Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Бала тәрбиесі маңызды міңдет кеңес
2013-02-05, 8:09 PM
Бала тәрбиесі маңызды міндет
«Тәрбие тал бесіктен басталады» - дейді халық. Тал бесіктен бастау алған тәрбие ғана жемісті болмақ. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы - бала. Бала тәрбиесінде балабақшаның рөлі өте зор. Өйткені отбасы тәрбиесі мен балабақшадағы тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Балапан» бағдарламасының аясында Шығыс кентінде орналасқан «Аружан» мектепке дейінгі шағын орталығы ашылған болатын. Шағын орталық ұжымы «Зерек бала» 3-5 жас аралығындағы бағдарламасын негізге ала отырып жұмыс атқаруда. Өйткені 2011-2012 оқу жылы біз үшін өте маңызды жыл болды. Біздің бүлдіршіндеріміз 13 сәуірде 2012жылы Семей қаласының Қазақстан Республикасында төтенше жағдай қызметінің құрылған күніне арналған қалалық мектепке дейінгі мекемелер арасында өткізілген «Мен өрт сөндіруші болар едім» атты үздік спектакль мен өрт қауіпсіздігі бойынша бұрыш байқауына қатысып«Ең жарық дебют» номинациясынын мақтау қағазына ие болды.
2012 жылдың 7 мамыр күні Қалалық мәдениет сарайының сахнасында Семей қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бірлесіп «Шығармашылық жаңалық – 2012» акциясы шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20-жылдығы қарсаңына арналып өткізілген «Таланттар отшашуы» Семей қаласынан мектепке дейінгі мекеме бүлдіршіндері алғыс хат және дипломымен марапатталды.
Жыл өткен сайын заман талабына сай білім саласына енген түрлі технологиялар мен жаңа ақпарат көздерін балабақша ұжымы тиімді пайдалана білуде. Жалпы балабақшадағы тәлім-тәрбие барлық тәрбиенің бастауы. Өйткені әр балдырғанның салауатты тірлігі мен өмірден өз орнын табуының негізгі балабашада қаланады. Бала - ата-ананың болашақ үміті, адамзаттың келешегі. Оның бүгінгі өмірі ертеңгі күннің өлшемі екені анық. Бала тәрбиесі, оны мәпелеп өсіру бүгіңгі таңның үлесіндегі күрделі міндет. Осы міндетті балабақша ұжымы өздерінің ізденімпаздығымен, шығармашылық еңбектерімен орындауда. Алдағы уақыттағы ауқымды жұмыстарды да атқаратынымызға сенімдеміз.
Отбасы тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері өте көп. Жақсы тәрбие көргенді, ынтымақты отбасында. Бұл орайда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген халқымыздың қасиетті сөзінен отбасы тәрбиесінің күшін сезуге болады. Бала үшін отбасында әке-шешенің, ата-әженің, басқа да бауырлардың кісілік үлгілерінің маңызын елемей кетуге болмайды. Олай болса, бала әдептілікті, адамгершілікті, сыпайылықты алғаш өз отбасынан үйренеді. Отбасында баламен қарым-қатынас кезінде өнегелі сөздерді орнымен қолданып, жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы, халқымыздың салт-дәстүрін, тілін, елін-жерін құрметтейтін азаматтарды тәрбиелеу – басты борышымыз екендігін үнемі жадымыздан шығармауымыз қажет.
Қорыта айтқанда, «Отбасында берілген тәрбие жігерінді құм қылып жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер» деп ата-бабамыз мұра етіп қалдырғандай, бала тәрбиесіне дер кезінде көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпақтарын тәрбиелейік. Тәуелсіз еліміздің ұлдары мен қыздарының жан-жақты дамыған, өзіндік пікірі бар, жерін, ата-анасын, ұстазын құрметтейтін азамат болуына ықпал жасайық.

«Аружан» мектепке дейінгі шағын
орталығының әдіскері Нугумарова А.О.
ШҚО, Семей қаласы
Шығыс кеңті, 2 желісі, 22
Категория: Дошколенок | Добавил: Aimanka
Просмотров: 2627 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-05-02, 6:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru