Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Профессиональное образование

Кәсіби коммуникация: түсінігі мен маңызы
[ Скачать с сервера (22.8 Kb) ] 2015-06-22, 11:08 PM
Коммуникация латын тілінен «communicatio»- хабарлама, жеткізу дегенді және «communicare» - ортақ қылу, әңгімелесу, байланыстыру, хабарлау дегенді білдіреді [8, б.96]. Коммуникацияны зерттеуші ғылыми пәннің атауы – коммуникация, коммуникация теориясы, коммуникациялар жайлы ғылым немесе коммуникология.
Коммуникация қалауымызша жүзеге асу үшін сол қатысымға қатысушы субъектілер қарым-қатынасқа түсе алу үшін тіл қажет. Коммуникация үрдіс ретінде әлеуметтік әрекеттің бір түрі болып табылады және адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы мен ақпарат алмасуына бағытталған. Коммуникативтік іс-әрекет басқа іс-әрекеттерден өзінің коммуникация нормаларына бағынатындығымен ерекшеленеді.
Кәсіби коммуникация – белгілі бір іскери қызмет саласына бағытталған (өндірістік, ғылыми, педагогикалық, т.б.) іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін қарым-қатынас жасау үрдісі.
Кәсіби коммуникация мен коммуникацияның басқа түрлерінің ара жігін нақты ажыратып отырған жөн. Кәсіби коммуникация біріккен еңбек шартында ұйымдасқан бірнеше субъект арасында пайда болады. Іскери қарым-қатынасқа түсуші субъектілер арасындағы өзара түсіністік, іс-әрекеттер келісімділігі, алға қойылған мақсаттардың ортақ болуы дәл осы кәсіби коммуникация сапасына тәуелді.
Кәсіби коммуникация ерекшелігі оның ортақ еңбекке қызығушылықтары бір субъектілер арасында болуы. Осындай жағдайда коммуникацияның өз өнімдері болады: ресми келіссөздер, келісімдер және түрлі деңгейдегі хаттамалар.
Кәсіби коммуникация – екі жақты үрдіс, екі жақсыз ол өз мақсаттарына жете алмайды. Бұл ұйым өмірінің негізгі шарты.
«Кәсіби коммуникация қазіргі заманда фирманың, ұйымның, кәсіпорынының өмір сүруінің негізі болып табылады. Менеджмент саласындағы мамандар ағылшындық жетекшілердің 63%-ы, американдықтардың 73%-ы, жапондықтардың 85%-ы өз ұйымдарының жетістікке жетер шарттарының бірі ретінде коммуникация деп санап, оған өз уақытының 50%-дан 90%-ға дейінгі бөлігін жұмсайды».
Кәсіби коммуникацияның мақсаттары:
- басқару субъектілері мен объектілері арасындағы ақпарат алмасу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету;
- ақпарат алмасу кезінде тұлғааралық қатынасты жүзеге асыру;
- іскер топтың жеке қызметкерлері немесе топтар арасындағы ақпарат алмасу және олардың іс-әрекеттері мен міндеттеріне бағыт беріп отыратын каналдарын қалыптастыру;
- ақпарат легін реттеу мен рационализациялау.
Кәсіби коммуникация келесі түрлерге бөлінеді:
- ауызша тілдесім негізіндегі тұлғааралық және ұйымдастырушылық коммуникация;
- жазбаша түрде хат алмасу негізіндегі коммуникация.
Тұлғааралық коммуникация өз кезегінде: формальді және ресми болып екіге бөлінеді. Аталған коммуникация түрлері саясат, ереже, лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалып нақты бір ұйым үшін формальді түрде іске асырылады. Ал формальді емес коммуникация ұйым ережелеріне бағынбайды, ұйым қызметкерлері арасында бекіген қарым-қатынас жүйесіне сәйкес іске асырылады.
Тұлғааралық қарым-қатынастар сонымен қатар тағы екі түрге ажыратылады:
- вербальді (сөздік);
- бейвербальді, сөздерді қолданбай-ақ ақпарат алмасуға (мимика, пантомима, жестикуляция, кеңістікті сурет, т.б.) мүмкіндік беретін түрі.
Коммуникацияның вербальді және бейвербальді бірін бірі әрдайым ығыстырып отыруы міндет емес. Себебі, ақпаратты қабылдаған адам оны басқаға тек сөзбен ғана емес, сөзге мимика, жестикуляцияны қоса отырып сол ақпаратты сенімдірек, тартымдырақ етіп таратуы мүмкін.
Кәсіби коммуникацияның негізгі міндеттері – нәтижелі серіктестік, мақсаттар біріктірілуіне деген қызығушылық, қызметтестік қарым-қатынастарды жетілдіру.
Кәсіби коммуникация амалдарын меңгеріп алу, мамандарға өз қызметтестерімен ыңғайлы психологиялық қатысымды құрай отырып, әріптестікке әкелетін түрлі стратегиялар мен тактиканы пайдаланып нәтижелі қызмет ету мүмкіндіктерін береді. Ал бұл, өз кезегінде келіссөздер мен кеңестер нәтижесінде шығуы мүмкін теріс шешімдер шығару қаупінен сақтайды.
Тәжірибеде көптеген өндірістік сұрақтар ұжымдық талқылау мен шешімді қажет етеді. Кәсіби коммуникацияның жалпыға белгілі түрлері болып менеджер, заңгер, релайтер, т.б. іскери әңгімелері, келіссөздер, жиналыс, конференция, түрлі іскери кездесулер болып табылады.
Кәсіби коммуникацияның дәстүрлі жанрында (ашық сөйлеу, интервью, комментарий, кеңес беру) жаңа шарттар негізінде тек өзін-өзі ұсына алатын ғана емес, сонымен қатар өз қызмет орнының философиясын, ұйымдастырушылық құндылықтарын, корпоративітк мәдениетін және тұтынушылық нарықтың, байланыс аудиториясының, басшылық құрылымын насихаттай алатын фирмалар мен әріптестер коммуникативтік стратегиялары жүзеге асырылады. Бұл жанрлардың көпмақсатты сипаты өзінің коммуникативтік стратегияларын, технология және басқа процедураларының болуын талап етеді.
Кәсіби коммуникацияның арнайы жанрларына көбінесе жиналыс, отырыс пен конференциялар сияқты кәсіби қарым-қатынас түрлерін құрайтын пікірталас, дискуссия, полемика, дебатты жатқызуға болады.
Кәсіби коммуникацияның әрбір түрінің ерекшелігі келесідей белгілерді қамтиды:
- өткізу мақсаты (не үшін?);
- қатысушылар құрамы (кім? кіммен? кімге?);
- регламент (қанша уақыт алады?);
- өткізудің коммуникативтік амалдары (қалай?);
- кеңістік ортасын ұйымдастыру (қайда?);
- күтілетін нәтиже (қандай? неге қол жетті?).
Іскери тілдесімдер 5 сатыдан тұрады:
1. Тілдесім басы;
2. Ақпарат жіберу;
3. Аргументермен дәлелдеу;
4. Тілдесуші әріптестің болжамдарын даттау;
5. Шешімдер қабылдау.
Тілдесімнің ең маңызды бөлігі - оның басы. Тілдесімді ұйымдастырушы әріптесіне деген дұрыс пікірін қалыптастыруы қажет, себебі бұл кәсіби коммуникацияға қатысушылар арасындағы көпір болып табылады. Тілдесімнің алғашқы сатысының міндеті: тілдесушімен байланыс орнату; тілдесімге тиімді орта қалыптастыру; тілдесім пәніне назар аударту; тілдесімге деген қызығушылығын ояту; басшылықты өз қолына алу (қажет болған жағдайда).
Кейде норма екі жақты стандарт ретінде – міндетті және мүмкін нұсқалар болады. Мысалы, орыс тіліндегі ауызекі сөйлеу тәжірибесінде договор-договора түрі кітаби договор-договоры нұсқасын ығыстыруда.
Нормалардың түрлілігі оның өзгеруіне себеп болады, соған орай түрлі тілдер үшін норма өзгерістері әр түрлі болады. Ең тұрақты болып грамматикалық нормалар есептеледі. Кез келген тілдің грамматикалық құрылымы ондаған, жүздеген жылдар бойы өзгеріске ұшырамай өмір сүреді. Тек фонетикалық нормалар ғана ерекше қозғалмалы болып табылады. Мысалы, кеше ғана тілге енген «маркетинг» сөзі екі нұсқада қолданылуда: маркетинг және маркетинг.
Сөз дұрыстығы – сөйлеу мәдениетінің негізгі талабы, оның негізі.
Тілде сан түрлі амал-тәсілдер қоры бар. Олар сөздің жанры, жағдайы, саласы және міндетін ескере отырып қолданылады да, коммуникация мақсатына жетуге бағытталады. Сөйлеу мәдениетінің коммуникативтік аспектісі дәл осы мәселелерді қарастырады.
Қазіргі лингвистикада сөйлеу мәдениетінің коммуникативтік аспектісі деп аталатын ұғым ежелгі дәуірде ең маңызды ғылымдардың бірі –риторика болған. Алғашында риторика шешендік өнер жайлы ілім болды. Содан кейін риторика жақсы сөз сөйлеу туралы ілім ретінде қабылдап, оның нақтылық, айқындылық, логикалық, тазалық, орындылық сипаттарына ерекше назар аударылды. Осы сипаттардың барлығы бір-бірімен байланысты.
Біздің заманымыздағы риторика, немесе неориторика – бірінші кезекте нәтижелі сөз, тілдік амалдар арқылы қойылған мақсаттарға жету туралы ілім. Ол қатысымның психологиялық және этикалық аспектілерін есепке алады.
Іскери қарым-қатынас этикалық қатысым негізінде жүзеге асырылады. Қатысымның этикалық нормалары көбіне ұлттық сипатқа ие. Мысалы, Еуропа елдерінде құрмет белгісі ретінде есептелетін жағдайлар (кездесу кезінде әйелі мен туыстарының жағдайын сұрау) мұсұлман елдерінде дөрекі болуы мүмкін.
Сөйлеу мәдениеті жоғары тұлғамен тілдесу онымен тілдесушіге әрдайым жағымды әсер қалдырып, еркін түрде жүзеге асады. Егер бұл іскери адам болса, оның қолынан түрлі әрекеттер келеді, мысалы, байланыстар мен іскери келіссөздер жүргізе алады, адамдарға өз пікірін дәлелдей алады, тілдесушілерге әсер қалдырып сендіреді, ол өзі құжатты құрып, редакциялай алады, алғыс хат, құттықтау хат және презентациялық сөздерді құрастыра алады. Осылардың барлығы іскери адамдарға тән белгілер болып табылады.
Сол себепті осы қасиеттерге ие бола алатын, тиісті білім, білік, дағдыларын меңгере алған іскери адам қазіргі нарықтық қарым-қатынастар заманындағы өз қызметінің нәтижелілігі мен қызмет орнының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда сәтті болып, өзінің және ұжымының мүдделерін сақтаудың оң нәтижелерге жетуіне әкелер қасиеттердің бірі.

Әдебиет
1. Бойко В.В. Энергия эмоций в общении: взгляд на себя и других. – М., 1995. – 216 с.
2. Уикипедия. Еркін энциклопедиясы. http://ru.wikipedia.org
3. Шохов А. Деловая коммуникация.
URL: http://www.klubok.net/article213.html
4. Панфилова А.П. Деловая коммуникация в профессиональной деятельности; СПб, 2001. – 492с.
5. Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений. – СПб.: Питер, 2009. – 576 с.
Категория: Профессиональное образование | Добавил: 1234563893 | Теги: іскери қарым-қатынас, Коммуникация, кәсіби коммуникация
Просмотров: 3056 | Загрузок: 46 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 10:53 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru