Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

викторина для педагогов
2018-11-15, 9:44 AM
Тақырыбы: Педагогикалық кәсіби құзыреттіліктерінің
дамуы - мектепке дейінгі білім беру сапасының жетілу факторы
Өтілу түрі: Сайыс
Қажетті құрал-жабдық: интерактивті тақта, бейне таспа.

Мазмұны:
І. Кіріспе бөлімі
1. Сайыстың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
2. Әділқазылар алқасымен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлімі.
1 кезең – Командалардың таныстыруы.
2 кезең – «Ой шабуыл»
А) Ауызша тапсырма
Б) Перфокарта бойынша тапсырма
3 кезең – «Ұшқыр ой»
А) Педагогикалық кроссворд
4 кезең – «Сөз мерген»
А) Видео сұрақ
Б) «Мені түсін!»
ІІІ. Қорытынды бөлім
1. Сайысты қорытындылау
2. Әділқазылар алқасына сөз беру
З. Сайыс жеңімпазын анықтау

Барысы:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жастың зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын анықтайтын шарт екендігін дәлелдеді. Балалардың жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндіктерін ескере отыра олардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыру қажет. Сондықтан, Сіздермен де бүгінгі педагогикалық отырыста «Педагогикалық кәсіби құзыреттіліктерінің дамуы - мектепке дейінгі білім беру сапасының жетілу факторы» тақырыбына «Жұлдызды сәт» танымдық ойынын ұйымдастырып отырмыз.
Әділқазы береді,
Өздеріне билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Сол алады сыйлықты, - деп әділқазыларды сайлап алайық.
Сайысымыздың І кезеңі «Таныстыру» әр команда өз тобын таныстырады.
Келесі кезеңіміз «Ой шабуыл» деп аталады. Бұл кезеңіміз де 2 болімнен турады.
Алғашқы тапсырмасы ауызша. ҚР МЖМБС бойынша терминдер мен анықтамалар бойынша. Тақтада белгілі бір термин атауы болса Сіздер оның анықтамасын айтасыздар, ал егер анықтама болса, Сіздер қай терминға қатысты екенін айтасыздар.
1. Ана тілмен қатар екі тілді меңгеру, қостілдік қалай аталады? (БИЛИНГВИЗМ)
2. Оқу орындарының (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары) белгілі бір түріне арналған стандарт бөлігі ретінде бекітілген негізгі мемлекеттік нормативті құжат, ол? (БАЗИСТІК ОҚУ ЖОСПАРЫ)
3. Тұлғаның жай-күйін бағалау және одан әрі дамуын болжау мақсатында оның жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтау. (ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ ДИАГНОСТИКАСЫ)
4. Педагогикалық жаңалықтарды жасау, қабылдау, бағалау, игеру және қолданудың басқару процесі. (ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС)
5. Жеке дифференциалды бөліктердің және жүйе қызметінің байланысқан жай-күйі, сондай-ақ осы жағдайға алып келетін процесс, ол? (ИНТЕГРАЦИЯ)
6. Педагог ұйымдастырған және білімді меңгеруге, біліктілік пен дағдыларды игеруге және алған білімді тәжірибеде қолдануға бағытталған қызметтің бір түрі. Ол? (ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІ)
7. Баланың өзіне және өзінің іс-әрекетіне баға беруі, балалар мен ересектердің өзін қалай қабылдайтынын түсіне білу қабілеті, ол? (РЕФЛЕКСИЯ) (?)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында жас ерекшеліктеріне сүйене отыра мынадай жастық топтар жинақталды.
І сәбилер тобы (2 жастан бастап 3 жасқа дейін) – «Ағашқы қадам»
ІІ сәбилер тобы (2 жастан бастап 4 жасқа дейін) «Зерек бала»
Ортаңғы топ (4 жастан бастап 5 жасқа дейн)
Ересек топ (5 жастан бастап 6 жасқа дейін) – «Біз мектепке барамыз»
Келесі тапсырма перфокарта түрінде беріледі. Күн тәртібінің үлгісін құрастыру.
«Алғашқы қадам»
Балаларды қабылдау, тексеру, ойындар, ертеңгілік гимнастика. 7.00 – 8.00
Таңғы ас 8.00 – 8.30
Ойындар, ұйымдастрылыған оқу іс-әрекетіне дайындық 8.30 – 9.00
Шағын топпен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті 7.00 – 9.15
9.15 – 9.30
Серуенге дайындық 9.30 – 9.50
Серун 9.50 – 11.30
Серуеннен оралу, гигиеналық шаралар 11.30 – 11.50
Түскі ас 11.50 – 12.30
Күндізгі ұйқы 12.30 – 15.00
Ұйқыдан оралу, сауықтыру шаралары 15.00 – 15.30
Бесін ас 15.30 – 16.00
Шағын топпен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті 16.00 – 16.50
Серуендеу, қимылды ойындар 16.50 – 17.40
Серуеннен оралу 17.40 – 18.00
Кешкі ас 18.00 – 18.20
Балалардың үйге қатуы 18.20 – 19.00

«Зерек бала»
«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»
Таңертеңгілік қабылдау. Ойындар. Жаттығу. Гигиеналық шаралар. Таңғы ас. Топтық қарым-қатынас: қызықты қысқа мерзімді іс әрекеттерін бірлесіп жобалау. Ойындар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындық. 7.00 – 9.20


«Ойнайық та, ойлайық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (үзілістерімен бірге жалпы ұзақтығы). Ересектедің балалармен біріккен іс-әрекеті. 9.20 – 10.00
«Табиғат аясында»
Серуенге дайындық.
Серуен
Табиғатпен таныстыру, ойындар, еңбек. Серуеннен қайту. Гигиеналық және шынықтыру шаралары. 10.00 – 12.20
«Ас дәмді болсын!»
Түскі ас 12.20 – 13.10
«Тәтті ұйқы»
Гигиеналық және шынықтыру шаралары. Жатқызу және түскі ұйқы. 13.10 – 15.10
«Ұйқымызды ашайық»
Ояну
Шынықтыру шаралары
Бесін ас 15.10 – 16.00
«Алақай! Ойын!»
Сюжеттік-рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар.
Серуенге дайындық.
Серуенг, қимылды ойындар.
Серуеннен қайту
Гигиеналық және шынықтыру шаралары 16.00 – 17.40
«Ас дәмді болсын!»
Кешкі ас 17.40 – 18.00
«Ертеңге дейін ...»
Балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас
Еркін ойындар. Балалардың үйге қатуы. 18.00 – 19.00

«Біз мектепке барамыз»
«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»
Таңертеңгілік қабылдау. Ойындар. Жаттығу. Гигиеналық шаралар. Таңғы ас. Топтық жиын, өзіндік іс-әрекет. 7.30 – 9.10


«Ойнайық та, ойлайық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті 9.10 – 10.40
«Табиғат аясында»
Серуенге дайындық. Серуен
Табиғатпен таныстыру, ойындар, еңбек. Серуеннен қайту. Гигиеналық және шынықтыру шаралары. 10.10 – 12.50
«Ас дәмді болсын!»
Түскі ас 12.50 – 13.20
«Тәтті ұйқы»
Гигиеналық және шынықтыру шаралары. Жатқызу және түскі ұйқы. 13.20 – 15.10
«Ұйқымызды ашайық»
Ояну. Шынықтыру шаралары
Бесін ас 15.10 – 16.00
«Алақай! Ойын!»
Сюжеттік-рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар.
Серуенге дайындық.
Серуенг, қимылды ойындар.
Серуеннен қайту
Гигиеналық және шынықтыру шаралары 16.00 – 17.40
«Ас дәмді болсын!»
Кешкі ас 17.40 – 18.00
«Ертеңге дейін ...»
Балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас
Еркін ойындар.
Балалардың үйге қатуы. 18.00 – 19.00

ІІІ кезең – «Ұшқыр ой» Педагогикалық кроссворд шешу.
Кроссворд сұрақтары:
1. Қарым-қатынас орнату және жалпы материалдық немесе рухани нәтижеге қол жеткізу мақсатында адамдардың келісімге келуіне және күштерін біріктіруге бағытталған өзара қарым-қатынасы қалай аталады? (қатынас)
2. Нәтижелі іс-әрекет, қоршаған ортаны эстетикалық қабылдау, музыкалық іс-әрекет кіші салалары қай құзыреттілікке жатады? (шығармашылық)
3. Мінез-құлық дағдылары, ересектер және құрдастармен өзара іс-әрекеті, адамгершілік нормалары туралы түсінік көрсеткіштерін ашатын құзыреттілік? (әлеуметтік)
4. Заттардың қасиеттерін бағдарлау, қоршаған ортаны тану, құрастырымдық дағдылар, экологиялық мәдениет негіздері, қарапайым математикалық ұғымдар, іздеу және эксперименталды іс-әрекет, ақпаратпен жұмыс қай құзыреттіліктің кіші салалары? (танымдылық)
5. Өздігінен қозғалу белсенділігі, салауатты өмір салты қай құзыреттіліктің кіші салалары? (денсаулық)
6. Қатынас мәдениеті, тілдің грамматикалық құрылымы, тілдің дыбыстық мәдениеті, сөздік, байланыстырып сөйлеу, мемлекеттік тіл, шығармашылық тілдік қызмет, шығармаларды қабылдау кіші салалары коммуникативті - .... құзыреттілікке жатады. (... – тілдік)
7. Мектеп жасына дейінгі баланың тәрбиелеу, дамыту, білім беру деңгейі; жеке тұлға ретінде қалыптасуы, білімнәтижесінің жаңа типі, ол? (Құзыреттілік)

ІV кезең – «Сөз мерген»
А) Видео сұрақ. Әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы құрылады. Ол 3 кезеңнен тұрады:
- Мотивациялы-ынталандыру кезең;
- Ұйымдастыру-ізденгіш кезең;
- Рефлексиялы –түзету кезең

Әр командаға бейнетаспадан ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің үзіндісі көрсетіледі, команданың міндеті, көрсетілген кезеңді атау.
Б) «Мені түсін!». Команда капитандарына тақтадан белгілі бір режимдік уақытын білдіретін сурет беріледі, капитан өз ұжымына атын атамай түсіндіру қажет.
Слайд көрсетіледі.
Құзыреттілік мектеп жасына дейінгі баланың тәрбиелеу, дамыту, білім беру деңгейі; жеке тұлға ретінде қалыптасуы, білім нәтижесінің жаңа типі деп жатырмыз. Негізгі құзыреттілік, өмірде қолданатын білім, іскерлік, дағды, қабілет жиынтығы. Стандарт талаптарына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен әдістерді таңдау, білім беру процесін өздігінен ұйымдастыру құзыреттілік тәсіл деп аталады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.
Бүгінгі ойын сайысымызда, Сіздер өз педагогикалық құзыреттіліктеріңізді жоғары деңгейде көрсете білдіңіздер. Сайысымызды қорытындылай келе, сөз кезегін әділ-қазыларымызға берейік.
Категория: Дошколенок | Добавил: gulnazsambetbayeva
Просмотров: 328 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-27, 2:45 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru