Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Ойын-өмір мектебі
2013-02-10, 2:36 PM
Нугумарова Айман Окешовна – КМҚК «Аружан» мектепке дейінгі шағын орталығының әдіскері
Тақырыбы: «Ойын-өмір мектебі»

«Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы пайдалы мектебі, бар қызығы – ойын. Ойында бала көрген–білгенін екшейді, үйренгенін нығайтып бекітеді».
Нәзипа Құлжанова.
Бала тәрбиесі әр уақытта үлкен мәселе болып саналады. Әрбір қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отырған. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты – барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыру.
Адамгершілік – рухани тәрбиедегі басты нысана - баланы құрметтеу. Баланың қуат қоры мол болғандықтан, оның өмірді танып білуге ұмтылысы зор екенін мойындап, соған орай баланың сезімін, сұлулықты сезінуге, көңіл – күйін реттей білуге тәрбиелеуге үйретеміз . Осы қасиеттерді болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді. Осы уақыттан бастап, біздер өз тәжірибемізді жинақтаудамыз. Жұмыс барысында арнайы дайындалған әдістемелік құрал-жабдықтарға жаңаша көзқараспен қарап, саралап, өз жетістігімізді қосып жұмыс жүргізудеміз. Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе - тұлғаны рухани - адамгершілік тұрғысынан дамыту. Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы – руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап, жетілдіруге ұмтылады.
Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Мектепке дейінгі шақ – бала бойына рухани-адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап жоғары руханилық құндылықтарды: мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндік, өмір мәні т.б. қалыптастыру педагогтардың және ата-аналардың міндеті.
Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді – адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме ғажайып алаң да, автобус аялдамасы да, қала көшесі де, ғарыш кемесі де болуы мүмкін. Бала сол ойынның сюжетіне еніп, ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді. Атақты педагог А.П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру – оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».
Бала әрқашан, барлық жерде – бала. Бала үшін ойын ол өз тәжірибесін, өмір мен адамдар туралы түсініктерін тексеріп, зерделейтін эксперименттік алаң ғана емес, сонымен қатар, бала үшін ойын – үлкен әлем, үлкендер араласпайтын, ол өзі қалаған нәрсесін жасай алатын оның өзінің жеке, тәуелсіз, таңғажайып әлемі.
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойындардың мазмұны – адам өміріндегі таусылмайтын жағдайлар мен тақырыптар. Баланы ойын тәжірибесінен құр қалдыру – бұл баланы тек балалықтан ғана емес, сонымен қатар, дамып, жетілудің негізгі көздері: өмірде қажет болатын тәжірибеден, әлеуметтік қатынастар сипаттарынан, ұжымдық қатынастардан, өзін-өзі зерттеуден, әлемді тануға қызығушылық процесін қозғаудан құр қалдыру деген сөз. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділігі артып, игерген білім машықтарының негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі арта түсіп, қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасайды.
Балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының жалпы жүйесінде сюжеттік-рөлдік ойындар маңызды орын алады. Өз ойындарында балалар отбасының тұрмысын, елдің жағдайын, адамдардың жұмысын, жалпы, күнделікті өмірде көретін және еститін құбылыстарды бейнелейді.
Сюжетті – рөлдік ойынның міндеті – баланың қызығушылығын туғызып, сезімін оятып, рухани-адамгершілік қасиеттерін арттыру. Сонымен қатар өзара сыйластық, қамқорлық, жанашырлық құндылықтарын дамыта отырып, мейірбандылық, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. Бұл құндылықтар – бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл – балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Бастан кешірген табысты істері, қанағат сезімдері балалардың бойында жаңа міндеттер мен мәселелерді шешуге талпыныстарын оятып, өз күштеріне сенуге, өзін-өзі сыйлауға тәрбиелейді. Осы ойындардың арқасында балалар өз істеріне баға бере білуге, өзінің сезімін, әдет-дағдысын бақылай және басқара білуге, сонымен қатар жанындағы адамдардың табиғи болмысымен қабылдап, ізгі ниет, ықылас таныта білуге үйретеді. Әр бала өз ісі мен қылығына жауапкершілікпен қарап, ойын нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік әлеуметтік дағдыларды меңгереді. Орыс жазушысы Ю.Нагибинның сөзімен айтқанда: «Ойын балаларға өткенді тірілтіп, болашаққа көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Ойында кішкентай адамның мінезі, оның өмірге деген көзқарасы мен армандары айқындалады. Өздері де соны байқамастан, балалар, ойнап жүріп күрделі өмірлік проблемаларды шешуге дайындалады».
Ойын арқылы ІІ- кіші тобынан бастап әлеуметтік және құндылық – мәнді құзыреттіліктерін қалыптастыруды көздедік. Осы жұмыс арқылы біз бала бойында әлеуметте және балалар қауымдастығында, жанұяда, өмірде қажет болар қабілеттерді қалыптастырып дамытуды ұстанамыз. Мысалы: ІІ – кіші тобында өткізілген «Автобус» сюжетті-рөлді ойыны осы шынайы өмірлік жағдаяттардан туындаған нақты немесе басқа да іс-әрекеттерді орындау барысында әлеуметтік қарым-қатынас әрекетін жетілдіруге арналды. Бала кішкентайынан бастап белгілі бір мамандыққа бейімделіп ойнайды. Шағын орталықта көбінесе «автобус жүргізушісі» болып ойнағанды жақсы көреді. Кәсіптік ойындардың мәнін терең түсінген тәрбиеші баланы осы кәсіпке қызықтыра білу үшін мадақтау, сендіру, түсіндіру әдістерін қолданды. Көздеген міндеттеріміз:
достарға деген мейірімді қарым–қатынасқа үйрету;-
- адалдық қасиеттерін дамыту;
балалардың ойын тапсырмалары мен ережелерін- орындауға бағытталған дербестігін тәрбиелеу;
үлкендерге, құрдастарына- деген құрмет сезімін және олардың ойын үстіндегі қимылдары мен мінез-құлықтарына қызығушылық сезімін тәрбиелеу.
Ойынды ұйымдастыру алдында біраз жұмыстар жүргізілді:
көліктер туралы білімдерін бекіту жұмыстары;-
мамандықтар- туралы әңгіме өткізу;
техникалық оқу құралдары арқылы автобуспен- таныстыру;
жеке балалармен психологтың жұмыс жүргізуі;-
өз- еріктерімен рөлдерді таңдауды үйрету.
Ойын барысында балаға әр түрлі жағдайда кездескен адамдардың рөліне енуге қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасалды. Үлкендердің берген нұсқауына қарап олар өздерінің көзқарасын білдірді, мәселелерді шешіп үйренді және бір-бірімен қарым-қатынас жасауға дағдыланды. Ұйымдастырылған әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім тауып, бойларына сіңірген рухани-құндылықтарды көрсете білді. Осылайша бұл сюжетті-рөлді ойын баланың өзінде ой – ниет туғызуға, ойындық әрекеттер баланың әлеуметтік тәжірбиесіне байланысты болып, таңдаған рөлін анықтауға, рөлді ережемен ойнауға үйретті. Ойынның мазмұны баланың өзінің әлеуметтік және ойындық тәжірибесіне сай құрылды. Ойын барысында балалар өмір сүрудің белсенді формаларын игеріп, сол арқылы ересектерге еліктеп, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренді. Сонымен бірге еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игерді, әлеуметтік рөлдер атқарды. Сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінің іс-әрекетін басқалардың іс-әрекетімен үйлестіру қасиеттері жетілді. Демек, ойын балалар шағын орталығының тәрбие және оқыту жұмыстарымен тығыз байланысты. Ойында балалардың алған білімдері жетіліп, өзін дұрыс ұстау ережелері бекітіледі.
Қызықты ойынсыз балалар әлемінің болуы мүмкін емес. Балалардың ойындары қызықты және алуан түрлі болуынан оларды қоршаған орта кеңейіп, өмірлеріндегі жарық пен қуаныш көбейеді. Сөйтіп сюжетті-рөлдік ойын бүлдіршіндердің өзі-өзін тануына көмектеседі, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі басқаруға жетелейді.
Балалардың жағдаяттарды бағалай білу қабілеттерін дамытуға, өздерінің ойлары мен істері, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсілдер көбірек қолданылады. ІІ-кіші, ортаңғы топтың балаларына жағдаяттарды талқылауға, олардың ойлауға бейімділіктерін, өзін және өзгелерді бағалауға икемділіктерін, қоршаған әлеммен жағымды өзара әрекеттестікті құра білу іскерліктерін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Оқу ақпаратын жеткілікті көрнекілік нысанда ұсынуға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл – мультфильм көру тәсілін қолданылдық. Бұл айқын көркем бейнелер балалардың өтілген материалдардың мазмұнын дұрыс қабылдауын және меңгеруіне жағдай жасады. Алға қойылған түйінді құзіреттер: өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынасты жасау. Түйінді құндылықтар: мейірімділік, қамқорлық, әдептілік. Күтілетін нәтиже: Әлеуметтік ойын арқылы адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпыазаматтық құндылықтар жүйесінің қалыптастырылуы. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын кезінде өз қызығушылықтарын өзгелердің қызығушылықтарымен үйлестіре білуі.
Мысалы: Бұл жағдаяттар мультфильмде болды, ал өмірде осындай жағдаяттар кездесе ме? Ал сендер осындай көшелерде, яғни қасқыр сияқты бұзақылар, қоқыстар бар жерде тұрғыларың келе ме? Біздің өмірімізде осындай жағдаяттар кездеспеу үшін, біз не істеуіміз керек? Қала көшелерінде осындай жағдаяттардың алдын ала қалай ескертуге болады? - деген сұрақтр балалар үшін ой-түрткі болды. Балалар сұрақтарға жауап бере отырып ойларын ізгілік күйде бейімдей, іштей игі тілек білдіре, өз ойларын ашық, жасқанбай айтуға тырысты.
Ойын баланың тек тәртібін ғана емес, сонымен қатар оның ішкі өмірін реттеп, өзін, өзінің қоршаған әлемге қатынасын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл баланың бастамашылық танытып, шығармашылық көрсететін бірегей саласы. Сонымен қатар ойында бала өзін бақылап, бағалап, не істеу қажет екендігін түсініп, дұрыс қадамдар қолдануды үйренеді. Өз бетімен саналы әрекеттер жасап үйренуі арқылы бала өмірдің саналы субъектісі бола алады.
Мектепке дейінгі жас – тұлғаны қалыптастыруға ең қолайлы кезең, сондықтан, аталған қабілеттер кейін өздігінен дамиды деп қателеспеген жөн.
Бірге ойнау – қатынастардың басты мазмұны. Ойнап, түрлі ойын рөлдерін орындау барысында балалар жағдайларды жан-жақтан көріп, басқалардың әрекеттері мен мүдделерін ескеріп, ереже сақтауды үйренеді. Кері жағдайда мағыналы қатынас та, бірлескен әрекеттер де болмайды.
Қазіргі заман талабында мектеп жасына дейінгі балаларда өзінің ішкі жан дүниесін танытып, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани потенциалын дамыту. Қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелер туралы нақты түсініктерін қалыптастыру. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе күнделікті бірлесе атқаратын ойын әрекеті барысында тұлғаны рухани-адамгершілік тұрғысынан дамыту, яғни олардың талап-тілегімен санасу, жанашырлық сезімдерін дамыту.
Балалық шақ – адамның ең бақытты және уайымсыз кезеңі ғана емес, сонымен қатар бұл - тұлғаның қарқынды қалыптасу кезеңі. Балалық шағында қалыптаспаған нәрселердің орнын үлкен адам кейіннен толықтыра алмайды. Баланы оқуға мұқтаждау барысында біз одан ойынды, демек, балалық уайымдарды, талпыныстар мен қатынастарды тартып алатынымызды есте сақтап, ұмытпауымыз қажет.
Ойнау барысында балалар өздерін, өз мінездерін қалыптастырады, ал ең бастысы – ойын жақсы мен жаманды ажыратуды үйретеді, ойында балалар мейірімділік пен достықты бойларына сіңіреді.
Педагогтар арасында «Ойын - өмір мектебі» тақырыбы бойынша рефлексия жүргізілді. Рефлексия көрсетілген іс-әрекеттер бойынша төмендегідей сұрақтармен жалғастырылды.
1. Жағдаятты ұйымдастыруда, баланың рөлді тандау дербестігі ескерілді ме?
2. Сіздің байқауыңызша, балалар қандай рөлді көбірек қалады?
3. Егер бала ойын әрекетінде этикаға және негативті мінез құлыққа жатпайтын жағымсыз әрекетерге еліктесе, педагог қандай шешім қабылдауы керек?
4. Сіз ойындардың нәтижесін қалай бағалайсыздар?
Осы қойылған сұрақтар бойынша әріптестеріміз өз ойларын, пікірлерін ортаға сала отырып, ерекшелігімен қызықтырғанын, әрі болашақта өз жұмыстарына пайдаланатындықтарын айтып өтті. Сонымен қатар көрсетілген әлеуметтік іс-әрекеттер баланың жеке тұлға ретінде және рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына тигізер әсері мол екенін атап өтті.
Қорыта айтқанда, көзделген эмоционалдық тұрғыдағы ауқымды жүргізілген алуан түрлі іс-әрекеттер баланың адамгершілік рухани дамуының негізін қалауға және өмірлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл білім мектеп жасына дейінгі балалардың бойында ең басты қажеттілік өзін-өзі дамытушылық қажеттілігін қалыптастыруы тиіс. Баланың өзін тануы әлемді тануымен, ортаны тануымен, адамды тануымен ұштасып жатыр. Сол себепті де бүгінгі таңда барлық адамзат үшін маңыздылығы өте зор.
Біз болашақта Қазақстан Республикасын өркениетті, бәсекеге қабілетті үміт етіп отырған халықпыз. Еліміз жыл сайын білімді, ақылды жасөспірімдермен толығып келеді. Ендеше, болашаққа деген сенімділік те бізде мол.
Категория: Дошколенок | Добавил: Aimanka
Просмотров: 4202 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-03, 2:58 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru