін аса қадірлі әрі ерекше секілді ...
Досхан Жолжақсынов рөлінде Батырбек. Қызығы мен актердің режисер болуын қаламайтындардың бірі едім. Келе – келе ол ойымның таяздау екеніне көзім жетті. Жалпы бұрын – соңды қазақ киносында сал-серілер тақырыбы көтерілмеген. Жағаға ұмтылған асау толқындай талпыныс пен жан дүниемді әлдебір іңкәр сезімдей баурап алған толғаныс мені «Біржан сал» фильмін түсіруге жетеледі. Біржан бейнесін экранға шығару – жиырма жылғы арманым еді.
Журналист: Біржан өміріндегі қандай жайт сізді ерекше толғандырады?
Д.Жолжақсынов: Біржанның басындағы трагедия таяқ жеп, қол-аяғы байлаулы жатқан оның «Менің қолымдағы арқан – наданның жүрегіндегі кісен» деуі суреткерлер басындағы ортақ қасіретті аңғартқандай. Түсінгенге фильм Біржан сал өмірінің соңғы сәтін ғана емес, қазақы рухтың тұсауланар алдындағы соңғы бұлқынысын, жанайқайын, сал-серілік салтанаттың кеміп бара жатқанын білдіреді.
Журналист: Жалпы, сал – серілердің қазақ қоғамындағы рөлін жеткілікті зерделей алдық па? Оларды «Халықтың көңілін көтерушілер, ел аралап сауық құрушылар» деп бағалау әлі де басым. Меніңше, олардың қоғамдық миссиясының мәні тереңде жатқан тәрізді ...
Д.Жолжақсынов: Сал және сері – халықтың еркелеріне берген атағы. Кезінде оларды Еуропадағы рыцарьлармен салыстырған. Еліне қауіп төнсе, қолдарына қару алып, алғы шепте жүретіндер. Ал бейбіт өмірде домбырасын, қобызын тартып, әнін айтып, халық ортасында жүрген. Сал – серілер - ұлтымыздың қадір-қасиеті, айдары мен айбары.
Журналист: Әпіш – Біржанның жары ғана емес, қазақ әйелінің тамаша үлгісі де. Осы рөлге актриса Гүлшат Тұтованы таңдауыңызға не себеп болды?

Д.Жолжақсынов: Біржан көз салған, Біржанға ықыласын берген қыз – келіншектер сондай дана болмаса, кино түсіріп керегі не? Әпіш өзіне қанша ауыр тисе дағы, жарының қалауына, сезіміне түсіністікпен қарай біледі. Іштей қиналса да «Менің Біржаным тоқал алмағанда ... Иттің кепақайлары алып жатыр емес пе? Менің Біржаным тапқан Ләйлім сұлу дейді ғой» деуі оның парасаттылығын танытпай ма? Осы ұстамдылығын, азаматына деген сый – құрметін, ұлтқа, ұрпаққа деген махаббатын өміріне өзек еткен.
Журналист: Сал серілер ауылға келгенде қазақ халқы зор қошеметпен қарсы алған ғой ...
Д.Жолжақсынов: Халық сал – серілерді кілемге салып көтеріп алып қарсы алған. Бұл көпшіліктің ұлы өнерді арқалаған ұлы өнерпазға көрсеткен сый – құрметі.

Қорытынды сөз: Балалар, бүгінгі сабағымызда Біржан салдың шығармашылығын, өмірін жан-жақты зерттеп, көп нәрсені білдік деп ойлаймын. Біржанның немесересі Айтмұқанбет ақсақалдың айтуынша Біржан атамыз шағын денелі, мейірімді, айналасына жанашыр, қамқор жан болған көрінеді. Ешқашан мал жимаған. Алғанының бәрін таратып кететін болған. Әйтпесе, сал – сері болар ма? Рухы өр, болмысы еркін болмаса, інжу- маржан әндері туар ма? Дауысы да әндеріне сай өте биік, тынысы аса зор болыпты. Біржан сал ақындық пен сазгерлікті, сазгерлік пен әншілікті ұштастыра отырып, қазақ әндерінің үш бірдей саласын асқақтата көтерді.
Біржан – ең әуелі ақын. Ақын деп кімді айтамыз? Өлең, терме, толғау, жыр, дастандарды өз ойынан ауызша немесе жазба түрде шығаратын, тумысынан қабілетті, дарын иесін ақын дейміз.
Олай болса, бойына бір емес, бірнеше өнерді біріктіре, тоғыстыра білген Біржан мұрасы мәңгі жасамақ.
Үй тапсырмасы: «Мен үлгі тұтқан дара тұлға» тақырыбына ой – толғау жазу.
Бағалау.
http://dfiles.ru/files/7cobbmdl0
Категория: Мой Казахстан | Добавил: Arman
Просмотров: 2759 | Загрузок: 326 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-18, 3:51 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru