Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика

Ашық сабақ. Тақырып: Комбинаториканың негізгі элементтері.
[ Скачать с сервера (248.6 Kb) · Скриншот ] 2016-04-23, 5:23 PM
Ашық сабақ.
Тақырып: Комбинаториканың негізгі элементтері.
Мақсаты: Комбинаториканың қарапайым бөлімдері /Орналастырулар, алмастырулар және терулер /ұғымдарының формулаларын қолданып есеп шығара білу.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы.
Көрнекілігі: тақта, бор, интерактивті тақта, плакаттар, магниттер, стикерлер, карточкалар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. /5-7 мин/
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар?! Отырыңыздар. Бүгінгі сабағымыз сәтті өту үшін бір-бірімізге жақсы тілек жолдайық. /Оқушылардың тілектері/ Мүғалімнің тілегі.
Бағалау парағын алдын-ала қою немесе тарату. Бағаның критериі.
Мұғалім:.Өткен сабақта қандай тақырып қарастырылды?
Оқушы(лар): Өткен сабақта «Комбинаториканың негізгі элементтері» тақырыбын қарастырдық.
Мұғалім:.Ендеше бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?
Оқушы(лар): Комбинаториканың қарапайым бөлімдері ұғымдарының формулаларын қолданып есеп шығара білу. /1 слайд. Анимация арқылы сабақтың күні, тақырыбы, мақсаты шығады./
II. Үй жұмысын тексеру.
«Қытай» десерті. /Дұрыс жауапқа 1 ұпай./ /2 мин/
/2 слайд. Үй жұмысының шешімі/
№323. С_12^4=С_12^8 тепе-теңдігін дәлелдеңдер.
Шешуі: С_12^4=С_12^8 – дәлелдеу
С_12^4=12!/(4!(12-4)!)=(8!×9×10×11×12)/(4×3×2×1×8!)=495
С_12^8=12!/8!(12-8)!=(8!×9×10×11×12)/(8!×1×2×3×4)=495
С_12^4=С_12^8 - дәлелденді.
III. Өткен материалдың түсінігін тексеру. /Жеке жұмыс/
«Миға шабуыл». /6 мин/
/Кім бірінші қол көтереді, сол жауап береді. Дұрыс жауапқа 1 ұпай./
3 слайд. Сұрақтар, жауаптар анимация арқылы/
1. Орналастырулар дегеніміз не?
Анықтама. Бір-бірінен ең болмағанда элементтерінің бірінің өзгешілігі немесе олардың орналасу тәртібінің айырмашылығы берілген m элементтерден тұратын әр түрлі комбинацияның топтары n элементтерден m элементтен алынған орналастырулар деп аталады.
2. Алмастырулар дегеніміз не?
Анықтама. n элементтерден әр түрлі n элементтен орналастыруды әр түрлі
n элементтерден құралған алмастырулар деп атайды.
3. Терулер дегеніміз не?
Анықтама. Бір-бірінен кем дегенде бір ғана элементімен ерекшелеленетін
элементтерден тұратын топтарды n элементтерден m элементтен алынған терулер деп атайды.
4. Факториал дегеніміз не?
1-ден n-ге дейінгі барлық натурал сандардың көбейтіндісін айтады.
«Сәйкестендіру» /Жеке жұмыс, жұптық тексеріс/ /2 мин/
/Әр дұрыс сәйкеске 1 ұпай/
4 слайд. Тапсырма және анимация арқылы сәйкес стрелка арқылы жауап/

IV. Бекіту. /Топтық жұмыс/ /17-15 мин/
/Сынып 2 топқа 1-ден 7-ге дейінгі цифрлардан жасалған карточкалар арқылы бөлінеді. Тақ сандарды таңдағандар 1-інші топ, жұп сандарды таңдағандар – 2-ші топты құрайды/
«Математикалық ағаш» /плакат/
«Математикалық ағашта» деңгейлік тапсырмалар /карточкада/ ілулі. «Ағаштан» түскен «жемістерде» есептің жауаптары жазылған. Әр топ әр деңгейлік есептерден бір-бірден алып, оларды шығарып, дұрыс жауаптарын тауып, «корзинаға» салады /немесе алынған тапсырма-карточканың орнына іледі/. Сосын жауаптарын тексереді. 1 топ 2-ші деңгейлік тапсырманың, 2-ші топ 3 деңгейлік тапсырманың шешу жолдарын тақтада көрсетеді.
1 деңгей – 3 ұпай, 2 деңгей – 4 ұпай, 3 деңгей – 5 ұпай
/ 5 слайд. Тапсырмаларды, сосын жауаптарын анимация арқылы «ағашта» көрсету./
Тапсырмалар:
1 деңгей:
Есептеңіз.
С_4^3+Р_3; С_5^4+С_4^1

Шешуі:
С_4^3+Р_3=4!/3!(4-3)!+3!=(4×3!)/(3!×1)+3×2×1=4+6=10

С_5^4+С_4^1=5!/4!1!+4!/1!3!=(5×4!)/(4!×1)+(4×3!)/(1×3!)=5+4=9
2 деңгей:
Мәтінді есептер.
1. 15 спортшы өзара 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медалға күреседі.
Осы спортшылар өзара медалдарды қанша жолмен бөлісіп алар еді?
2. 15 адамнан 5 адамдық бригаданы қанша жолмен құруға болады?
Шешуі:
〖1. А〗_15^3=15!/(15-3)!=15!/12!=(15×14×13×12!)/12!=2730

〖2. С〗_15^5=15!/5!(15-5)!=15!/5!10!=(15×14×13×12×11×10!)/(5×4×3×2×1×10!)=3×7×13×11=3003
3 деңгей:
№326. Теңдеулерді шешіңдер:
ә) (m+1)!/(m-1)!=30
(m+1)m(m-1)!/(m-1)!=30
m^2+m-30=0
m_1=5 m_2=6
Жауабы: 5 немесе 6
б) A_(x+1)^2=420
(x+1)!/(x+1-2)!=420
(x+1)!/(x-1)!=420
(x+1)x(x-1)!/(x-1)!=420
x^2+x-420=0
x_1=20 x_2=-21 (есептің шартын қанағаттандырмайды)
Жауабы: 20
Тест /Жеке жұмыс/ /6 мин/
1. Есепте Р_5
А) 30 В) 100 С) 120 Д) 5
2. Есепте С_12^4
А) 128 В) 495 С) 36 Д) 48
3. Есепте А_8^4
А) 10000 В) 1680 С) 32 Д)1600
4. Әр түрлі 4 кітапты кітап сөресіне неше тәсілмен қоюға болады?
А) 24 В) 4 С) 16 Д) 20
5. Футбол командасында 11 адам. Капитан мен оның орынбасарын таңдау керек. Неше тәсілмен таңдау керек?
А) 22 В)11 С)150 Д) 110

Тапсырмалар 1 2 3 4 5
Жауаптар С В В А Д

V. Үй тапсырмасы. §21. №324. /1 мин/
〖а) (А〗_к^5+А_к^4):А_к^3; ә) 〖ә) (А〗_l^7+А_l^6):А_l^5

VI. Бағалау. /Оқушылар өздерін бағалағаннан кейін, бір-екі бала өзіне қойған бағасын саралайды. /3 мин/
Бағалау парағы:

Оқушының аты-жөні:____________________

«Қытай
десерті»
1 ұпай
Миға
шабуыл
Әр дүрыс жауапқа
1 ұпай
Сәйкестендіру
/7 ұпай/
Әр дұрыс сәйкеске
1 ұпай
Математикалық
ағаш Тест
5 сұрақ, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан Қорытынды
ұпай Баға
1 деңгей
3 ұпай 2 деңгей
4 ұпай 3 деңгей
5 ұпай


Бағалау критериі:
«5» - 24 ұпай және одан жоғары
«4» - 19-23 ұпай
«3» - 13- 18 ұпай
«2» 0-12 ұпай
Мұғалім бағасы.
VII. Рефлексия. /2 мин/
Плакатта таудың суреті салынған. /Сабақтың алдында ілінеді/.
Мұғалім: Осы таудың шыңы – «Түсіндім, есепті шығара аламын»,
Орта белі – «Жартылай түсіндім»,
Таудың етегі – «Мүлде түсінбедім» мағыналарын білдіреді.
Балалар, берілген «жалауларыңды» /стикелерді/ «таудың» қай тұсына жапсырар едіңдер?
VIII. . Қорытынды. /Мұғалім сөзі, соңында смайликтер беріледі/ /1 мин/

Солтүстік Қазақстан облысы
«Пеньково» орта мектебі

Ашық сабақ.
Тақырып: Комбинаториканың негізгі есептері.
/10сынып/
Мұғалім: Бейсембин Д.Қ.

Сәуір - 2016 жыл
Категория: Математика | Добавил: Кролик
Просмотров: 1637 | Загрузок: 45 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 10:54 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru