Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » НВП и ОБЖ

Жарықшақты қол гранаталары
[ Скачать с сервера (46.0Kb) · Скачать удаленно () ] 2015-04-13, 7:41 PM
Сабақтың тақырыбы: Жарықшақты қол гранаталары ,жарықшақты қол гранаталарының (РГД-5, РГН, Ф-1, РГО) атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеттері, гранатаның және тұтандырғышының құрылысы, гранатаны лақтыру кезіндегі бөлшектері мен механизмдерінің жұмысы, гранатаны лақтыруға дайындалу
1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдеріне үйрету.
2. Уақыты: 45 минут.
3. Өткізілетін орны: 10 сынып, Тактикалық алаң.
4. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы,интербелсенді тақта,слайдттар,бейнеүзіктер
5. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.
- Қаруды көтеріп, қысқа аялдама жасап жүріп келе жатқанда қандай ату тәсілдерін қолдануға болады?
- Ашық жерлердегі әуе нысаналарын жою үшін автоматшы (пулеметші) атуды қандай жағдайларда жүргізеді?
- Автоматшы (пулеметші) жергілікті заттар артынан ату үшін қандай жағдайда орналасады?
- әуе нысаналарын ордан (байланыс жолынан) тұрып ату қалай жүргізіледі?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

АЕ. Т. 6. Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдер.

Гранаттарды лақтыру келесі тәсілдермен жүргізіледі: лақтыру үшін оңтайлану және гранатты лақтыру.
Гранатты жарақтау: «Гранаттарды дайында!» пәрмені бойынша, ал ұрыста өздігінен жүргізіледі.
Жарақтау үшін гранатты сол қолмен сөмкеден шығарып, оң қолмен металл қалпақшасын алады немесе тығында корпус түтігінен бұрап шығарады. Содан кейін сол қолмен гранатты ұстап тұрып, оны оң қолмен сөмкенің ұясынан шығарып, тұтандырғышы алынады. Тұтандырғышты орталық түтікке қойып, шегіне дейін бұрап енгізеді – гранат лақтыруға дайын.
Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру түрлі жағдайларда жүргізіледі: түрегеліп тұру, тізерлеп тұрып, жатқан қалпында, сондай-ақ ЖҰМ-нан, танкіден, БТР және жаяу реттегі қозғалыста (тек шабуыл гранаттары).
Гранатты лақтыру кезінде оның ұшу жолында ағаш бұтақтары, қалың өскен шөп, сым темір және т.б. кедергілер болмайтындай жер таңдалады.
Гранатты лақтыру. «Гранатпен-ат!» пәрмені бойынша, ал ұрыста өздігінен де жүргізіледі. Гранатты лақтыру үшін оны қолға алып, саусақтармен ағытқыш иінтірегін гранат корпусына қысып ұстайды; ағытқыш иінтірегін одан әрі қысып, екінші қолмен сақтандырғыш мұрындық ұшын қысады, ағытқыш иінтірегін қысылған жағдайда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады, гранатты құлаштап нысанаға лақтырады.
Бір орында тұрып гранатты лақтыру кезінде нысанаға тура қарап, гранатты оң қолда, ал қаруды сол қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады. Оң аяқты тізеден бүгіп, денені оңға бұрып, қол төменге және артқа доға бойынша гранатпен сермеу жүргізіледі, оң аяқты дереу түзетіп, денені нысанаға бұрып гранатты лақтырады. Лақтыру кезінде дененің салмағын сол аяққа түсіріп, қаруды артқа ұстайды.
Тізерлеп тұрып гранатты лақтыруда гранатты оң қолда, қаруды сол қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады. Денені артқа бере және оны оңға бұрып, гранатты құлаштап, көтеріңкірей отырып, иықтың үстінен лақтырады да, қимыл соңында дереу сол аяққа еңкейеді.
Жатқан қалпында гранатты лақтыру кезінде қаруды жерге қойып, гранатты оң қолға алады. Сол қолмен сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады да, қолдарымен жерді тіреп, одан күш алып қозғалады. Оң аяқты біраз артқа беріп, сол аяқпен тізерлеп тұрады да, гранатты құлаштап лақтырады. Оң аяқты түзете, нысанаға қарай кеудені бұра алға беріп, гранатты лақтырады; қаруды алып, атысқа дайындалады.
Адымдап немесе жүгіріп келе жатқанда гранатты лақтыру кезінде гранатты жартылай бүгілген оң қолда, ал қаруды сол қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады. Сол аяқтан адымдау кезінде гранат ұстаған қолды алға және төмен ұстайды; екінші адымда қол төменнен доға бойынша қозғалып осымен бір мезгілде оңға бұрылады; үшінші қадамда сол аяқты нысанаға қарай бағытпен ұшына басып және оң аяқты тізеден бүгіп, денені бұру және қолды сермеу аяқталады. Жүру жылдамдығын пайдаланып лақтыруға аяқтың, дененің және қолдың күшін бірінен соң бірін жұмылдырып, гранатты иық тұсынан өткізіп лақтырады.
Гранатты ордан немесе оқпанадан лақтыру үшін қаруды топырақ қалқаға қойып, гранатты оң қолға алып, сол қолмен сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады; оң аяқты артқа қояды; белмен еңкейіп, екі аяқты да сәл бүгіп, гранат ұстаған қолды шегіне дейін кері қояды; сол қолға сүйеніп, еңсені күрт жазып гранатты нысанаға лақтырады да, ізінше оқпанаға жасырынады.
Гранатты тік нысана боп саналатын ғимарат терезесінен және есігінен лақтыру кезінде оны түзу сызыққа жуық траектория бойынша, оны көздеген жерге күшпен тік бағытта лақтырады. Мұнда нысананың жоғарғы шетін көздеген жақсы, өйткені гранат ұшу аяғына қарай жылдамдығын баяулатып, біртіндеп төменге бұрылады. Лақтыруды орнынан тұрып, тізерлей не жатып орындаған дұрыс.
Қарсыластың оқпанада, орда орналасқан тірі күшін жою үшін гранатты көкжиекке 35-45 градус бұрышпен лақтыру керек, бұл кезде гранат нысанаға аспалы жолмен түсіп, ор арқылы аз домалауы және сыртқа қарай домалап кетпеуі көзделеді.
Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек ұрыстық серіппе әсерінен жанына қарай ауытқиды да, соққышқа энергияны хабарлайды. Соққыш өзі істік темірімен капсюль-тұтандырғышты жарады. Капсюль-тұтандырғыштан шыққан от баяулатқышты тұтатады және одан өтіп капсюль-детонатор жарылып, гранаттың жарылғыш зарядын жарады. Гранаттың корпусы жарылып, тұтандырғыштың жарықшақтары жан-жаққа ұшады.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- жарықшақты қол гранатын лақтыруға дайындық қалай жүргізіледі?
- түрегеліп тұрып жарықшақты қол гранатын лақтыру тәсілдері қалай орындалады?
- лақтыру үшін гранаттың жарақталуы туралы айтыңдар.
- Гранатты ордан немесе оқпанадан лақтыру тәсілдері қандай?
Категория: НВП и ОБЖ | Добавил: aitkali
Просмотров: 595 | Загрузок: 59 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2016-12-10, 2:10 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [779]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [519]
Русский язык и литература [697]
Физическая культура [200]
Английский язык [409]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [366]
Начальная школа [1873]
Мой Казахстан [238]
Технология [126]
Самопознание [171]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [464]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [544]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru