Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Профессиональное образование

тік белдемше сызбасын құрастыру
2016-05-19, 0:14 AM
Бағдарламаның тақырыбы: Тік белдемше сызбасын құрастыру,
пішу және өңдеу
Сабақтың тақырыбы: Тік белдемшенің сызбасын құрастыру.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Тік белдемшені құрастыру, пішу барысында өндірістік
дағдыларын қалыптастыру.
дамытушылық: Теориялық білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге, алған
білімдері арқылы өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
тәрбиелік: : Ұқыптылыққа, әсемдікке, төзімдікке, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Қолданылатын технологиялар: ойын технологиясы
Пәнаралық қатынас: тарих, құрастыру.
Материалды – техникалық жабдықталуы: компьютер, интерактивті тақта, нұсқау карта, шеберхана жабдықтары, оқушылардың жеке құралдары.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі – 5-6 мин
1. Оқушылармен амандасу.
2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Кіріспе бөлім
Оқушылардың зейінің жаңа сабаққа бейімдеу:
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыпты естерімізге түсіріп жіберейік.
1 тапсырма: Карточка – ойын «Лото»
Оқушыларға карточка беріледі дене өлшемдері. Ойын шарты: өлшем алу әдісінің толық жазылуына сай ұяшықты жабу.

2 тапсырма: Суретке карап өлшемдерді трек сызығын белгілеу

3- тапсырма: Суретке қарап қатені та бу

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:
Тік белдемше сызбасын құрастыру барысында практикалық дағдыларын қалыптастырып, алған білімдері арқылы өз бетінше жұмыс істей алуға үйретіп, жұмыс барысында төзімділікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Жаңа тақырыпты баяндау
 Қолдану әдісіне байланысты барлық киімдер белдік және иықтық болып жіктеледі.
 Иықтық деп иыққа бекітілетін, ал белдік деп белге бекітілетін киімдерді айтады.
 Белдік киімдердің негізгі тобын белдемшелер құрайды.
Белдемшелер – әйелдер гардеробының негізгі бөлігі.
Белдемше пішіні заманына, мода бағытына байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ үнемі сұранысқа ие. Белдемше костюмнің бөлігі ретінде және жеке бұйым болып та табылады немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Әдемілік, қарапайымдылық және қолайлылық – белдемшеге қойылатын талаптар осылар. Белдемше формасы ғасырлар бойы өзгеріп отырды.
Тарихи анықтама
Киімдердің ең көне элементтерінің бірі белдік болатын. Белдікке тартылған терілер, жапырақтар, маталар алғашқы белдемшенің түпнұсқалары еді.
Негізінен адамдар киімді әйел адамның, ер адамның киімі деп бөлуді білмеген. Ежелгі Греция мен ежелгі Римде белдемше ер адамның киімінің бірі болған. Оның ұзындығы лауазымына байланысты болып келген, яғни жастардың киіміне қарағанда елеулі азаматтардың киімі ұзынырақ екен. Белдемшенің ұзын-қысқасынан - әлеуметтік мәртебесін байқауға болады. Ал әйел адамда белдемше болмаған, олардың киімдері жамылғы, туника болып келген.
Тек ХV ғасырда готикалық белдемше кеудеше мен белдемшеге бөлінді.
ХVІ ғасырда Испанияда бай әйелдер көлемді, қабат-қабат бірнеше белдемшеден тұратын киімдерді кие бастады. Бұл белдемшенің бір кемшілігі салмағы ауыр болды, сондықтан белдіктерге бекітілген бірнеше металдардан жасалған құрсауды (обруч) ойлап тапты.
Италия мен Францияда белдемше жеңілдеу, аз қабаттан тұрды. Мықын тұстарына арнайы мақта жастықшаларын қойды.
ХІХ ғасырдың аяғында белдемше еркін, қолайлы, күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымына айналды.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдары британ Мэри Куант «мини» белдемшені сәнге кіргізді. Британ империясы Мэри Куанттың қысқа белдемшесін қабылдап орден берді және экспортқа шығаруға рұқсат берді. Бұдан кейін «макси» белдемше пайда болды, бұл үлгі сәнде көп тұрақтамады.

Қазіргі кезде ұзындығына байланысты белдемшелер «mini» (өте қысқа), «midi» (орташа), «maxi» (тым ұзын) деп бөлінеді

Конструкциясы бойынша белдемшелер:
 Тік
 Қиықты
 Конус тәрізді
Тік белдемшелер силуэтіне байланысты: тік, етегі тарылған және кеңейтілген.
Тік белдемшелер: екі бөлшектен тұрады: алдыңғы және артқы бойлардан. Тік белдемше фигураны тығыз қынап тұрады, ол тілікті, қатпарлы, жиырылған, иінішті, қалталы т.с.с. болуы мүмкін. Тік белдемшені моделдеу арқылы сан алуан белдемше түрлерін шығаруға болады.

Тік белдемшені құрастыруға қажетті өлшемдер:
Ст – Жартылай бел айналымы.
Таспа бел сызығын айналдыра өтіп көлденең өлшенеді. Өлшемнің жартысы жазылады.

Сб – Жартылай мықын айналымы.
Мықынды айналдыра іштің шығынқы тұсын ескере отырып өлшенеді. Өлшемнің жартысы жазылады.

Диз - Бұйым ұзындығы.
Артқы бойдың бел сызығынан төмен қарай қажетті үзындыққа дейін түсіріледі. Өлшем белдемшенің ұзындығын анықтау ұшін қолданылады .

Тік белдемше құрастыру
1.Бұйым ұзындығы: ↓ТН = Диз
2.Мықын сызығы: ↓ТБ = 18 ÷ 20 типтік денеге
3.Мықын сызығының ені: ББ1 = Сб
4.Бүйір қиығы: ББ2 = Сб /2
5.Бел сызығының орналасуы: ТТ3 = Т1Т4 = Ст/2 + ( бүкпенің ені 2,5 ÷3)
6. Артқы бойдағы бүкпе осінің орналасуы: ТТ6 = 8÷9см , бүкпе ені осьтен симметриялы оңға және солға қалдырылады.
7. Алдыңғы бойдағы бүкпе осінің орналасуы: Т1 Т5 = 9-10см
8. Алдыңғы бойдағы бүкпе ұзындығы: ↓Т6В = 10-11см
9. Артқы бойдағы бүкпе ұзындығы: ↓Т5 В = 9-10см
10. Бел сызығы бойынша көтерілуі: Т3Т3' = Т4Т4' = 1см
11. Бел сызығы бойынша төмен түсуі: ↓ТТ' = ↓ Т1 Т1 ' =1cм
12. Жарманын орналасуы: Ұзындығы Ұб/3. Ені 8 см
Ескерту: Бүкпенің ені
Типтік өлшем -2,5см
Жіңішке бел -3см
Айқындалмаған – 2см

Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында еңбек дағдыларын көрсету:
Тік белдемшенің сызбасын құрастырып, пішіп көрсету.

Еңбек дағдыларын көрсету барысында келесі жағдайларға көңіл аудару:
 Өлшемдердің дұрыс алуына назар аудару
 Дұрыс есептелуіне назар аудару.
 Дұрыс құрастыруына назар аудару

Кіріспе нұсқаудың жаңа материалы бойынша білімдерін пысықтау:
1 – тапсырма
Суретке карап тірек сызбалары арқылы белдік бұйымдарды табу

Белдік бұйымдар

2 - тапсырма Бірізділігін табу
2. Мықын сызығы: ↓ТБ = 18 ÷ 20 типтік денеге
4. Бүйір қиығы: ББ2 = Сб /2
1. Бұйым ұзындығы: ↓ТН = Диз
5. Бел сызығының орналасуы: ТТ3 = Т1Т4 = Ст/2 + ( бүкпенің ені 2,5 ÷3)
3. Мықын сызығының ені: ББ1 = Сб
6. Артқы бойдағы бүкпе осінің орналасуы: ТТ6 = 8÷9см , бүкпе ені осьтен
симметриялы оңға және солға қалдырылады.
10. Бел сызығы бойынша көтерілуі: Т3Т3' = Т4Т4' = 1см
7. Алдыңғы бойдағы бүкпе осінің орналасуы: Т1 Т5 = 9-10см
8. Алдыңғы бойдағы бүкпе ұзындығы: ↓Т6В = 10-11см
12. Жарманын орналасуы: Ұзындығы Ұб/3. Ені 8 см
9. Артқы бойдағы бүкпе ұзындығы: ↓Т5 В = 9-10см
11. Бел сызығы бойынша төмен түсуі: ↓ТТ' = ↓ Т1 Т1 ' =1cм
Өлшем алу ережелері:
Өлшемдер дәл алу үшін өлшеу техникасын әдістемесін нақта сақтау керек.
Өлшем алу ережелері:
• Өлшем дененін оң жағынан алынады.
• Өлшемді бірінші айналым алынады, сонан соң ұзындығы.
• Өлшеніп тұрған адам тапсырыс кезінде түзу тұру керек.
• Өлшемді жеңіл көйлектің үстінен жүргізіледі.
• Бел сызығынан айналымдарды баумен айналдырады.
• Өлшем алған кезде сантиметрлік таспаны тартпай бос ұстамау керек.
• Өлшемдерді дәл антропометриялық нүктесі арқылы өлшеу керек.

IІІ.Ағымды нұсқау.
Оқушылардың жұмыстарын өз уақытында бастауын және жұмыс орнын ұйымдастыруын қадағалау
Оқушылар өз беттерімен жұмыстарын орындайды.
Жұмыс орнын ұйымдастыруын тексеру.
- Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау.
- Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақталуын бақылау.
-Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау.
Физминутка
Енді көздерімізді демалту үшін физминутка жасаймыз. Слайда тігінен, көлденен, қиғашынан және дөңгелек фигуралар шығады кезектесіп, сол фигуранын үстінде қозғалып тұрған фигураға қарап көздерімізді жүргіземіз.

VІ.Қорытынды нұсқау.
Бүгінгі сабақты біз белдемшелердің шығу тарихымен танысып, тік белдемшені құрастырып игердік.
1. Оқушылардың жақсы жұмыстарын айтып көрсету.
2. Қателерді сипаттап, олардың орын алу себебіне тоқталып өту.
3. Бағаларын жариялау.
4. Үй жұмысын тапсыру
5. Шеберхананы жинастыру.

Өндірістік оқыту шебері: Боргелова А. К. _____________________
Категория: Профессиональное образование | Добавил: a_kalihan
Просмотров: 4235 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 1:42 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru