Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

Есімше мен көсемшенің ұқсастықтары мен айырмашылықтары (7 класс)
[ Скачать с сервера (127.5 Kb) ] 2013-11-13, 6:48 PM
Есімше мен көсемшенің ұқсастықтары
мен айырмашылықтары
(7 класс)

Сабақтың тақырыбы: «Бақыттың кілті- еңбекте». Есімше мен көсемше категорияларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Етістіктің есімше мен көсемше категорияларынан алған білімдерін пысықтау, оны практикада қолдануға дағдыландыру, етістіктің шақтарын жасауда атқаратын қызметін саралау.
ә) тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке баулу, адал еңбектің адам өміріндегі маңызын ұғындыру .
б) дамытушылық: Ой- өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, теориялық білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың типі: тақырыптық сабақ

Сабақтың әдісі: салыстыру, шығармашылықпен жұмыстандыру, сәйкестендіру, топтастыру, дәлелдеу

Сабақтың көрнекілігі: топшама, тірек схема, қанатты сөз, интерактивті тақта, слайдтар

Пәнаралық байланыс: әдебиет, еңбекке баулу

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, кластың, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
2) Жаңа сабақ
«Бақыттың кілті- еңбекте».
Есімше мен көсемше категорияларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары .
1. «Ой-қозғау». Етістік пен еңбек.
2. «Ұқсастық пен даралық». Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсету
3. «Мағынаны таны». 209-жаттығу. «Жалқаудың жазасы» атты ертегі мазмұнын оқып, мәнін ашу, ертегінің аяқталуын сұрау, есімше мен көсемшелерді табу.
4. «Қолдану». Үйге алдын- ала берілген тапсырма бойынша жасаған бұйымдарын сипаттау, есімше мен көсемше формалы етістіктерді қолдану.
5. «Зерттеу». Берілген мақал-мәтелдерді талдап, есімше мен көсемше жұрнақтарын табу, сөйлемдегі қызметін зерттеу.

1. Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
2. Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.
3.Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
4. Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді

5. Еңбек өмірді ажарлайды
6. Қолыма жұмыс бергенің – жаныма тыныс бергенің.
7. Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,
Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.
8. Сөз қуған пәлеге жолығар,
Шаруа қуған қазынаға жолығар
9. Ерінген екі істейді.
10. Еріншектің ертеңі бітпес,
11. Ақымақ күлкіге тоймайды,
Жалқау ұйқыға тоймайды.
6. «Сәйкестендір».
Нақ осы ш Ауысп. осы ш Болж. к.ш Мақс. к.ш. Ауысп. к. ш. Жед. ө. ш. Бұрын. ө.ш. Ауысп. ө.ш.
-ған, -ген +
-ар,-ер, р, -с +
-мақ, -мек +
атын, -етін +
Отыр, тұр,жүр, жатыр +
А,е,й + +
Ды,ді, ты,ті +
ып,іп,п +
7. «Қорытындылаңыз» тестпен жұмыс
1. Болжалды келер шақта тұрған сөйлемді тап.
а) Мен ауылға бармақшымын.
б) Мен бұл кітапты оқыдым.
с) Апам жұмыстан кеш келер.
д) Мен ерте тұрамын.
е) Сол мектепте оқимын.
2. Етістіктің қалау райын анықта.
а) Өзінің ағасы Тәкежаннан үйреніп келіпті.
б) Достары да білгендерінше айтып көрді.
с) Екі жас бақытты болғай.
д) Мезгіл жетсе, мұз ерір.
е) Не ексең, соны орарсың.
3. Көсемшеден болған қос сөз
а) Ойлап-ойлап, сұрай-сұрай
б) айтқаным-айтпағаным, баратын- келетін
с) барар-бармас, жата-жастана
д) келер-келмесі, берер-бермесі
е) келген-кеткен, көре-көре

4.Ауыспалы өткен шақты білдіріп тұрған етістік
а) алмады, хабарласты
б) алмаппын, хабарласпаппыз
с) келген еді, хабарласқан еді
д) келді, хабарласыпты
е) баратын, келетінмін

5. Мына сөйлемдегі есімшенің қызметі
Шалқыған ойы болмаған соң, лепірме сөзге құмар.
а) бастауыш, баяндауыш

б) баяндауыш, анықтауыш
с) анықтауыш, баяндауыш
д) пысықтауыш, толықтауыш
е) толықтауыш, бастауыш

6. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қой.
Ойлы адамға нақыл сөз қатты ұна...ды
а) -ған
б) -ар
с) -ғалы
д) -мақ
е) -й
7. Рай түрін анықта. Керекті сөз өз жерінде айтылсын.
а) шартты рай
б) қалау рай
с) бұйрық рай
д) ашық рай
е) рай жоқ
8. –ды, ді, -ты, -ті қай жерде жұрнақ
а) барыпты
б) айта алмады
с) келдік
д) мектепті
е) сөйлемейді
9. Көмектес септігі жалғанған есімшелі сөз нешінші тұр?
Оны танығанмен, Сәуле сыр бермеді.
а) 1
б) 2
с) 3
д) 4
е) 5
10 Көсемшенің сөйлемдегі қызметін анықта
Естіген, көрген жұрт таңданады да, таңырқайды да.
а) толықтауыш
б) анықтауыш
с) бастауыш
д) баяндауыш
е) пысықтауыш
Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: «Ой-толғау» «Бақыттың кілті- еңбекте».
Категория: Мой Казахстан | Добавил: Arman
Просмотров: 4938 | Загрузок: 249 | Рейтинг: 1.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-05-18, 1:02 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru