Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

Адам өмірі отбасынан басталады
2015-12-14, 7:02 PM
Шығыс Қазақстан облысы
«Шаған кенті 24жалпы негізгі білім беретін мектебі» КММ
Өзін –өзі тану пәні
мұғалімі Гүлмира Алтайқызы Шарипова
Тақырыбы: Адам өмірі отбасынан басталады.
Мақсаты: Қазіргі заман талабына сай жанұядағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасын адамгершілік тұрғыда нығайту, ролін ерекшелендіру, тәрбиенің маңыздылығына аса мән беруге көңіл бөлу.
Отбасы – отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: проектор, презентатция үнтаспа, маркер
Жай музыка әуенімен ата-аналар жайғасып отырады.
Мұғалім:
Отбасым - менің жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым –менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына азаматтық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңретін тәрбие ошағы. Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке аялаған ана. Ата-анаға, үлкенге қызмет етіп , әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата-ана –отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраусышы, қамқоршысы. Ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.
«Отбасы кішкентай мемелекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы –жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы – барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.
Ата-анам –өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе «Түп қазығың –Отаның , ар-намысың –тілің, кәусар бұлағың –ұстазың, қамқоршың –әкең, ақылшың -анаң» деген сөздері көңілімде жатталып қалыпты. Ата-анамның тілегін орындауға бар күшімді саламын.
Құрметті ата-аналар бүгінгі біздің мектебімізде өткелі тұрған «Адам өмірі отбасынан басталады» атты дөңгелек үстелге хош келдіңіздер
Шаттық шеңбері
Шаттық шеңберіне тұрып, танысамыз. Барлығымыз өз есіміміздің бас әріппен басталатын жылы, жақсы сөздерді есімімізге қоса айтып танысамыз.

Оқушылардың өлең жолдары
«Сен бақытты ұлансың!»
1.Анаң – күнің, жүрегің
Әкең –өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
2.Әжең- асыл ардағың.
Атаң –дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
3.Ағаң –қамқор асқарың.
Інің –мөлдір аспаның
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
4.Қарындасың - қанатың
Ел –Отаның –жаннатың
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Мен қазақ баласымын
1.Бұтағы – бабасының ,
Ұрпағы – атасының ,
Шуағы – әжесінің ,
Тұяғы – әкесінің

2.Тілегі – анасының ,
Тірегі – ағасының ,
Түлегі –даласының,
Дарытқан бар асылын,
Мен қазақ балсымын!

3.Жерінде – бабасының.
Елінде –атасының,
Көңілде – әжесінің,
Қолында –анасының,

4.Жолында – ағасының,
Төсінде – даласының,
Тапқан өз жарасымын,
Мен – қазақ баласыммын!
Күн және жүрекшелер таратылып, екі топқа бөлінеді
І-кезең Ой қозғау
Ата-аналарға сұрақ
«Бала сіз үшін кім?»
І топ.
1.Балаңыздың қандай жағымсыз, жат қылықтан аулақ болғанын қалар едіңіз?
2. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
3. Балаңыздың қандай жақсы істері мен әрекеттерін басқаларға үлгі етер едіңіз? игі істерін қалай мадақтайсыздар?
Оқушыларға сұрақ
«Ата-анаң сен үшін кім?»
ІІ топ.
1.Отбасы туралы мақал –мәтелдер білесіңдер? Мағынасын ашып беріңдер?
2.Ата-анаңның қандай жағымсыз, жат қылықтан аулақ болғанын қалар едің?
3.Ата-аналарыңның қандай жақсы істерін мақтан тұтасыңдар?

ІІ -кезең
Өнегелі отбасы сызбасын толтыру

ІІІ-кезең Сұрақтар легі
І топ Балалар арасында
1. Сені анаң қалай еркелетеді?
2. Достарыңа қандай тілек айтасың?
3 Анаң саған қандай тамақтар пісіріп береді?
4. Әкеңді қалай жақсы көресің?
5. Өскенде кім болғың келеді?
6.Үйдегі міндетің қандай?
ІІ топ Аналар арасында
1.Балаңызға күніне қанша уақыт бөлесіз?
2. «Шеше көрген...» мақалының жалғасын табыңыз
3.Балаңызды қалай еркелетесіз?
4.Сіздің ойыңызша отбасында әкенің ролі қандай?
5. Сіздің ойыңызша бақытты отбасы қандай болу керек?
6.Балаңыздың жақсы тұлға болып қалыптасуы үшін сіз қандай тәрбие беруіңіз керек?
ІY.Энерджайзер. Музыка ойнап тұрады
Қазір мен сіздермен бірге «Менің күнім» энерджайзер өткіземін.
Энерджайзер дегеніміз –психологиялық ойын деген сөз. Алдарыңызда жатқан параққа күннің суретін салып, жан-жағына шуақтарын салыңыздар. Дәл ортасына өздеріңіздің күндеріңіз ұлыңыз немесе қыздарыңыздың есімін жазып, сипаттап беріңіз. (3 минут)
Қорытынды. Балаларыңызға үнемі жылы сөздерді айтуға жалықпаңыз
Y. Қорытынды
Құрметті ата-аналар бүгінгі кездесуімізді Елбасымыздың мынандай сөзімен қорытындылағым келіп тұр. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншілікпен басталады». «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осы.
Сіздердің тілектеріңізге көп рахмет. Отбасыларыңызға аманшылық, сүйіспеншілік, бақыт тілеймін.
Адамның ең басты шаттығы болып саналатын –бала. Әр бала жұлдыз.
Сол жұлдыздың жарқырауына көмектесетін- сіздер!
Категория: Самопознание | Добавил: zhannaSS
Просмотров: 1615 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 7:23 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru