Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

«Абай қарасөздері-даналық көзі»
[ Скачать с сервера (31.1 Kb) ] 2016-05-19, 9:26 AM
Сабақтың тақырыбы: «Абай қарасөздері-даналық көзі»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының философиялық тұжырымдарға толы қарасөздерінің мазмұнын, тәрбиелік мәнін ұғындыру, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық ойларының тереңіне үңілуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, ақын көтерген мәселелер тағылымынан үлгі алып, азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, ой-өрістерін кеңейту, оларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.
Сабақтың түрі:диспут
Сабақтың әдіс - тәсілдері:Сұхбаттасу, мәтінмен жұмыс, мәнерлеп оқу, қарасөзді жатқа айту, рөлдік ойындар, ассоцация, аудио тыңдау.
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың суреттері, аудиотаспа, домбыра, оқулық, үлестірме қағаздар т.б.
Сабақтың барысы:
1. Мұғалім.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.

Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

Осы кесте бойынша оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, Абай Құнанбаевтың жан-жақты қырын ашады.
Абай-ақын.
Оқушылар Абайдың өлеңдерін жатқа оқиды.
Абай-сазгер.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй,-деп Абай атамыз ән өнерін ерекше бағалаған.
Оқушылар Абай әндерін орындайды.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы.
- Абайдың қара сөздері туралы бауырына салып тәрбиелеген немересі, Мағауияның қызы Уәсила былай дейді:
«Әкем балаларын 7 - 8 - ге шыққанда оқуға беретін, балалармен қабат, қыздарын да оқытатын, қазақ тілінде кітап жоқ болатын. Сондықтан, балалардың ойы, дүние тануы кемшін болады деп әкем көп айтып жүрді. Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Молдаға қарап: «Балаларға мына кітапты әкелдім. Осыны көшіріп, көбейтіп бала басына бірден таратып бер, бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт» деді. Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас салып оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Өйткені, бұл жаңа кітаптың тілі ұтымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап болды. Кейін байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қарасөзбен жазған кітабы екен».
Қара сөздерінде Абай әңгіме - сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланады.
Абай қарасөздері туралы мүмкіндігіне орай батыл, ірі негізді пікірлер айтқан М. Әуезов еді. «... Абайдың осы қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған ертегі, мемуар да емес. Стиль мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді». (М. Әуезов. 20 - том).
Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Абай өз қарасөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қарасөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қарасөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектерімен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.
Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлу:
 Өмірбаяндық: 1 - сөз.
 Халықтарды салыстыру: 2 - сөз.
 Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз.
 Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз.
 Қазақтың мақал - мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 - сөз.
 Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 - сөздер.
 Жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 - сөз.
 Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер.
 Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 45.
 Адамгершілік, ар - ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 - сөз.
 Өмір туралы толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз.
 Нақыл сөздерден ғана тұратын қарасөзі: 37 – сөз.

Сабақ барысындағы оқушылардың орындайтын тапсырмалары.
«Мені тап!» тапсырмасы.
Оқушылар қима қағаздардан сөйлем құрастырып, қай қарасөз екенін табады, оны аудиотаспадан тыңдайды, қарасөздің негізгі идеясын анықтап, тәрбиелік мәніне тоқталады, бір-бірімен пікір алмасады.
Берілген сөйлемдер: Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. 19- сөз
Кербездің екі түрлі қылығы болады. 18 –сөз
Аудиотаспадан сөзді тыңдау.
19-сөз. Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.
18-сөз. Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек – дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ – кербездің ісі.
Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» – дейтұғын болмаққа ойланбақ.
Мұның бәрі – масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы – қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық.
Осы сөздерді тыңдау арқылы оқушылар бір-бірімен ой бөліседі, тақырыпты ашады, қарасөздің негізгі идеясын анықтайды.
«Ойға түстім, толғандым» бөлімінде оқушылар Абайдың қарасөздерін жатқа оқиды.
Сергіту сәті. Оқушылар Ибуллаев Жәнібектің орындауында «Балбырауын» күйін тыңдайды.
Мұғалім:
Абай сөзінің негізін адамгершілікке тірейді. Барлық өсиет ой- толғау еңбектерінің қорытындысы тағы да адамгершілік тәрбие екенін танытады. Адамды қор қылатын ең залалды жаманшылықтарды санап өтеді.
Сахналық қойылым. Абайдың 17 –сөзі. (Сахнаға оқушылар, яғни Ақыл, Қайрат, Жүрек, Ғылым шығады)
Мұғалім. Қорытынды сөз.
Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған шақта.
Салған ән — көлеңкесі сол көңілдің,
Тақтысына билесін ол құлаққа.
Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп, оятар баста миды.
Бұл дүниенің, ләззаты бәрі сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар.
Адам аз мұны біліп ән саларлық,
Тыңдаушы да аз, ол әннен бәћра аларлық.
Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?
Көбінесе ән басы келеді ащы,
“Кел тыңда!” деп өзгеге болар басшы.
Керім толғап, тауысар қаңғыр-күңгір,
Сол жеріне ойыңмен араласшы.
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңідің өсері бар.
Білімдіден аяман сөздің майын,
Алты өлеңмен білдірдім әннің жайын.
Ездің басы қаңғырсын, ердің көңілі
Жаңғырсын деп ойладым айтқан сайын.
Көкірегінде оты бар ойлы адамға
Бұл сөзімнің суреті тұрар дайын.
Өмірдің алды — ыстық, арты — суық,
Алды ойын, арт жағы мұңға жуық.
Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,
Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.
Жаманға “жар” деген-ақ ән көрінер,
Жақсы ән біле айтуға кім ерінер?
Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп,
Жабырқаған көңілің көтерілер.

Сахнада оқушылар Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен орындайды.
Қорытынды.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырған келешекке,
Біздермен осы күнді тербеткен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?
Өзендей асып-тасып, арыстар мың.
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол – Абай, Ұлты – қазақ, бірі мықты арыстардың.
Сағынғали Сейітов
Сабағымызды елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сөзімен аяқтаймыз.
«…Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді».
Н.Ә.Назарбаев

Ғ. Қайырбеков атындағы №2мектеп-гимназиясы

Сабақтың тақырыбы:
«Абай қарасөздері-даналық көзі»

Өткізген:
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтакова А. Б
Сынып: 11 «А»

Астана қаласы
2015-2016 оқу жылы
Категория: Мой Казахстан | Добавил: анарка
Просмотров: 2547 | Загрузок: 30 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 3:14 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru