Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

іс әрекеттер
2013-02-05, 1:48 PM
Білім беру салалары: Қоршаған орта мен таныстыру.
Бөлімдері: Таным.
Тақырыбы: Отбасы.
Мақсаты:
Білімділік: Отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін атауға ынталандыру.
Дамытушылық: Отбасындағы мүшелерінің атқаратын қызметтері жайында әңгімелеу.
Тәрбиелік мәні: Өз отбасына, ата-аналарына деген құрметкеуге, түсінуге үйрету.
Көрнекілік: «06-14» №32
Қос тілділік компоненті: Отбасы-семья.
Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық-қозғаушы. Ш.ш. «Жақсылық» 06-04 «Б»
№24

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне байланысты сұрақтар қою.
Сендерді балабақшаға бүгін кім әкелді.
Өз отбасыңда кімді өте жақсы көресің?
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан

Кімәкелгенін айтып береді.
Аналарын, әкелерін жақсы көретіндерін айтып береді.
Іздену барлау. Мына суретке қарайықшы бұл суретте отбасы мүшелерінің суреттері бейнеленген.
Сендердің отбасыларыңда кімдер бар?
Сендер маған өз отбасыларың туралы әңгімелеп беріңдерші.

Сергіту сәті: «Орнымыздан тұрайық»06-04» «Ә» №2

Суретке қызыға қарайды.
Ата, апа, ана, әке.
Суретте кімнің бейнеленгенін айтады.

Өз отбасында кімдер бар екенін айтады. Олар өз отбасы әкелерін, аналары жайында айтқандарына қуанады.

Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Рефлексивті қортындылау. Балаларға отбасы мүшелерінің суреттері таратылады, кім екенін, не істеп отырғандарын айтады.
Дұрыс айтқан балаларды мақтау.
Ата-аналарың ешқашан ренжітпеңдер, оларға көмектесіп жүріңдер.
Санамақты жаттау.
Бір үйде біз нешеуміз?

Ұйымдастырылған іс-әрекетке белсене қатысқан балаларды атап мақтау.
Қолдарындағы суретке қарап атасы, апсы немересі стол басында отыр.
Ата газет оқып отыр.
Анам тамақ әзірлеп жатыр.
Бір уйде біз нешеуміз,
Атам, әжем, әкем, анам және мен,
Бір үйде біз бесеуміз.
Санамақты қайталап жаттайды.
Күтілген нәтиже:
Білуі немесе хабардар болуы: Балалар өз жанұялары отбасы мүшелерідеп аталатыны жайында біледі.
Қалыптасқан әдет: Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қызығушылық танытады.
Істей біледі: Балалар суреттерге қарап от басы мүшелерін ажырата алады.

Толтырған: Калифанова А.Т.

Білім беру салалары: Денсаулық.
Бөлімдері : Дене тәрбиесі.
Тақырыбы: «Арақашықтықты сақтап,саптаөз орнында жүру»
Мақсаты:
Білімділік: Дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын дамыту.
Дамытушылық: Қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жақсартуға талаптандыру. Қатар бойымен, тізені жоғары көтеріп жүруге үйрету.
Тәрбиелік: Төзімділікке,шапшандылққа.
Көрнекілік: Доптар,шығыршықтар.
Сөздікжұмыс: Қатар, сап,екі-екіден,тізе
Қостілділік компоненті: Қатар- строй.

Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық – қозғаушы


Топқа қуыршақ Аружан келеді.

Айжан балалармен ойнағысы келетінін айтады. Ол балалармен далаға шығу үшін қатармен, жүріп үйренгісі келетінін айтады.
Жеңіл жаттығу түрлері.
Шеңберде аяқтың ішкі және сырты қырларымен жүргізу.
Қолды жоғары аятың ұшымен, өкшемен жүргізу.
Бір-бірінің артынан жүргенде ара қашықтықты сақтап, бір-бірін итермей жүрулерін ескерту.
Ойын: «Жел соғады бетіме» 2-рет қайталау

Балалар қызығушылық танытады.

Балалар онымен ойнауға дайын екендерін білдіреді. Оны қатармен, жүруге үйретуге келіседі.

Шеңбер бойында,түлкі болып, аяқтың ішкі қырымен, аю болып қорбаңдап сыртқы қырымен жүреді.
Биікке,биікке қол созамы, ұшымен жүреді, тоғай болып өкшеге жүреді.
Баяу, жылдам жүгіреді, дем алып дем шығарады.

Тақпақ-ойынның сөзін тыңдап, қимылдар жасап ойнайды.

Іздену - барлау

Негізгі қимыл түрлерін, дамыту жаттығулары.
Жаттығуларды дұрыс жасаңдар бізге қуыршақ аружан қарап отыр.
1.Бір-бірлеп, қатармен тізені жоғары көтеріп жүруге үйрету.
2.Допты қағып ал.
3.Шығыршыққа секіру.

Қуыршақ олардың жасаған жаттығуларына қызыға қарап отырады.
Шар үрлеу.
Қ.о. «Қоян,қоян» «06-05» №12
«Тақия тастамақ» «06-05» №20
Балалар сендер даттығуды да жақсы жасайды екенсіңдер, ойындарға да белсене қатыстыңдар.
Мен сендердің ойнаған ойындарыңды ұнаттым.Мен достарыма барып осы ойындарды үйретейін, келесі жолы тағы келемін сау болыңдар. Балалар тәрбиешінің артынан қайталап, жаттығуларды жасайды.

Қатарда солдат болып тізелерін жоғары көтеріп жүреді.
Допты жоғары, лақтырып қағып алады.
Қос аяқпен шығыршықтың ішіне секіріп түседі.
Танауларымен дем алып шар үрлеу арқылы шығарып дем алу жаттығуларын жасаыды.
Шеңбер бойында қоян, тақия тастамақ ойындарын ойнайды.

Балаларда қуыршаққа сау бол айтып, тағы келуін өтінеді.

Рефлексивті - қорытындылау
Қуыршақ не деп кетті?
Сендерге қай ойын ұнады?
Сендер демалыс күндері үйлеріңде қандай ойын ойнайсыңдар?
Қоян қайда өмір сүреді?

Қоян туралы тақпағымызды айтып тобымызға қайтайық. Біздің жасаған жаттығуларымызды, ойындарымызды мақтап кетті.
«Қоян, қоян» ойыны.
Қандай ойындар ойнайтыны айтады.
Орманда тұрады.
Ұзын құлақ, сұр қоянды айтады.
Күтілетін нәтиже :
Білуі немесе хабардар болуы: Балалар қатармен жүруге үйренеді.Жүрген кезде бір-бірін итермей, абайлап, тізені жоғары көтеріп жүру керектігі жайлы хабардар болады.Жаттығу жасау денсаулыққа пайдалы екені жайлы біледі.Балалар өсіп,бұлшық еттері дамитыны жайлы хабардар болады.
Қалыптасқан әдет : Ойынға қызығушылық танытады.Тәрбиешінің артынан жаттығуларды қайталайды.
Істей біледі: Жүреді, жүгірумен алмастырады.Түрлі қимылдарды жасай біледі.Қатармен жүруді жартылай меңгерген.

Толтырған: Калифанова А.Т.

Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдері: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Шалқан» ертегі.
Мақсаты:
Білімділік: Ертегі мазмұнын түсініп айта білуге үйрету.
Дамытушылық. Кейіпкерлердің іс-әрекетін айта алуға,тілдерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Кіші пейілдік,достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Көкөністер. «06-14»№15

Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы. Ш.ш. «Бақыттымыз жарқын заман» 06-04 «Б» №20

Әр баладан «Сенің досың барма» деп әңгімелесу.

Көкөністер қайда өседі?
Қандай көкөніс түрлерін білеміз?
Суреттерін көрсету.
Ал мына көкөністі шалқан деп атайды.
«Шалқан» туралы мынадай ертегі бар. Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегіміз оттай жанады,
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.

Балабақшадағы өздеріне ұнайтын, өз достары жайында айтып береді.
Бақшада өседі.
Сәбіз, пияз, қызылша, картоп, орамжапырақ.

Қызыға,тыңдағысы келеді.
Іздену барлау. Есік тықылдайды.
Қорап келеді.
Балалар мына қораптың ішінде «Шалқан»ертегісінің кейіпкерлері жаттыр мен сендерге осы кейікерледі шығарып сендерге таныстыра отырп ертегіні айтып беремін.
Ертегіні саусақ театры желісімен айтып беру.
Түсінгендерін сұрау.

Сергіту сәті: « Қане,қане тұрайық» 06-04 №18

Балаларды рольге бөліп айтып ойнап көрсету.
Шалқанды кім екті?
Ата кімді шақырды?
Апа ше?
Одан кейін кім келді?
Немересі кімді шақырды?
Кім келді?
Ең соңында кім келіп көмектесті? Елеңдеп қарайды.

Қуанып кетеді,тыныш отырып тыңдайды.

Ата шалқан егіпті, шалқан үлкен болып өсіп ,ата оны жұла алмай қойды апаны шақырды, екеуіде жұла алмады, немересін шақырды, ондада жұла алмады,күшігін шақырып онда ад жұла алмай қойды,мысықты шақырады, жұлынбайды, ең соңында тышқанды шақырады, барлығы жабылып тартқанда шалқан бірақ жұлынып кетеді.

Қайда екен қолымыз,
Оңымызбен солымыз.
Міне, міне алақай,
Қол соғайық балақай.

Ата екті, апасы келеді шалқанды тартады, немересі келеді, күшік, мысық келеді, тышқан келіп көмектеседі сол кезде шалқан жұлынып келеді.

Рефлексвті қортындылау. Ертегі ұнады ма?
Ертегі де қандай кейікелер болды?
Шалқан қайда өседі?
Күшік пен мысық қайда тұрады?
Шалқанның түсі қандай екен?
Пішіні ше? Ұнағанын айтады.
Ата, апа, немере қыз, күшік, мысық, тышқан.
Бақшада өседі.
Үйде адамдар мен бірге.

Түсі жасыл.
Пішіні дөңгелек.
Күтілген нәтиже:
Білуі немесе хабардар болуы: Балалар « Шалқан» ертегісімен танысты. Шалқан көкөніс екенін білді.
Қалыптасқан әдет: Балалар түсінгендерін айта алады.
Істей біледі: Балалар кейіпкерлерді айта алады.

Толтырған: Калифанова А.Т.

Білім беру салалары: Шығармашылық.
Бөлімдері : Сурет
Тақырыбы : «Үлкен және кішкентай саңырауқұлақтар»
Білімділік: Түрлі-түсті қарындаштарды қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Түзу сызық сыза білуге үйрету. Саусақ маторикаларын дамыту.
Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.Тапсырманы тыңдап, орындай біліуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Саңырауқұлақ 06-04 №26
Сөздік жұмыс : Әр-түрлі саңырауқұлақтар, үлкен, кішкентай.
Қостілділік: Үлкен- большой, кіші- мальенкй
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы

Ш.ш. «Бақыттымыз жарқын заман» 06-04 «Б» №20

Балалар, күз мезгілі көкеністер мен жемістердің пісетін кезі екен. Оны барлығымыз білеміз.
Балалар, бізге орманнан кірпі келіпті.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегіміз оттай жанады,
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.

Балалар қызығушылықтарын ояту.
Іздену - барлау

Қызықтыру сәті: Орманнан кірпінің келуі.
-Балалар, кірпі саңырауқұлақ жегенді өте жақсы көреді екен.
Сңырауқұлақ түрлерімен таныстыру.
Саңырауқұлақтар жауын жауған кезде өте көп шығады , олар екіге бөлінеді улы саңырауқұлақтар, жейтін саңырау құлақтар.
Улы саңырауқұлақтарды жеуге болмайды.
Кірпі орманнан саңырауқұлақ жинайын десе, басқа кірпілер жинап қойыпты. Біз оған көмектесейік. Оған көп үлкен және кішкентай саңырауқұлақтар жасап берейік.
Бізде бейнелеу ұйымдастырылған іс-әрекет, кірпіге саңырауқұлақ суретін салып берейік.
Сергіту сәті:
«Ұзын құлақ» 06-04 №3 «Ә»

Үздік сызықтарды қосып, суретерді салады, бояйды.
Ақнұр сенің саңырауқұлағыңның түсі қандай?
Саңырауқұлағың үлкен бе, кішкентай ма?
Жасаған суретерін кірпіге береді.Кірпі қуанып кетеді.
Балаларға рахмет айтып саңырауқұлақтарын алып ормаға кетеді.

Тәрбиешінің айтқандарын тыңдап отырады.

Балаларға саңырауқұлақты бейнелеу тәсілін көрсету. Әр баламен жеке жұмыс жасау.
Қуана келіседі.Өздеріне ұнайтын түстерді таңдап алып әр түрлі саңырауқұлақтар жасауға кіріседі.

Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып секірді
Мәтінге байланысты қимыл жасай біледі.

Өзі жасаған саңырауқұлағының түсін, көлемін айтады.
Кірпіге сурет салып бергендеріне қуанады.

Рефлексивті - қорытындыла
Саңырауқұлақтар қайда өседі?
Кірпі бізге не үшін келіпті?
Кірпі тамақтарын қалай тасыйды?
Біз қандай саңырауқұлақтар салдық? Шөпті жерде,орманда өседі.
Саңырауқұлақ алу үшін орманнан келіпті.
Үстіндегі тікенектеріне салып тасыйды.
Үлкен, кіші саңырауқұлақтардың суретін салдық.

Күтілетін нәтиже :
Білуі немесе хабардар болуы: Балалар үздік сызықтарды қосу арқылы сурет салуды біледі.
Қалыптасқан әдет: Балалар тәрбиешінің берген тасырмасын орындауға тырысады.
Істей біледі: Балалар қарындаштармен жұмыс істеу тәсілін меңгере біледі.

Толтырған: Калифанова А.Т.

Білім беру салалары: Таным
Бөлімдері: Құрастыру.
Тақырыбы: Пішіндер арқылы. «Аю»
Білімділік: Қарапайым құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
Дамыушылық: Аюдың дене мүшелерін пішіндер арқылы құрастыруды үйрету.
Тәрбиелік мәні: Түзу отыруға, тыңдауға іс –әрекетіне қатысуларын қадағалау.
Көрнекілік: 06-14 №27
Қостілділік компоненті:Аю-медведь
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы

Ш.ш «Көк аспан» 06-04 №21

Балалардың көңілін ілініп тұрған суреттерге аудару.
Бұл аңдар қалай аталады?
Қайда өмір сүреді?
Өте жақсы айтыңдар балалар.
Аңдар туралы жаттаған тақпақтарымызды айтайық.
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын.
Суретке қызыға қарайды.
Түлгі, қасқыр, қоян, арыстын, аю.
Орманда өмір сүреді.

Ақ қоян-ау,ақ қоян,
Үркек қоян сақ қоян,
Қаша берсең қалыңға,
Қорқағым деп ат қоям.

Мен түлкімін,түлкімін,
Мен айлакер түлкімін,
Қулығымды асырып,
Қуанып мен жүремін.

Ормандағы оюдың,
Құлпынайы көп екен,
Теріп-терп алады
Қалтасына салады.
Іздену - барлау

Өте жақсы тақпақтар айтыңдар.
Бізге қазір құрастыру іс-әрекеті.
Мен сендерге мынадай пішіндерді таратып беремін, сендер аю құрастырасыңдар.
Д.о «Аюды құрастыру» пішіндерді айта отырып аю құрастырту.
Үлгіні көрсету.
Аюдың басы қандай пішінге Ұқсайды екен?
Денесі қандай пішінге ұқсайды?
Қолдары мен аяқтары ше?
Қараңдаршы пішіндер арқылы не құрастырдық?
Сергіту сәті: « Аю» 06-04 «Ә» №13

Аюдың сүйікті асы не екен?
Аю қалай жүреді?

Дөңгелек пішінді қояды.
Сопақ пішінді жалғастыра қояды.
Кішкене дөңгелектер.

Аю құрастырылды.Балалар қуанады.

Аюмын мен аюмын,
Орманда мен тұрамын
Балды жақсы көремін,
Қар астында ұйықтамын.

Балды жақсы көреді.
Аю қорбаңдап жүреді.

Рефлексивті - қорытындылау
Біз не құрастырдық?
Аюды қандай пішііндерден құрастырдық?
Аюдың баласын қонжық деп атайды.
Аю қайда өмір сүреді?
Седер іс-әрекетке жақсы қатыстыңдар. Балалардың еңбегін бағалау. Аю құрастырдық.
Дөңгелек, сопақ пішіндер арқылы.

Орманда өмір сүреді.

Күтілетін нәтиже :
Білуі немесе хабардар болуы: Балалар пішіндер арқылыаюды құратысруды үйренді.
Қалыптасқан әдет: Балалар ұйымдастырылған оқу-іс әрекетіне қызығушылық танытады.
Істей біледі: Балалар сұрақтарға жауап береді, белсене қатысады.

Толтырған: Калифанова А.Т.

Білім беру салалары: Шығармашылық
Бөлімдері: «Жапсыру»
Тақырыбы: «Саңырауқұлақ»
Білімділік:Үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерден бейнелерді құрастыра білуге үйрету.
Дамытушылық: Жапсыру техникасы дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Саңырауқұлақ 06-14 №26
Сөздік жұмыс: желім,жапсыру,әдемілік.
Қостілділік компоненті:желім-клей.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы

Ш.ш «Көңілді балалар» 06-04 «Б» №22

Еріншек болуға болмайды.
Демалыс күндері ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме? Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Ата-аналарына қалай көмектесетіндері жайлы айтып береді.
Іздену - барлау

Топқа қуыршақ Аружан келеді.
Қолында себеті бар. Көңілсіз.
Тәрбиеші: Сен неге көңілсіз жүрсің, қолыңдағы себетіңде не бар?
Аружан:
Мен анама саңырауқұлақтар жинаған едім,
саңырауқұлақтарымды себетке дұрыс жинамай бәрі осылай бөлініп сынып қалды.
Аружан бізге қазір жапсыру іс-әрекеті біздің балалар жапсыру тәсілі арқылы сенің саңырауқұлақтарыңды жабыстырып береді, солай ма балалар , ол үшін бізге не керек.

Сергіту сәті: «Саңырауқұлақ» 06-04 «Ә» №14
Аружан: Шынындада қараңдаршы саңырауқұлақ қол шатырға ұқсайды екен.
Тәрбиеші: Қараңдаршы саңырауқұлақтар қандай пішінге ұқсайды?
Өте дұрыс айтыңдар балалар.
Балалар рахмет сендерге менің саңырауқұлақтарымды жабыстырып бердіңдер, мен саңырауқұлақтарымды апарып анамды қуантайын, сау болыңдар.
Балалар саңырауқұлақтар шөптесін, орманды жерлерде өседі.Саңырауқұлақтардың улы түрі де болады, сендер даладын көрген саңырауқұлақтарды қолдарыңмен ұстамаңдар.Ол улы болуы мүмкін Балаларда қуыршақ Аружанның қолындағы себетке қарайды.

Желім керек екенін айтып саңырауқұлақтарды жабыстыруға кіріседі.
Барлық саңырауқұлақтарды жабыстырып Аружанның себетіне салып береді.

Саңырауқұлақтар әдемі.
Көңілді де сүйкімді,
Қол шатырға ұқсайды,
Өздері.

Басы дөңгелек пішінге, сабағы сопақ ұзын екен.

Балаларда Аружанға көмектескендеріне қуана қоштсады.

Тәрбиешінің айтқанын тыңдап отырады.

Рефлексивті - қорытындыла
Топқа кім келді?
Ол не алып келді?

Не жабыстырдық?
Саңырауқұлақ неге ұқсайды екен?
Немен жабыстырдық?

Желімді пайдаланғаннан кейін қолымызды жуу керек. Аружан келді.
Саңырауқұлақтар алып келді.

Саңырауқұлақ жапсырдық.
Қолшатырға.
Желіммен.
Іс-әрекеттерін аяқап қолдарын жуады.

Күтілетін нәтиже :
Білуі немесе хабардар болуы: Балалар бір-біріне қосып жабыстыруды біледі.
Қалыптасқан әдет : Балалар тәрбиешінің берген тасырмасын орындауға тырысады.
Істей біледі: Балалар желім мен жұмыс істеу тәсілін меңгерген.

Толтырған: Калифанова А.Т.

Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімдері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Құстар.
Мақсаты:
Білімділік: Құстардың сыртқы бейнесі,тіршілігі,қоректенуі туралы айту.
Дамытушылық: Құстарды күте білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Құстар. 06-14 №4
Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы. Ш.ш «Кел балалар күлейік» 6-04 «Б» №17

Әрқашанда көңілді болып жүрейік.
Балалар сендер дала құстарын білесіңдер ме? Кел, балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік.

Торға,қарға.
Іздену барлау. Мына суретке қараңдар мен сендерді тағы да басқа дала құстарымен таныстырамын.
Дала құстары үш топқа бөлінеді.
Қыстап қалатын құстар.
Көктем құстары және орман құстары.
Бүгін мен сенднрге қыстап қалатын құс түрімен аттарымен танытырамын.
Ала қанат сауысқан,
Жауыр атқа жабысқан Сауысқан деген мына құс -суретін көрсетіу.
Ақ-ала болады,құйрығы ұзын,өте сақ құс.
Суысқан.
Мына құсты сендер білесіңдер.
Торғай-торғай, тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап,
Бөтегесі томпайым,
Тойған қозыдай монтиып.
Торғайдың суретін көрсетіңдерші.
Дұрыс айтасыңдар.
Мына құсты бейбітшілік құсы дейді.
Бұл көгершін.
Түсі қандай қараңдаршы?
Сергіту сәті: « Нан қоқымын шашапаңдар» 06-04 «Ә» №23

Д.о «Ұшты,ұшты»

Құстардан басқа тағы не ұшады.
Құстар несімен ұшады?
Неше аяқтары бар?
Олардың жүндері майлы болады, су жұқпайды екен. Ілініп тұрған құстардың суреттеріне қызыға қарайды.
Құстардың аттарын қайталап отырады.

Сауысқан.

Қарға екенін айтады.
Қап-қара, суықтан тоңбайды.

Торғайдың суретін көрсетеді.
Түстері әр түрлі болады.

Көгершін.

Түсі ақ.

Торғай,торғай торғайсың,
Жақын неге қонбайсың.
Жем шашайын теріп же,
Сонда сенде тоңбайсың
Шеңбер бойында тұрып ойнайды.
Құстардың аты аталғанда қолдарын көтеріп ұшады.
Көбелек,ара.
Қанаттарымен.

Екі аяғы бар.

Рефлекситвті қортындылау. Біз қандай құстармен таныстық?

Мынау қандай құс?
Құстар тамақтарын қалай жейді?
Қарғаның түсі қандай?
Құстарды таспен атуға болама?

Қыстап қалатын дала құстарымен.
Қарға, сауысқан, кептер.

Сауысқан.

Тұмсықтарымен шұқып жейді.
Болмайды.
Күтілген нәтиже:
Білуі немесе хабардар болуы: Балалар дала құстарымен танысты.
Қалыптасқан әдет: Балалар құстарды суретіне қарап атарын айтады.
Істей біледі: Балалар тәрбиешіні тыңдайды.

Толтырған: Калифанова А.Т.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Бөлімдері: Қоршаған ортамаен танысу.
Тақырыбы: Жыл мезгілдері.
Мақсаты:
Білімділік: Жыл мезгілдері жайлы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Суретке қарап, жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету.Байланыстыра сөйлей алуға тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.
Көрнекілік: Жыл мезгілдері 06-14 .№15, №24)
Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Мотиватциялық-қозғаушы. Ш.ш. «Кел балалар күлейік»
06-04 «Б» №17

Қазір жылдың қай мезгілі? Тақпақтар сұрау.
«Бұл қай мезгіл?» деген жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақ өлең оқу. Кел, балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік.

Күз мезгілене жаттаған тақпақтарын айтып берді.
Іздену барлау. Әр мезгілге байланысты оқылған өлең жолдарын түсіндіру.

Қойның толы жеміске,
Көк майсалы еңісте.
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Күн ыстық мезгіл қай мезгіл екен?

Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Жемістер пісетін,
жапырақтар сарғайып жерге түсіп жататын мезгіл ше?
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы,конки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Бұлтты айдай желдеткен
Нөсерлеткен, селдеткен,
Шалшық кешін ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Күн жылынады, құстар ұшып келеді , ағаштар бүршік ата бастайдын мезгіл.
Жыл мезгілдерінің суреттерін көрсетіп әңгімелету.

Сергіту сәті: «06-04» «Ә» №4 «Тербеледі ағаштар»

Жыл мезгілдерінің суреттері арқылы балаларды қоршаған ортамен таныстырып тілдерін дамыту.

Жаз мезгілі екенін айтады.
Біз суға түсеміз, өзен- көлге барамыз.

Күз мезгілі.Біз күз мезгіліне ертеңгілік өткіздік. Алтын күз бізге алма сыйлады деп балалар өз ойларын айтады.

Қыс мезгілі.
Аяз ата келеді, бізге сыйлықтар әкеп береді. Қар мен ойнаймыз.

Көктем мезгілі ,Құстар келеді, күн жылына бастайды.

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі
Жел тына қалған сәтте,
Ағаштар биік болып

Рефлексивті қортындылау. Д.о. «Қуыршақтарды жыл мезгіліне байланысты киіндір»
Шатасып қойған балаларға жыл мезгілін түсіндіру.
Бір жылда неше мезгіл болады екен?
Қыста не жауады?
Көктемде қандай ерекшеліктер болады екен?
Күзде ше?
Сұрақтарға дұрыс жауап беріп, белсене қатысып отырған балаларды атап мақтау. Қуыршақтарды жыл мезгіліне байланысты киіндіріп жыл мезгілінің қасына апарып қояды.

Төрт мезгілі бар.

Қар жауады.

Күн жылынады, құстар келеді.
Сұрақтарға өз ойларын айтып жауап береді.

Күтілген нәтиже:
Білуі немесе хабардар болуы: Балалар жыл мезгілдерімен танысты. Қалыптасқан әдет: Балалар суреттерге қарап жыл мезгілдерін ажырата алады.
Істей біледі: Балалар өлең жолдарын тез жаттайды.

Толтырған: Калифанова А.Т.

Білім беру салалары: Денсаулық.
Бөлімдері : Дене тәрбиесі.
Тақырыбы: Түрлі бағыттарда жүру.
Мақсаты:
Білімділік: Дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын дамыту.
Дамытушылық: Қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жақсартуға,жаттығуларды дұрыс жасауларын қадағалау.
Тәрбиелік мәні: Ойын кезінде бір-бірлерін ренжітпей ойнауға,сыйласымдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қимылды ойын атрибуттары. 06-05 №5 «А», №10 «Б»
Сөздік жұмыс: Қатар, сап,екі-екіден.
Қостілділік компоненті: Қатар- строй.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы


Саппен шеңбер бойымен жүреді.

Жалпы дамытушылық жаттығулар


Тәрбиеші белгісін тыңдап, саппен шеңбер бойымен жүреді.

1. Б.Қ: Тұрып, аяқ иық бойымен.
2. Оңға, солға иілу.
3. Б.Қ: тұрып, қол иықта
4. Қолды алдыға және артқа айналдыру.
5. Б.Қ: қол белде, аяқ иық бойымен.
6. Отырып, тұру.
Іздену - барлау

Негізгі жаттығулар.
1.Қаздар болып жүру.
2.Тышқан болып жүру.
3.Ат болып шабамыз.
Бақа:келеді,мен сияқты да секіріп жүріңдер,денсаулыққа пайдасы бар,сендердің жаттығу жасап жатқандарыңды естіп келдім.Менде сендер сияқты жаттығулар жасағым келеді.

Бақа балалармен бірге ойын ойна.
Бақа:Алақай келгенім қандай жақсы сендер мен бірге ойнаймыз.
Қ.о. «Бақа,бақа»
«Түлкі мен қаздар»
«Қасқыр қақпан»
Бақа: Ой сендермен жүрген қандай көңілді.Ойындарды керемет жақсы ойнайды екенсіңдер.
Мен басқа достарыма барып осы ойындарды үйретуім керек, сау болыңдар балалар, мен тағы келемін.

Қолдарын артқа, қайырап, жартылай отырып қаздар болып жүреді.
Ақырын, ақарын жүгіріп шиқылдап тышан болып жүгіреді.
Аттарға ұқсап қос аяқпен секіре шабады.
Бақаның келгеніне қуанады.
Бақаға ұқсап секіріп, бақ-бақ деп жүріп көрсетеді.
Шеңбер бойында, дем алып , дем шығару жаттығуларын жасайды.
Қимылмен айтып ойнап жүріп көрсетеді.

Балаларда бақамен қоштасады ,тағы келуін өтінеді.

Рефлексивті - қорытындылау
Балалар сендерге дене тәрбиесі ұнай ма?
Кім келді?
Бақа қалай жүреді?
Сендерге ойын ұнады ма?

Өз ойларын айтады.Секіріп бақ-бақ деп жүреді.
Бақа суда жүреді.
Ұнағанын айтады.
Күтілетін нәтиже :
Білуі немесе хабардар болуы: Балалар жүрген кезде бір-бірін итермей, абайлап жүру керектігі жайлы хабардар болады.
Қалыптасқан әдет: Балалар аңдардың, жануарлардың жүрісін сала алады.
Істей біледі: Балалар жүреді, жүгірумен алмастырады.Түрлі қимылдарды жасай біледі.

Толтырған: Калифанова А. Т.
Категория: Дошколенок | Добавил: Alya8792
Просмотров: 7523 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.8/17
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-03, 1:28 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru