Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2013-02-05, 8:10 PM | |
«Мен өрт сөндіруші болар едім» атты үздік спектакль мен өрт қауіпсіздігі бойынша бұрыш байқауы 13 сәуірде 2012жылы «Аружан» мектепке дейінгі шағын орталығының бүлдіршіндері Семей қаласының Қазақстан Республикасында төтенше жағдай қызметінің құрылған күніне арналған қалалық мектепке дейінгі мекемелер арасында өткізілген «Мен өрт сөндіруші болар едім» атты үздік спектакль мен өрт қауіпсіздігі бойынша бұрыш байқауына қатысты. Іс-шараны өткізу мақсаты мен міндеттері: • Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерді өрт қауіпсіздік ережелерін үйрету; • Шағын орталық тәрбиеленушілерін өрт сөндіру ісіне қызықтыру; • Шағын орталық тәрбиеленушілерін өрт қауіпі туған кезіндегі әрекеттерге тәрбиелеу. Cпектакльді бүлдіршіндер залға маршпен кіріп «Өрт сөндірушілердің гимнімен» бастады. Спектакльге ертегі кейіпкерлері келіп өртке қарсы көрінісін көрсетті. Сахналауда балалар өрт қауіпсіздігі жөнінде тақпақтар, әндер айтып және әсем «Өрт биімен» аяқтады. Кейін спектакльді шағын орталық балаларына көрсетілді. «Мен өрт сөндіруші болар едім» атты спектакль бүлдіршіндерге өрт қауіпі кезіндегі әрекеттерді жоя білуге, көмек көрсетуге үйрету болып табылады. Балалар спектакльді аса қызығушылықпен тамашалады. Үздік спектакль конкурсы бойынша конкурстық комиссияға спектакль сценариі мен фотоальбом ұсынылды. Қалалық мектепке дейінгі мекемелер арасында «Мен өрт сөндіруші болар едім» атты үздік спектакль мен өрт қауіпсіздігі бойынша үздік бұрыш бойынша байқау конкурсынан ШҚО ТЖБ бастығының орынбасары ШҚО ТЖД бастығы полковник М.Кульдиковтің марапаттауымен «Ең жарық дебют» номинациясына ие болды. «Аружан» мектепке дейінгі шағын орталығының әдіскері Нугумарова А.О. ШҚО, Семей қаласы Шығыс кеңті, 2 желісі, 22 | |
Просмотров: 1925 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|