Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика

"Квадрат үшмүше" тақырыбы бойынша сабақтың жоспары (8 сынып)
[ Скачать с сервера (23.4 Kb) ] 2015-02-06, 6:51 PM
Сабақтың тақырыбы: Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды оқып білу.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар квадрат үшмүшенің анықтамасын біледі;
Оқушылар квадрат үшмүшеснің түбірлерін табу формулаларын біледі;
Оқушылар квадрат үшмүшенің түбірлерін таба алады;
Оқушылар квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу формуласын біледі;
Оқушылар квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуді орандай алады;
Оқушылар өзін-өзі бағалай алады.
Оқушылар өз ойын еркін айта алады.

Оқу әдісі: көрнекі, ауызша-сұрақ, өзіндік, топтық.
Оқу құралдары: презентация, өзін-өзі бағалау парақтары.

Сабақтың барысы.

№ Сабақтың мазмұны Мұғалімнің іс-шарасы Оқушылардың іс-шарасы
1 Психологиялық кезеңі. Сәлемесіздер ме! Ең біріншіден, сабақтың басында бір-біріне тілек айтайық және екі топқа бөленеміз. Оқушылар бірбіріне тілек айтады және екі топ құрайды.
2 Мақсаты кезеңі. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Квадрат үшмүше және квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу». Оқушылар дәптерлеріне сабақтың тақырыбын жазады.
3 Ой қозғау.
Көпмүше дегеніміз не? (бірмүшелердің қосындысы көпмүше деп аталады.)
Жалпы түрдегі квадрат теңдеу дегеніміз не? (ax^2 + bx + с = 0)
Қандай жағдайда квадрат теңдеудің екі әр түрлі түбірі болады? (егер дискриминант нөлден артық болса)
Қандай жағдайда Виет теоремасын қолдануға болады?
(келтірілген квадрат теңдеу болғанда)
Вите теоремасына кері теореманы қолдағанда қандай теңдеуді құруға болады? (келтірілген квадрат теңдеу)
Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. Оқушылар жауап береді.
4 Топтық тапсырма.
топ. (х-3)(х-2) көбейтіндісінің мәнін табыңдар.
топ. Түбірлері 3 және 4 сандары болатын теңдеудін құрындар. Мұғалім оқушыларға топтық тапсырма береді. Оқушылар топта тапсырманы орындайды.
5 Жаңа материалды меңгеру кезеңі.
№ 1 (х-3)(х-2) = x^2- 5х +6 ;
№2 x^2- 7х + 12 = 0.
Алдынғы екі тапсырманың жауаптарындағы өрнектер көпмүше болып шықты. Олардың неше мүшесі бар?
Олардың дәреже көрсеткіші неге тең?
Сонда олар не болып табылады?
Олардың жалпы түрін қалай жазуға болады?
ax^2 + bx + с, мұндағыx- айнымалы, а, b және с- сандар, a ≠ 0. Мұғалім оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы жаңа тақырыпты түсіндіріп береді. Оқушылар сұрақтарға жауап, жаңа тақырыпты меңгереді.
Оқушылар квадрат үшмүшенің жалпы түрін жазады.
6 Ауызша жаттығу.
Келесі өрнектердің қайсысы квадрат үшмүше болатынын анықтаңдар:
а) 〖3х〗^(2 )-7х+ 1/2 ә) 〖2х〗^(3 )+5х-1 б) 〖-4х〗^(2 )+ 1/3
в) 2х – 1,27 г) 〖2х〗^(2 )+ 5х Мүғалім оқушыларға тапсырма береді. Оқушылар жауабын түсіндіріп береді
7 〖5х〗^(2 )+ 3х-2 квадрат үшмүшесінің мәні х-мәніне тәуелді екенін ескерту керек. Мысалы,
Егер х = 0,онда 〖5х〗^(2 )+ 3х-2=-2
Егер х = 2,онда 〖5х〗^(2 )+ 3х-2=24
Егер х = -1,онда 〖5х〗^(2 )+ 3х-2=0
х = -1 болғанда 〖5х〗^(2 )+ 3х-2 квадрат үшмүшесін нөлге айналдыратын -1 саны квадрат үшмүщенің түбірі деп аталады.
Мұғалім оқушыларға келесі мысалды шығаруға ұсынады. Оқушылар мысалын шығарып, өз бетімен жаңа анықтаманы тұжырымдап айтады. Оқулықтағы анықтаманы іздейді.
8 Постер жасау. Квадрат үшмүшенің түбірлерін қалай табуға болады? Мұғалім оқушыларға тапсырма береді. Оқушылар оқулықтың көмегімен постер жасайды.
9 Түбірлері бойынша квадрат теңдеу құруды білесіңдер, ал оның сол жағы – квадрат үшмүше болып табылады. Енді бізге кері жұмысын орындау керек. 1 тапсырманың жауабына қарайық::
(х-3)(х-2) = x^2- 5x +6
Осы теңдіктің сол және оң жақтарының орындарын ауыстырайық.
x^2- 5х +6 = (х-3)(х-2)
Қорытынды: квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктедік, ал 2 және 3 сандары оның түбірлері.
- 2x^2- 10х + 12 квадрат үшмүшені қарастырайық. Қалай оны жіктейміз?
2x^2- 10х + 12 = 2(x^2- 5х +6) = 2(х-3)(х-2) , осында а = 2 – бірінші коэффициент.
Жалпы түрі: ax^2 + bx + с = a (х - х_1 )(х - х_2 ) , мұндағы х_1 және х_2- сандары ax^2 + bx + с квадрат үшмүшесінің түбірлері.
-Оқулықтың ережесімен танысайық.
Келесі сабаққа бір оқушы осы теңдіктің дәлелдемесін дайындап келеді. Мұғалім оқушыларға тапсырма береді. Оқушылар тапсырманы орындап қорытында жасайды.
10 Есептер шешу.
а) x^2- 15х + 50 = (х-5)(х-10)
x^2- 15х + 50 = 0
Д>0 , х_1+ х_2=15 ,
〖 х〗_1•х_2=50 х_1=5,х_2=10
в) 3x^2- 2х – 1 = 3(х - х_1 )(х - х_2 ) ,
а = 3 және 3x^2- 2х – 1 = 0, Д>0,Д = 4 +12 =16, х_1= 1 ,х_2= -1/3
Мұғалім есептер береді. Оқушылар шығарады.
11 Рефлексия. Сөйлемді жалғастырыңдар
Бұгін мен ...
Стикердің көмегімен
12 Үй тапсырмасы № 229, 230.
13 Бағалау
Категория: Математика | Добавил: dinara9745
Просмотров: 1681 | Загрузок: 75 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 7:04 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru