Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

«Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет»
[ Скачать с сервера (19.2 Kb) ] 2013-02-25, 8:50 AM
Мусагалиева Бибигуль Ниеткалиевна
Воспитатель детского сада «Салтанат»
Бокейординского района ЗКО
Ертеңгіліктің тақырыбы: «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет»

Жүргізуші:
Арайлап бүгін атты күн!
Шашты бізге шапағын.
Тілейміз сізге ақ таңның
Қуанышын, шаттығын – дей отырып, бүгінгі «Салтанат» балабақшасының бүлдіршіндері дайындаған «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Сөз кезегі балабақша меңгерушісі: Ш.А.Ізғалиқызына беріледі.

Жүргізуші:
Асыл әжем, мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр міне, төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де.

Ән: «Ақ әжем»
Орындайтындар: «Балапан» тобының бүлдіршіндері. Зарина, Айсезім, Айнамкөз.

Жүргізуші: Балалар, сендер әжелеріңді, аталарыңды жақсы көресіңдер ме?
Балалардың жауабы.

Олай болса келесі кезекті ата- әжелерімізге арналған жыр – шумақтарға берейік.
1. Е.Гүлзамира
2. М.Зарина
3. Ж.Перизат
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр әжем.

4. Ғ.Арухан
5. М.Ибрагим
6. А.Нұрхан

Жүргізуші:
Біз балдырған баламыз, Көңілді өскен баламыз Шырқап әнге саламыз Тойымызға сән беріп, Би де билей аламыз, - деп келесі кезекті биші қыздарымызға береміз.

Қазақ биі: орындайтындар: «Балапан» тобының бүлдіршіндері: С.Альмира, А.Үлпан, А.Ұлдан, Ж.Әсем.

Жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй.

Ән: «Балапан»
Орындайтындар: «Балбөбек» тобының бүлдіршіндері: Ерасыл, Айзере

Жүргізуші:
Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
«Жұлдызқұрттар» биімен
Орындайтындар: «Балапан» тобының бүлдіршіндері

Жүргізуші:
Күлімдеген көзіңнен,
Айналайын атажан.
Не үлкен сый бар бізге,
Өзің берген батадан деп келесі кезекті жыр шумақтарға берейік.
Тақпақтар:
1. А.Ұлпан
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр әжем.
2. А.Ұлдан
Ата үлкен кәріміз,
Қуат берген дәріміз.
Әуелете аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
3. Т.Аяулым
Бесігіме бөлеп алып,
Сен тербетсең қалғимын.
Жүрегіме сіңіп жатыр,
Сенің айтқан әлдиің.
4. Ғ.Әлхам
Әжем менің шешіре
Көп ертегі біледі
Сыртта жүрген кезінде
Бізді ойлап жүреді
5. Қ.Нұргүл
Күлімдеген көзіңнен
Айналайын атажан
Не үлкен сый бар бізге
өзің берген батадан

Жүргізуші:
Тоты құстай құлпырып , Билеп, билеп берейін Тал шыбықтай иіліп Бір отырып, бір тұрып Шаршадым мен демеймін.
Би: «Қуыршақтар»
Орындайтындар: «Балбөбек» тобының бүлдіршіндері: Е.Ерасыл, Ж.Бекзат, А.Аяулым, Р.Айзере .

Жүргізуші:
Балалар, сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңыздар ма? Сендерге әжелерің, аталарың, ағаларың, әкелерің, аналарың ертегі айтып береді ме? Балалардың жауабы.
Олай болса ортаға «Қуыр, қуыр,қуырмаш» фестивальінің 2-ші орын иегері, «Ертекші қыз» номинациясына ие болған И.Заринаны «Қоян, түлкі және әтеш» ертегісімен сахнамызға шақырамыз.

Жүргізуші:
Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Сіздерге бүгін ән арнап
Әуелетеміз бәріміз.

Ән: «Қошақаным»
Орындайтындар: «Балбөбек» тобының бүлдіршіндері: Ұлзада, Нұрай,Сұлтан

Жүргізуші:
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті Ақбота, Ұлзада, Зухра, Нұрайдың орындауларындағы «Қазақ биіне » береміз.

Жүргізуші:
Тәрбиенің мәйегі,
Әдептілік әлемі.
Аялайтын көмегін
Балалар қандай әдемі.
Биік біздің санамыз,
Біз тіл алғыш баламыз.
Тәрбиеленіп бақшада
Әдепті бала боламыз.

Суреттерден көрме.

1. С.Альмира
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Алла берген ұл-қызың,
Маңдайдағы жұлдызың.
Қариясы бар адам,
Дариясы бар адам.
2. А.Айнамкөз
Адамдарға кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылылық боп тарайтын.
Кішіпейіл бала болғым келеді
Айналасын нұрлы күнге балайтын.

Ән: «Апам үшін »
Орындайтындар: «Балбөбек» тобының бүлдіршіндері: Ақбота, Бекзат, Нұрхан, Зарина

Жүргізуші:
Қысылып еш саспаңдар,
Кәнеки би бастаңдар
Ата-әжелердің көңілін.
Бір көтеріп тастаңдар.
Бүлдіршіндерімізді «Үнді» биімен ортаға шақырайық.

Орындайтындар: А.Айнамкөз, М.Шахназ, И.Зарина, С.Айсезім

Жүргізуші:
Күн нөсерін төгейік
Жырдан моншақ өрейік
Уа жамағат ал енді
Әнге кезек берейік.
Ортаға «Бала тілегі» әнімен Қ.Нұргүл мен Д.Бекнарды ортаға шақырайық.

Жүргізуші:
Шақырады ойнасақ гүл даламыз,
Туған жерден нәр алып нұрланамыз.
Болашаққа көк тумен желбіреген,
Отанымның мақтанышы біз боламыз.
Хор: «Дос болайық бәріміз»

Жүргізуші:
Бала үшін күйетін ана жүрек,
Бала үшін қуанар ата тілек.
Бала, бала деуменен самайды да,
Қырау шалды ол айтсын ізгі тілек.- демекші ата-әжелер бата, ізгі ниет-тілектеріңіз болса,сөз кезегін өздеріңізге береміз.

Жүргізуші: Осымен «Салтанат» балабақшасының бүлдіршіндері дайындаған «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет!
Сау болыңыздар!
Категория: Дошколенок | Добавил: Kairat
Просмотров: 2020 | Загрузок: 171 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-05-02, 7:32 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru