Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2013-02-15, 6:23 PM | |
«Балдырған» тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: 10.09.2012ж. Білім беру салалары: Әлеуметтік орта. Бөлімдері: Экология негіздері. Тақырыбы: «Су -тіршілік көзі». Мақсаты: Балаларға судың табиғаттағы баға жетпес сый екенін түсіндіру. Білімділік: Судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру. Дамытушылық: Іс-тәжірибе арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты қорғап, суды үнемдеп пайдалануға, ластамауға, табиғатты сүюге және оларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Сюжетті суреттер, тәжірибеге керекті заттар(стакан,ағаш, тас, таза су, қайнаған су, мұз). Сөздік жұмыс: Тіршілік Қостілділік компоненті: Су-вода, табиғат-природа. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті Мотивациялық – қозғаушы Тәрбиеші: Балалар қонақтармен амандасып алайық . -Жарайсыңдар, балалар Күтпеген сәт: Сауысқан ұшып келеді. -Балалар, маған судың тіршілік көзі екенін түсіндіріп беріңдерші. - Қане сауысқан ға біз судың тіршілік көзі екенін жайлы мақал-мәтел, нақыл сөздерімізді айтып берейік. Шаттық шенбері: Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап Судай таза көңілмен бүгінгі күніміздң бастайық. -Елді сөкпе, суды бекерге төкпе, -Сулы жер-нулы жер. -Бұлақты жер-құрақты жер, -Су сағасы бұлақ. -Су өмір нәрі. -Таулы жер бұлақсыз болмас, -Сулы жер құрақсыз болмас. - Су бергеннің сауабы бар, -Су төккеннің жауабы бар. Іздену- барлау -Бәріміз мына суретке қарап, судың адамға не үшін қажет екенін айтайық. Дұрыс айтасыңдар балалар. -Ал енді кімге не үшін қажет екенін білесіңдер ме? -Иә, сусыз адам да, жануарларда, өсімдіктерде тіршілік ете алмайды. Сондықтан «су-тіршілік көзі »-деп айтамыз. -Балалар, енді судың күйі болатынын тәжірибе арқылы көрсетейін. Судың үш түрі болады. Сұйық, бу, қатты. -Сауысқан енді біз табиғаттағы су айналымы ертегісін сурет арқылы әнгімелеп берейік. Ерте, ерте, ертеде су болмай қарлығаштар шөлдеп, ағаштар қурап, гүлдер солып қалыпты. Қалжыраған торғай желден ақыл сұрайды. Жел көмекті күннен сұра дейді. Күнге келіп торғай табиғаттың жағдайын айтады. Осы кезде күн жердегі суларды қатты қыздырады.Су буға айналып, аспанға көтеріледі де бу бұлтқа айналады. Бұлтты жел қуалап су түйіршіктері жерге жаңбыр болып жауады. Жаңбырдан кейін жер тыныс алады. Шөлін қандырған өсімдіктер, құстар, жан-жануарлар торғайға рахметін айтады. Сөйтіп, жер беті құлпырып кетеді. Шомыламыз, киім жуып үйді тазалаймыз. -Адамдарға, жануарларға, құстарға, үй жануарларына, өсімдіктерге қажет. Балалар қызғушылық танытады. Сергіту сәті. Күн болып жанайық, Мөлдір су болып ағайық Гүл болып жайнайық Терең-терең дем алып, Жүгіріп-жүгіріп алайық. Рефлексивті - қорытындылау Дидактикалық ойын «Табиғаттан не үйрендім» Айтып отырып суретті жабыстырып табиғат бейнесін құрастыру. -Иә балалар, біз табиғаттан көптеген заттарды үйренеді екенбіз. Сауысқан: Рахмет, сіздерден мен су туралы көп мәлімет алдым. Балалар сендер «іс-әрекетке жақсы қатыстыңдар, сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер, жарайсыңдар балалар. Балалардың ойларын тыңдау. Күннен-жылулықты Судан –тазалықты Ағаштан-өсуді Таудан-биікті үйрендім. Күтілетін нәтиже: Білу немесе хабардар болуы:Балалар судың қасиетін және оның өте қажет екенін білді. Судың табиғаттың баға жетпес сый екенін білді. Қалыптасқан әдет: Тәжірибе жасай біледі. Қойылған сұрақтарға толығымен жауап бере алады. Істей біледі: Түсінгендерін айтып бере алады.Құстардың, жануарлардың, өсімдікиердің сусыз күн көре алмайтындарын біледі. Толтырған: Шайқбаева Г.Қ Тексерді : | |
Просмотров: 3520 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|