Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Экологиялық тәрбие шағын орталықта
2013-02-10, 2:48 PM
Нугумарова Айман Окешовна – КМҚК «Аружан» мектепке дейінгі шағын орталығының әдіскері

Тақырыбы:Экологиялық тәрбие шағын орталықта

Балаларды шағын орталықтың экологиялық білім мен тәрбие жүйесінде тәрбиелеуді 2012-2013 оқу жылының жылдық міндетіне қойып отырмыз. Егемендік алып, дербес мемлекетке айналған Қазақстан Республикасының білім мен тәрбие беру саласында тың өзгерістер енгізіліп, жаңа талап пен міндеттер қойылып отыр. Соның бірі-жеткіншек ұрпақтың болашақта экологиялық таным-түсініктерін, табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін дамытып, мәдениетті азамат тәрбиелеу болады.
Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында өскелең ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмейтін мәселе екендігі айтылған. Бүгінгі біздің тәрбиелеп отырған бүлдіршіндеріміз Отанымыздың болашақ азаматтары. Сондықтан оларды туған ел табиғатын күтіп, оның байлықтарын сақтауға, қорғауға тәрбиелеу міндетіміз.
Бала ең бірінші көрген гүлге, көбелекке, құмырсқаға, талға, тағы басқа заттарға таң қалып қызығушылықпен қарайды. Табиғаттың осы сырын, қоршаған ортаны қорғаудың қажеттігін санасына сіңірудің жолдары қандай болмақ? Экологиялық тәрбиеге байланысты жыл мезгілдерін бір-бірінен ажырата білу, жаман мен жақсы істерді айыра білу, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне байланысты баланың логикалық ойлау қабілетін және тілін дамыту мақсатында түрлі дидактикалық ойындар, табиғатты бақылау, зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Табиғатты қорғау адам баласына абыройлы да міндетті жұмыс жүктейді. Егер ауа бүлінсе, су ластанса онда одан табиғат қана зардап шекпейді, адам да қасірет тартады. Міне, сондықтан да табиғатты қорғау – адамның өзін-өзі қорғауы деген сөз. Сол себептен де ауаны тазалайтын ағаштар мен өсімдіктерді сындырмай, аялап, өсіріп табиғатты қамқорлыққа алу керек екенін балаларға жеткізіп отырамыз.
Сондай-ақ құрып кету қаупі төнген хайуанаттар түрлері біздің елімізде арнайы Қызыл кітапқа енгізілген, олар да қамқорлыққа алынып қорғалуда. Қазақстанның ұлан байтақ жерінде бірнеше қорықтарда хайуанаттар өсіріледі. Қорықтар олардың үйі болып табылады. Сондықтан балалар, сендердің де ойлануларың қажет, жер шарымыздың болашақ иесі сендерсіңдер. Сендер Жер-Ананы сақтап қалу үшін оның қойнауында алуан түрлі аң-құстың, өсімдіктер мен жасыл ормандардың тіршілік етуі үшін күресулерің керек. Бір сөзбен айтқанда, Табиғат-Анамызды аялап, көздің қарашығындай сақтау -парызымыз.
Балалар табиғатпен тығыз байланыста болса ғана жақсылыққа, еңбек сүйгіштікке, қайырымдылыққа үйренеді. Ендеше, келешек ұрпақтың қоршаған ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі іс-әрекеттері отбасынан және мектепке дейінгі ұйымдардан бастау алса, балаларды таным-түсініктерін дамыту қағидалардың негізінде жүргізілсе деп ойлаймын.
Категория: Дошколенок | Добавил: Aimanka
Просмотров: 1421 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-05-03, 0:48 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru